Главная / Начальные классы / Тәрби сағаты «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Тәрби сағаты «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

hello_html_ddfa697.gifhello_html_63c2c524.gifhello_html_36575f3c.gifhello_html_4a4af465.gifhello_html_m13498260.gifhello_html_3a7c3b3e.gifhello_html_2c5e4c5e.gifhello_html_693c779.gifhello_html_m42f49824.gifhello_html_m318dc89c.gifhello_html_587fdb6e.gifhello_html_3d4a986e.gifhello_html_m56a5f8c4.gifhello_html_c1ad03e.gifhello_html_m8846792.gifhello_html_m2f99e3ea.gifhello_html_648175e3.gifhello_html_648175e3.gifhello_html_m5545a809.gifТәрби сағаты «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Мұғалім : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .

 ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

1.                 Ала таяқ ұстаған,                                                       2.   Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған.                                                                         Адам тасып аялайды.

Өміріңді  күзеткен, (Автобус)                                                     Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

 3.     Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

 Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

 4.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

 Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

 5.     Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

 6.     Өзі сөйлей білмейді,

 Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

 Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

1.     Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

3.     Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

Тақтада

Қызыл – Тоқта !

Сары  – Сақтан !

Жасыл – Жол ашық!

Құндызай :  Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Диана  :      Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

Сұлупан:   Жасыл көзін ашқанда ,

Өте  бергін , жасқанба !

Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

  Ән: Бағдаршам

1.     Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата – ана .

Жолда сен бол  лайық,

Жас ұлан деген  атқа

 Қ- сы :

Әрқашан күн  сөнбесін,

Аспаннан бұлт  төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

2. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

 Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

 Инспектор :

Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,

Маймақты кім  қыңжылтты ?

 Мед.бике:

Маймағым, не  болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

 Аю:

Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,

Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Мед.бике:

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.

Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю.

Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

 Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

 Инспектор

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

 Бағдаршам

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

 Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

 Диана:

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру , ескерту белгісі :

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу  белгісі :

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

 Міндеттеу белгісі :

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

  Ңұсқау белгісі Ислам:

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

 Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

  Қорытындылау :

Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    Тәрбие сағаты: Жол ережесін білу-бәріне міндет

    Мақсаты: Оқушылардың жолда жүру ережесі туралы білімдерін толықтыру, іс-жүзінде асыра 

                     білуге үйрету. Жолда   жүру ережелерін ойда сақтай білуге үйрету. Тәртіптілікке,

                     сақ болуға,көшеде  өздерін дұрыс ұсатап жүруге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: сайыс сабақ

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру.

2.Кіріспе сөз.Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

-Балалар ,бүгінгі сабақта біздер жол жүру ережелер қаласына барамыз. Жол ережелер қаласындағы  сендерге дайындап  отырған  тапсырмалары бар. Сендерді жол тәртібі бойынша білімдеріңді сынамақшы. Сыннан өтуге дайынбыз ба?

Ой қозғау.

-Ендеше ,балалар КЖТ дегенді қалай түсінесіңдер?

-Көшеде жүру тәртібі

-Көшеде жүру тәртібі деген түсінікті қалай түсінесіңдер?

 

жаяу жүргінші                                                                    тротуар

                                                                              жол белгілер

машиналар          бағдаршам    инспектор         қиылыстар

 

-Жол ережелер қаласының  тапсырмаларын 3-топқа бөлініп ,сайысқа түсеміз.

1-оқушы:   (бағдаршам болып киінген оқушы)

  Бағдаршам аты

                       Көп көзі бар батыр

                       Тоқ болғанмен заты

                       Өзінде көп ақыл

                      Тұрады ол дәйім

                      Бұрышында жолдың

                      Қиып өткен сайын

                      Қарайтұғын балғын

-Сонымен балалар, біздер бағдаршамды «көп көзі бар батыр» екен дедік. Кім айтады бағдаршамның неше көзі бар?

-Ендеше біздің топтарымыз осы бағдаршамның көздеріне байланысты атауларын алып отыр. Қай топтың мүшелері  тапсырмаларын дұрыс орындаса, «Үздік жүргіншілер» атағына ие  болады.

-Сайысты бастамас бұрын әділқазылар сайлап алайық.

1. Осы мектептің  МАИ-дің бастығы  тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Еркешова Жанаргүл Мұхамбетсагирқызы

 2.МАИ бастығының орынбасары  Елеукен Қуаныш апай

                      Арманға алда күткен асығармыз,

                       Біз талай толқын атпай басылармыз.

                       Жол жүру ережесін жақсы біліп

                       Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

                       Жалғайтын достастырып бар елменен,

                      Жолдардан тұрады ғой әлем деген.-деп сайыстың кезеңдерімен таныстырып өтейін.

1.Өз орынды тап!

2.Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы

3. Қала әліппесі (топ басшыларымен жарыс)

4. МАИ емтиханы

5. Сен білесің бе?

6. Шығармашылық жұмыс. (өлең құрастыру)

Таңдап алған бағдаршамның көздерінің  белгілеріне лайықты ма екенін білейік .

1-кезең бойынша «Өрнын тап» ойынын ойнаймыз. Әр топтан өздерінің шартты белгілерімен бағдаршамдағы орнын табады және топтарын қорғайды.

Қызыл топ

Сары топ

         Жасыл топ

          Мұғалім:  -Бағдаршамнан басқа жолда кім тұрады? Реттеуші инспектор қызметкері ала таяғымен тұрады.

Келесі сайысымыздың  бөлімі «Реттеуші инспектор қызметкерінің сауалы» . Өздерін қалап алған ұпай бойынша  сұрақтарға жауап бересіңдер.

1. Мына белгі нені білдіреді?         (Абайла,балалар!)   5 ұпай                              2.  Мына белгі нені білдіреді?              (қозғалысқа тиым салынады) 5 ұпай

                       3.Сымға асылып,жүр асығып.       ( троллейбус) 10 ұпай

4.Мына көліктер қалай аталады,көлік оқиғасына тап болған адамдар қандай телефондарға қоңырау шалады?   ( Өрт сөндіру-01,жедел жәрдем-03  МАИ-02 )  

                                                                                                                      10 ұпай

5.Автобусқа қай есіктен мініп,қай есіктен түседі?( алдан түсіп,арттан мінеді)

                                                                                                                      15 ұпай

6. Жол белгілерін атқаратын қызметіне қарай неше топқа бөлінеді? (7 топқа) 

                                                                                                                             15ұпай

           -Балалар, жол ережелер қаласында да  қала әлііппесі бар. «Жол белгілерді» қала әліппесі дейміз.

           -Ендеше «Жол белгілер» бөлімізде топ басшылары сайысқа түседі. «Жол ережелері» қаласындағы жол белгілер бойынша білімдерін сыналады. Өздерін таңдап алған белгілер бойынша белгілерді тауып жинақтап МАИ бастығына тапсырасыздар.

              Жол белгілерін тапқандарын тексеріп жіберейік:

         Ескерту белгісі:     Қып-қызыл үшбұрыш

                                           Ескерту белгісі мен болам

                                           Қауіптен сақ бол деп

                                           Сәт сапар жолдаған.

            Тыйым салу белгісі

                                   Қызылмен боялған шеңберім аумақты,

                                   Тыйымшыл белгімін,қаталмын,салмақты.

                                   Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

                                   Қауіп бар бағдарла,көз салып жан-жақта.

 

          Нұсқау белгісі :Баратын жерінің бағыты тұрағын

                                      Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын.

                                      Күндіз де, түнде де от болып жанады

                                      Көк түске боялған төртбұрыш шырағым.

-Адамға машинаны жүргізуге қандай құжат керек? Жүргізуші куәлігі. Ендеше келесі 4-кезеңіміз  МАИ емтиханы. МАИ етиханын сәтті тапсырсаңдар МАИ бастығы жүргізуші куәлігін табыс етеді.

              4-кезең  МАИ емтиханы. Сауалнама

 1.Жүргіншілер деген кім?

А) машина жүргізетін адамдар        В) көшеде жаяу жүрген адамдар     С)  белгілер

2.        Мына белгі нені білдіреді?  

А) кіруге тиым салынады       В) басты жол       С) жол беріңіз!

3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?

А) болады          В) болмайды           С)  білмеймін

4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?

А) аялдамалардан          В) кез-келген жерден          С) дүкен алдарынан

5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс


А) кез-келген жолмен      В) тротуармен         С) автомобиль жолдарымен

6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?

                          А) 10               В) 12           С) 14

 

7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?

А) ескерту белгілері                 В) көрсеткіш белгілер        С) тыйым белгілері

8. Мына жол неше қозғалысты?                           

А) 4            В) 2           С)1                   

9. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?

А) сары             В) жасыл                С) қызыл

 5-кезең «Сен білесің бе?». Бұл кезеңде берілген тапсырмаларды сандар,белгілер арқылы жауаптарын көрсетесіздер. Әр дұрыс жауапқа 5 балдық жүйемен бағаланады.

 

          

                                                                   Велосипед жолы деген белгісін көрсет

                                                                                                                      

 

 

 

                                                

  «Р» деген белгі нені білдіреді  ?                                                                                                                     

                                                                               

Қызмет көрсететін белгілерді санмен көрсет.

 

Келесі соңғы 6- кезең «Шығармашылық жұмыс.» Жол ережесіне байланысты тірек сөздермен өлең құрастыру

                     Өлең құрастыру

                ------------ балалар

              ------------- тротуар

             -------------- ұмытпа

               -------------- сақта!

 

                         Жол тәртібі кімге керек-бірге ойланып көрелік,

                         Әрқайсысың  қылығына әділ баға берелік.

                         Ережені жақсы білген ортаға шық жас ұлан,

                         Әділқазы алқаларда келесі сөз кезегі деп сөзді әділқазыларға береміз.

              «Үздік жүргіншілерді» анықтау.

 

                        Қорытынды                                             

                                                        Қай көше,қалаға барсаңыз да,

                                                         Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

                                                         Жол жүру ережесі Заңды тәртіп,

                                                          Ол ортақ! Үлкен-кіші баршамызға.

 

 

 

 

 

 

 

Жол ережесін есте сақта (тәрбие сағаты)

Категориясы: Тәрбие сағаты

БҚО, Шыңғырлау ауданы
Тасмола ОЖБББМ 
Китарова Лайла Толыбаевна

Мақсаты: Оқушыларды жолда дұрыс жүріп-тұруға тәрбиелеу. Қоғамдық мекемелердің күнделікті тұрмыста алатын орны , онда көптеген адам жұмыс істейтінін айтып түсіндіру. Олардың қандай көліктермен жұмысқа баратынын анықтау.
Қалалық және ауылдық жерлерде жолда жүру ережесінің айырмашылығын анықтау. Жол белгілерін ажырата білуге баулу. Жол жүру ережесін сақтауға тәрбиелеу.
Көрнекілік: Үй макеті , бағдаршам , жол белгілері.
Сабақ барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Сынып сағаты.
-Балалар біз бүгін « Жол тәртібін жадыңда ұста » тақырыбында сынып сағаты өткіземіз.

Мұғалім: Жолда жүру ережелеріне арналған сынып сағатымызды Шөмішбай Сариевтің мына өлең жолдарымен бастаймыз.
Арманға алдан күткен асығамыз,
Біз қалай толқын атпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтықта тұра алатын жас ұланбыз.
Жалғайтын достастырып бар елменен,
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға,
Алдымен беріледі сәлем деген.
Нұршат: Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.

Ленмар: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Қуаныш: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға.
Ербол: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба.
Ескерту белгі:
Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,
Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Тыйым салу:
Мен бәріне әрқашанда тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,
Осы жолы үндемеймін, барма тағы сұрағың?

Анықтама: Белгімен көрсетер жылдамдық пен бағытты
Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті. 
Барлығын да анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

Нұршат: Баратын сапардың қашығын, тұрағын,
Үн-түнсіз жол сілтеп, көрсетіп тұрамын.
Төрт топтан құрылған белгілер туыстай,
Жөн сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.


Мұғалім: Жол белгілерін, міндеттеріңізді жақсы біледі екенсіңдер. Сендерге көп рахмет. Ал енді, балалар, олай болса , қазір жұмбақ шешіп, викториналық сұрақтарға жауап беріп көрелік.

1-жұмбақ: Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
Ақылға салып ойланып,
Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2-жұмбақ: Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,
Ескеріп ешбір адам емдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3-жұмбақ: Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

Викториналық сұрақтар.
1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?
Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?
Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.
3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?
Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?
Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн

Көрнекіліктермен жұмыс.
А) жолда жүру ережесінің сақталуы
Ә) көлік түрлері 
Б) жол белгілері 
Қорытынды. Ән.«Әрқашан күн сөбесін» аяқтау.
Көшеде тек жүрелік,
Өзінше бұл да бір ерлік.
Ата-ана қынжылмасын, 
Түсіріп ұнжырғасын.



«Ережені білейік, аман-есен жүрейік»

22 Қаңтар 2014, 12:04 Қарап шығу: 3137 Түсiнiктер: 1

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жол жүру ережесін,тәртібін сақтай білуді үйрету.Жол белгілері оларды оқу тану дағдыларын қалыптастырып дамыту.
Көрнекілігі:Жол белгілерінің суреттері,жол белгілеріне байланысты сөздер,нақыл сөздер,көрініс кейіпкерлері, кітап көрмесі. 
Кіріспе әңгіме:
Бала біздің болашағымыз.Ал сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап,аман-есен азамат етіп тәрбиелеу,ең алдымен ата-ананың ұстаздардың төл міндеті десекте,осынау маңызды істен біздің жолағаларымызда шет қалмауда.Өйткені соңғы уақытта қала ауыл көшелерінде көлік санының шектен тыс көбеюіне байланысты алуан түрлі жол көлік апаттарының орын алып жатқандығын сондай апат салдарынан жасөспірімдердің әртүрлі оқиғаларға душар болатындығын жасыруға болмайды.Олай болса сол бағытта өрбейтін «Ережені білейік,аман-есен жүрейік»атты тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер.
Балалар жол жүру белгілерімен танысайық,көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін жете білмейді.Ал кейбірі біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттері орындағысы келмейді.Олай болса көшеден өту ережесі туралы білетінімізді ортаға салып көрейік.

 

http://baq.kz/foto/434_bd7321244e777e1e4e169c8dd23f5183.jpg

«Ережені білейік, аман-есен жүрейік»
Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жол жүру ережесін,тәртібін сақтай білуді үйрету.Жол белгілері оларды оқу тану дағдыларын қалыптастырып дамыту.
Көрнекілігі:Жол белгілерінің суреттері,жол белгілеріне байланысты сөздер,нақыл сөздер,көрініс кейіпкерлері, кітап көрмесі. 
Кіріспе әңгіме:
Бала біздің болашағымыз.Ал сол болашағымызды алуан түрлі апаттардан сақтап,аман-есен азамат етіп тәрбиелеу,ең алдымен ата-ананың ұстаздардың төл міндеті десекте,осынау маңызды істен біздің жолағаларымызда шет қалмауда.Өйткені соңғы уақытта қала ауыл көшелерінде көлік санының шектен тыс көбеюіне байланысты алуан түрлі жол көлік апаттарының орын алып жатқандығын сондай апат салдарынан жасөспірімдердің әртүрлі оқиғаларға душар болатындығын жасыруға болмайды.Олай болса сол бағытта өрбейтін «Ережені білейік,аман-есен жүрейік»атты тәрбие сағатын ашуға рұқсат етіңіздер.
Балалар жол жүру белгілерімен танысайық,көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін жете білмейді.Ал кейбірі біле тұра жаяу жүргіншілерге арналған міндеттері орындағысы келмейді.Олай болса көшеден өту ережесі туралы білетінімізді ортаға салып көрейік.
Көшелермен жол жиектеріне қандай белгілер қойылған екен?!
Ал балалар мен бір жұмбақ жасырайын кім шешуін біледі екен?
Бір көзім «кідір»дейді,
Бір көзім «жүр» дейді,
Бір көзім «абайла»дейді(бағдаршам)
Бағдаршам:Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға.
Сары көзін ашқанда.
Қарап қалма аспанға .
Жасыл көзін ашқанда
Жүре берген,жасқанба!
1-оқушы:Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары шамы жағылса,
Сақ,абай бол барынша!


Жүргізуші:Балалар жол белгілерінің түрі өте көп.Бірақ бәрін айту мүмкін емес,пайдалануға қажеттілерін еске түсіріп,төрт белгімен танысайық.
2-оқушы:Ескерту белгісі
Өзі қызыл,үшбұрыш,ескертуің мен болам
Хабарлайтын бар қауыпты,оң сапарды жолдаған.
Маған қарап жүрер болса жүргізуші,жаяуда,
Жолы болып сәтсіздікке ешқашанда қалмаған.

3-оқушы:Тыйым салу белгісі
Мен бәріне әрқашан тыйым салып тұрамын,
Қауіп болса алда тұрған жібермеймін бір адым.
Түсім қызыл,өзім шеңбер сызық болып бітемін.
Осы жолы үндемеймін,бар ма тағы сұрағың?

4-оқушы:Көрсеткіш белгісі
Баратын сапардың қашығын,
Үн түнсіз жөн сілтеп,көрсетіп тұрамын.
Күндіз де,түнде от болып жанады
Көкпенен боялған төрт бұрыш шырағым.

5-оқушы:Бағыт беретін белгі
Белгімін көрсетер жылдамдық бағыты,
Ой шұңқыр бұрылыс,қатерді қауіпті.
Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,
Сондықтан бәрі де тез мені таныпты.
Барлығы:Төрт топтан құралған белгілер туыстай,
Жол сілтеп тұрамыз у-шусыз ұрыспай.
Кіршіксіз зор міндетті атқарып жүрміз біз.
Келіп жүр біздерге,балалар,ұмытпай, 
Жүргізуші:Балалар ,енді осы төрт белгіні сақтамасақ, яғни тротуарда,көшеде дұрыс жүрмесек жол оқиғаларына ұшыраумыз мүмкін.
6-оқушы:Отанын қорғап сақшы жүр.
Аптапта желдің өтінде
Көз ілмей ағай сақ тұрып,
Еліне қызымет етуде,
Жүргіншіні реттеп,
Жол тәртібін қорғап тұр. 
Асықпа деп щоферге
Бағыт беріп жолдаптұр.
*Көрініс: «Қожанасыр мен баласы»
Автор:Қожанасыр есегін ертіп үлкен жолдың бойында орталық алаңда ерсілі-қарсылы жүгіріп жүр(қасына Манасжүгіріп келеді)
-Ата не істеп жүрсіз?Машиналар басып кетеді ғой!
-Ау қарағым?!Мынау өзі қандай шақар?
-Шақары несі?Сіз кімсіз ата?
Мен «Көктерек»шақарына келген Қожанасырмын.
Мына құрғыр есекті іздейміндеп адасып кеттім,енді қайттім
қорықпаңыз ата мен сізге бәрін түсіндіремін,
А,солайма?Ал мынау темір тұлпарлар не бәле өзі,адамды басама?Өзі қандай көп бір-бірімен соқтығысып қалмайма?
Ата бұл машина.Соқтығыспау үшін жол ережесін сақтайды,бағдаршамға қарайды.
-Бағдаршамың мынау ма?Үш көзін бір қысып мені келемештеп тұрғо(бағдаршамды көрсетіп)
-Ата ол сізді мазақ қылмайды.Қайта көмектеседі.
-Көмектеседі дейсің бе,қалай?
-Бұның үш көзі бар:қызыл,сары,жасыл.
Жолдан өткіңіз келсе қарайсыз,қызыл жанып тұрса күтесіз,сары көзі жанса дайындаласыз,ал жасыл жанса жүре бересіз.
-Міне ғажап?Ал мына кісі кім жалғыз өзі бүкіл темір тұлпарларды қамшысымен бағындырып тұрған?
-Ата,ол-мемлекеттік автоинспектор.
Қолындағы ала таяғымен машиналардың жүрісін реттейді.Қараңызшы!
Ән: «Сақтық керек көшеде»
1-оқушы:Сен көшеге шықтың.Жүріп келе жатқан адамдарға бөгет жасамау үшін әуелі сол жағыңа,содан кейін оң жағыңа қара.
2-оқушы:Көшеде келе жатқанда абай бол!Асықпа!Тек тратуармен немесе жол жиегімен ғана жүр.
3-оқушы:Тар тротуармен келе жатқаныңда алдыңнан қарсы келе жатқан үлкен кісіге жол бер!
4-оқушы:Көшеде келе жатып қақпадан шығып келе жатқан машинаны көрсең,күте тұр.Көшеде тұрған машинаның қасынан абайлап өт,машина есігін ашып қалуы мүмкін.
5-оқушы:Бағдаршам-өзімізді апаттан сақтандыратын көмекшіміз,оның сырын біліп,тілін алу баршамыздың міндетіміз.
6-оқушы:Бағдаршам жол элементтерінің ішіндегі ең ерте пайдалана бастағаны.Қазіргі бағдаршамның жасы жүзден әлдеқашан асып кетті.
Ойын* «Бағдаршам»
Қағаздан ұзын жол етіп өткел жасалады.Екі ойыншық машина жүргізіледі.
Мектептен шыққан оқушы өткелден қалай өту керектігін көрсетеді.
Жүргізуші:Бағдаршамның қызыл түсін көрсетсе,оқушылар тыныш тұра қалады,сары көзін көрсетсе,оң аяқтарын көтереді,ал жасылда аяқтарын топ-топ басады.Осылайша ойын бірнеше рет қайталанады. 
Көрініс: «Жас насихатшылар»
Жолда жүру ережесіне байланысты жұмбақтар шешеміз
1.Көліктің қаншасын жанынан өткізген,
Іргеден басталып,алысқа жеткізген (Жол)
2.Жоқ өзіндебас та,ауыз да,құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта (бағдаршам)
3.Үлкен-үлкен қалаларда жүреді 
Табаны темір, төбесінде жүрегі. (Трамвай)
7-оқушы:Жолда жүріп үйрендік,
Жамандықтан жирендік,
Енді қорықпай жүреміз.
Сары жанса күтеміз,
Тоқтауды да білеміз,
Қызыл жанса тоқтаймыз,
Машинадан қорықпаймыз,
Жасыл жанса жүреміз,
Біз бәрінде білеміз.

Қай көше,қалаға қарай барсаңызда,
Қай ақыл өлшеміне салсаңызда,
Жолда жүру ережесі-заңды тәртіп,
Ол ортақ үлкен-кіші баршаңызға,
Басталар әр қадамың аттауменен
Жолда жүру ережесін сақтауменен—деген өлең жолдарымен бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.



Жолда жүру ережелерін білеміз бе?

Жарияланды 8-07-2013, 07:13 Категориясы: Тәрбие сағаты 

Тәрбие сағатының тақырыбы: Жолда жүру ережелерін білеміз бе?

Мақсаты: Көшеде жүру ережелері бойынша қалыптасқан оқушы түйсіктерін, білімдерін пысықтап, оның өмірдегі маңызын түсіндіру.
Оқушылардың қызығушылығын тудырып, ой - өрісін, белсенділігін дамыту. Сынып оқушыларын жолдастыққа, сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Жол белгілері, бағдаршам макеті, қиылған жіңішке ұзын жолақшалар (зебра жолы), бордюр макеті, сюжетті суреттер, автобус макеті, лото ойынына қажетті сурет пен белгілер суреті.
Техникалық құрал: теледидар, DVD, видео көрініс жазылған DVD дискісі.

Барысы:
Сынып оқушылары 4 топқа бөлініп отырады. (әр топта 4 оқушыдан)

Мұғалім: Сәлеметсіңдер ме, балалар? Біз өмірімізді, денсаулығымызды қорғаудың бірден - бір кепілі көшеде жүру ережелерінен сабақтар өткізген болатынбыз. Бүгін осы көшеде жүру ережелері бойынша алған білімдеріңді пысықтау мақсатында «Жолда жүру ережелерін білесің бе?» атты тәрбие сағатын өткізгелі отырмыз. Себебі, жолда жүру тәртібін білу әрбір бала, әрбір адам үшін маңызды деп білеміз.
- Ал көшеде жүру тәртібін білмеу неге әкеп соғуы мүмкін?

1 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін орындамау көліктердің жүріп тұруына кедергі келтіреді, жұмысшылар жұмысқа, оқушылар сабаққа, дәрігерге, басқа да баратын жерлеріне дер кезінде жетпеуі мүмкін.
2 - оқушы: Көшеде жүру тәртібін білмеудің салдарынан адамдар жол апатына ұшырап жатады.
3 - оқушы: Жолда жүру ережелерін білмеген оқушылар көлік астына түсіп, қыршыннан қиылып та жатады.
4 - оқушы: Жол жүрудің тәртібін
Ережесін білеміз.
Сақтанғанда қатерден,
Сау - саламат жүреміз.

Мұғалім: Олай болса сендерге көшеде жүру ережелеріне байланысты біраз сұрақтар қояйын. Ал сендер келген қонақтарға бар білімдеріңді көрсетуге тырысыңдар.
- Балалар, жол деген не?

5 - оқушы: «Жол» деген сөздің өзі көлік құралдары мен жүргіншілер қозғалатын аумақ ұғымын қамтиды. Бұл қалалар мен елді мекендер, олардан тыс жерлердегі жолдар, көшелер мен бұрылыстар. Жол көліктер мен жаяу жүргіншілерге арналған деп екіге бөлінеді.
- Жолда жүруде біз білу керекті ең негізгі ереже қандай?

6 - оқушы: Жолда жаяу жүргінші мен жүргізуші болады. Автобустар, троллейбустар мен автокөліктер көліктің негізгі ЖОЛ АЛЫБЫМЕН жүреді, ал жаяу жүргінші ТРОТУАРМЕН немесе көше бойының оң жақ шетімен жүру керек.
- Тротуар деген не?

7 - оқушы: Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда «жаяу жүргіншіге арналған жол» дегенді білдіреді. Тротуар үстінде қандай да болмасын ойын ойнауға немесе жүгіруге болмайды. Бұл жаяу жүргіншіге бөгет жасаумен атар, аса қауіпті болып табылады.
- Жол жиегінің бойындағы қапталдар не?
8 - оқушы: Бұл – жол жиегі мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал. Оны БОРДЮР деп атайды. Бордюр француз тілінде «бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ» деген сөз. Кейбір балалар осы бордюрдің үстімен жүруді қызық көреді. Ондай жағдайдың ақыры қайғылы оқиғаға соқтыруы мүмкін.

9 - оқушы: Тротуар – жүрер жолы жаяудың, желаяқтың,
Жайбасардың, баяудың.
Машинаның жолы – көше ортасы,
Соны ұмытып кете көрме, аяулым.
- Жол бойындағы сызықтар мен белгілерді қалай атаймыз?
Хормен: Жол белгілері
- Біз үнемі тротуармен жүре бермейміз. Көшеден өтетін кезде қалай өтеміз?
10 - оқушы: Көшеден тек жаяу жүргіншілер өтпесі арқылы өту керек. Оны «Зебра» (жолақ жол)
деп атайды.

Суретпен жұмыс
1. Жаяу жүргіншілер жолын көрсет.
2. Балаға үйден мектепке дейінгі ең қысқа жолды табуға көмектес. Оны қызыл сызықпен белгіле.
3. Ал енді ең қауіпсіз жолды тап. Оны жасыл сызықпен белгіле.
- Қызыл сызықпен белгіленген жол қысқа болғанымен қауіпті, сондықтан жасыл түспен белгіленген жолмен жүргіземіз.

11 - оқушы: Жолақ жолмен көшеден
Өтеді кіл жаяулар.
Көліктердің бәрінің
Жылдамдығы баяулар.
«Қалмасын жұрт жолынан!»-
Деп жол берер көліктер.
Зебраның жонынан
Аумайды өзі, келіп көр!
- Көшеде жүру тәртібін не басқарады?
Оқушылар хормен: БАҒДАРШАМ

12 - оқушы: Бағдаршам аты
Үш көзі бар батыр.
Тоқ болғанмен заты,
Өзінде көп ақыл.
13 - оқушы: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз, оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.

Би «Бағдаршам» ( үш қыз бағдаршамның үш көзіне сәйкес күсті дөңгелекшелермен билейді)
1 - қыз: Қызыл көзі жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда.
2 - қыз: Сары көзі жанғанда,
Сақ, абай бол барынша.
3 - қыз: Жасыл жарық жол ашық,
Жүре бергін бел асып.
Сергіту ойынын ойнайық.
Орнымыздан тұрайық
Бағдаршамның белгісін
Қимылмен келтіріп шығайық.
( Мен қызыл дөңгелекті көтергенде отырасыңдар, сары дөңгелекті көтергенде тұрасыңдар, жасыл дөңгелекті көтергенде орындарыңда жүресіңдер.)

- Балалар, кейде қиылыстардағы бағдаршам жұмыс істемей қалуы мүмкін. Бұл жағдайда бағдаршамның міндетін мемлекеттік автоинспекциясының қызметкерлері атқарады. Оны РЕТТЕУШІ дейміз. Қазір Нұрдәулет реттеуші болады. Сендер оның қимылын бағдаршамның қандай сигналына сәйкес келетінін алдарыңдағы қызыл, сары, жасыл белгішелерді көтеру арқылы көрсетесіңдер.
Нұрдәулет: (ала таяғымен реттеуші қимылын 2 рет көрсетеді)
Көрсең жолдың бойынан
МАЙ қызметкерлерін
Шаршау білмес, ей, ұлан,
Елеу керек еңбегін.
Көз салып ол қырағы,
Бос жібермей әр күнін,
Қадағалап тұрады
Жолда жүру тәртібін.
- Рахмет. Ал, балалар, жолдағы жол белгілері не үшін керек деп ойлайсыңдар?

14 - оқушы: Жол белгілері жолдарда қозғалысты реттеуге көмектеседі. Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерді жол апаттарынан сақтануды ескертеді, қайда баруға болады және болмайтындығын көрсетеді.

І топ. Ескерту белгілері.
1 - оқушы: Үшбұрышты қызыл бояумен көмкерілген бұл белгілер жол бойында жағдайсыз, яғни қауіпті жерлер бар дегенді білдіреді.(суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).
• жаяу жүргінші өтпесі
• балалар
• тайғақ жол
• жол жөндеу жұмыстары
• екі жақты қозғалыс
• велосипед жолымен қиылыс
• шлагбаумы бар темір жол
• шлагбаумы жоқ темір жол
2 - оқушы: Басымдылық белгілері – бұл белгілер жүріс бөлігінің немесе жолдың жіңішкерген бөліктерінің көше қиылыстарын өтпелерін кесіп өту керектігін бейнелейді.
• басты жол
• басты жолдың аяқталуы
• жол беріңіз
• аялдамасыз қозғалуға тыйым салынады.

ІІ топ. Тыйым салатын белгілер.
3 - оқушы: Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл бояумен беріледі. Ол қозғалыс атаулының бәріне тыйым салады (суреттерін көрсете отырып әр оқушы екіден ескерту белгілерін атап шығады).
• кіруге тыйым салынады
• қозғалысқа тыйым салынады
• велосипедпен жүруге тыйым салынады
• жаяу жүргіншілердің қозғалысына тыйым салынады
• аялдауға тыйым салынады

4 - оқушы: Нұсқау белгілері – бұл топтағы белгілер жаяу жүргіншілер мен велосипедшілер жүретін жерлерді көрсетеді, қандай да болмасын көлік түрлерінің біреуінің нақты бағыттағы қозғалысына рұқсат береді.
• түзу қозғалыс
• оңға қозғалыс
• айналма жол
• велосипед жолы
• жаяу жүргінші жолы
• ең төменгі қозғалысты шектеу

ІІІ топ. Ақпараттық көрсеткіш белгілері.
5 - оқушы: Бұл топтағы белгілер жол қозғалысына қатынасуларға, жаяу жүргіншілер өтпесі орналасқан жер, қоғамдық көлік аялдамасы, көлік тұратын орын туралы хабарлайды.
• автобус немесе троллейбус тоқтайтын жер
• трамвай тоқтайтын жер
• біржақты қозғалыстағы жол
• тұрақ орны
• жаяулар өтпесі
• жер асты жаяулар өтпесі

ІҮ топ. Қызмет көрсету белгілері.
6 - оқушы: Қызмет көрсету белгілері - тиісті объектілердің орналасуын хабарлайды.
• алғашқы медициналық көмек пункті
• аурухана
• телефон
• тамақтану орны
• ауыз су
• демелыс орны
7 - оқушы: Қосымша ақпарат белгілері (табличкалар) - өздерімен бірге пайдаланылатын белгілердің ықпалын нақтылайды немесе шектейді.
• объектіге дейінгі арақашықтық
• ықпал ету аймағы
• қолданылу бағыттары
- Өте жақсы, балалар. Осы жол белгілерін үнемі естеріңде сақтаңдар. Ал енді мына бір көрініске назар аударыңдар.( теледидардан арнайы түсірілгенвидео көріністі қосамын )
Үш оқушы мектепке бару үшін үйінен шықты да, көлік жүретін көшеде қуаласып ойнады. Тәртіпсіздеу біреуі екінші оқушыны итеріп жібереді. Ол жығылып қалады. Үшінші оқушы жығылған баланы тұрғызуға көмек көрсетеді. Дәл осы кезде бұрылыстан шыға келген машина әзер тоқтайды. Итерген тәртіпсіз оқушы бар ықыласымен айқайлап, күліп тұрады.
- Осы көрініс жайында не айтасыңдар? / /
- Әрине, осындай ережеге сай емес ойындар кездейсоқ апатқа кезіктіреді. Сондықтан жолда жүру ережесін үнемі сақтаңдар.

Топтық жұмыс «Қай жерде ойнауға болады? Ал қай жерде ойнауға болмайды?».
Егер топтарыңа жолда жүру ережелерін бұзбай ойнап жүрген балалардың суреті берілген болса астындағы шаршыны жасыл түспен, керісінше ереже сақталмаған жерді қызыл түспен бояйсыңдар.
- Біз ауылда бір жерден екінші жерге жаяу қатынай береміз. Ал қалада қоғамдық көліктерді пайдаланбасқа келмейді. Ол кезде көбіне қандай көлік түрін пайдаланамыз?
- / автобус /
- Автобусқа мінерде қандай ережені сақтау керекпіз?
8 - оқушы: Автобусты аялдамада күтеміз. Тәртіпті сақтау керекпіз. Автобустың артқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түсу керек.
( Екі оқушы қысқа көрініс көрсетеді. Автобустың макетінің атқы есігінен кіріп, алдыңғы есігінен түседі )
9 - оқушы: Есігінен артқы,
Көлікке сен мінгін.
Дәл осы бір салтты,
Құлағыңа ілгін.

10 - оқушы: Кезекте сен әлгі
Артқы есіктен кіргін.
Енді есіктен алғы,
Түсеріңді білгін.
- Жақсы, балалар. Сендер көшеде жүру ережелері жайлы көп әңгімеледіңдер. Енді сендердің білімдеріңді «Жол белгілерін білесің бе?» деп аталатын лото ойыны арқылы қорытындыламақпын. Сендердің қолдарыңда белгі аты жазылған карталар бар. Сол картаны жол белгілерінің сәйкес суретіне теріс қойып шықсаңдар қызықты суретті көре аласыңдар.

( Оқушылар қолдарындағы жол белгісінің атын оқып, сәйкес суретке қондырады. Соңында суретті тамашалайды)
- Қандай сөйлем шықты?
Хормен оқиды: Жолда жүру ережелерін сақта!

Мұғалім: Тәрбие сағатымызды қорыта келгенде, біздің қалаларымызда сол сияқты біз тұрғандай ауылдардың бәріне ортақ жолда жүру ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, барлық жүргіншілер мен жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.
Тәрбие сағатына белсене қатысып, ізденгіштік қабілетін көрсеткен оқушылар атап өтіледі



Жолда жүру ережесі”

Мақсаты:
Жолда жүру ережесін есте сақтауға, оқушыларға жол белгілерін неше түрі бар, оны білу не үшін қажет, бағдаршамның, жол белгілерінің атқаратын қызметі қандай екенін үйрету. Жол ережесін есте сақтау қабілетін, қызығушылықтарын арттыру, барлығымызға ортақ қойылған тәртіпті бұзбауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: 
Бағдаршам, жол белгілері, жолда жүру әліппесі, жол ережесіне арналған суреттер. интерактивті тақта, суретті тест, блиц -турнир сұрақтары ,«Бағдаршамды сыйлаңдар» сөзжұмбағы, бағдаршам макеті, сигналдық белгілер.

Балалар көшеде жүру ережесін 
білу бізге не үшін керек?
Жаяуға қай жермен жүруге 
болмайды?
Көшеде жүру тәртібін кім 
басқарады?
Бағдаршам туралы не білесіңдер?

ІІІ.Тарихтан тағылым
Жүргізуші:
Қызыл жанды, тоқтағын,
Көрдің жұрттың тосқанын.
Сары жанды – дайындал
Айналаңа қарап ал.
Жасыл жанды – тыңдағын
Жолың ашық, тұрмағын.


Тротуар сөзі француз тілінен аударғанда “Жаяу жүргіншіге арналған жол”дегенді 
білдіреді.
Тротуарда жүру тәртібі
Жеке жүрсең:
1.Тротуардың оң жағын ала жүр.
2.Жүгірме,асықпай адымда.
3.Жол жиегін аттама,оның үстімен жүрме.
4.Тротуар үстіндегі кедергілерді жүргін бөлікке шықпай айналып өт.
5.Тротуардың ортасына тұрма,үйлерге жақын қапталына қарай барып тұр.
6.Тротуар үстінде ойнап,алыспа.
7.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,ересектердіңбірінен жәрдем сұра.
8.Жолаушылар қоршауынан асып өтпе.Оның астынан өтпежәне үстіне асылып отырма.

Топпен бірге жүрсең: 
1.Қатардан шықпа.
2.Алысып,ойнама.
3.Жүгірме,секірме,итеріспе.
4.Шуылдама.
5.Мұғалімнің жөн сілтеуіне ғана құлақ ас,басқаларға алаңдама.
6.Әлдеқандай затыңды жүргін бөлікке түсіріп алсаң,тротуар үстінде тұрып ересектерден көмек сұра.

Жол жиегі
Жол жиегі-жол жиегі мен мен тротуар аралығын бөліп тұру үшін қаланған арнайы тас қаптал.Оны кейде бордюр деп атайды.
Бордюр француз тілінде “бір нәрсені жиектеуге арналған жолақ”деген сөз.Балалар кейде жол жиегінің үстімен жүгіріп ойнағанды ұнатады.Ал егер әлдеқандай бір көлік жол жиегіне тақау жүріп жүрген баланы қағып кетуі де мүмкін ғой.Ондай жағдайыдың ақыры қайғылы оқиға соқтырмауына кім кепіл. 


Қоршаулар
Аса қауіпті жерлерде арнайы қоршаулар қоюға тура келеді.Олар жолаушылардың жүргін бөлікке кенеттен шығып кетуіне бөгет жасайды.
Қоршаулар көбінесе көліктердің ерсілі-қарсылы қозғалысы көп жолдарда,мектептер маңында және жаяу жүргіншілердің топталған тұстарында жанына қойылады.
Жол қозғалысы ережелерін,нағыз қасақан бұзушылар қоршаулардың үстінен секіріп немесе оның астынан өтушілер.Бұл ереже бұзудың ең қауіпті түрі.Қоршау қойылған жерлерде көлік жүргізушілер жаяу жүргіншінің болмайтынына әрқашан сенімді.Сондықтан оның алдынан жаяу жүргінші шыға келгенде жүргізуші аса қиын жағдайға тап болады.

Сайыс кезеңдерімен таныстыру:
1.Өз орныңды тап ( әр топ өздерінің ұрандарымен топ аттарымен таныстырып өтеді.)
2. «Кім жылдам?» ( әр топқа сұрақтар беріледі .)
3. Жол әліппесі.(Суреттерді бояп шығу,әрқайсысына шұғыл телефондарын жазу,белгісін табу.)
4.МАИ емтиханы. ( Сауалнама . 8 тест белгілеп береді.)
5. Жасырдым жұмбақ. (жұмбақтар шешу)
6. Шығармашылық жұмыс ( Өлең құрастыру)
7."Жол белгілерін еске түсірейік” лото
(1-суретте- жол белгілері салынған карта,
2-суретте-жол белгілерінің қиық картасы.)
8. Жолда жүруге байланысты «Жолдос көмекке асығады» мультфильмін көріп тамашалау.

ІҮ-кезең:

МАИ емтиханы. ( Сауалнама . 8 тест белгілеп береді.)
1.Жүргіншілер деген кім?
А) машина жүргізетін адамдар В) көшеде жаяу жүрген адамдар С) белгілер
3. Көлік жүріп келе жатқанда жолаушыға жүргізушімен сөйлесуге бола ма?
А) болады В) болмайды С) білмеймін
4.Жолаушылар таситын қоғамдық көлікті қай жерден күтіп,міну керек?
А) аялдамалардан В) кез-келген жерден С) дүкен алдарынан
5. Қала көшелерінде жаяу адамдар қандай жолмен жүруге тиіс
А) кез-келген жолмен В) тротуармен С) автомобиль жолдарымен
6. Қала көшелерінде велосипедпен жүруге неше жастан бастап рұқсат етіледі?
А) 10 В) 12 С) 14
7. Дөңгелек шеңбер түрінде қызыл түспен белгіленген белгілер қандай ұғымды білдіреді?
А) ескерту белгілері В) көрсеткіш белгілер С) тыйым белгілері
8. Қай түс жанғанда машиналар жүреді?
А) сары В) жасыл С) қызыл

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,
Жол жүру ережесі заңды тәртіп-
Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға



Тақырыбы: «Өмірімізді сақтайтын- бағдаршам»

Мақсаты. балаларды жолда жүру ережесімен таныстыру. Жол белгілерін айыра білу дағдыларын қалыптастыру, жол ережесін білудің маңызды екенін түсіндіру. Есте сақтауға үйрету, жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Бағдаршам, жол ережелеріне байланысты суреттер. Теледидардан слайд арқылы суреттер көрсету. Түрлі –түсті қарандаш, ақ бет, т.б.
Әдіс- тәсілдер: Айту, түсіндіру, көрсету, сұрақ- жауап.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің іс -әрекеті Балалардың іс -әрекеті
Дәлелдеу. Шаттық шеңбері.
Армысың- Алтын Кун
Армысың – Көк аспан
Армысың жан досым
Жылуыма жылу қос
Міне менің қолым бос
Жарқырасын күніміз
Осы кезде есік қағып бағдаршам қонаққа келеді. Балалармен амандасады. Балалар шаттық шеңберін іс-қимылмен көңілді орындайды.

Балалар бағдаршамды көріп қуанады.
Ұйымдастыру, іздену. . Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Күз айларын кім айтады?
-Ал қазір күздің қай айы?
-Күз мезгілінің ерекшеліктері қандай?

Тәрбиеші балаларға жұмбақ жасырады.
Үш көзі бар қаз- қатар
Кезек –кезек ашады.
Үшеуінен байқасам 
Үш түрлі нұр шашады

-Өте дұрыс жауап.

- Бағдаршамды сендер қай жерден көресіңдер? Бағдаршамның қызметі қандай?

- Қай жолмен жүреміз?

- Жиек жол болмағанда ше?
.
- Қоғамдық көліктерге қай жерден отырамыз?

- Бағдаршам туралы тақпақтарымызды айтайық.

- Балалар, алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болған. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. 1914 жылдары америка қалаларында екі түсті (қызыл, жасыл) электірлі бағдаршам болды. 1918 жылдан бастап үш түс қолданысқа енді. Кеңес Одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қалаларының көшелерінің қиылысынан орын алды.
Ия, бағдаршам бізге жол қиылыстарынан өтуге көмектеседі. Жаяу жүрушілерді жол апатынан сақтайды. Жолдан өтерде өте мұқият болу керек. Жолдан өтуге болмайды. Бағдаршамның үш көзі – үш түрлі. Бағдаршам бар қиылыс жолдарда адамдар өтетін ақ жолақтар болады. Бағдаршамның қызыл көзі жанғанда көліктер тоқтайды, ал адамдар жаяу жүрушілер ақ жолақтармен өтеді. Ал, ортадағы сары көзі жанса, көліктер дайындалады. – Ал жасыл көзі жанса, жол ашылады, көліктер жүреді. Бағдаршамның үш көзі жаяу жүргіншілерге және көлікпен жүруге де өте қолайлы, адам өміріне орасан зор. Бағдаршам болмағанда көліктер соқтығысып, жол апаты көп болар еді. Біздің өмірімізді сақайтын осы бағдаршам. Олай болса, көшеден өткенде арнайы ақ жолақтардан өту керек. Жол қиылысында аса абай болған жөн. Көшелерде, жолдарда доп ойнауға, шанамен сырғанап ойнауға болмайды.
-Балалар, қараңдаршы бағдаршам сендерге ойын ойнату арқылы сұрақтар қойып, білімдеріңді сынға салғысы келіп тұр. 
«Қай топ данышпан». Ол үшін үш топқа қызыл, сары, жасыл түстер болып бөлінеміз. 
Қызыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Балалар, бағдаршам алғашқы кезде қанша түсті болды?
2. Қандай түсті?
3. Ал біздің көшелердегі бағдаршамның неше көзі бар?
4. Қандай түстер? (балалардың жауабы)
Сары түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Суреттен не көргенін айтып беріңдер?

2. Көлік аттарын атаңдар?

3. Бағдаршамның қызметі қандай?
4. Адамдар қай жолмен жүру керек?
Жасыл түсті топқа арналған сұрақтар.
1. Бағдаршам жолдың қай жерінде орналасқан?
2. Алғашқы бағдаршам қайда орналасқан?
3. Оны ойлап тапқан адамның есімі барма?
4. Біздің ауданымызда бағдаршам барма?
Сергіту сәті:
Қызыл көзін жағады. (қозғалмай тұру)
Сары көзін жағады. (қол шапалақтау)
Жасыл көзін жағады. (бір орында тұрып жүру.)
- Өте жақсы балалар, сендер данышпансындар, сұрақтарға жақсы жауап бердіңдер. Жолда жүру ережелерімен таныстыңдар. Бағдаршамның адамға көмегі бар екенін түсіндіңдер. Алғашқы пайда болған бағдаршамның екі түсті, қазіргі уақыттағы бағдаршамның үш түсті көзі бар екенін білдіңдер. Ендігі болашақта қандай бағдаршам болса деген өз қиялындағы ойларыңды ақ қағаз бетіне түрлі- түсті қарандашпен бағдаршамның суретін салыңдар.

Балалар тәрбиешінің қойған сұрақтарына жауап береді.

-Қазір жылдың күз мезгілі
-Қыркүйек, қазан, қараша

Қазір қыркүйек айы.

-Күн суытады, ағаштардың жапырақтары сарғайып, жерге түседі. Құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Адамдар жылы киінеді

Жұмбақтың шешімін табады.

-ол бағдаршам.

Көліктер өтетін жолдан көреміз
- Жол тәртібін реттеуші.
- Жиек жолмен жүреміз.
- Жер асты жолымен жүреміз.
- Аялдамадан отырамыз.



Сабақтың тақырыбы: Жолда сақ бол, балақай!
Сабақтың тақырыбы: Жолда сақ бол, балақай!
Мақсаты: білімділік: – ойынды тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып жолда жүру ережесімен таныстыру, жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру, оқушылардың ой-өрісін дамыту, білім-білік жағдыларын қалыптастыру, жол бойында өзін дұрыстап жүруге, сабырлыққа тәрбиелеу, бағдаршам және көшедегі жол белгілерімен таныстыру;
Дамытушылық – сөздік қоры, сөйлеу мәнері, есте сақтау қабілеттерін дамыту;
Тәрбиелік – жолда жүру мәдениетіне үйретіп, сақтыққа, зейінділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: бағдаршам, еденге арнай салынған жол, үнтаспалар, тақырыптық суреттер мен плакаттар, жол белгілері.
Сабақтың барысы
Кіріспе.
Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар! Қазіргі таңда балалардың өмірін кездейсоқжол-көлік оқиғаларынан қорғау мәні зор мәселелердің бірі болып отыр. Бүгінгі біздің тәрбие сағатымызда – жол қауіпсіздігі ережелерін оқушылардан сұрай отырып, көлік түрлерін дұрыс атауды, жолдың ортасындағы ақжолақ, тротуар жөнінде, сондай-ақ балалар арасында жолда жүру ережелерін насихаттау.

Арманға алда күткен асығармыз,
Біз қалай толқын айтпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!

Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген

Бүгінгі бізге келген қонақтарға сабағымыз басталады сәлемменен


І-бөлім
Сұрақ-жауап кезеңі.
-Балалар, біз үнемі тротуардан шықпай жүре береміз бе?
-Жолдардан да өтеміз.
-Жолдардан қалай өтеміз?
-Бағдаршам арқылы өтеміз.

Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда
Қалт тоқтай қал табанда

Сары жарық: Сары шамы жағылса,
Сақ, абай бол барынша!

Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық,
Зымырай бер бел асып.



Бағдаршам: Менің атым «Бағдаршам »мекен жайым тұрақты
Жақсы білем міндетімді, мүдірмеймін сұрақтан,
Жол сілтеймін белгі біткен бөлінеді топтарға
Адастырмай алып барады жақын етіп жырақты.

Бағдаршам: Бейғам кісі – бейбақ,
Болғын алғыр бала
Бас аяқты ойлап,
Бол ұқыпты жолда.

Аружан: Ирек-ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтсе де
Үйренесің біртіндеп
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.


Ән: Хормен ( Бағдаршам )
Балалар, біз жол бойынан бетонға қалдырылған дөңгелек, щеңбкр, үшбұрыш және басқа белгілерді көреміз, олар қандай белгілер деп ойлайсыңдар?

Ескерту белгісі – қызыл жолақпен көмкерілген тең қабырғалы үшбұрыш.
Тыйым салу белгісі – қызыл жолақпен көмкерілген, сары түске боялған дөңгелек.
Анықтама белгісі – көк түсті дөңгелек.
Нұсқау белгісі – көк түсті төртбұрыш.

Сонымен белгілер неше топтан тұратын болды?
Жол елгілері төрт топтан тұрады екен. Осы топтарға байланысты өлеңдерді еске түсірейік.

Ал кәнекей үйренейік біз де жүру тәртібін,
Ережені жақсы білер бар кімің?
Кім айтады жол белгіс неше топтан тұрады?
Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріпешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Ескерту белгісі – қып-қызыл үшбұрыш.
Ескерту белгісі мен болам
«Қауіптен сақ бол» деп сәт-сапар жолдаған
Аман-сау жүреді жаяу да көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.


Тыйым салу белгісі: Қызылмен боялған шеңберім аумақты,
Тыйымшыл белгімін, қаталмын салмақты,
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге
Қауіп бар, бағдарла көз салып жан-жақты

Анықтама белгісі: Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті,
Барлығын анықтаптұрамын жолыңда
Абай бол, шартымды, міндетті орында!

Нұсқау белгісі: Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын
Үн-түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған төртбұрыш шырағым

Ойын: « Қызыл,сары, жасыл »

ІІ-бөлім « Кім жылдам? »
Жұмбақтар шешу

Бұйырмапты бас та, ауыз да,құлақта,
Бақырайған үш көзі бар бірақта. (Бағдаршам )

Арқаным бар тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім. ( Жол )

Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған. ( Автоинспекция қызметкері )
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.

Сөйлегенді білмейді, 
Бірақ « Тоқта, жүр »-дейді. ( Бағдаршам )

ІІІ-бөлім « Үйренейік, білейік »
Сурет бойынша жауап беру.
1. Жүргізуші деген кім? (Көлік жүргізуші адам) 
2. Бағдаршам жоқ жерден қалай өтеміз? ( Әуелі сол жаққа, көшенің ортасына келгенде оң жаққа қараймыз.)
3. Жаяу адамдардың өтетін жолындағы сызықты қалай атаймыз?
( Ақжолақша)
4. Автобус тоқтайтын орын. (Аялдама )

Қорытынды: 
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер жарақат алады.

Басталар әр қадамның аттауменен,
Жолда жүру ережесін сақтауменен.

Бүгінгі алған мағлұматтарыңызды ұмытпай өз керектеріңе жаратыңдар, естеріңде сақтаңдар



Басты бет » Статьи » Ашық сабақтар » Тәрбие сағаты

Добавить статью ]


ЖОЛЫ БОЛСЫН ӘРКІМНІҢ, ОРЫНДА ЖОЛ ТӘРТІБІН!

Сабақ мақсаты: 

1.Оқушыларға көшеде жүру ережесін үйрете отырып,алған білімдерін пысықтау. 

2.Ойларын ашық айтуға, көше белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру. 

3.Жолда жүру мәдениетін қалыптастыру. 

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, жол белгілері, бағдаршам, машина. 

Ұйымдастыру. 

Көрініс. 
МАИ қызметкері :Балалар, біздің Жаңаөзен қаламызда кішкентай, өте ақымақ қоян өмір сүреді екен.Ол көшенің арғы бетіне өтпекші болады. Бағдаршамның жасыл түсі жанып, халық жаяу жүргіншілер жолымен өтті.Ол кезде қоян не істеді? 

Қоян: Маған жол ережесін білу қажет емес.Сендерге бір құпия айтайын.Трамвай, автобус, машинадан қорықпаймын. Кез-келген жерден зу етіп өте шығамын. 
(Үлкендерді тыңдамаған қоян жолдан жүгіріп өтпекші болғанда жеңіл машина оны қағып кетті.Бұл жағдайды көрген жол полициясы «Жедел жәрдемге» қоңырау шалады.) 

МАИ қызм: Сәлеметсіздер ме? Бұл «Жедел жәрдем» бе? Тез келсеңіздер екен.Қоянды көшеде машина қағып кетті. Жағдайы өте нашар. 
(«Жедел жәрдем» келіп, ішінен дәрігер түседі.) 

МАИ қызм: Ұзын құлақ сұр қояным-ай, қайғы жамылдың-ау! 

Дәрігер: Қай жерің ауырып жатыр? Қазір сені тексерейін. 

Қоян: Аяғым ауырып жатыр.(Айқайлап жылап жібереді) 

МАИ қызм: Жылама, шыда, қоянжан! Бағдаршамға қарап, жол ережесін сақтағаныңда мұндай пәлеге ұрынбас едің? Дәрігер, қоянның жағдайы енді не болмақ? Ол енді жүре ала ма? 

Дәрігер: Қоянның аяғын гипстеп ауруханаға жатқызамын.(Жедел жәрдеммен қоянды алып кетеді) 

МАИ қызм: Көрдіңдер ме, қоянның басынан қиын жағдай өтті.Сендер жолдан өткенде бағдаршамға қарайсыңдар ма? Бағдаршам дегеніміз не? 

(Ортаға бағдаршамның үш түсі болып оқушылар шығады.) 
Жасыл түс: Сақта көше тәртібін 
Бағдаршамның ал тілін 
Біліп алдым мен де 
Жасыл жанса демде 
Алға кетем лезде 
Сары түс: Сары жанса сабыр 
Сақтай тұрам әзір 
Қызыл түс: Жанса қызыл шоқтай, 
Қаламын кілт тоқтай. 

МАИ қызм: Ал енді, балалар, ауруханаға телефон соғып , қоянның жағдайын білейін. 
(Осы кезде бағдаршамның үш түсі дауласады.) 

Қызыл түс: Мен мықтымын!1 Егер қаласам, машина, адамдар, бүкіл қозғалысты бір орнында тоқтатып тастаймын. 

Сары түс: Жоқ, мен күштімін!(Бағдаршам бұзылып қалады) 

Жасыл түс: Мен барлығына жолдан өтуге рұқсат беремін. 

МАИ қызм: Бұл не деген айқай-шу? (ысқырады) 

Балалар: Бағдаршамның шамдары айқайласып жатыр. 

МАИ қызм: Енді бағдаршамсыз қалай болар екен,ә? Маған көп салмақ түсетін болды ғой. 

Хормен(балалар) Дауласуды қояйық, 
Жарықтарды жағайық 
Бағдаршам-ау, бағдаршам, 
Достасып тату болайық.! 

МАИ. Рахмет, сендерге достарым! Сендерге айтатын қуанышты хабарым бар. Қоян бүгін ауруханадан жазылып шығады. Қоянды қарсы аламыз ба, балалар? 

Қоян: Балалар, менен бір қателік кетті! Мен жол ережесіне мән бермеппін. Маған бағдаршам туралы айтыңдаршы,а? 

1-оқушы: Амансың ба, қоянжан! 
Қорықпағын сен жолдан. 
Үйретеміз барлығын, 
Білеміз біз бағдаршам 

2-оқушы: Мынау тұрған бағдаршам 
Қызыл, сары, жасыл шам 
Кезекпенен жанады 
Ұғып алғын, қоянжан! 

3-оқушы: Қызыл түс жанғанда, 
Баспа қадам сен алға 
Сары түсі жанғанда 
Дайындалып тұр мұнда! 
Жасыл түсі жанғанда 
Жорта бергін сен жолда! 

МАИ қызм: Қоянжан , сенің білмейтінің әлі көп. Сен, біздің балалар көше белгілері туралы не біледі екен,тыңдап отыр. 

Бүгінде қалада да, ауылда да үлкен көшелер мен жүйткіген автокөліктер көбеюде. Көшелер мен жолдардағы жағдай барған сайын күрделеніп келеді. Жол-көлік оқиғаларының қаупі арта түсуде. Сондықтан да жүргізушілер мен жаяу адамдар көшелер мен жолдарда ерекше тәртіпті және мұқият болуы қажет.Жол заңы дұрыс жүріп ,абай болуды талап етеді. 
Жол-көлік оқиғаларының зардабынан көбіне балалар зардап шегуде.Оның себебі,көптеген мектеп оқушылары жолда жүру ережелерін әлі де болса нашар біледі.БҰҰ Бас ассамблеясының 2005 жылғы 26 қазандағы ұсынысы бойынша жыл сайын қарашаның үшіншіжексенбісінде жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алудың бүкіл әлемдік күні атап өтіледі 
Ал біздердің жол жүру ережелерімен танысып, үйреніп жүргенімізге де біраз уақыт болды. Осы уақыт ішінде біз көшелер мен жолдарда қойылатын белгілермен таныстық. 
Енді міне, осы алған білімімізді бүгінгі’’Жолы болсын әркімнің, орында жол тәртібін!’’ атты жол ережелеріне арналған тәрбие сағатымызда көрсетеміз деп ойлаймын. 

Жол тәртібі кімге керек, бірге ойланып көрейік, 
Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берейік. 
Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан, 
Біліміңді сарапқа сал, біз етейік, төрелік! 

Сабағымыз»Үлгілі жолаушылар» және »Жас инспекторлар» атты топтар арасындағы сайыспен жалғасады. 

Топтардың танысуы. 

«Үлгілі жолаушылар» тобы: 
Басталар әр қадамың аттауменен, 
Жол жүру ережесін сақтауменен. 

«Жас инспекторлар» тобы: 
Жол тәртібін білейік, 
Аман-есен жүрейік. 

-Ендеше, сайысымызды бастайық. 

I бөлім. «Көше ережесін білесің бе?» 
«Үлгілі жолаушылар» тобына: 

1.Бағдаршам деген не? Жарықпен белгі беру арқылы көшедегі автомобиль жолы мен темір жолдағы қозғалысты реттеуге арналған құрылғы. 
2.Жаяу жүргінші деген кім? Көлік құралынан тыс және онда жұмыс жасамайтын адам. 
3.Автобус деген не? Жолаушвлар мен жүктерді тасымалдауға арналған, онда жүргізуші орнын қоспағанда сегізден астам отыратын орны бар автокөлік құралы. 
4. Жол элементтерін ата. Көше, бұрылыс, тротуар, жол жағалауы, бөлу жолағы 
5.Тротуар деген не? Жолдың жүргін бөлігімен қатарлас немесе одан газонмен бөлінген жаяу жүргіншінің қозғалуына арналған элементі. 
6.Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді? Қызыл дөңгелек. 

7.Бағдаршамның қызыл көзі жанып тұрғанда қандай көліктерге жүру рұқсат етіледі? Өрт сөндіру, жедел жәрдем, полиция. 
«Жас инспекторлар» тобына 
1.Жол дегеніміз не? Мемлекеттік есепке алуға жататын және көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені. 
2. Маршруттық көлік құралы деген не? Жол бойымен жолаушыларды тасымалдауға арналған және белгіленген аялдама пункттері бар белгіленген маршрутпен қозғалатын жалпы пайдаланудағы көлік құралы. 
3.Жолаушы деген кім? Көлік құралындағы(үстіндегі) және оны басқармайтын адам. 
4. Жол-көлік оқиғасы деген не? Көлік құралының жол бойымен қозғалысы кезінде және оның қатысуы процесінде туындайтын, адамдар қаза тапқан немесе жарақат алған, көлік құралдары, ғимараттар, жүктер бүлінген, не өзге де материалдық зиян келтірілген оқиға. 
5.Жол қозғалысын реттейтін адам кім? Реттеуші. 
6.Бағдаршам жоқ жерде көшеден қалай өтеміз? Егер бағдаршам болмаса, әуелі солға, содан соң көшенің ортасына келгенде оңға қараймын. 
7.Көлік құралы дегеніміз не? Жол бойымен адамдарды, жүктерді немесе оған бекітілген құрал-жабдықтарды тасымалдауға арналған құрылғы. 

II бөлім: Жол белгілері туралы жұмбақ-өлең 
I топқа 
1.Бір ғажабы-бұл жерде 
Бір нәрсені ел күтеді, 
Отырады біреуі, біреуі тік тұрады 
Неғылған жер бұл өзі? 
Айтыңдар кім біледі? 
2.Жол астында бір ін бар. 
Не екенін кім табар? 
Неге онымен адамдар 
Арлы-берлі ағылар? 
3. Келеді Айбек зулатып 
Велосипедтің үстінде. 
Барады елді шулатып, 
Шынымен ол күшті ме? 
Айбекке велосипед тебуге болатын жерді көрсет. 
4. Ілулі тұрған не белгі? 
Машинаға «Тоқта!» деген белгіберді. 
Жол үстіне ақ-қарамен сызылған жолақшамен жаяуларға 
«Өтіңдер!» деп белгі берді. 

«Жас инспекторлар» тобына: 
1. Үлкендер де, кішілер де 
Жол белгісіне қарады 
Мысықтар да, күшіктер де 
Батыл жүріп барады 
Бірақ бұл жол 
Жиекжол емес, 
Құпиясын кім табады? 
2. Жолдағы жол белгісі 
Теміржолдың белгісі 
Белгіде бір жұмбақ бар: 
Өткелден де қауіпті 
Бұл не нәрсе? 
Тауып көр. 
3. Тісі ауырды Аманның 
Сірә, үйіне жете алмас. 
Қандай белгі таба аласың 
Мұндай кезде қиналмас? 
4. Аудан, мектеп,үй, стадиан 
Салынып жатқан жерлерде, 
Тура жүрсең түсетін 
Шұңқырлар бар жерлерде 
Жүйткіген жол үстінде 
Қандай белгі тұрады? 

III бөлім. Машинамен жолда жүру ережесін көрсету.(Әр топ капитандары машина жүргізеді) 

IY бөлім. Ситуациялық жағдайларға жауап беру. 

1. Сен жолдан өтіп бара жатқанда саған біреу айқайласа, не істеу керек? 
2. Сен жолдан өтіп келе жатырсың. Кенет аялдамада тұрған өзіңе керекті автобусты көрдің.Сен не істейсің? 
3. Сен автобустан түстің. Сен көшенің қарсы бетіне өтуің керек. Сен қалай өтесің? 
4. Егер ұзақ уақыт көлік болмаса, не істейсің? 

Y бөлім. Топтық жұмыс.’’Кім жылдам?’’ (Әр топ өздеріне берілген сөзжұмбақты шешеді) 

1.Ай серігі 
2.Малдың үйі 
3.Табиғат құбылысы 
4.Жолаушы таситын көлік 
5.Жаяу жүргіншілер жолы 
6.Көлікті басқаратын адам. 
7.Үй құсы 


1.Үй жануары. 
2.Ең жақын адам. 
3.4+4 
4.Жеті күн 
5.Жол қозғалысын реттейтін адам. 
6.Автобус, трамвай. 
7.Жаяу жүргіншілер жолы. 
8.Көлік құралдарының жүруіне арналған инженерлік құрылыстар кешені. 
9.Үш көзді құрылғы. 
YI бөлім. «Қызықты суреттер». Оқушылар екі суреттен 7 айырмашылық табады. 
Қоян: Рахмет, сендерге, балалар, мен көп нәрсе үйреніп қалдым. Енді жол ережесін бұзбаймын. 

Шуақты өміріміз күндей күліп, 
Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт. 
Арманға сапар тарту мүмкін емес, 
Жол жүру ережесін білмей тұрып. 

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да, 
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да, 
Жол жүру ережесі заңды тәртіп, 
Ол ортақ үлкен кіші баршамызға. 
Басталар әр қадамың аттауменен, 
Жол жүру ережесін сақтауменен



Тақырыбы: Көше ережесін білесің бе?
Мақсаты: Жол ережелері туралы білетін білімдерін одан әрі дамыту. Жол ережелерін білу арқылы, оларды адамгершілікке, ұстамдылыққа, әдептілікке тәрбиелеу;
Көрнекілігі: көше суреті, жол белгілері, бағдаршам.
Құрылымы:
Құрметті оқушылар, құрметті ұстаздар! Бәріміз ұнататын, білгіміз келетін, қыр - сыры мол көшеде жүру тәртібіне байланысты «Көше ережесін білесің бе?» атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.
- Ендеше, балалар тақтада ілулі тұрған суретке назар аударайық.
- Мұнда не бейнеленген?
- Көшеде не тұр?
- Бағдаршам бізге не үшін керек?
Ендеше, бағдаршам біздің сенімді, әрі қайырымды досымыз. Оған біздің бәріміз бағынуымыз керек.
- Қане, кім маған бағдаршам туралы тақпақ айтады?
1 - оқушы: Бағдаршам сенімді
Сүйетін серігің
Сүйсең сүйген жеріңді
Сыйламайды сені кім?
2 - оқушы: Жанса көзі жасыл,
Жолың айдай ашық
Жүре бергің батыл
Керегі жоқ сасып.
3 - оқушы: Сары көзі жанса,
Сен мынаны аңғар
Тұрып қалмай онша
Қозғалуға қамдал
4 - оқушы: Қызыл көзі жанса,
Мейлі көлік жоқта
Қатып қалғын жанғанша

Қыбыр етпе тоқта.
5 - оқушы: Бағдаршам тіліне
Бағынбауға болмайды.
Тас қып байлап түбіне
Жазалайды ондайды.
6 - оқушы: Оң жақ жасыл жанғанда
« Оңға бұрыл» дегені
Сол жақ жасыл жанғанда
«Солға бұрыл» дегені
7 - оқушы: Жасыл сәуле жанғанда
Жол ашық деп біле бер.
Жасқанба да алданба
Жайраң қағып, жүре бер.
Келесі сіздердің тамашалайтын әндеріңіз: «Жол жыры»
- Балалар көшеде бағдаршамсыз қалай жүруге болады?
- Көшеде бағдаршамнан басқа не тұрады?
- Жол белгілерінің қандай түрлерін білесіңдер?
- Жол белгілерін неше топқа бөлуге болады?

Жол белгілері туралы кім маған тақпақ айтып береді?
8 - оқушы: Көшелердің бульвардың
У - да шу шетінен
Өткейсің тратуардың
Тек қана оң жақ шетімен.

9 - оқушы: Бейбастық болма бекерге
Кездесер алдан көп қой сын
Қиылыстан әрбір өтерде
Айдалаға қарама
10 - оқушы: Үлкен болдым десем де
Ешкім маған сенбейді.
Жалғыз жүрме көшеде
Кішкентайсың сен дейді.
11 - оқушы: Үлкенмін ғой міне мен
Ойыншықтарды жинаймын.
Машинама мінер ем
Кабинасына сыймаймын.
Ендеше, сол жол белгілеріне тоқталайық.

12 - оқушы: Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,
Қашпаймын мүдіріп, ешқандай сұрақтан.
Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады.
Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Сақтандыру белгісі:
Қып - қызыл үшбұрыш
Ескерту белгісі мен болам.
Қауіптен сақ бол деп
Сәт сапар жолдаған.
Аман - сау жүреді жаяу да, көлік те,
Мен берген белгіні сақтаған, қолдаған.

Тыйым салу белгісі:
Қызылмен боялған шеңберім аумақты
Тиымшыл белгімін, қаталмын, салмақты.
Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,
Қауіп бар, бағдарла, көз салып жан - жаққа.

Міндеттеу белгісі:
Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,
Міндетті бұрылыс, әйтпесе қауіпті.
Барлығын анықтап тұрамын жолында
Абай бол, шартымды міндетті орында.

Нұсқау белгісі:
Баратын жеріңнің бағытын, тұрағын,
Үн - түнсіз жол сілтеп, жол нұсқап тұрамын
Күндіз де, түнде де от болып жанады
Көк түске боялған, төртбұрыш шырағым.
- Балалар, белгілер туралы жақсы біледі екенсіңдер. Осы сендер қандай транспорт түрлерін білесіңдер?

Транспорт түрлеріне байланысты жұмбақтар шешейік.
Төрт аяғы домалақ,
Адамсыз ол жүрмейді.
(көлік)
Өзі тым күшті
Аяғы тісті
Лезде тындырар
Қыруар істі.
(трактор)
Шабысқа тәулік бойы төзе алады,
Бір тұлпар, жаңылмайтын жорғасы бар.
Жүк емес жануарға жүз адамның
Доғасын сымға сүйреп, жолға шығар.
(трамвай)
Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақта.
( бағдаршам)

Сөйлеуді ол білмейді
Бірақ «тоқта», «жүр» дейді.
( бағдаршам)

Ендігі кезекті көрініске кезек берейік.
Шуақты өміріміз күндей күліп
Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт
Арманға сапар тарту мүмкін емес
Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көшеге, қай қалаға барсаңыз да
Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да
Жол жүру ережесі – қатал тәртіп
Ол - ортақ! Үлкен – кіші бәрімізге.

Бәріміз бірге «Кім жылдам» ойынын ойнайық.
Шарты: Көрсетілген белгілердің атын атауларың керек.
Мақсаты: Жол белгілерін қаншалықты меңгергендіктерін тексеру.

Ата - аналарыңыз сіздердің аман болуларыңызды, әрқашан тәртіпті болуларыңызды қалайды. Сондықтан «Әрқашан күн сөнбесін» әнін айтайық.
Балалар, осы тәрбие сағатынан сендер жолда, көшеде қалай жүру керек екендігін үйренді деп сенемін. Енді көшеде, жол қиылыстарында жолда жүру ережесін қатаң сақтаңыздар!
Сонымен, тәрбие сағатымыз аяқталды

Тақырыбы: Сен және көше
Түрі: тест
Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру.Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан
кескіні түсіріледі.

I.Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылардың назарын жаңа сабаққа аудару.
II.Негізгі кезең
Мұғалім түсіндірмесі: Бағдаршам - өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Оның сырын біліп, тілін алу баршамызға керек.
Біздің ауылымызда, сол сияқты біздің еліміздің басқа да қала, ауылдарында бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек. Балалар, сенднр көшеде жүру ережесін білесіңдер ме екен, көрейік.
Мынандай сұрақтарға жауап беріңдерші:

1. Көшеде жүру ережесін білу бізге не үшін керек?
- Әр оқушы көшеде жүру тәртібін өте жақсы білуі керек. Көшеде жүре білу машина астына түсуден, апаттан сақтайды.

2.Жиекжол дегеніміз не?
- Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол.

3.Жаяу адамға қай жермен жүруге рұқсат етілмейді?
- Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді.

4.Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
- Көшеде жүру тәртібін бағдаршам басқарады.

5.Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады?
- Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе «Өтетін жер» деп жазылған тұста немесе асфальтта көлденеңіне сызылған жалпақ ақ жолақтары бар жерінде және бет алдындағы бағдаршамның жасыл жарығы жанған кезде өтуге болады.
6.Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз?
- Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса, көшеден өте бере әуелі сол жаққа қараймыз.Көшенің орта тұсына жеткенде, оң жағымызға көз саламыз.Егер
ол жақтан машина келе жатса, өтіп кеткенше сол орында күте тұрамыз.

7.Ал жиекжолда қалай жүру керек?
- Жиекжолдың оң жағымен жүру керек, сол жағымен жүруге болмайды.
8.Жиекжолдан тағы қалай жүруге рұқсат етілмейді?
- Төрт-бес адам қатар жүруге болмайды.

Мұғалім: Балалар, келесі кезекті жұмбақ шешуге берелік.
1.Бір тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
Есіркеп ешбір адам жемдемейді.
Жүк емес жануарға жүз адам да,
Доғасын сымына сүйреп, жол жөндейді.
( Трамвай)
2.Арқаным тым ұзын,
Ала алмайсың бір үзім.
(Жол)
3.Қозғалмасаң құлайды,
Сүйемесең сұлайды.
Құйымшақты ері бар,
Бұл не деген жануар?
(Велосипед)
4. Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та.
(Бағдаршам)
Бұдан кейін оқушылар өздерінің бағдаршам туралы іздестіріп тапқан жұмбақтарын кезегімен айтып шығады.
Сатыбалды: Сөйлегенді білмейді,
Бірақ «тоқта, жүр»дейді.

Әйгерім: Әйгілі үш сөзді,
Бір дәу тұр үш көзді.
Оған жас-кәріміз,
Бағындық бәріміз.

Нұрболат: Менің үш көзім бар,
Бір көзім «кідір»дейді,
Бір көзім «жүгір»дейді,
Бір көзім «абайла»дейді.
«Қарап қалма маңайға»дейді.

Мұғалім: Көшеде жүру тәртібін кім басқарады?
Бір оқушы көшеде жүру тәртібін көрсететін бағдаршам суретін көрсетеді.
Ринат: (Бағдаршамның қызыл отын көрсетіп) Бағдаршамның қызыл оты жанғанда жүргіншіге де, көліктерге де тоқтап тұру керек.
Сары шам бағдаршам отының ауысуын көрсетеді.Бұдан да жүруге болмайды.
Сарыдан кейін жасыл жарық жанғанда жол ашық, жүруге болады.
Амангүл: Көреген дәу қырағы,
Көшемізде тұрады.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әмәнда!
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
Нығымет: Тоқта!
Әсемгүл: Сақтан!

Бексұлтан: Жол ашық!
Айгүл: Жүрме жолға таласып.
Ахмет: Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!

Ақнұр: Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Қуаныш: Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін, жасқанба!
Бағдаршам сигналдарын қолдарына ұстап, кезегі келгенде көрсетіп тұрады.

Тақырыбы: Сен және көше
Түрі: тест
Мақсаты: Көшеде жүру тәртібін және көше қатынас ережелерін қайталау. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу. Өз бетімен жұмыс жасай білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын байыту.
Көрнекілігі: Көшеде жүру ережесіне байланысты баспадан шыққан таблица. Қиылған жіңішке ұзын тілім қағаздарды еденге жапсырып, үлкен көше, жиекжол, екі көшенің қиылысқан кескіні түсірілед



Тақырыбы: Бағдаршам
Мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік, түсіндіру.

Өту барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Кіріспе.
Жұмбақ
1. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,
Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)
2. Өзі сөйлей білмейді,
Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. «Бағдаршам»
- Сонымен бүгінгі біздің тәрбие сағатымыздың тақырыбы «Бағдаршам».
Ал енді тәрбие сағатымызды бастамас бұрын, жолда жүру ережелерін еске түсіріп алайық. Барлығымызда назарларымызды тақтаға аудардық.
«Бағдаршам» ойыны
Балалар енді біз «Бағдаршам» ойынын ойнайық. Мен сендерге бағдаршам көздерінің атқаратын қызметтерін атап тұрамын, ал сіздер соған сәйкес бағдаршамның көзін көрсетіп отырасыңдар.
Көрініс:
1 - көрініс:
Бағдаршамның қызыл түсі жанды. Машина жүреді. Ақсәуле (анасы) Олжасты (баласын) ертіп жолға келеді. Бала жолдан өтпек болады. Анасы тоқтатады.
- Балам, қызыл түсте өтуге болмайды. Жасыл түс жанғанша күту керек. Есіңде болсын!
- Енді есіме сақтаймын. Жасыл түс жанғанша күтемін.
Бағдаршамның жасыл түсі жанады.
Баласы: Енді өтуге бола ма?
Анасы: Әрине, жасыл түс жанса, өтуге болады.
- Сонымен балалар осы көріністен қандай қорытынды жасадыңдар?
- Балалар өте жақсы, ал енді бағдаршамның көздері жайлы мәлімет тыңдайық. Бірақ мұқият болыңдар.
Өлең шумақтары:
Қызыл көзі.
Өзгертпейтін тұрағын,
Бір орында тұратын.
Қызыл шамы жанғанда,
Қадам баспа бір адым.
Бұл тоқтаудың белгісі,
Білу керек бар кісі.
Бас иеді тәртіпке,
Келмесе де көнгісі.
- Ал енді сендерге тапсырма, жаңа ғана қай түс жөнінде айтылды, солар сол түстің қасына барып тұра қалады.

Сары көзі.
Сары көзін жаққанда,
Өтемін деп мақтанба.
Бұл дайындық белгісі,
Кідіре тұр аттанба.
- Келесі қай көзі туралы айтылды сол балалар шығады.
Жасыл көзі.
Төксе жасыл шырағын,
Қауіптен бе, шырағым.
«Жолың ашық, өте бер»,
Жасап алға мың адым.
- Енді соңғы көзі туралы айтылған оқушылар қасына барып тұра қалыңдар. Өте жақсы балалар, барлықтарыңызда мұқият тыңдадыңыздар. Енді біз бәріміз ортаға шығып қалдық ендеше кішкене демалайық. Менің соңымнан қайталаймыз.
Бір көзім кідір дейді,
Бір көзім жүгір дейді.
Бір көзім абайла дейді,
Қарап ал маңайға дейді.
Суретпен жұмыс.
– Балалалар әрқайсының алдарыңызда бағдаршамның суреті жатыр.
Бірінші қатар «Дайындал!», екінші қатар «Жүр!», үшінші қатар «Тоқта!» көздерін бояп шығады. Болғандарымыз суреттеріңді көтеріп қойыңдар.
- Өте жақсы, балалар. Бүгін біз сендермен бағдаршам туралы көп мәлімет алдық, солай емес па? Ендеше қазір біз сендермен апасы мен сіңлісінің әңгімесін тыңдайықшы.
2 - көрініс:
- Аға, аға неге жолдарда бағдаршамдар тұрады?
- Егер бағдаршам болмаса, онда көліктер апаты жиі болып тұрар еді және адамдардың өміріне де қауіпті болар еді.
- Түсінікті, ал егер бағдаршам болмаса ше? Онда біз қалай жолдан өтеміз?
- Ол орынды сұрақ. Бағдаршам жоқ жерде жаяу адамдар өтпесінен өтуге болады.
- Түсіндім, енді осы ережелерді әрқашан есте сақтап жүремін.
- Сонымен қандай ережелерді есте сақтау қажет?
-
Бағдаршам әні
Көреген, дәу, қырағы,
Көшемізде тұрады.
Оның аты – бағдаршам,
Жол сілтейді әрқашан.
Ол бергенде команда,
Бағынамыз әманда.
Қайырмасы:
Ашса кезек үш көзін,
Айтты деп ұқ үш сөзін.
«Тоқта! Сақтан! Жол ашық!»
Жүрме жолға таласып.
Қызыл көзін ашқанда,
Сынық сүйем баспа алға!
Сары көзін ашқанда,
Қарап қалма аспанға!
Жасыл көзін ашқанда,
Өте бергін жасқанба!
- Балалар сонымен сендердің көңіл күйлерің қандай?
- Егер сендердің көңіл күйлерің көңілді болса онда үстелден қызыл смайликті, ал егер жай ғана жақсы болса онда жасыл смайликті, ал егер көңіл күйлерің болмаса онда сары смайликті аламыз. Ал енді кім өз көңіл күйін қонақтарға сыйлағысы келсе, онда қолдарыңдағы смайликтеріңді қонақтарға беріңдер.
- Осымен балалар біздің бүгінгі «Бағдаршам» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Өз өмірлерімізді қауіпті апаттардан сақтау үшін жол ережелерін есте сақтап, сол ережелерді бәріміз орындайық.



Тәрбие сағаты: «Қай жерде ойнауға болады?»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың көшеде жүру ережелерін меңгеру дағдысын қалыптастыру және оны іс - жүзінде пайдалана білуін жетілдіру. Оқушыларды сақтыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Көше ережесін сақтау тақырыбына салынған әр түрлі суреттер, қатырма қағаздан бағдаршам макеті, жас автоинспектордың бас киімі мен таяқшасы.

Сабақтың барысы: Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру, топқа бөлу.
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
- Күз мезгілі, қазан айы.
- Көшелерімізде қандай өзгерістер болып жатыр?
- Көшедегі жол бойын машиналар ерсілі - қарсылы жүруде, бағдаршам көздері кейде жыпылықтап өшіп қалуда.
- Жол жүруге қолайсыз.
- Ал, осы жол тәртібін басқарушыны білеміз бе? ( Бағдаршам).
- Ал көшедегі кездейсоқ қауіп - қатерден аман болу үшін нені білуіміз қажет?
- Біздер көшеде жүру ережесін жақсы білуіміз керек.

І - бөлім. Сұрақтар:
1. Бағдаршам дегеніміз не? Адам үшін оның маңызы қандай?
2. Бағдаршамның неше түрі болады?
3. Бағдаршамның қызметін атап бере аласың ба?
4. Жолдағы қозғалыс бағдаршамнан басқа қандай белгілермен реттеледі?

ІІ - бөлім: Теориялық білімдерін практикалық іспен байланыстыру.
Оқушылар алдына арнайы жол белгілері макеті, көше сызықтары салынған таблица, көлік түрлері, таратылады. Әр топ өзіне берілген заттарды пайдаланып көліктермен жүргіншілер қимылын көрсетеді.
1 - топ: Жаяулар өтетін жолдар, жиек жолдар, жаяу жүргінші қалай жүру керектігін макетті пайдаланып көрсетеді.
2 - топ: Қай жерде ойнауға болады? Қай жерде ойнауға болмайды?
3 - топ: Қандай көліктерге бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етіледі?

ІІІ - бөлім: «Үйренейік, білейік».
Әр топқа түрлі - түсті қағаз, қайшы, желім таратылып береді. Олардың өздері білетін жол белгілерін жасауларын талап етеді, белгі 3 - дана болу керек.
Мысалы:
а) жаяулар өтетін жер, жаяулар өтуге болмайтын жер.
ә) Велосипедпен өтуге болмайтын жер, өтуге болатын жер.
б) Жолдар «Бір жақты қозғалысты жол» белгісі, жол жұмыстары
Топ мүшелері өздері қиып әзірлеген белгілерін көрсетіп, сол туралы түсінік береді. Белгі түрлері толықтырып қайталанылады.

ІҮ - бөлім:.
Жұмбақтар шешу.
Әр топ бір - біріне дайындаған жұмбақтарын жасырады.
І. Көзін ашып жұмады.
Бағыт сілтеп тұрады. (Бағдаршам)
ІІ. Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам. (Автоинспекция қызметкері)
ІІІ. Арқаным тым ұзын.
Ала алмайсың бір үзім. (Жол)
ІҮ. Сөйлегенде білмейді
Бірақ «Тоқта, жүр»- дейді.
(Бағдаршам)

Қорытынды: Өмірде күтпеген оқиғалардан сақтану үшін жол ережелеріне бағыну керек. «Сақтансаң сақтармын» дегендей ережелерді тек білу ғана шарт емес, оны бұлжытпай орындаса ғана аман - есен жүруге болады



Сабақтың тақырыбы: Реттеуші және оның ескертпелері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға жолда жүру ережесін үйрете отырып олардан алған білімдерін пысықтау.
Өз ойларын ашық айтуға, көше тәртібі белгілерін жатқа айтуға дағдыландыру.
Оқушыларды мейірімділікке, байқағыштыққа тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, бағдаршам.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.
Арманға алда күткен асығармыз
Біз қалай толқын айтпай басылармыз.
Жол жүру ережесін жақсы біліп
Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз!
Жалғайтын достастырып бар елменен
Жолдардан тұрады ғой әлем деген.
Бүгінгі бізге келген қонақтарға
Ойынымыз басталады сәлемменен!

Реттеуші деген кім?
Реттеуші алғаш үлкен қалаларда пайда болған, яғни оның негізгі міндетті көшедегі қозғалысты реттеу. Оны реттеу үшін ол жезл деген құралды пайдаланды. Көпшілік оны «ала таяқ» деп те атайды.

Жұмбақ жасыру.
1. Жоқ өзінде бас та, ауыз да, құлақ та,
Бақылаған үш көзі бар бірақ та
(Бағдаршам)
Кейін реттеушінің орнына бағдаршам пайда болды.
Бағдаршам қалай пайда болды?
Алғашқы бағдаршам темір жол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі тарихта сақталмаған. Ал оны көше қозғалысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инжинер - механигі Д. Найт болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты. Апарат ортасына газды шам орнатылды. Өкінішке орай, газ жарылып кезекте тұрған полицей қаза болды. Содан бағдаршам жарты ғасыр бойы ұмыт болды.
Тек 1914 жылы Американың Кливлену қаласында сосын Нью - Йорк қалаларында қайтадан пайда болды. Бұл жолы екі түсті қызыл, жасыл электр бағдаршам болды.
Ал 1918 жылдан бастап үш түс қолданыста болды.
Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам Мәскеу қаласында 1924 жылдан Кузнецкі көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысынан орын алды.
Қазіргі заманның талабына сай жаңа технологияның дамуына байланысты реттеушіні бағдаршам алмастыруда. Олай болса балардың бағдаршам туралы тыңдайық

Қызыл жарық: Қызыл жарық жанғанда,
Қалт тоқтай қал табанда.
Сары жарық: Сары шамы жағылса,
Сақ абай бол барынша!

Жасыл жарық: Жасыл жарық – жол ашық,
Зымырай бер бел асып

Барлығы: Ирек - ирек көшелер,
Көше деген мың ирек.
Қиындыққа әйтседе
Үйренесің біртіндеп.
Барар жерге асықпа,
Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Қазір жаяу жүргіншілерге де арналған бағдаршам бар. Бірақ әзірге біздің қаламызда орнатылмаған. Бірақ біз үлкен қалалардан көре аламыз. Мысалы: Ақтау қаласында т. б
Олай болса бүгінгі сабағымызда реттеуші туралы білдік.
- Енді осы реттеушінің әрбір қиылысы бізге, көліктерге айтылған ескертпелер екен.

Практикалық кезең.
Үлкен қалаларда не көп, бағдаршамдар көп. Олардың көпшілігі көнеріп, істен шығып қалып жатады. Тіпті кейде көлік қозғалысы шамадан тыс көбейіп кетуі де әбден мүмкін. Ондайда жүріс - тұрысты реттеу үшін бағдаршамдар орнына реттеуші тұрады. Ол ала таяқшаның көмегімен қозғалысты қалыпқа келтіреді. Егер реттеуші түн мезгілінде тұрса, жүргізуші көретіндей яғни таяқшаның ішінде жанып тұратын белгі болады. Егер реттеуші таяғын жоғары қарай көтерсе, бұл дайындалу керектігін ескертеді. Мұндай жағдайда жүруге болмайды.
Реттеуші бізге қарай қарап тұрса немесе арқа жағын беріп тұрса жүруге тыйым салынады.
Реттеуші бүйірімен бұрылып тұрса онда жүруге болады деген сөз, жүруге рұқсат берілген жағдайда реттеушінің екі иығы да саған көрініп тұрады. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші де тұрса, онда реттеушінің қимылын басшылыққа алу керек.

Тапсырма.
1. Реттеуші деген кім, оның қызметі қандай?
2. Егер реттеуші таяғын жоғары көтерсе не істеу керек?
3. Қандай жағдайда жүргіншінің жүруіне болады?
4. Егер бағдаршам жұмыс істеп тұрса, реттеуші бағыт көрсетіп тұрса, кімге бағыну керек?

Есіңде болсын!
Өткелі жоқ жерден өтуге болмайды.
Көшенің қиылысына келгенде, екі жағыңа назар аудар, жасыл жарықтың жануын күт.
Көшенің арғы бетіне жүгіріп өтуге болмайды.
Көшенің арғы бетіне жолдың қақ ортасынан өтпе.
Көше қиылысында тоқтау сызығы болады. Осы жерде тұрып бағдаршам белгісінің жануын күт.
Автобусты артқы жағынан айналып өт. Жолда келе жатқан машина көрінбесе, онда екі жағы бірдей көрінетін жолды таңда, сол жерден өт.
Жаяу жүргіншілер жаға жолдың оң жақ қапталымен жүруге тырысу керек.
Егер велосипедпен жүрсең, жолда жүруге ережелерін білетінің, туралы куәландырылған қағазың болуы тиіс.

Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады. (сұрақ)
Жол бойында 14 жасқа толған балаларға ғана болады.(жауап)
Жол бойына коньки, шаңғы доп теппе.
Көліктің артына жармаспа.
Қалтарыстан шыға келме, өміріңе қауіпті.
Жаға жолмен ғана жүруге болады, машина жолымен жүруші болма.
Жол көлік оқиғасын кезінде полиция бөліміне хабарлас.
Жарақат алғандарға алғашқы дәрігерлік жәрдем көрсет.
Жол белгілерін ажырата білген жөн.

Қорытынды.
Біздің қалаларымызда, сол сияқты ауылды жерлердің бәріне ортақ жол қатынасы енгізілген. Бұл ережені оқушылар, үлкендер де барлық жүргіншілер, көлік жүргізушілері бұлжытпай орындалуы керек. Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзбаңдар, жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Жол тәртібін білейік, есен - аман жүрейік!



Сабақтың тақырыбы: Мен - көлік жүргізушімін.
Білімділік мақсаты: Оқушыларды көліктермен, жолда жүру ережелерімен, жол
белгілерімен, бағдаршаммен және жаяу мен көліктің өзара байланысын ұқтыру.
Дамытушылық мақсаты: Балалардың ой - өрісін дамыту, білім - білік дағдыларын қалыптастыру, ойлау қабілеттерін дамыту, қоршаған ортада болып жатқан келеңсіз оқиғаларды оқушының өзі терең түсініп, одан сақтану жолдарын өздері ұйымдастыра алатындай психология қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды көшеде, жолда жүру мәдениетіне тәрбиелеу. Жол оқиғасынан сақтандыру.
Көрнекілік: а) алғашқы көліктер, көлік суреттері
ә) жол белгілері.
б) бағдаршам макеттері
в) бейнетаспа
г) мультимедиялық компьютерлік құрылғы

Сабақ жүрісі: Ұйымдастыру:
- Балалар қазір бізде қандай апталық өтуде?
- Жолда жүру тәртібіне арналған апталық
- Тақырыппен таныстыру

Психологиялық дайындық.
- Біздің ата - бабамыз қандай халық болған?
- Көлік ретінде нені пайдаланған?
Ой қозғау, түсіндіру
Ал ауыр жүк артуға, алыс жолға төзімді жылқыны қазанат деп атап, оны ерекше бағалаған.
- Одан кейін қандай көлік пайда болды деп ойлайсыңдар?
Велосипед (фр. vélocipède, шығу тегі лат. velox —[1] жылдам, жедел және pes — аяқ) —
адам күшімен қозғалатын көлік түрі.
Көбінесе екі доңғалақты, кейбір кездерде үш доңғалақты түрлері де кездеседі. Бірінші
велосипедтер Еуропада 19 ғасыр пайда болып, одан бері әлемге кең тараған
- Келесі пайда болған көлік қандай деп ойлайсыңдар?
1769 — Өздігінен қозғалатын алғашқы көлікті француз инженері Fardier және артилеррия
капитаны Nicolas Joseph Cugnot (1725 - 1804) жасады.
Автомобиль сөзінің мағынасы өздігінен қозғалатын, жолаушыларды және жүкті, сондай -
ақ өз қозғалтқышын тасымалдауға арналған дөңгелекті көлік түрі болып табылады

Үй тапсырмасы.
Суретке қарап автомобиль маркаларын ажырату.

Білімді бекіту
- Көлікті кім жүргізеді?
- Жүргізуші болу үшін не істейміз? Құжат көрсету.
Кез - келген мекемеде жұмыс істейтін азаматтың өз бөлмесі, өзінің үстелі мен орындығы - оның жұмыс орны десек, автокөлік жүргізушілердің жұмыс орны - жол үсті болып табылады. Әрбір көлік жүргізуші жол үстіне мұқият қарап отырады. Кейде жаяу жүргіншілер жол үстіне шығып кетеді бұлар әрине тәртіп бұзушы жаяу жүргіншілер
Сондықтан көшеде жолда жаяу жүргіншілер өздерін зейінді ұстап, жолда жүру ережелерінің талаптарына көңіл бөліп қарағандары дұрыс. Жаяулардың жолда жүру ережелерін сақтамауы автокөлік жүргізушілерінің жұмысын қиындатады.

Жол құрылысы, жол белгілері, бағдаршам туралы толық түсінік беру
Ең алғашқы көшелік бағдаршам 1868 жылы Лондонда пайда болған. Оны ойлап тапқан ағылшындық инженер Найт еді. Алғашқы бағдаршамның екі ғана семафорлық қанаты болған. Көлденеңінен орналасқан қанат "тоқта" дегенді білдірсе, 45 градус бұрышқа еңкейтілген белгі - "абайлап өтіңіз" дегенді білдірді. беріп, көлік жүргізушілерін абай болуға шақырған. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолдана басталды
Алғашқы электр бағдаршамын ойлап тапқан адамның есімі Лестер Вайр.
Осы білімдерімізді тереңдей түсу үшін викториналық сұрақтарға жауап берелік.

Викториналық сұрақтар:
1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?
Кез - келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.
2. Бағдаршам дегеніміз не?
Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.
3. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады?
Жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.
4. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?
Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан
соң, оң жаққа мойныңды бұр
5. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?
Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.
6. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?
Аялдамада
7. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?
Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді.
8. Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме?
Иә, міндетті
10. МАИ деген сөзді талдап бер
Мемлекеттік авто инспекция
Практикалық жұмыс көрсету
Көшеде тәртібіне байланысты бейнетаспа көрсету
Көшеде аман - есен жүрейік. осыған байланысты әнімізді тыңдаймыз
«Әрқашан күн сөнбесін»әнін шырқау

Қорытынды.
Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады.
Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын» Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.







Қозғалыстың жас инспекторлары «Қыран» жасағының сәлемдесуі

Олар- жол қозғалысының қырандары,

Олар-адам өмірінің сақшылары.

Олар-жол-көлік ережесін үйрететін,

Қозғалыстың жас инспекторлар жасағы.

Билеп шығады.

Сіздердің алдарыңызда көңілді, әдемі, талантты,білгір, қарапайым

қозғалыстың жас инспекторлар жасағы «Қыран».

Бірге: Сәлем достар!

Білесіздер ме, қозғалыстың жас инспекторлары бар жерде жол қозғалысы одан сайын

жақсарады. Біздерді мектептегі оқушылар, бала-бақшадағы балалар , тіпті үлкендер де күтеді .

Себебі:

Бірге:

Ережені оқып, сақтай білуге,

Үйретеді жас инспектор әрқашан!

Гаухар:

Өмір – сенің қуанышың, байлығың,

Өмір – сенің жан-тәніңнің саулығың.

Сақта оны, аялап өт әрдайым,

Қадағала көңіліңнің жайлығын.

Тамерлан:

Көлік – қазір тіршіліктің тірегі,

Өміріңде көп қой оның көмегі.

Сол көлікті игілікке пайдалан,

Сонда ғана болар оның керегі.

Құрманғали:

Бұзба жолдың ережесін ешқашан,

Сақтап отыр талаптарын әрқашан.

Жол белгісі тек әшейін нәрсе емес,

Қорғайды олар назар салып сақтансаң.

Нұрдаулет:

Сол үшін де біздер көмек береміз,

Қиындықты алдын ала көреміз.

Ескертеміз, жөн сілтейміз, айтамыз,

Сақтанудың жөн екенін білеміз.

Тамирлан:

Жол сақшысы сол себептен тұр алда,

Ол қамқорың - жөн сілтеуші қырандар.

Сол себептен алдарыңа келіп тұр,

Аты менен затынына сай «ҚЫРАНДАР»!

Тамирлан:

Биыл қозғалыстың жас инспекторлар жасағының құрылғанына 40 жыл .

Олай болса, барша қозғалыстың жас инспекторлар жасағын төл мерекелерімен құттықтаймыз.

Бейне ролик арқылы жасаған жұмыстар көрсетіліп тұрады.

Ән: Чудесный город» әуенімен

Таңқалдырар бар әлемді,

Жас инспекторлар әдемі,

Мақтанышы қазағымның.

Игі істерімен әйгілі.Күннен күнге құлпыратын,

Армандарға жол ашатын.

Еліміздің мақтанышы,

Қырандары қозғалыстың.

Қайырмасы:

Қыран- қозғалыс инспекторлары,

Қыран- жол қозғалыс сақшылары.

Қыран - көмекшісі МАИ-дың,

Құттықтаймыз сіздерді!

ЮИД – сказочный город мечты,

ЮИД- будем с тобою мы расти.

ЮИД-мы поздравляем тебя,

И счастье желаем тебе!

«Ғажайыптар елінде» атты үгіт-насихат жұмысы

Мақсаты: Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру; ережелерді есте

сақтауға үйрету. Жол қауіпсіздігін, өз өмірлерін сақтай білуге тәрбиелеу;

Музыка ойналып тұрады.

Жас инспектор:

Ережесіз жүргенде бәрі орманда,

Бағдаршамды көтеріп,

Алып келді аю, орманға.

Содан барлығы жиналып:

Кірпі: Құрманғали

Бұл дегенің түк те емес!

Бағдаршам тоқсыз, сымсыз істемес.

Егер ол жөнімен жанбаса,

Онда бұған қарап тұру далбаса.

Қасқыр: Тамерлан

Мен кірпімен келісем!

Ол жұмыс істеп тұрғанмен қандай пайда?

Қоянды қуып келе жатқанда қызыл жанса,

Кім тоқтап тұрсын ,Қоян ба?

Сондықтан маған бәрі бір, жанса да қызыл, жасыл да

Жүгіре берем, жүгіре берем, жасылға.

Қоян: Нұрдәулет

Мен де жүгіріп келе жатқанда,

Кешіріңіз! Қарау мүмкін емес бағдаршамға.

Тышқан: Сержан

Маған де керек емес!

Өзім-ақ қазып алам жер асты жолын.

Үкі: Махамбет

Мен ұшып жүрем.

Жас инспектор:

Бұларың не, достар!

Барлық жолда бізге жақын,

Бағдаршам бізге көмекші.

Ол әрқашан ескертеді,

Түсімен жол жүруді.

-Ал сендер ғажайыптар еліне барғылар келе ме?

Бәрі:

-Онда не бар?

Жас инспектор:Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю.

Айболит ата, инспектор жолдас , енді тәртіпті бұзбаймын.

Мұғалім : Көше қиылыстарында қай жерлерден өтуге болады ?

1 -оқушы : Көшенің екінші көшемен қиылысқан жерінде немесе ақ жолақтары бар жерінде

және бет алдындағы бағдаршамның жасыл сигналы жанған кезде өтуге болады.

Мұғалім : - Бағдаршам жоқ көшелерден қалай өтеміз ?

2-оқушы : Егер өтетін жерде бағдаршам болмаса көшеден өте бере әуелі сол жаққа

қараймыз. Көшенің орта тұсына жеткенде , оң жағымызға көз саламыз. Егер ол жақтан

машина келе жатса , өтіп кеткенше , сол орында күте тұрамыз.

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

Инспектор :

Көше ортасын айналдырып футбол тебер алаңға ,

Көрдіңдер ғой ұмытқанды ережені далаңдап.

Ал, канеки , үйренейік біз де жүру тәртібін,

Ережені жақсы білер , жатқа білер бар кімің ?

Кім айтар жол белгісі неше топтан тұрады ?

Өздеріңе қойылатын бұл алғашқы сұрағым.

Сахнаға шығу

Бағдаршам :

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

Сақтандыру , ескерту белгісі :

Қып - қызыл үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт - сапар жолдаған.

Аман - сау жүреді жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу белгісі :

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын салмақты .

Мен тұрған жерлерде хақың жоқ жүруге,

Қауіп бар , бағдарла көз салып жан - жақты.

Міндеттеу белгісі :

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытты,

Міндетті бұрылыс , әйтпесе қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті орында !

Ңұсқау белгісі :

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн - түнсіз жол сілтеп , жол нұсқап тұрамын.

Күндіз де , түнде де от болып жанады,

Көк түске боялған төрт бұрыш шырағым.

Мұғалім : Біз ауылда тұрғандықтан , ауыл арасында да белгілер болады. Жалпы жол беттері

өздерінің атқаратын қызметіне қарай 7 топқа бөлінеді .

Тақтада

1. Ақпараттық - көрсеткіштік белгілер.

2. Ескерту белгілер

3. Тыйым салатын белгілер

4. Сервис белгілері

5. Алдын ала қиылатын белгілер6. Басымдылық белгілері

7. Жол таңбалары

Тақпақ тыңдау

Балалар , сендер Тұманбай Молдағалиевтің " Болар бала еді ол " деген өлеңін тыңдап

көріңдерші.

Мұғалім : Арман не себепті қаза болды ?

Қорытындылау : Осы белгілер мен ережелерді есте сақтау үшін еңбек сабағында қима

жұмыстар арқылы аппликациядан белгілерді жапсыру тапсырылды.

«Көшеде сақ бол!» сайыс

Мақсаты: 1) оқушылардың жол ережесі туралы білімін кеңейту, жол

белгілерін, олардың топтарын ажырата білуге үйрету;

2) жол ережесін қатаң сақтауға дағдыландыра отырып, көше ережесіне

байланысты ұғымдар мен терминдерді білу адам өмірі үшін қажеттілігін

түсіндіру;

3) жолда жүру мәдениетін қалыптастыру, әдептілікке, өзара достыққа

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: жол белгілері, жол таңбалары, бағдаршам, суреттер. Барысы. Мұғалім: Құрметті

ұстаздар мен оқушылар! Бүгінде ауылда да, қалада да үлкен көшелер және онда жүйткіген

автокөліктер көбеюде. Көше кеңейген сайын ерсілі-қарсылы жаяу жүргіншілер мен

жүргізушілердің де көбейетіні даусыз. Соңғы жылдары еліміздің қай жерінде болмасын

автокөліктердің барлық түрлері еселеп артып келеді. Мұның өзі машина жүргізушілер мен

жаяулардың, әсіресе мектеп оқушыларының жол ережесін неғұрлым жете біліп, қатаң сақтауын

қажет етеді. Көшенің тәртібін үйде ата-ана ескертсе, көше қиылысында күзет қызметкерлері

мен бағдаршам қадағалайды. Ал сендер көше ережесін жақсы біліп, оны орындауға, сақтауға

тиіссіңдер.

Жүргізуші: Бүгінгі «Көшеде сақ бол!» атты сайысымызға екі топ қатысады. Бұл топтар жол

ережесіне байланысты білімдерін көрсетіп, жол белгілері мен топтарын анықтап, әртүрлі

жағдаяттарды шешіп, өздерінің ептілігі мен жылдамдығын сынға салады.Сайысты әділқазылар

алқасы бағалайды. Сонымен сайысымызды бастайық. Топтардың танысуы.

«Үлгілі жолаушылар» тобы:

Басталар әр қадамың аттауменен,

Жол жүру ережесін сақтауменен.

«Жас инспекторлар» тобы:

Жол тәртібін білейік,

Аман-есен жүрейік.

1-сайыс «Көше ережесі тарихынан»

1-топ 1-оқушы: Тарихқа көз жүгіртетін болсақ, жүріп-тұруды реттеу қажеттілігі сонау бір

машинаның аз кезінде туған көрінеді. Алғаш рет 1868 жылы Лондон қаласында темір жол

бағдаршамы орнатылды. Ол қолмен алмастырылатын және алмастыру үшін арнаулы адам

тұратын еді. Әрі ол көп уақыт алатын болды. Кейінірек, 1870 жылы Америкада электр

бағдаршамдары пайда болды. Ал Ресейде үш түрдегі бағдаршамдар 1920жылдары іске қосыла

бастады.Бертін келе оны автомат жүйесі арқылы басқару ойластырылды. Ал бүгінгі таңда

бағдаршамды электронды есептеу машинасы арқылы басқару жүзеге асырылған. Қазақстанда

бағдаршамдар барлық ірі қалаларда орнатылған.

2-топ 2-оқушы: Ертеде көліктің қазіргідей түрі болмаған заманда адамдар ат жеккен күйменен

жердің тегіс жерімен баяу жүретін. Келе-келе жолдың қажеттілігі туды. Ресейде алғаш жолдар І

Петр салына бастаған. Автокөлік жүргізушілеріне жолда дұрыс жүру қатаң ескертілді.

Қазақстанда 1917 жылға дейін небәрі 127 км ғана жол бар болатын. Елуінші жылдары

республикамыздағы асфальт жолдардың ұзындығы отыз мың км болды. Ал қазір сегіз жүз

миллион км-ден асады. Қазақстанның асфальт жолдарындағы қазіргі заманымызға лайықты

дүниеге келген сан түрлі маркалы автомобильдерді айтсаңызшы! Жаңа ғасыр техникасының өркендеп, дәуірлеген заманы болды. Маңайымызда қаптаған техникадан жолда жүріп-

тұруымызға қиындық туды. Сондықтан бізге көмектесу мақсатында бағдаршам дүниеге келді.

2-сайыс «Мәнерлеп өлең оқу»

1-топ 1-оқушы:

Арманға алда күткен асығармыз,

Біз қалай жалын атпай басылармыз.

Жол жүру ережесін жақсы біліп,

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Жалғайтын достастырып бар елменен

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Ойынымыз басталады сәлемменен.

2-топ 2-оқушы:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес.

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

3-оқушы:

Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары шамы жанғанда,

Сақ, абай бол барынша.

Жасыл жарық жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

Жүргізуші: Әділқазылар алқасынан сайыстың бағасын беруді сұрайық.

3-сайыс «Кім байқағыш?»

Сурет бойынша тиісті жол белгілерін қою. Әр топқа бір минут уақыт беріледі.

4-сайыс «Жол белгілерінің топтарын табу»

Әр топқа таңба белгілері көрсетіледі, анықтама беру керек.

1-топ «Ескерту белгісі»

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті, оң сапарды жолдаған.

Маған қарап жүрер болса, жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

2-топ «Тыйым салу белгісі»

Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,

Қауіп болса алда тұрған, жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін, бар ма тағы сұрағың.

1-топ «Анықтама белгісі»

Белгімін көрсетер жылдамдық, бағытты,

Ой-шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

2-топ «Көрсеткіш белгісі»

Баратын сапардың жақынын, құшағын,

Үн-түнсіз жөн сілтеп, көрсетіп тұрамын.

Күндіз де, түнде де от болып жанады,

Көкпенен боялған төртбұрыш шырағым.

5-сайыс «Көше ережесін білесің бе?»

Сұрақтарға жауап беру

1) Бағдаршам деген не?

2) Жол белгілері қандай топтарға бөлінеді? 3) Көлік күтетін жерді қалай атайды?

4) Көліктің бұрылатынын қалай білуге болады?

5) Жүрісті реттеп тұратын адам кім?

6) Велосипедті көшеде неше жастан тебуге болады?

7) Бағдаршам жоқ жерде жолды қалай қиып өтуге болады?

8) Тоқтап тұрған көлік неліктен қауіпті?

9) Көшеде жолдан өтерде қайда қарау керек?

10) Тыйым салу белгілері қандай түспен белгіленеді?

11) Үшбұрышты көк түс жол белгісінің қай тобын білдіреді?

12) Жиек жол жоқ жерде жүргіншілер қай жермен жүреді?

6-сайыс «Кім жылдам?»

Құрастырғышпен көліктің бір түрін құрастырып жасау. Топтарға үш минут уақыт беріледі.

7-сайыс «Жұмбақтар шешу» Топтарға жол ережесіне қатысты қарапайым жағдаяттар

көрсетіледі, топ мүшелері шешу жолдарын табады.

Жүргізуші жұмбақтар жасырады.

Сөйлеуді ол білмейді,

Бірақ «тоқта», «жүр» дейді. (Бағдаршам)

2) Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім. (Жол)

3) Екі аяқты, бір ізді,

Үстіне мені мінгізді.

Мінгізгенмін ол менің

Аяғымды жүргізді. (Велосипед)

4) Үзенгісін тептім,

Зымырап кеттім. (Велосипед)

5) Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өмірінді күзеткен,

Ысқырығы күшті адам. (Полиция қызметкері)

6) Үш көзді батыр

Бізді аңдып жатыр. (Бағдаршам)

7) Өзі тым күшті,

Аяғы тісті.

Ілезде тындырар

Қыруар істі. (Трактор)

8) Төрт аяғы дөңгелек,

Адамсыз ол жүрмейді. (Машина)

Сайыс қорытындысын шығарып, жеңімпаз топты марапаттау.

Жүргізуші:

Қай көше , қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі –заңды тәртіп,

Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.

Жол жүрудің тәртібін,

Ережесін білеміз.

Сақтанғанда қатерден,

Сау-саламат жүреміз.

Біз, жаяу жүруге дайынбыз!

«Жол тәртібін жадыңда ұста»

Мақсаты:

1) оқушыларға көше қатынасы ережелерін меңгерту;2) жолда жүру ережесін есте сақтау арқылы білгендерін пайдалана білуді тұрақты

дағдыға айналдыру;

3) оқушыларды жол ережелерін бұлжытпай орындауға, сақтыққа тәрбиелеу. Көрнекілігі:

бағдаршам, жол белгілері, плакатқа жазылған ескерту сөздер, макеттер, оқушылардың салған

суреттері.

1-жүргізуші: Құрметті оқушылар! Құрметті қонақтар, ұстаздар! Бүгінгі «Жол тәртібін жадында

ұста» жиынымызды бастауға рұқсат етіңіздер!

2-жүргізуші:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

1-жүргізуші:

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі заңды тәртіп

Ол ортақ -Үлкен кіші баршамызға!

2-жүргізуші:

Жалғайтын достастырып бар елменен,

Жолдардан тұрады ғой әлем деген.

Бүгінгі бізге келген қонақтарға

Жиынымыз басталсын сәлемменен .

1-жүргізуші:

Жол тәртібі кімге керек – бірге ойланып көрелік,

Әрқайсыңның қылығыңа әділ баға берелік.

Ережені жақсы білген ортаға шық, жас ұлан,

Біліміңді сарапқа сал, біз етейік төрелік.

Ендігі сөз кезегін оқушыларға береміз.

І топ. «Бағдаршам»

Топтың ұраны: Тоқта! Сақтан! Жол ашық! Жүрме жолға таласып.

ІІ топ. «Жол белгілері» Топтың ұраны: Үйрен таппай тыным бір, Белгілердің тілін біл!

«Бағдаршам» І топ. «Бағдаршам» (Бағдаршамның шығу тарихы жайлы баяндайды)

1-оқушы: Балалар, бағдаршамды кім ойлап тапқаның білесіңдер ме? Ал ендеше тыңдап

көрелік. Алғашқы бағдаршам теміржол бойында пайда болды. Оны ойлап тапқан адамның есімі

тарихта сақталмаған.

2-оқушы: Оны көше қиылысына ыңғайлап, қайта жасаған ағылшын инженер-механигі Д.Найт

болатын. Ол 1868 жылы Лондондағы парламент үйінің алдына бағдаршам орнатты.

3-оқушы: Алдымен түрлі-түсті сигнал қайыс берілістің көмегі арқылы өзгертіліп отырды.

Сосын аппарат ортасына газды шам орнатылды.

4-оқушы: Өкінішке орай бізде газ жарылып, кезекте тұрған полицей қаза болады да, содан

жарты ғасыр бойы ұмыт болады.

5-оқушы. Тек 1914 жылы Американың Кливленд қаласында, сосын Нью-Йорк, т.б.

қалаларында пайда бола бастайды. Бұл жолы олар электрлі болды. Тек екі түсті ғана: қызыл

және жасыл. 1918 жылдан бастап қана үш түс қолданыла бастады.

6-оқушы: Кеңес одағы бойынша алғаш рет бағдаршам 1924 жылы Мәскеу қаласының Кузнецк

көпірі мен Петровка көшелерінің қиылысында орын алды.

ІІ топ. «Жол белгілері»

1-оқушы:

Үйрен таппай тыным бір,

Белгілердің тілін біл.

Егер оны білмесең,

Тартар жолың бұлынғыр. 2-оқушы:

Өзі қызыл, үшбұрышты ескертуің мен болам,

Хабарлайтын бар қауіпті оң сапарға жолдаған.

Маған қарап жүрер болса жүргізуші, жаяу да,

Жолы болып, сәтсіздікке ешқашан да қалмаған.

3-оқушы:

Мен бәріне әрқашан да тыйым салып тұрамын,

Қайда болса алда тұрып жібермеймін бір адым.

Түсім қызыл, өзім шеңбер сызық болып бітемін,

Осы жолы үндемейін бар ма тағы сұрағың.

4-оқушы:

Белгімін көрсетер жылдамдық бағытын,

Ой, шұңқыр, бұрылыс, қатерді, қауіпті.

Барлығын анықтап, көрсетіп жіберем,

Сондықтан бәрі де мені тез таныпты.

5-оқушы:

Елімізде жол апаты салдарынан көз жұматындар жүрек, қан-тамыр ауруы салдарынан қайтыс

болатындардан кейінгі екінші орында тұр. Өкінішке қарай, жол апаты салдарынан қайтыс

болып немесе жарақат алатындардың көпшілігі жас жеткіншектер екен.

Мұндай мәлімдемені Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары айтуда.

Осылайша еліміздегі автокөліктердің көбеюімен бірге жол апатынан зардап шегетіндердің саны

да арта түскен.

Викториналық сұрақтар.

1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?

Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?

Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.

3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?

Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.

4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?

Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе

жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн

Құрметті оқушылар! Осымен бігіні іс-шарамыз осымен аяқталды. Сөз кезегі Алмагүл

апайымызға беріледі. Жеңімпаздар марапатталады.

Менің досым – бағдаршам

Мақсаты:

Оқушылардың тілін төселдіріп, жол ережесін жасына сай меңгерту.

Қалыптасқан түйсіктерін, білімдерін пысықтап, адам өмірі үшін қажеттілігін

түсіндіру. Жаяу жүргінші мен көліктің байланыс қатынасын білдіру. Көшеде

жүру ережесін түсіндіру арқылы жолда жүру мәдениетін үйретіп, сақтыққа

тәрбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ

Әдісі: сүрақ-жауап, топтық жұмыс, жеке жұмыс

Көрнекілігі: плакаттар, бағдаршам макеті, жол реттеуші құралы,карточка, жол белгілері.

Сынып сағатының барысы: Оқушылардың назарын сабаққа аудару. Мақсатын ашып айту.

1-жүргізуші:

Жолға шықсаң далаға,

Жол оңай деп санама.

Ережені әрқашан,

Қатаң ұста санаңда.

Бөгет болма басқаға, Жүрексініп саспа да,

Жаңылысса көмектес,

Қарттар менен жас бала.

2-жүргізуші:

Жасыл жарық жолың ашық жүр дейді,

Сары жанса дайындыққа кір дейді.

Қызыл жарық жанып тұрса алдыңда.

Тапжылмастан бір орында тұр дейді.

1-жүргізуші:

Ең алғашқы автомобиль немесе өздігімен жүретін арбаны қарапайым шаруа адамы Леонтий

Шамшуренков 1752 жылы ойлап тапқан. Оны арнаулы педальді басу арқылы жүргізуге болады.

2-жүргізуші:

1764 жылы бу двигателі ойлап табылғаннан кейін автомобиль конструкциясы да күрделене

берді. Техника дамыған сайын адам өміріне қауіп те көбейді. Осыған сәйкес жолда жүру

ережелері енгізілді. Бұл жол белгілерінің ең белгілі түрі - бағдаршам.

1-жүргізуші:

1868 жылы Лондон қаласында бағдаршамның семофор типтес түрі пайда болды. 1914 жылы

АҚШ-та алғашқы электрлі бағдаршам пайда болды.

2-жүргізуші:

Енді бүгінгі «Менің досым – бағдаршам» тақырыбы бойынша сынып оқушылары топқа бөлініп

сайысқа шығады. Осы топтарды ортаға шақырайық.

І топ – «Бағдаршам»

ІІ топ «Аялдама»

1-жүргізуші:

Сайыс болған жерде әділ бағасы берілу керек. Әділ бағаларын беру үшін «қазылар алқасын»

таныстырайық.

2-жүргізуші:

Сайысымыздың шарттары мынадай:

1- Топты таныстыру

2- «Жолдан өте біл» капитандар сайысы

3- «Саналы жүргіншілер» сайысы

4- «Жол белгілері» сайысы

5- «Жолды реттеуші» сайысы

1-сайыс. Топты таныстыру.

«Бағдаршам» тобы:

Ұраны:

Қызыл жарық жанғанда,

Қалт тоқтай қал табанда.

Сары шамы жағылса,

Сақ абай бол барынша.

Жасыл шамы жол ашық,

Зымырай бер бел асып.

Сәлемдеме:

Данышпан ағалар қылған талап,

Жол бойын тұру үшін қадағалап.

Орнатып қойыпты олар бағдаршам,

Жүргіншілер өтсін деп соған қарап.

«Аялдама» тобы:

Ұраны:

Тоқта, демал, аялда.

Күтеді әлі жол алда.

Сәлемдеме: Жол бойында тұрады аялдама,

Жолаушыңды отырғыз аялда да.

Жүргізушіден жолаушы өтінеді,

Тоқтарсың деп аялдауға таялғанда.

2-сайыс. «Жолдан өте біл» - 5 ұпай.

Бұл сайыстың шарты: екі топтан капитандар шығады. Екеуі де бірдей тапсырма орындайды.

Жасыл белгі жоғары көтерілгенде алға 1 адым жылжиды, қызылды көтергенде 1 адым артқа

шегінеді, ал сары жарықты жоғары көтергенде орындарында қозгалмай тұрып қалады.

3-сайыс. «Саналы жүргіншілер» - 5 ұпай. Викториналық сұрақтар беріледі.

І топтың сұрақтары:

1.Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

(Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара, ортасынан асқан соң, оң

жаққа мойныңды бұр)

2.Жаяу жүргінші жол бойында қалай жүріп-тұруы керек?

(жиекжолдың оң жақ шетімен)

З.Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?

(жедел жәрдем, полиция, өрт машиналарына)

4.Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді?

(аялдамада)

ІІ топтың сұрақтары:

1.Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге рұқсат етіледі?

(14 жастан)

2.Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

(жүргізуші көлікті тоқтата алмауы себепті адам өміріне қауіп төнеді) 3.Жол-көлік оқиғасына

куә болған адамдар қандай әрекет жасайды?

(жедел жәрдем машинасын, полицияны шақырып, машинаның нөмірін жазып алу керек)

4.Жүргізушіге қандай жағдайда транспорт құралын басқаруға болмайды?

(ішімдік ішкен жағдайда)

5.Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме?

(иә міндетті)

6. МАИ деген сөзді талдап беріңдер.

(Мемлекеттік авто инспекция)

4-сайыс. «Жол белгілері» - 5 ұпай

Оқушыларға жол белгілері тақтада көрсетіледі. Оқушылар белгінің атауын айту қажет.

І.Мына белгі нені білдіреді? (Абайлаңдар, балалар!)

2.Бағдаршам жарықтарының белгілеріне талдау жаса.

(сары-дайындал, жасыл -жүруге рұқсат, қызыл-тоқта)

3.Мына белгі нені білдіреді?

(жолды жөндеу жұмыстары жүріп жатыр деген белгі)

4. Мына белгі нені білдіреді? (жылдамдықты азайту белгісі)

5.Мына белгі нені білдіреді? (теміржол өткелі)

6. Плакаттағы белгілерді түсіндіріп беріңдер.

1.жаяу жүргінші өтетін жол белгісі

2.метро, жер асты жолдарына ену

З.тайғақ жол

4.велосипедпен жүруге рұқсат бар

5.жол жоқ

6.машиналардың бірін-бірі басып озуына рұқсат

7.ашық жол

8.шұғыл бұрылыс жасауға болмайды

9.жақын маңда демалыс орны бар екенін білдіреді

10.көлік жуатын жер жақын екенін білдіреді.

5-сайыс. «Жол реттеуші» - 5 ұпай Жолдың ортасында жол реттеуші тұрып, әр түрлі қимыл жасайды.

2 топ жол реттеушінің көрсетуіне байланысты жолдан өтеді.

Қорытынды сөз қазылар алқасына беріледі.

1-жүргізуші:

Айналайын абайла,

Жан-жағыңа қарайла.

Жолда-жүру ережесін,

Есте сақта қалайда.

2-жүргізуші:

Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз. Жол ержесін әрқашан есте

сақтау керек. Жол ережесін жақсы білсек, өзімізді жол апатынан сақтаймыз. Ал енді осы

ережелерді әрқашан орындап, аман болайық.

4 сыныптар арасында өткізілген «Көңілді бағдаршам» сайысы

Мақсаты:

1.Білім алушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру.

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға , білуге жол ережесінің белгілерімен

таныстыру.

3. Білім алушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

Жүргізуші:

Шуақты өміріміз күндей күліп,

Жүректе бүршік атып гүлдейді үміт.

Арманға сапар тарту мүмкін емес,

Жол жүру ережесін білмей тұрып.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да.

Жол жүру ережесі заңды тәртіп-

Ол ортақ үлкен-кіші, баршамызға.

Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, балалар!

Бүгінгі 4 сыныптар арасында өткізгелі тұрған «Көңілді бағдаршам» сайысына қош келдіңіздер.

Сайыс үш бөлімнен тұрады:

1. Таныстыру

2. Сұрақ-жауап бөлімі

3. Қойылым

Олай болса 4а сыныбының «Бағдаршам», 4ә сыныбының «Жол белгілері» топтарын

қошеметтеп ортаға шақырайық.

І бөлім: Таныстыру

ІІ бөлім: Осымен екі топпен таныс болдық. Ендеше бүгінгі сайысымыздың екінші бөлімінді

сіздерге бірнеше сұрақтар беріледі. Берілген сұрақтарға жылдам жауап беру қажет.

Сұрақтар:

1-сұрақ . Жолаушылар дегеніміз кімдер ?

Жауап: Кез-келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2-сұрақ. Бағдаршам дегеніміз не ?

Жауап: Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қоғалысын реттейді.

3-сұрақ. Велосипедпен неше жастан бастап жолмен жүруге болады ?

Жауап: жол бойына 14 жасқа толған балаларға ғана рұқсат.

4-сұрақ. Жиекжол жоқ жерде қалай жүру керек ?

Жауап: Ауылдық жерлерде жиекжол болмау мүмкін, ондай жағдайда жолдың бір шетімен келе

жатқан көлікке қарама-қарсы бағытта жүрген жөн.Осы бөлімде екі велосипедшіден тест алынады:

Сен жақсы велосипедшісің ба? Сен үнемі...

1. Бір жаққа барарда жүретін бағытыңды/ маршрут/ ойластырасың ба?

2. Велосипедтің жағдайын тексересің бе?

3. Велосипед тепкенде шлем киесің ба?

4. Велосипед тепкенде сені байқау үшін ашық түсті киім киесің бе?

5.Қозғалысты бастамас бұрын басқа көліктерді бақылап, белгі бересің бе?

6. Жол ережесін білесің бе?

7. Жол ережесін сақтап, бағдаршамның «қызыл» және «тоқта» деген белгілерін орындайсың

ба?

8. Түнде велосипедтің фарын жағасың ба?

Ұпайларыңды есепте:

Үнемі — 5 ұпай

Анда-санда— 3 ұпай

Ешқашан — 0 ұпай

30 өте жақсы — қауіпсіздік сақталған!

15–30 нәтиже жаман емес, дегенмен өзіңе қауіп-қатер төніруің мүмкін.

15-тен кем Саған велосипед тебуге бола ма ойлан? Өз өміріңді сақтау үшін не істей аласың .

Жұмбақтар шешу:

Көрермендерге жұмабақтар беріледі. Жұмбақты қай сыныптың білім алушылары тапса ұпай

сол сыныпқа қосылады.

1-жұмбақ:

Арқаным бар тым ұзын,

Ала алмайсың бір үзім.

Ақылға салып ойланып,

Тапшы мұны пысығым. ( жол)

2-жұмбақ:

Бір тұлпар, су ішпейді, жем жемейді,

Ескеріп ешбір адам емдемейді.

Жүк емес жануарға жүз адам да,

Шылбырын сымға байлап тез жөндейді. (трамвай)

3-жұмбақ:

Бұйырмапты бас та, ауыз да, құлақта,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (бағдаршам)

«Шешімін тап!» тақтада берілген жол белгілерін анықтау.

ІІІ бөлім:

Бұл бөлімде балалар үгіт-насихат жұмыс жүргізу мақсатында көрініс көрсетесіздер.

Қорытынды: Құрметті, балалар! Бүгінгі сайысқа үлкен дайындықпен келгендерің көрініп тұр.

Ендеше қорытынды сөз әділ-қазыларға беріледі.

Жүргізуші:

Ешқашан жол ережесін,

Бұзбас үшін балалар!

Әр түрлі көп белгілерді,

Есте сақтаған жөн болар.Сәлемдесу.

Жүргізуші:

6 Хромтау гимназиясының қозғалыстың жас инспекторлар отряды «Қыран»

Отряд әуенмен сахнаға адымдап шығады.

Алпамыс:

-Біз жол ережесін насихаттаймыз.

Мерует:

-Ал біз қандаймыз?

Дәулет:

-Үлігілі

Жанна :

-Тәртіпті

Рауан:

-Белсенді

Индира:

Жан-жақты

Темірлан:

Сыпайы

Жансая:

-Бір сөзбен айтқанда қазақтың қарапайым баласымыз.

Айгүл:

Ал біздің өмірлік ұстанымыз:

Бәрі: Өзің білсең-өзгеге көмектес

Музыка

«Қыран»-арманға алда күткен асығармыз,

«Қыран»-біз қалай толқын атпай басылармыз.

«Қыран»-жол жүру ережесін жақсы біліп

Сақтыққа тұра алатын жас ұланбыз.

Ән орындалады «Ақтөбе» әні әуенімен

Көкке өрлеген самғап,

Талмайтұғын қанат,

Бала өмірін сақтар

Кеудемізде от бар

Ережені білген

Ойымызға түйген

Біз-Қыран

Халқын қорғар сүйіп,

Отан үшін күйіп,

Ел намысын қорғар,

Алда қиын жол бар

Ел қуанар бүгін

Ұрпағыңа сүйін

Біз-Қыран

Қайырмасы:

Қыранбыз-қауіпсіздік жаршысы

Ұланбыз –жол көрсетер басшысы

Сақтану, білу,оқу, үйрету,

Жолда жүру ержесін білу сенің басты ісің.

Үгіт насихат жұмысы «Жол ережесін есіңде сақта!»

Саламатсыздар ма, балалар!Сіздерге жас жол инспекторлар атынан жалынды сәлем!

Балалар, сіздер білесіздер ме жол ережесінің ең басты қағидасы бұл -ұқыптылық.

Үстіміздегі жылдың 9 айында Ақтөбе облысында 245 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның

барысында 68 адам қаза тапты. Жол қозғалысы ережесін бұзудың 81 391 оқиғасы анықталды.

Оның себептері:

Бiрiншiден, қарапайым жол қозғалысының ережелерiн сақтамауы.

Екiншiден, салақтық және санасыздық.

Үшiншiден, абайсыздық, алаңғасарлық

Дәулет:

Айналада қауіп бар ойла,

Жан-жағыңа қарайла!

Сырғанасаң көшеде,

Машина жолын абайла!

Индира:

Көшенің тар соқпағы,

Қулығыңды асырма!

Тежегішпен тоқтады,

Зулап келген машина.

Ұқыптырақ болсаңшы,

Аман қалған бақытты.

Бізге ескертті Жолсақшы:

«Үнемдеме уақытты!»

Алпамыс

Алға ұмтылма ентелеп,

Машинадан қаш, мына!

Түсіп кетпе асығып,

Дөңгелектің астына.

Айгүл:

Ештеңе жоқ алаңдар,

Өте берер, Адамдар.

Жол шетінде тұратын,

Жол белгіге қараңдар!

Рауан:

Асықпаңдар, балалар,

Үлкен жолға келгенде,

Жан-жағыңа қарап-ал!

Деме: Бізді кім елер,

Машина жоқ па? Жүре бер!

Темірлан:

Жұмысына таң қалған,

Көшеде бар «бағдаршам»

Қалып жүрме алданып,

Қызыл шам жанса «Жол жабық!»

Сонда болсын ойың бар,

Сары шам жанса «Дайындал»

Шатасады білмеген,

Жасыл жанса «жүр» деген.

Жансая:

Ата-ананың сенімін,

Еске ұстап, ақтай біл,

Жолдан өтер жаяудың,

Ережесін сақтай біл!

Ерлан:Жарысып-ақ кетер ек,

Машиналар өте көп.

Жолдан өтем асықпай,

Велосипед жетелеп.

Меруерт:

Жол көліктің жүрегі,

Машина көп жүреді.

«Қауіп жоқ»,-деп ойлама,

Жолда футбол ойнама!

Жанна:

Жол тәртібін білеміз,

Сол жағымен жүреміз.

Қарсы келе жатқан көп,

Машинаны көреміз.

Балалар!

Егер бағдаршамның қызыл белгісімен жүрсең... Өзіңе айт: Тоқта!

Егер жақын келе жатқан көлiктiң алдынан жүгiрiп өтсең... Өзіңе айт: Тоқта!

Егер көлiк жүретiн жерді ойын алаңына айналдырсаң .... Өзіңе айт: Тоқта!

Егер аулада және көшеде велосипедпен жарыссаң ... Өзіңе айт: Тоқта! Тоқта! Тоқта!

«Қыран» отряды ескертеді /термелетіп/

Ау, ағайын, ағайын,

Сөзге құлақ салайық.

Жолда жүру тәртібін,

Маңызды деп санайық.

Мұқият жолда болыңыз,

Айырып оң мен солыңыз.

Қызыл шам жанса алдыңнан

Жолға аяқ баспаңыз.

Әрлі берлі алақтап,

Ойнай көрме көшеде.

Машина көрсең сасып қап

Жүгіре берме еселей.

Ала жолақ жолдағы,

Өзің көрші қолданып.

Қателеспей өте шық,

Сүрінбесің ол анық.

Қиылысы көшенің ,

Қауіпті жол деседі.

Ережені есіңе ал,

Қырандар айтқан бүгінгі.

Ережені сақтаңдар!

Жол белгіге тоқтаңдар!

Өмірің сенің қолыңда,

О

Тәрби сағаты «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»
  • Начальные классы
Описание:

Тәрби сағаты «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сабақтың тақырыбы: «Жолда жүру ережесін сақтаймыз!»

Сабақтың мақсаты: 1.Оқушыларды жолда жүру ережесімен таныстыру .

2. Жол қауіпсіздігін есте сақтауға, білуге жол ережесінің

белгілерімен таныстыру

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп, жол ережесін сақтауға тәрбиелеу.

 Көрнекілігі: Бағдаршам , жол белгілері салынған суреттер , интерактивті тақта, жол ережесіне арналған кітаптар.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі :

Кіріспе : «Жол травматизмінің алдын алу» атты тәрбие сағатын бастағалы отырмыз.

Жол заңы дұрыс жүріп , абай  болуды  талап етеді. Жол тәртібін  бұзба , ол  қатер  тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп  қуалайтыны , шаңғы  тебетіні , жүріп  бара жатқан машинаға  жабысатыны ,қалтарыстан жолға  шығып  келетін салдарынан бұзылады. Жол тәртібін бұзғандықтан  кейбіреулер машина  дөңгелегіне ілініп қаза тауып , кейбіреулері  жарақат алады . Ал кейбіреулері өмірлік  мүгедек болып қалады.

Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын » Жолда жүру ережесі » тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті .Үлгілі , тәртіпті оқушы көшеде, жолда  жүру ережесін ,заңын бұзбайды.

Сонымен қандай бала  жол ережесін бұзбайды ?

Балалар : Үлгілі , тәртіпті бала .

Мұғалім : Ал енді  » Жолда жүру ережесін сақтаймыз! » атты тәрбие сағатымызды  ашық деп  жариялаймын .

 ІІ. Негізгі бөлім:

Тақтадағы жұмбақтарды шешу:

Жұмбақтар

1.                 Ала таяқ ұстаған,                                                       2.   Көше бойлап аяңдайды,

Жол тәртібін нұсқаған.                                                                         Адам тасып аялайды.

Өміріңді  күзеткен, (Автобус)                                                     Ысқырықпен түзеткен.  (Милиционер)

 3.     Көліктің  қаншасын үстінен өткізген ,

 Іргеден басталып , алысқа жеткізген. (Жол)

 4.     Жоқ өзінде бас та , ауызда  да  , құлақ та ,

 Бақырайған  үш көзі  бар бірақ та.              (Бағдаршам)

 5.     Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

 Бұл жұмбақтың шешуін.  (Жол)

 6.     Өзі сөйлей білмейді,

 Бірақ «Тоқта, жүр !» дейді. «Бағдаршам»

 Мұғалім : Бағдаршам  өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз . Оның сырын  біліп , тіліп алу  баршамызға  керек.

1.     Неге ?

Біздің қаламызда , сол сияқты  біздің  еліміздің  қала , ауылдарына  бәріне  ортақ көше  қатынас ережесі енгізілген. Бұл  ережені оқушылар да , үлкендер де , яғни  барлық  жүргізушілер , көлік  жүргізетін  жүргізушілер де  бұлжытпай  орындауы керек.

2.     Балалар, сендер көшеде жүру ережесін  білесіңдер ме екен  , көрейік . Мынадай сұрақтарға  жауап беріңдерші.

3.     Жиек жол деген не ? Адамдар  жаяу  жүретін көше жиегіндегі тар жол .

4.     Жаяу адамға қай жермен  жүруге болмайды ? Көлік жүретін  көшенің  ортасымен  жүруге  рұқсат етілмейді.

Тақтада

Қызыл – Тоқта !

Сары  – Сақтан !

Жасыл – Жол ашық!

Құндызай :  Қызыл көзін ашқанда ,

Сынық сүйем  баспа  алға !

Диана  :      Сары  көзін ашқанда ,

Қарап қалма  аспанға !

Сұлупан:   Жасыл көзін ашқанда ,

Өте  бергін , жасқанба !

Оқушылар  бағдаршам сигналдарын қолдарына  ұстап , кезегі келгенде көрсетіп  тұрады.

  Ән: Бағдаршам

1.     Көшеде біз сақ болайық ,

Қаймықпасын ата – ана .

Жолда сен бол  лайық,

Жас ұлан деген  атқа

 Қ- сы :

Әрқашан күн  сөнбесін,

Аспаннан бұлт  төнбесін .

Қасымда болсын анам,

Болайын мен де аман !

2. Жолда жүру әліппесін

Білген жөн бес саусақтай.

Сонда ғана жүре  аласың ,

Сен өзіңді сау сақтап

Сахналық көрініс: «Маймақ аюдың достары»

 Инспектор :

Медбике апамыз бәрімізді емдейді ,

Ауырса адамды, аңды да  емдейді .

Отырған мынау Медбике апаға

Айтыңдаршы , кане кімдер келмейді ?

(Осы кезде басын ақ  шүберекпен таңған , сыртынан қан шып – шып шыққан аю өкіріп келе жатады)

 Инспектор :

Апа, қараңыз мына  сұмдықты ,

Маймақты кім  қыңжылтты ?

 Мед.бике:

Маймағым, не  болған өзіңе,

Көкпеңбек ісінген бас – көзіңде ?

 Аю:

Айтайын мен жасырмай  шынымды – ай,

Сақтап қал , апа  жанымды шыбындай.

Жармасып бал тасыр машина үстіне

Домалап түсіп шыңғырдым құлындай.

Мед.бике:

Бір асар тәтті бал үшін,

Тәртіпті  бұздың қарынның қамы  үшін.

Міне, енді  еңіреп тұрғаның ұят – ақ,

Тәртіп керек , біліп ал , жан үшін !

Аю.

Медбике апа, инспектор жолдас , енді тәртіпті  бұзбаймын.Кешіріңіздер мені!

 Мұғалім : – Бағдаршам жоқ  көшелерден  қалай  өтеміз ?

Егер өтетін  жерде  бағдаршам  болмаса  көшеден  өте бере  әуелі  сол жаққа қараймыз. Көшенің орта  тұсына жеткенде , оң жағымызға көз  саламыз. Егер ол  жақтан  машина  келе  жатса , өтіп  кеткенше , сол орында күте  тұрамыз. Ендеше, мына жолдармен бағдаршамсыз, бағдаршам барда қалай жүретінімізді көрейік.\

Оқушы қалай өтетінін көр сетеді.

 Инспектор

Көреген, дәу қырағы.

Көшемізде тұрады.

Оның аты – бағдаршам,

Жол сілтейді әрқашан.

Ол бергенде команда,

Бағынамыз әмәнда.

 Бағдаршам

Тұрамын көшенің қиылысын тұрақтап,

Қашпаймын  мүдіріп , ешқандай сұрақтан.

Белгісі жолдардың төрт  топтан тұрады,

Жарқырап көрінер түнде де жырақтан.

 Бағдаршам

Ашса кезек үш көзін,

Айтты деп ұқ үш сөзін.

«Тоқта, сақтан, жол ашық!»

Жүрме жолға таласып.

 Диана:

Төрт топтан құралған,

Белгілер туыстай.

Жол сілтеп тұрады.

У-шусыз ұрыспай.

Сақтандыру , ескерту белгісі :

Қып – қызыл  үшбұрыш,

Қауіптен сақ бол деп сәт – сапар  жолдаған.

Аман – сау жүреді  жаяу да , көлік те ,

Мен берген белгіні  сақтаған , қолдаған.

Тыйым салу  белгісі :

Қызылмен боялған , шеңбермін аумақты,

Тыйымшыл белгімін , қаталмын  салмақты .

Мен тұрған жерлерде  хақың жоқ жүруге,

Қауіп  бар , бағдарла  көз салып  жан – жақты.

 Міндеттеу белгісі :

Белгімін  көрсетер  жылдамдық бағытты,

Міндетті  бұрылыс , әйтпесе  қауіпті.

Барлығын анықтап тұрамын жолыңда,

Абай бол , шартыңды міндетті  орында !

  Ңұсқау белгісі Ислам:

Баратын жеріңнің бағытын , тұрағын,

Үн – түнсіз жол  сілтеп , жол  нұсқап  тұрамын.

Күндіз де  , түнде  де от болып жанады,

Көк  түске боялған төрт бұрыш шырағым.

 Мұғалім: Балалар, біз әр белгінің не мақсатта қолданылатынын білдік.

  Қорытындылау :

Мұғалім : Балалар, бүгінгі сабақты қорыта келе «Жас дәуірдің балалары» әнін айтайық. Деніміз сау, еліміз тыныш, жол тәртібін сақтап, аман – есен жүрелік. Қорыта келе:

Ирек – ирек көшелер,

Көше деген мың ирек.

Қиындыққа әйтсе де,

Үйренесің біртіндеп.

Барар жерге асықпа,

 

Бәйге алмайсың бұрын кеп.

Автор Сарсебаева Галия Абдрамановна
Дата добавления 29.12.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 10406
Номер материала 16542
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓