Главная / Начальные классы / тәрбие сағат "Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік"

тәрбие сағат "Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік"

136 негізгі орта мектеп









Сынып сағаты


Жол ережесін білейік,

Аман есен жүрейік







Мұғалім: Табылдиева Ж

Сыныбы:3

















Тәрбие сағаты "Жол ережесін сақта!"

Сабақтың тақырыбы: Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс-жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушы-ларды сақтыққа тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, жол белгілері, транспорт түрлері.Сынып бөлмесінің әр жеріне: «Жол тәртібін жадыңда ұста!» «Бәріміз бағдаршамға бағынайық». «Көшеде сақ бол»-деген сөздер жазылған плакттар ілінген, слайд.

Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа даярлы-ғын тексеру, топқа бөлу.

- Балалар,қазір жылдың қай мезгілі?

Күз мезгілі, қазан айы.

- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?

Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі-қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда.

Жол жүруге қолайсыз. - Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе? - Бағдаршам.

- Ал көшедегі кездейсоқ қауіп-қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет?

- Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек. Сұрақтар:

1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?

2. Бағдаршамның неше түрі болады?

3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?

4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?

Теориялық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.

Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица,көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді. 1-топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді. 2-топ: Трамвайды қандай жерде тұрып күту керек? 3-топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі? 4-топ: Автобус,трамбай, троллейвустан түскенде жолдың келесі бетіне қалай өту керектігін көрсету. Оқушылар жауабын автоинспектор бағалайды?

Жұмбақтар:

1.Арқаным тым ұзын.

Ала алмайсың бір үзім.(Жол)

2.Сөйлегенде білмейді,

Бірақ «Тоқта,жүр дейді. (Бағдаршам)

«Сергітейік жанымызды» хор «Бағдаршам» айтылады. Осыдан кейін балалар жол ережесіне, жол белгілеріне байланысты жаттаған өлеңдерін айтып береді.

Амина . Көрген дәу қырағы, Көшемізде тұрады. Ол бергенде команда. Бағынамыз әмәндә.

Бекарс: Қызыл көзі жанса, Мейлі көлік жоқта.

Қатып қалған жанса. Қыбыр етпе алға.

Азамат: Сары көзі жанса, Мейлі көлік жоқта,

Қатып қалған жанса, Қыбыр етпе алға.

Нұрдәулет:Жанса көзі жасыл. Жолың айдай ашық.

Жүре бергін батыл, Керегі жоқ саспа!

Қорытынды: Әр жолаушы өз ережеңді біліп, сақтанып жүр! Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.


тәрбие сағат "Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік"
  • Начальные классы
Описание:

Тақырыбы:«Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!»

Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра білуге үйрету. Жолда жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,

сақ болуға,көшеде өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы сендерге дайындап отырған тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?

Көрнекілік:суреттер,бағдаршам,жол белгілерінің суреттері

Барысы: Ұйымдастыру кезеңі:

Кіріспе сөз:Сабақтың тақырыбы мен мақсатын айту.

Мұғалім:

Сапар шексек сіз бен біз,

Сан көлікке мінеміз

Траллейбус,трамвай,

Автобуспен жүреміз

Жол заңы дұрыс жүріп,абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында,қалай болса солай доп қуалайтыны,шанғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шыға келу салдарынан бұзылады. Жолда жүргенде, жол ережесін сақтаңдар.

Жұмбақ

Аяғы жоқ жүрмейді

Аузы жоқ сөйлейді.

(бағдаршам)

Бүгінгі сабағымыз сол бағдаршамға байланысты «Жол тәртібін білейк,аман есен жүрейк» деп аталады.

Өлен шумақтар

Нұргүл:

Көлік,көлік,көлік,

Көліктерге мінеміз.

Көшелермен ,көшелер

Күнде тынбай жүреміз

Нұрсұлтан:

Тәртіп бұзсақ абайсыз,

Жағдай тура қолайсыз.

Май қызметкерлерінен

Сан кешірім сұрайсыз.

Нәдия:

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау-саламат жұреміз

Мұхамед:

Үш түсті түрі бар

Жол сілтер тілі бар,

Бағдаршам дегеннің

Сырын жақсы біліп ал.

Садат:

Қызыл түсі жанғанда

Тоқтай қал әманда.

Сары түсіескерту,

Дайын бол табанда.

Жасыл көз жарасты

Алдыңнан жол ашты.

Өте бер асықпай

Жолыңмен қарасты.

Көрініс : «Жол тәртібі»

(Мұғалім жолда жүру ережелерімен таныстырады)

Видеоролик: Бағдаршам

«Жол белгілері»

(оқушылар жол белгілерімен таныстырады)

Видеоролик: «Жол жиегінде ойын ойнауға болмайды?»

-оқушылар жо ережелері туралы біраз білім алдық.Енді алған білімдеріңді пысықтайық

Мынау дискет.Бұл ән айтады,сөйлейді.Қазір дискеттке жазылған сұрақтарға сендер жауап беріп сөйлейсіңдер.

1.Жүрісті реттеп отыратын адам?(жол реттеуші)

2.Егер көшенің шетінде жиек жол болмаса жаяу жүргінші жол бойында қалай – жүріп тұруы керек? (келе жатқан көлікке қарсы бағыт ұстап жолдың сол жақ шетімен жүру керек)

3.Көліктің оңға бұрылатындығын қалай білуге болады?

(оңға бұрылатын көлік жолдың оң жағындағы бірінші қатарда тұрады және оның оң жақ бұрылысты білдіретін жарығын жағады)

4. «Абайлаңыз балалар»

5.”Жолаушылар” дегеніміз кімдер?

(кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар)

6.Бағдаршам дегеніміз не, оның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар?

(бағдаршам – механикаландырылған немесе автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Ол жол бойының қозғалысын реттеуде өте үлкен рөл атқарады.)

7..Жол бойларында велосипедпен, қол шанамен, сүйретпелі қол арбамен қалай жүру керек?

(велосипед, қол шана, қол арбамен жолдың шетімен жағалай жүру керек. Ал жиек жол болмаса, жолдың сол жағымен жүру керек)

8.Жол көлік оқиғасына куә болған адамдар не істеу керек?

(03 – жедел жәрдем шақырып, 02 – полиция бөліміне хабарласу керек)

9.Транспорт құралы дегеніміз не?(адам немесе жүк тасымалдауға арналған көлік)

10.Жол бойында балалардың ойнауына қатаң тыйым салынған себебі неліктен?

(ойын қызығымен балалар жол қауіпсіздігін ұмытып, жақындаған

машинаға мән бермейді)

-Оқушылардың жауаптарын толықтыру.

Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!

Жол тәртібін білейік, аман-есен жүрейік!

Қорыту.

Бағдаршам суретін салып бояу,жол белгілері туралы жазып,өздеріңнен төменгі сынып оқушыларына сыйға беріңдер

№136 негізгі орта мектеп

«Тексердім:»

ДТІЖО: М.Исабек

Тақырып:

«Жол ережесін білейік,аман-есен жүрейік!»

Өткізген : Табылдиева Ж

Сыныбы: 3

Автор Табылдиева Гүлнара Садыққызы
Дата добавления 23.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 1007
Номер материала MA-065119
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓