Главная / Начальные классы / Түлкі мен тиін 2-сынып

Түлкі мен тиін 2-сынып

hello_html_5a4eedad.gifhello_html_m6ed07bf9.gifhello_html_m36f4aa2f.gifhello_html_431fbed6.gifhello_html_6695a08b.gifhello_html_m32463e3c.gifhello_html_436b89ce.gifhello_html_749e1ac0.gifhello_html_7b0e7778.gifhello_html_m459fb3eb.gifhello_html_70e89a59.gifhello_html_5c3e09c3.gifhello_html_479b79fc.gifhello_html_m61c4eaee.gifhello_html_70e89a59.gifhello_html_5c3e09c3.gifhello_html_479b79fc.gifҚарағанды обл

Жаңаарқа ауданы

Көктал ауылы

Мамыраева Жұлдыз Тайғозықызы

Әдебиеттік оқу

2-сынып

Түлкі мен тиін

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мысалдағы негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

Білімділігі: оқушыларды мысалды оқи отырып, мазмұнын түсініп айтуға, өлеңдегі негізгі ойды таба білуге дағдыландыра түсу.

Дамытушылығы: оқушыларды сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге дағдыландыру, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке баулу. Жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Түрі: дамытушылық сабақ.

Әдісі: ізденушілік, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, жинақтау және әңгімелеу.

Көрнекілігі: түлкі мен тиін суреті, түрлі түсті маркер, слайд.

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  2. Үй тапсырмасын тексеру

  3. Өткен тақырыпты бекіту

Топтастыру стратегиясы.

Атасы – Зеңгі баба үй жануары

(пірі) Сиыр Еті терісі

«Әукім» (шақыруы) Жоңышқа қорегі

Сиырдың пайдасы: еті, сүті, майы, айраны, ірімшігі, терісі, құрты.

Қаймақ

Сүті Май

Ірімшік

Құрт

  • Сүтті қайдан аламыз? (Төрт түлік малдан)

  • Төрт түлік малға нелер жатады? (қой, сиыр, жылқы, түйе)

  • Осылардың ішінде қандай сүтті ұйытуға болады? (Сиыр сүті)

  1. Жаңа сабақ. «Түлкі мен тиін»

Жұмбақ жасыру.

Өзі айлакер, өзі қу,

Жүрген жері айқай шу. (түлкі)

Бұтақтарға секіріп

Әр жерден қылт етеді.

Кейде жаңғақ кешіріп

Жоғарылып кетеді. (тиін)

Ой қозғау. Түлкі жыртқыш аң деп саналады. Ең сүйікті асы – сұр тышқан мен көжек. Қаз бен құрды, балықты да жей береді.

Тиін тоғайда, орманда болады, секіріп жүруге икемді, бұтақтан – бұтаққа, ағаштан – ағашқа секіріп жүреді. Жыртқыш аңдардан бұтаққа секіріп жүріп қорғанады. Тиін жаңғақпен қоректенеді.

Енді «Түлкі мен тиін» атты мысалды оқимыз.

Бұл жаман әдеттің бірін сынауға арналған.

Мысалдың авторы ақын – жазушы Әбдірахман Асылбеков. Ә.Асылбеков Жамбыл облысы,Талас ауданы,Үшарал ауылында 1938жылы 1мамырда дүниеге келген.

Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін шағын көлемді шығарма.

Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балақ, өсімдік кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. Мысалда өлеңмен де қара сөзбен де беріледі. Сондай шағын көлемді, оқиғаны адамға сабақ болатын шығарманы мысал дейді.

Оқулықпен жұмыс.

Мысал өлеңді, мәнерлеп оқып беру. Мысал өлеңді іштей оқыту.

Мысал өлеңді тізбектей оқу.

Кейіпкерлердің сөзін тауып, рөлге бөліп оқыту.

Дәптермен жұмыс. Сөздік жұмыс жүргізу.

Қиыр – алыс

Маң – өте жақын жер

Жайрады – сұлап жатты, өліп жатты.

Ой толғаныс. Топпен жұмыс. Түлкі мен тиінге мінездеме беру. Екеуі де аң.

1 – топ түлкіге, 2 – топ тиінге, 3 – топ өздеріне ұнаған кейіпкердің суретін салу.

Топтардың жұмысын бағалау (бағалау парақшалары)

Венн диаграммасы

hello_html_259bcafe.png

Сөз байлықтары мен ойлау қабілеттерін дамытуға арналған сұрақтар.

  1. Түлкі тиінге кездескен сәтте не дейді?

  2. Тиін оған қандай жауап айтты?

  3. Сол сәтте қандай жағдай болды?

  4. Қай аңның айласы басым түсті деп ойлайсыңдар?

Түлкінің сөзі: Тоқсан тоғыз айлам бар,

Сенің жайың қиын – ау!

Тиіннің сөзі: Жалғыз ғана айлам бар

«Мейірімділік жүректен, мейірімсіздік білектен», - деп қасқыр түлкіні жеп қояды.

Түлкі Мақтаншақ Қасқырға жем болды.

Өтірікші

Тиін Тапқыр Қасқырдан құтылып кетті.

Ақылды

hello_html_m82a64dc.png

  1. Сөз атасы. (Мақал)

  2. Арқардың қозысы қалай аталады?

  3. Денің сау, шымыр болу үшін немен айналысасың?

  4. «Бір бала әкесінен өтіп туады, бір бала әкесіне жетіп туады, бір бала кері кетіп туады» деген кімнің сөзі?

  5. Бес қасиеттің бірі.

Қорытындылау. (әңгімелеу кестесі)

  1. Мысалдың тақырыбы –

  2. Авторы – Ә.Асылбеков

  3. Оқиға орны – орманда

  4. Кейіпкерлер – Түлкі мен тиін

  5. Не үшін мақтанады? – Қулығымен жеу үшін

  6. Кімдікі дұрыс? – Тиіндікі

  7. Кейіпкерге несімен ұнады? – Тиін ақылдылығымен

  8. Мысалдың соңында не болды? – Түлкіні қасқыр жеп қойды.

  9. Мазмұнның идеясы қандай? – Ақылды болып, мақтаншақ болмау керек.

«Мейірімділік жүректен, мейірімсіздік білектен» деген осы.

Үйге тапсырма беріледі.

«Түлкі мен тиін» мысалын мәнерлеп оқу, мазмұнын әңгімелеу.

Бағалау. Топтардың жұмысын бағалау.







































Түлкі мен тиін 2-сынып
  • Начальные классы
Описание:

Түлкі мен тиін

Сабақтың мақсаты: оқушыларға мысалдағы негізгі ойды, идеяны ұғындыру.

Білімділігі: оқушыларды мысалды оқи отырып, мазмұнын түсініп айтуға, өлеңдегі негізгі ойды таба білуге дағдыландыра түсу.

Дамытушылығы: оқушыларды сұрақ қою арқылы жан-жақты ойлауға үйрету, топпен жұмыс, өзіндік жұмыс істеуге, ізденуге дағдыландыру, тіл байлығын дамыту.

Тәрбиелілігі: оқушыларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке баулу. Жаман әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу.

Түрі: дамытушылық сабақ.

Әдісі: ізденушілік, мәнерлеп оқу, сұрақ-жауап, жинақтау және әңгімелеу.

Көрнекілігі: түлкі мен тиін суреті, түрлі түсті маркер, слайд.

Сабақтың барысы:

  • I.Ұйымдастыру кезеңі
  • II.Үй тапсырмасын тексеру
  • III.Өткен тақырыпты бекіту

Топтастыру стратегиясы.

Автор Мамыраева Жұлдыз Тайғозықызы
Дата добавления 28.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 939
Номер материала MA-063456
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓