Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Павлодар облысы
Ақсу қаласы
Қ.Қамзин атындағы орта мектебі
«Сөз таптары әлемінде »
таңдау курс бағдарламасы
Құрастырған: Букенова
Айнагуль Ахатовна
Білімі: жоғары
Санаты: жоғары
Түсінік хат
Оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны жүйесін, сөйлеу тілінің
байлығы мен әдеби тіл нормасын үйрете отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге
баулу-бүгінгі өмірдің басты талабы. Мұны жүзеге асырудың бірден –бір жолы -
оқушыларды сөз мағынасын түсініп, сөз таптарына қарай айыра білуге, талдауға
үйрету. Сөз таптарын оқушылар 1-сыныптан бастап оқып, үйрене бастайды. Ал
4-сыныпқа келгенде олар сөз таптарын толық ажыратып, комплексті талдай білу
керек. Сондықтан да осы жұмысты жүйелеу үшін мен «Сөз таптары әлемінде» атты
таңдау курс бағдарламасын құруды жөн көрдім.
Бұл курстың мақсаты - оқушыларды нақтылыққа, ізденімпаздыққа
үйрете отырып, тілдік материалды терең, ғылыми негізде меңгеруге үйрету. Әр
сабақта талдаудың фонетикалық, лексикалық, синтаксистік, морфологиялық түрлерін
жүргізу жүйеленеді.
Бұл курс сонымен бірге грамматикалық материалды терең меңгертуге,
тартымды сөйлеуге, сөйлеудің мазмұнды болуына, сөйлеу техникасына, сөйлеудегі
сөз байлығы мен көркемдігіне, сөйлеген сөздің әсерлілігіне, мәдениеттілігіне
баса назар аударуға үйретеді.
4-сыныпқа арналған бағдарламаны түзуде білім мазмұнын ізгілендіру,
бірізділікке үйртету, сауатты сөйлеу, жазу дағдысын қалыптастыру, оқушылардың
тілін байыту сияқты ұстанымдар басшылыққа алынды.
Бағдарламаның мақсаты:
Оқушыларға қазақ тілі ғылымының мазмұны мен жүйесін,
оның сөздік құрамы мен грамматикалық құрылымын, сөйлеу тілінің байлығы мен
әдеби тіл нормасын үйрету, сауатты сөйлеу, жазу дағдысын қалыптастыру, тілден
алған білімдерін басқа ғылым салаларын меңгеруге құрал етіп, білім беру үстінде
пән мен пәнді байланыстыра меңгертіп, өз беттерінше іздене біліп,
шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
Бағдарлама міндеттері:
- Сөз
таптарын оқыту- қазақ тілі грамматикасының ең негізгі және басқа тақырыптарды
меңгерудің тірегі болатын ұғымдарды игерту деген сөз. Сондықтан олардың
атауынан бастап реті мен жүйесінің морфологиялық заңдылыққа бағынатынын саналы
түсіндіру-басты міндет.
- Баланың
лингвистикалық дүниетанымын қалыптастыру, оқушылардың логикалық ойлауын,
қабылдау, түйсіну әрекеттерін жетілдіру;
- Сөз
таптарына қарай сөздерді талдауды жүргізудің жолдарын түсіндіріп, қызықтыру;
-
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру;
- Тіл
фактілері арқылы оқушының рухани дүниесін жетілдіру, адамгершілікке,
ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Оқушы міндеттері:
-Сөз
таптарын талдауға үйренеді;
-Сөз
таптарын ажырата білуге дағдыланады;
-Ойлау
қабілетін шыңдап, шығармашылық қабілетін ұштайды;
-Туған тіліне
деген сүйіспеншілік, қызығушылық, мақтаныш сезімін тереңдете түседі.
«Сөз таптары әлемінде» атты таңдау курс
бағдарламасының оқу мазмұны мен құрылымы
(аптасына 1 сағат, жалпы 34 сағатқа
шақталған)
Зат
есім. (5сағат)
Зат
есімнің құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын талдау. Туынды зат есімдердің
мағынасын талдау. Зат есімнің құрамын, сөйлемдегі қызметін талдау.
Сын
есім. (4сағат)
Сын
есімнің құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын талдау. Туынды сын есімдердің
мағынасын талдау. Сын есімнің құрамын, сөйлемдегі қызметін талдау.
Сан
есім. (4сағат)
Сан
есімнің құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын талдау. Сан есімдердің
түрлеріне қарай мағынасын талдау. Сан есімнің құрамын, сөйлемдегі қызметін
талдау.
Етістік. (7сағат)
Етістіктің
құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын талдау. Етістіктің мағыналық
түрлерін, шақтарын талдау. Етістіктің құрамын, сөйлемдегі қызметін талдау.
Есімдік. (4сағат)
Есімдіктің
құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын талдау. Есімдіктің мағыналық түрлерін
талдау. Есімдіктің құрамын, сөйлемдегі қызметін талдау.
Үстеу. (3сағат)
Үстеудің
құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын талдау.Үстеудің мағыналық түрлерін
талдау.Үстеудің сөйлемдегі қызметін талдау.
Еліктеу
сөздер. (2сағат)
Еліктеу
сөздердің құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын талдау. Еліктеу сөздердің
мағыналық түрлерін, категориялық –грамматикалық мағынасын талдау.
Шылау. (2сағат)
Шылау,
оның түрлерін талдау. Шылаудың сөйлемдегі қызметін талдау.
Одағай.(2сағат)
Одағай
сөздерді талдау. Одағай сөздердің сөйлемдегі қызметін талдау.
Сөз
таптарын талдау бойынша тест тапсырмалары. (1сағат)
Іскерлікке қойылатын талаптар:
1.
Сөз таптарының
өзіндік белгілерін білу.
2.
Сөз таптарының
мағыналық түрлерін ажырата білу.
3.
Сөз таптарын
мәтін ішінен тауып, оларға талдау жасай білу.
4.
Сөз құрамына
толық талдау жасай алу.
5.
Ойын жеткізуде
сөз таптарын орынды қолдана білу.
«Сөз таптары әлемінде»
таңдау курсы бойынша күнтізбелік жоспар
(аптасына 1сағат, жалпы 34 сағатқа шақталған)
№
|
Тақырыбы
|
Сағат саны
|
Жұмыс түрлері
|
ауызша
|
Жазбаша
|
1
|
Зат есімнің
құрамын, лексикалық-грамматикалық мағынасын талдау.
|
1
|
Зат есімді меңгеру.
|
Талдау.
|
2
|
Зат есімнің
мағыналық түрлерін, категориялық-грамматикалық мағынасын талдау.
|
1
|
Сөз таптарының өзіндік белгілерін білу.
|
Зат есім сөздерін қатыстырып, мәтін құру.
|
3
|
Туынды зат
есімдердің лексика-грамматикалық мағынасын талдау.
|
1
|
Сөз құрамына талдау.
|
Тест құрастыру
|
4
|
Зат есімнің құрамын
, лексика-грамматикалық мағынасын ықшамдау және талдау.
|
1
|
Сөйлем мүшелерін орнымен қолдана алуы
|
Шағын талдау жұмыстары
|
5
|
Зат есімнің
сөйлемдегі қызметін талдау.
|
1
|
Сөйлем мүшелеріне талдау
|
Сатылай талдау
|
6
|
Сын есімнің
құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын талдау
|
1
|
Сын есімді сөз табы ретінде ажырата алуы, оларды
дұрыс қолдана алуы
|
Талдау
|
7
|
Сын есімнің
мағыналық түрлерін, категориялық-грамматикалық мағынасын талдау.
|
1
|
Сын есімді сөз табы ретінде ажырата алуы, оларды
дұрыс қолдана алуы
|
Сын есім сөздерді қатыстырып суреттеу
|
8
|
Сын есімнің құрамын
, лексика- грамматикалық мағынасын талдау
|
1
|
Сын есімді сөз табы ретінде ажырата алуы, оларды
дұрыс қолдана алуы
|
Талдау
|
9
|
Сын есімнің
сөйлемдегі қызметін талдау
|
1
|
Сөйлемдегі қызметін білу
|
Талдау
|
10
|
Сан есімнің
құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын талдау
|
1
|
Талдау
|
Талдау
|
11
|
Сан есімнің
мағыналық түрлерін, категориялық-грамматикалық мағынасын талдау
|
1
|
Сан есімнің
мағыналық топтарын білуі, қолданылу сипатын анықтай алуы
|
Талдау
|
12
|
Сан есімнің құрамын
, лексика-грамматикалық мағынасын ықшамдау және талдау.
|
1
|
Ықшамдау принціпімен өрнектеу
|
Талдау
|
13
|
Сан есімнің
сөйлемдегі қызметін талдау
|
1
|
Сөйлемдегі қызметін білу
|
Талдау
|
14
|
Етістіктің құрамын,
лексика-грамматикалық мағынасын талдау
|
1
|
Етістіктің сұраулары
|
Талдау
|
15
|
Етістіктің
мағыналық түрлерін, категориялық-грамматикалық мағынасын талдау.
|
1
|
Мағыналық бірлігі,
жасалу жолдары
|
Талдау
|
16
|
Етістікті
категорияларына қарай талдау
|
1
|
Жұрнақтар және
олардың беретін мағыналары
|
Талдау
|
17
|
Тұйық етістіктің
құрамын, лексика-грамматикалық мағынасын талдау.
|
1
|
Қимыл әрекеттерді
жасайтын қосымшалар
|
Талдау
|
18
|
Етістіктің шақтарын
талдау
|
1
|
Шақтардың мазмұны,
талдау
|
Талдау
|
19
|
Етістіктің құрамын
сатылай-комплексті талдау
|
1
|
Етістіктің түрлері:
дара, күрделі
|
Талдау
|
20
|
Етістіктің құрамын
, лексика-грамматикалық мағынасын ықшамдау және талдау.
|
1
|
Сөйлем мүшелерін
орнымен қолдана алуы
|
Сөйлем мүшелеріне талдау
|
21
|
Есімдіктің
мағыналық түрлерін, категориялық-грамматикалық мағынасын талдау.
|
1
|
Есімдіктің қолдану
ерекшеліктерін білу
|
Ертегі құрастыру
|
22
|
Есімдіктің құрамын,
лексика-грамматикалық мағынасын ықшамдау, талдау
|
1
|
Есімдіктің қолдану
ерекшеліктерін білу
|
Сөйлем мүшелеріне талдау
|
23
|
Есімдіктің
сөйлемдегі қызметі
|
1
|
Есімдік ерекшеліктерін
білу
|
Талдау
|
24
|
Етістіктің құрамын
, лексика-грамматикалық мағынасын ықшамдау және талдау.
|
1
|
Сөйлем мүшелерін орнымен
қолдана алуы
|
Тест сұрақтарын дайындау
|
25
|
Үстеудің құрамын ,
лексика-грамматикалық мағынасын ықшамдау және талдау.
|
1
|
Үстеудің мағыналық
жағынан қызметі
|
Талдау
|
26
|
Үстеудің құрамын ,
лексика-грамматикалық мағынасын ықшамдау және талдау.
|
1
|
Мағыналық түрлері
|
Талдау
|
27
|
Үстеудің сөйлемдегі
қызметін талдау
|
1
|
Сөйлемдегі қызметі
|
Сөйлем мүшелеріне талдау
|
28
|
Еліктеу сөздердің
құрамын , лексика-грамматикалық мағынасын ықшамдау және талдау.
|
1
|
Еліктеуіш,
бейнелеуіш сөздерді ажырата алуы
|
Талдау
|
29
|
Еліктеу сөздердің
мағыналық түрлерін, категориялық-грамматикалық мағынасын талдау
|
1
|
Категориялық-грамматикалық
мағынасы
|
Талдау
|
30
|
Шылау, оның түрлері
|
1
|
Шылаудың жалпы
қызметі жайында түсінік
|
Тест сұрақтарын дайындау
|
31
|
Шылаудың сөйлемдегі
қызметін талдау
|
1
|
Шылаудың жалпы
қызметі жайында түсінікті қалыптастыру
|
Талдау
|
32
|
Одағай сөздерді
талдау
|
1
|
Одағай түрлері
|
Талдау
|
33
|
Одағайдың
сөйлемдегі қызметін талдау
|
1
|
Сөйлемдегі қызметі
|
Тест сұрақтарын дайындау
|
34
|
Сөз
таптарын талдау бойынша тест тапсырмалары.
|
1
|
Талдау реті
|
Тест тапсырмала-рын орындау
|
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Н. Оразахынова; Г. Сүлеева; К. Әбдрейменова; Ж.
Исаева «Қазақ тілі/Оқу құралы/ Алматы: 2003ж.
2.Сатылай комплексті талдау /Оқушылардың лабораториялық
жұмыстары / Алматы: 2003ж. 1,2 бөлім.
3.А.Ысқақов «Қазіргі қазақ тілі» /Морфология/ Алматы:
«Мектеп»
1964 ж.
4. Қ.Аханов «Тіл біліміне кіріспе» Алматы: «Мектеп»
1965ж.
5. С.Исаев «Қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің грамматикалық
сипаты» Алматы: «Рауан», 1998ж.
6. М. Томанов «Қазақ тілінің грамматикасы» Алматы:
«Мектеп»,
1988ж.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.