Главная / Другое / Тәрбие сағаты «Аталар ерлігі – балаға мұра»

Тәрбие сағаты «Аталар ерлігі – балаға мұра»


«Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі» КММ «Айгөлек» тобы





hello_html_31d65fe9.gif




Тақырыбы: «Аталар ерлігі – балаға мұра»




Орындағандар: Айтжанова Р.А.

Мыкънова Ж.К.






2014 – 2015 оқу жылы








Тақырыбы: «Аталар ерлігі – балаға мұра»

Мақсаты: Ұлы Отан соғысының батырлары туралы түсінік беру.

Білімділік: Үлкендерді құрметтеуге, патриоттық сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық:, ерлікке Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұтуға баулу

Тәрбиелік: Балаларды өз туған еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, қалыптастыра отырып тәрбиелеу.

Көркекілігі: Б.Момышұлының, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметованың суреттері.


Тәрбиешінің іс-әрекеті: Сәлемдесу. Құттықтау.

Жылулық шеберге шақыру.

Аспаның ашық болсын!

Күніміз жарқын болсын!

Деніміз сау болсын!

Әлемде тышынтық болсын!

Бейбітшілік болсын!

Тәрбиеші:

Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,

Самал желі шашты тарап, бетті өпкен.

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,

Олар біздің бақыт үшін қан төккен - дей отырып «Аталар ерлігі – балаға мұра» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.


Барлығы: Арылтып жерден жауымды,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Десеңдер бұл қай күн?

9 мамыр күні.

Балалар, Сендер мына суреттегі кімдер екенін білесіңдер ме? (Жауап алынады).

Б.Момышұлының, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметованың суреттері.

Бұлар кімдер?

Олар қандай ерлік жасады?

Не үшін соғысты?

1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталды.

Б.Момышұлы 1910 жылы туған, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметова.

Бауыржан ағаның «Ескертпе» өлеңімен аяқтайын.(Б.Момышұлының «Ескертпе» өлеңі оқылады).

Найзадан қол босаса, қалам алдым,

Толғанып, оқиғаны көп ойладым.

Тырмысып әл келгенше көргенімді

Жалтақтамай, именбей, ашық жаздым.

Осылай деп жырлай отырып, өзінің көптеген ерлікке толы, тәрбиелік мәні зор шығармаларын жазды.



Ерлік мәңгі есте

Әлия, Мәншүк анамыз,

Бауыржандай атамыз,

Қорғап батыр атанды.

Біз еліктеп өсеміз,

Батырларың десе кім:

- Әлия, Мәншүк анамыз,

Бауыржан, Төлеген - біздің атамыз. (Е.Елубай)

hello_html_m6b5a10a9.png

1941-1945



Арылтып жерден жауымды,

Табанға жаншып өлімді.

Жеңіспен желпіп өмірді,

Десеңдер бұл қай күн?

9 мамыр күні.


От жалыннан жаралған,

Отан – біздің анамыз.

Жауды жеңіп оралған,

Ортамызға ағамыз.


Даламыздың даңқысың,

Балауса гүл, балғын гүл.

Жанын қиып, халқы үшін,

Жанып түскен ақ жұлдыз.


Отанға жаулар қаптады,

Опасыз жаулар тапталды.

Қастерлеп батыр ел үшін,

Әлия, Мәншүк, Төлеген,

Жаулардың көзін жойды олар.


Қайтпаған дауылдан,

Кек алған жауынан.

Халқымның қастерлі,

Жайсаңы Бауыржан.

Қазақтың қамы үшін,

Жүрегі ауырған,

Елінің намысын,

Қорғаған Бауыржан.


Жиырма сегіз қыранды,

Жеңе алмады жау бірақ.

Жау жеңілді ақыры,

Атты бейбіт таң күліп.

Жиырма сегіз батырды,

Ұмытпайды ел мәңгілік!



Батыр Талғат ағамыз,

Құртып талай жау мысын,

Мейрімді кескін жүз,

Елге біткен мінезі,

Кеудесінде қос жұлдыз,

Екі рет батыр бір өзі.




Өр тұлғалы келбетті,

Қошқарбаев Рақымжан.

Сын сағатта ерлепті,

Ел сүйсінген батыр жан.


Жеңіс келді далама,

Жеңіс келді ән болып,

Жеңіс келді қалама,

Келді ауылға сән көрік.


Жеңіс күні құтты болсын!

Құтты болсын аталар.

Ұмытпайды ешқашанда,

Жауынгерді балалар.


Сөнбе ешқашан күніміз!

Тілейді мұны жеріміз!

Тілейді мұны еліміз!

Тілейміз мұны бәріміз!


Мамыр


Жалауымда - нұрлы күн,

Нұрын шашып тұр бүгін!

Паш етеді ол

Халқымның ынтымағын, бірлігін!...



Ортақ - дәстүр, ғұрып бай,

Ынтымағын суытпай,

Шаңырағын көтерген,

Жүз түрлі ұлт - жүз уықтай!...



Шыңға тартса салып жол,

Қиналмайды талып бел:

Жүз иыққа сүйенген,

Қазақстан - алып ел!


Жақсылыққа, бақытқа

Талпынған әр уақытта,

Бала біткен дос, бауыр,

Болмасын еш тосқауыл.












Тәрбие сағаты «Аталар ерлігі – балаға мұра»
  • Другое
Описание:

Тақырыбы: «Аталар ерлігі – балаға мұра»

Мақсаты: Ұлы Отан соғысының батырлары туралы түсінік беру.

Білімділік: Үлкендерді құрметтеуге, патриоттық сезімін қалыптастыру.

Дамытушылық:, ерлікке Отаншылдыққа, елжандылыққа, аталар ерлігін мақтан тұтуға баулу

Тәрбиелік: Балаларды өз туған еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін, қалыптастыра отырып тәрбиелеу.

Көркекілігі: Б.Момышұлының, Төлеген Тоқтаров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Маметованың суреттері.

Тәрбиешінің іс-әрекеті: Сәлемдесу. Құттықтау.

Жылулық шеберге шақыру.

Аспаның ашық болсын!

Күніміз жарқын болсын!

Деніміз сау болсын!

Әлемде тышынтық болсын!

Бейбітшілік болсын!

Тәрбиеші:

Келді міне, күндей жайнап гүл көктем,

Самал желі шашты тарап, бетті өпкен.

Ұмытуға хақымыз жоқ оларды,

Олар біздің бақыт үшін қан төккен - дей отырып «Аталар ерлігі – балаға мұра» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.

Автор Айтжанова Райхан Ауезхановна
Дата добавления 23.05.2015
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 925
Номер материала 59675
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы