Главная / Начальные классы / Торғай ағаш қорғайды- ашық сабақтың жоспары

Торғай ағаш қорғайды- ашық сабақтың жоспары

hello_html_195529ec.png









Сабақтың тақырыбы: «Торғай ағаш қорғайды» Б.Ысқақов

Мақсаты: а)білімділігі:Б.Ысқақов туралы түсінік беру.Өлеңнің мазмұнын ұғындыру,торғайлардың пайдасы туралы әңгімелеу.

ә)дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорларын молайту,мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

б)тәрбиелілігі:Оқушыларды адамгершілікке,табиғатты қорғауға,сүюге,құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ,ойын сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО стратегиясы

Пәнаралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі

Көрнекілігі: Б.Ысқақовтың,Қ.Мырзалиевтің портреттері,слайдтар,қызыл кітап,оқулық.


Сабақтың барысы:

I.Үй тапсырмасын тексеру

-Қ.Мырза Әлидің «қызыл қітап» өлеңін оқу

-Кітапшаларын тексеру

-Қызыл кітап дегенді қалай түсінесіздер?

-Неліктен жануарларды қызыл кітапқа енгізеді?

-Қызыл кітапқа енген жануарларға тиісуге болама?

-Қадыр Мырза Әлиге 5 жолды өлең.


Кім? Қ.Мырза Әли

Не істеді? Өлең жазды

Ол қандай? Білімді

Мәндес сөз Ақын

Сөйлем Қ.Мырза Әли ұлы ақын


Үй тапсырмасын бекіту

- Қызыл кітапқа енген қандай жануарлар,құстар мен өсімдіктерді білеміз? (тақтадағы слайдтарға шолу жасау)


Қызыл түс нені білдіреді?
- Қызыл түс қауіп сақтанудың белгісі.
- Қызыл кітап не үшін керек деп ойлайсың? (Оқушылардың жауабы тыңдалады).
- Қызыл кітап – қауіптің дабылы және тірі табиғатты сақтау үшін күрестің нышаны.
1948 жылы дүниежүзінің ғалымдары халықаралық табиғатты қорғау одағын құрды. Бұл одақ жойылып бара жатқан жануарлар туралы тұңғыш кітап шығарды. Кітап деректердің «Қызыл кітабы» деп аталады. «Қызыл кітап» деген атауды ағылшын зерттеушісі Питер Скотт ұсынды.
- «Қызыл кітапқа» енген жануарлар мен өсімдіктердің кейбіріне тоқталып өту.



Жаңа сабақ.

Ойын «Адасқан әріптер»

- О Р Т А Ғ Й адасқан әріптерді орналастырсақ бүгінгі тақырыбымыздың не туралы екенін білетін боламыз.

-Торғай

-Дұрыс

-Қане,ендеше торғайға сипаттама берейікші....


ТазаНәзік


ТОРҒАЙ



Сүйкімді Кішкентай


Еңбекқор


Бүгінгі сабағымызда біз Бүркіт Ысқақовтың «торғай ағаш қорғайды»өлеңімен танысатын боламыз.


Б.Ысқақовтың өміріне тоқталу.


Бүркіт Ибрагимұлы Ысқақов1924 жылы 4 қарашада Қарағанды облысының, Нұра ауданына қарасты "Көкмөлдір" деген жерде туған. Ол жастайынан қиялшыл, арманшыл болған екен. Зерек жас ел аузындағы қисса дастандарды зейін қоя тыңдап, жаттап алып жүреді. Соның әсері болса керек, кейін өзі де өлең шығара бастайды. Оның ең алғашқы өлеңі "Ана туралы жыр" деп аталады. Одан соң "Қарағанды комсомолы" газетінде әр түрлі тақырыпқа жазған өлеңдері жарық көре бастайды. 1951жылыжаппайқуғын-сүргінтұсында "Үкіметкеқарсыүгітжүргізіпжүр" дегенжаламенжазықсызжазаланып, 25 жылға бас еркіненайырылады. Сөйтіп 27 жасаржігіт 30 жылдықжазаныарқалап кете барады.Лагерьде, тозақотыныңтөріндежерқазып, шаңжұтып, шаршап–шалдығып, титықтапжүрсе де өлеңдіқоймайды, өлең-жырөңешінентүйдік-түйдікқұйылды. Олқазақпоэзиясында "Тұтқынжыры", "Лагерьдегіөлеңдер" депаталатынпоэзияныңжаңатүрінбастады.1991 жылыөмірден өтті.


  • Өлеңді мәнерлеп оқу

  • Торғайдың қандай пайдасы бар?

  • Неліктен торғайларды өкпелетпеу керек?

  • Өлеңді іштей оқып шығу

  • Хормен оқып шығу




Топпен жұмыс


1-қатар. Мазмұнды сурет бойынша әңгіме құрастыру

2-қатар. РАФТ стратегиясы бойынша жұмыс. «Құс ұясын бұзғалы тұрған балаға мен не дер едің?»

3-қатар. Өлең мазмұны бойынша сурет салу



Жұмбақтар шешу


Ақсарайын талқандап,

Шықты біреу талтаңдап(Балапан)



Ауық- ауық шақырады,

Таңды да сол атырады.

(әтеш)


Көкте жүріп тамағын асырайды.(қарлығаш)


Сергіту сәті


Келіп көктем құстары,

Қанаттарын қағады.

Әнге бөлеп даланы,

Жан - жағына қарады.

Оларды жас достары,

Ұя жасап қарсы алды.


Ойын «кім құстарды көп біледі?»

Шарты: Балалар дәптерлеріне білетін құстардың аттарын жазады. Ең көп жазған бала жеңіске жетеді.

- Балалар,құстар алуан түрлі болады.Қане, атайықшы ....



Үй дала су


ҚҰСТАР


жыртқыш жыл құстары суыққа төзімді



Құстардың алуан түрлілігіне тоқталу. Құстар табиғатқа сән береді.Олардың әуені табиғатты құлпыртып, адамдардың көңіл-күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп.

Үй құстары адамдардың көмегімен азықтанады.Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем суларын береді

Дала құстары- қарға, сауысқан, қарлығаш, т. б. Олардың қанаты бар аспанда ұшып жүреді

Жыл құстары көктем туа келіп ұя салады, жұмыртқалап балапан басады, қанаттанған сон қоңыр күзде, қыс түсе жылы жаққа қонысаударады.

Жыртқыш құстар жырқыштармен қоректенеді.

Су құстары суда мекен етеді. Олар бастарын суға батырып, түбін қопарып, судағы жәндіктерді аузына толтырып сүзіп алып қоректенеді. Ұя жасауға да су түбіндегі тұнбаны пайдаланады.

Суыққа төзімді құстар ал енді, шымшық, торғай, қарға, сауысқан, тоқылдақ т. б. сияқты «... жылы жаққа ұшпайтын, біздің жақта қыстайтын» құстарды “Қыстап қалатын құстар” дейді.?


Құстарболмайқалса не болады?
Апатболады. Ормандар, далаларүнсізқалады. Құстартуралыжаңаөлеңдер
мен тақпақтаржазылмайды. Зияндыжәндіктерменкеміргіштерқаптапбақтар мен бақшалардықаңыратыптастайды. Құрттар, қабыққоңыздарормандардыкеміріптастайды. Орманжемістерініңтұқымдарынтарататынештеңеқалмайды.
- Ал ондайболмасүшінбіз не істеуімізкерек? (құстарғакөмекжасаутуралыәңгіме).
Жемшашаржасап, ағашқаіліпқоюымызкерек. Жемшашарғақұстарғаарнап, тағамқалдықтарынтастаукерек.
Құстардың ұясын бұзбау керек. Халық – күміс көмей әншісін бұлбұлға,ардақты азаматын сұңқарға, сұлуын аққуға, жігерсіз, намыссыз жігіттерің жапалаққа теңеген.

Ақындарымыз осы құстарға ән арнап,халқымыз мақал мәтелдер айтқан.



Ойын «Ұйқасын тап» мақал мәтелдерді жалғастыру

  1. Жаралыжүреккетимеңіз, ... балалыүйреккетимеңіз.

  2. Құртақандайторғай да,... өзұясынқорғайды.

  3. Ажалды қарға.... бүркітпен ойнайды.

  4. Аққуды атпа,... досыңды сатпа.

  5. Сасқан үйрек артымен жүзеді.

  6. Қара құс басып жейді,сұңқар шашып жейді.


Қорытынды,бағалау.

-Бүгін кімнің өлеңімен таныстық?

-Өлең не туралы?

-Бүгінгі тақырыппен таныса отырып, қандай тәрбие, білім алдыңыздар?



Үйге тапсырма. Өлеңді жаттау және торғайларға қандай қамқорлық жасайтындарың туралы әңгіме жазып келу.


Жылы жаққа ұшпайтын
Біздің жақта қыстайтын
Құстар жүрсе жуықта
Жем шашуды ұмытпа!- дей отырып, бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.



Торғай ағаш қорғайды- ашық сабақтың жоспары
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың тақырыбы: «Торғай ағаш қорғайды»  Б.Ысқақов

Мақсаты: а)білімділігі:Б.Ысқақов туралы түсінік беру.Өлеңнің мазмұнын ұғындыру,торғайлардың пайдасы туралы әңгімелеу.

                ә)дамытушылығы:Оқушылардың сөздік қорларын молайту,мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру.

                б)тәрбиелілігі:Оқушыларды адамгершілікке,табиғатты қорғауға,сүюге,құстарға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:  жаңа сабақ,ойын сабақ

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, СТО стратегиясы

Пәнаралық байланыс: дүниетану,қазақ тілі

Көрнекілігі: Б.Ысқақовтың,Қ.Мырзалиевтің портреттері,слайдтар,қызыл кітап,оқулық.

 

Сабақтың барысы:

I.Үй тапсырмасын тексеру

-Қ.Мырза Әлидің «қызыл қітап» өлеңін оқу

-Кітапшаларын тексеру

-Қызыл кітап дегенді қалай түсінесіздер?

-Неліктен жануарларды қызыл кітапқа енгізеді?

-Қызыл кітапқа енген жануарларға тиісуге болама?

 

Автор Есенбаева Захот Болатовна
Дата добавления 13.03.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 956
Номер материала 57986
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓