Инфоурок Физическая культура Конспекты"Тоғызқұмалақ ойынының әдіс-тәсілдері "

"Тоғызқұмалақ ойынының әдіс-тәсілдері "

Скачать материал

                   

4 курс студенті Қостанай педагогикалық институтының

Мухамбеткалиева Айым Жанболатовна

 Сабақтың тақырыбы: Тоғызқұмалақ ойынының әдіс - тәсілдері
         Сабақтың мақсаты: 
1.
Тоғызқұмалақ ойынын ойнауды, қазақтың ұлттық ойындарын құрметтеуді үйрету, математикалық амалдарды қолданып, жазбаша және ауызша есептеу әдістерін үйрету. Оқушыларды ойын күштеріне жауапкершілікпен қарап, терең есептеуге бейімдеу; 
2. Есте сақтау, ойлау қабілеттерін дамыту, қалыптастыру. 
3. Жас ұрпақты ұлттық қадір қасиетімізді қастерлей білуге тәрбиелеу,
денені шынықтыруға  әдемі болуға баулу, ойлау белсенділігін  дамыту;                      Сабақтың типі: Жаңа сабақ 
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақта қолданылған әдіс – тәсілдер: Ж.Караевтің «ОҮӘЖ» пед. технологиясының әдістері
Сабақтың өтетін орыны:  11 В .Мультимедиялық кабинет .
Керекті құрал – жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта, тоғызқұмалақ тақта. 
                                                                                                                                  Сабақтың құрылымы.                                                                                         Тақырыпты оқып үйренудің үшкезеңдік алгоритмі.                                                                           

І кезең (5-7 минут)

1.     Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.

2.     Үй жұмысын тексеру

3.     Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.

ІІ кезең (20-25 минут)

1.     5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).

2.     Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

3.     Жаңа тақырып бойынша алынған теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

     ІІІ кезең (сабақтың қалған 12-15 минуты және үйдегі үй жұмысына бөлінген уақыт)

1.     Деңгейлік тапсырмаларды орындау (12 минут).

2.     Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.

 

І кезең (5-7 минут)

А ) Сабақтың ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен сәлемдесу ,түгендеу.

Ойларын  сабаққа аудару

         Ә)Үй жұмысын тексеру

Сұрақ- жауап әдісі:

Тоғызқұмалақ қандай ойын?

Ойынның аты не мағына береді?

Неше құмалақ қажет?

Қоштаушы деген кім?

Бастаушы деген кім?

Қазан деген не?

Ойынның қандай құралдарын білесіңдер?

     Жаңа тақырыпты меңгеруге дайындық ретінде өткенді пысықтау.

Тоғызқұмалақ ойынының тақтасы көрсетіліп, құрылымына тоқталып өтеді.

ІІ кезең (20-25 минут)

1)    5-7 минут көлемінде оқушылардың жаңа тақырыпты өз бетінше меңгеруін  ұйымдастыру (оқытудың проблемалық әдістері бойынша).

.   «Даналық ұясы» ойыны

   Оқушылар мәтінді жылдам, бірақ мұқият оқып шығуы тиіс.

Енді әрқайсысы мәтін бойынша қиын сұрақ құрап, қағазға жазады.

Тақтаға әр бір оқушының отырған орны көрсетілген карта іліну керек.Соған оқушылар кезегімен өз сұрақтарын орналастырады. Мәтінді тағы бір рет жылдам оқып шығу керек. Әр оқушы басқа ұядан сұрақ жазылған қағаз алып, дауыстап неғұрлым  толық  жауап беруі тиіс. Басқалары сұрақ пен жауапты бағалайды.

2)    Жұмыс нәтижесін мұғаліммен бірігіп талқылау.

      Негізгі мақсат – ой ояту, оқушыға өзіндік ой-пікір, қорытынды шығаруға мүмкіндік беру. Мұғалім жаңа тақырыпты дайын түрде бермей, оқушылар өздері күш салып, білу керек. Мұғалім тек көмектеседі, қосымша фактілер береді. Ол оқушылар қызметін басқарады, бағыт-бағдар береді.

Бірінші есептеу жолы. А) Егер қосынды 10 немесе10 - ға жетпейтін болса қосындыдан 1 - ді шегереміз 
мысалы: 214=2+1+4=7 - 1=6
 
Б) Егер қосынды 10 - нан артық болса, қосындыдан 10 - ды шегереміз
 
Мысалы: 713=7+1+3=11 - 10=1
 
Екінші есептеу жолы
 
Жүріс жасалатын отаудың соңғы құмалағы дәл қай отауға барып түсетінін анықтау үшін отаудың рет санына сол отауда жатқан құмалақтар санын қосамыз.
 
*Егер қосынды 10 немесе 10 - ға жетпейтін болса, қосындыдан 1 - ді шегереміз;
 
*Егер қосынды 10 - нан артық болса қосындыдан 10 санын шегереміз
 
*Егер қосынды 20 немесе 20 - дан артық болса, қосындыдан 19 - ды шегереміз. мысалы: 915=9+15=24 - 19=5
 
*Егер қосынды 29 - дан 37 - ге дейін болса, қосындыдан 28 - ді шегереміз мысалы: 824=8+24=32 - 28=4
 
*Егер қосынды 38 немесе одан көп болса, қосындыдан 37 - ні шегереміз
 
Мысалы: 636=6+36=42 - 37=5
 

Үшінші есептеу жолы
 
*Егер отауда 10 құмалақ жатса, аттас отауға барып түседі.
 
*Егер 19 құмалақ болса 1 айналым жасап, өз орнына келіп түседі.
 
* 28 құмалақ 1, 5 айналым жасап, қарсыластың аттас отауына түседі.
 
*37 құмалақ екі айналым жасап, өз орнына келіп түседі.
 

3. Алған жаңа теориялық білімді практика жүзінде пысықтау.

Тапсырмалар орындау, мысал-есептер шешу.

Тоғызқұмалақ   ойынының  негізгі терминдері:
      • Құмалақ
      • Қазан
      • Отау
      • Бастаушы
      • Қоштаушы
      • Тұздық
      • Атсырау   ( Анықтама беру)

Берілген сандарды жүрісті есептеу жолдарымен есептеп, дәлелдеу 
315, 712, 524, 217, 819, 921, 737,      

 

ІІІ кезең  Деңгейлі тапсырмаларды орындау.

1.     Деңгейлік тапсырмаларды орындау (9 минут).

2.     Соңғы 3 минутта сыныпта орындалған деңгейлік тапсырмалардың ұпайы саналады.

І – деңгей тапсырмасы:

1.Тоғызқұмалақ ойынына  жалпы қанша құмалақ қажет?

А) 81    б) 82  с) 162

2.бірінші жүретін ойыншыны не деп атайды?

     А) бастаушы    б)Қоштаушы    с) Жүрүші                                                                                                                                         3.Ойын тақтасында жалпы неше отау бар?

А)9       б)18      с)16

4.Әр жақтың жеңіп алған құмалағын салатын орын.

А)отау      б)тақта     с)қазан

5.Қай отауға тұздық қойылмайды?

А)тоғызыншы отауға       б)екінші отауға     с)алтыншы отауға                                                                                                                                                     

ІІ-деңгей тапсырмасы:

   Сәйкестендіру тесті

1.отау                          „ Көкмойын“

2. отау                          „Бел“

3.отау                           „Қандықақпан“

4.отау                           „Маңдай“

5. отау                          „Атөтпес“

6. отау                          „Тектұрмас“

7 .отау                           „Арт“

8 .отау                          „Белбасар“

9 .отау                          „Атсыратар“

ІІІ-деңгей тапсырмасы:

Берілген сандарды жүрісті есептеу жолдарымен есептеп, дәлелдеу: 315,712,524,217,819,921,737.Жүрісті дұрыс есептегенде құмалақтың қайсы отауға түсетіні анықталады.


Сабақты қорытындылау

Тоғызқұмалақ ойыны қазақтың  ұлттық  ойын түріне кіре ме?                         Тоғызқұмалақ тақтасы неше бөлікке  бөлінген?                                                                         Әр бөлікте неше отау, неше қазандық  бар?                                                                          Тұздық ашуға болама және оны қалай ашамыз?                                               Тоғызқұмалақ терминдерін ата?                                                                               Отаулардың аттарын білесің бе?                                                                                     Бірінші ойынды бастаған ойыншыны  қалай атаймыз?                                                            Жұп, тақ сандар

Үйге тапсырма

Тоғызқұмалақ тақтасындағы отау аттарының мағынасын

анықтау үшін іздену.

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Тоғызқұмалақ ойынының әдіс-тәсілдері ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Портной

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Мақсаты: Оқушы мен ата-аналарға спорттық ойындарды орындата отырып, спортқа деген қызығушылықтарын арттыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу. Өткізілетін жері: Мектеп спорт алаңы Көрнекілік құралдар: Қапшық, доп, кольцо, кубиктер, арқан, эмблема , форма, теннис ракеткасы, шығыршық.І. Ұйымдастыру кезеңі.1.Жарысқа қатысушыларды сапқа тұрғызу.2.Оқушылардың дене құрлысын икемге келтіру, дене бітімін жан-жақты ойынға дайындау, қозғалыс әрекеттерін дамыту.3.Ойының мазмұнымен қысқаша таныстыру. ІІ. Сайыс барысы:Құрметті әріптестер, ата-аналар және балалар, бүгінгі «Толағай» отбасылық сайысымызға қош келдіңіздер! Жарысқа қатысушыларды шақырамыз, Әр таңды бақытпенен атырамыз. Өнерді ой көгінде бақылаңыз, Сайысқа қатысуға енді ортаға . Көңілді жарыста 3 «а», 3 «б», 3 «в» сыныптарының оқушылары ата-аналарымен өз шапшаңдылықтарын, спортқа деген бейімділіктерін сынайды.«Толағай» отбасылық сайысы - еліміздегі отбасылардың атсалысуымен өтетін тәрбиелік маңызы зор ойын – сауықты бағдарламалардың бірі. Олай болса сайысымызды бастайық. Ал, құрметті халайық! Жарысты енді көріңдер. Әділ қазы алқасы Әділ баға беріңдер. ( Қазылар алқасы таныстырылады ) Құрметті сайыскерлер! Сіздерге сәт сапар!Сайысымызды бастаймыз.«Қайсар» тобын ортаға шақырамыз.Топтың ұраны: Бәріміз біріміз үшін!«Жасұлан» тобын ортаға шақырамыз.Топтың ұраны: Біз әрқашанда мықты, Бәрін жеңіп шықты «Барыс»тобын ортаға шақырамызТоптың ұраны: Біз шымыр сергек денеміз,өнер сүйер өренбіз.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.10.2020 343
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джартанова Гулнур Дуздутовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Джартанова Гулнур Дуздутовна
    Джартанова Гулнур Дуздутовна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 83954
    • Всего материалов: 226

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Методист по спортивно-функциональной классификации в адаптивном спорте: основные аспекты профессиональной деятельности

Методист по спортивно-функциональной классификации в адаптивном спорте

300 ч. — 1200 ч.

от 6500 руб. от 3600 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Методика преподавания раздела физической культуры "Легкая атлетика" в рамках дистанционного образования

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 54 человека

Курс повышения квалификации

Методика преподавания раздела физической культуры "Подвижные и спортивные игры" в рамках дистанционного образования

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 117 человек

Мини-курс

Управление и менеджмент в спортивной сфере

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Маркетплейсы: организационные, правовые и экономические аспекты

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 15 регионов

Мини-курс

Теория вероятности и комбинаторика в современной математике

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе