Главная / Другое / "Тіл - алтын қазына" атты сыныптан тыс жұмыс жоспары

"Тіл - алтын қазына" атты сыныптан тыс жұмыс жоспары

Мақсаты: Өз тілімізді құрметтеу, қастерлеу, тіл байлығын дамыту. Сол арқылы оқушылармен тіл туралы әдеби монтаж және мақал – мәтелдер, жұмбақтар сайысын өткізу. Халықымыздың мәдениетінің, тілінің өте биік, тағылымы мол екенін көрсету.

Мұғалімінің сөзі.

Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Сонымен бірге Қазақстанда туып – өскен кейбір халық өкілдері ішінде /татар, өзбек, қырғыз, неміс, ұйғыр, башқұрт, орыст/б / қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндері де бар.

Күні кешегіге дейін қазақ халқы патшалы Ресейдің қанауында болды, «бұртана халық» деп саналатын. Тіпті өзінің тура аты – қазақ деген атымен аталмай, көбінесе «киргиз», «қайсақ» деген тәрізді түрде бұрмалап аталатын. Қазақ тілі жеке, дербес тіл емес деп те есептелетін.

Еліміз тәуелсіздігін алған соң ҚР – ның Тіл туралы заңы шыққан. Ол 11 сайланған ҚР жоғары Кеңесінің кезектен тыс 14 сессиясында 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Ә.Тәжібаев былай деген екен:

Туған тілім- тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін!

Оқушы:

Өз тілінде сөйлеп өсті се ұрпақ,

Қазақ тілі – өнерінде шаңырақ.

Қазақ тілі – өз жұлдызың көктегі,

Қазақ тілі – кеудеңдегі шам – шырақ,

Қазақ тілі – өмірің де, өлең де,

Қазақ тілі –тамыр жайған тереңге,

Қазақ тілін болашаққа жетелеп,

Ұрпақтарды танытады әлемге



Оқушы:

Қазақ тілім – күн нұры шуақтайсың

Мөлдір таза, шық қәусар бұлақтайсың

Өнер, білім, ғылымда сәуле шашқан

Темірқазық жұлдызым – шырақтайсың.

Ана тілім – бүгінім, ертеңім де,

Ана тілі – өлеңім, ертегім де,

Сенің арқаң, туған тіл, сенің арқаң,

Сыйлымын да, азатпын, еркемін де.

Ана тілім – болашақ келешегім,

Сен арқылы биікпен теңесемін.

Өлең жазып, ой толғап өз тілімде,

Шыңға қадам басамын, мен өсемін.

Оқушы:

Шарпуы ар атының, жан отының,

Әкемдей құдіретті ана тілім.

Келесің от пен судан аман сақтап,

Астына алып мені қанатының.

Ана тіл – анамыздың ар – намысы,

Ана тіл – бабамыздың толғанысы,

Ана тіл – құлын тайдай шұрқыраған,

Даңғайыр даламыздың жан дауысы.

Ана тіл – Абай жыры, Мұхтар үні,

Ананың қасиетті сүтін емген,

Ана тіл – бал бөбектің құт дарыны

Оқушы:

Ана тіл – ақ әженің омырауы

Ана тіл – Алтынсарин қоңырауы

Өз тілін білген жанның мүмкін емес,

Өгейсіп, өзге тілді танымауы.

Ана тіл - туған елдің тұзы- дәмі,

Шуағы, жауыны мен мұзы, қары.

Ана тіл – наз қылығы ерке қыздың,

Өмірде басылмаған қызығы әлі.

Ана тіл – ақсақалдың пәк ғұмыры,

Ана тіл – ардагердің ақтық үні

«Жаным» - деп елжіреген сүйген жанның

Тілінен білінбей ме тәттілігі.

Шабыттың шамдықпаса кер дөнені,

Ешқашан бөле алмайсың елден мені,

Тоқтамай бір қалыпты соғып тұрған,

Ана тіл – бала жүрек кеудемдегі.

Оқушы:

Естілген төңірекке шат дауысым,

Тілімнің тірек етіп жатқаны шын.

Ана тіл – жан айнасы, абыройым

Мәңгілік жырлап өтер мақтанышым.

Ана тіл бар қызығым, азап – мұңым,

Ана тіл – ар – ожданым, азаттығым.

Өмірдің таңғажайып бесігінде,

Тербей бер ғұмыр бойы, қазақ тілім!

Мұғалім:

  • Туып өскен Торғайдың даласында,

Қайран елі – қазағы санасында.

Тілім үшін жазықсыз жапа шеккен,

Арысың кім, ойланбай табасың ба?

Хормен: - А. Байтұрсынов.

  • Елім деп тек соққан алып жүрегі,

Ахметтей ағасына іні еді.

Қазақ тілін терең зерттеп, танытқан.

Ғұламаның есімін кім біледі?

Хормен: Қ. Жұбанов.

Оқушы:

Ардақты, қасиетті тілім менің,

Сен менің – даналығым, жүгінгенім.

Ананың ақ сүтінен бастау алып.

Өрледім, өстім – өнді, мүдірмедім.

Сенің ғой өмірдегі ана тілім,

Бойға күш, жанға шипа алатыным.

Осы тіл – ұлт намысын қорғайтыным,

Сыр ашып, шырқап әнге салатыным.

Оқушы:

Осы тіл – даналардың ойындағы,

Осы тіл – қажыр – қайрат бойымдағы.

Тәуелсіз елдің ұлттық тілі екенін

Достар да, басқалар да мойындады.

Тілі осы сөйлеп кеткен бабалардың

Осы тіл махаббаты аналардың.

Тілі осы балдан тәтті бабалардың

Осыдан артық тілді таба алар кім?!

Оқушы:

Тағдырым, асыл қорым – тілім менің,

Үйреткен өмір ғылым – білімдерін,

Тілі мен салт – дәстүрін дүр көтеріп,

Өрлеуге қадам басты бүгін елім.

Өтті ғой талай зұлым астан – кестең,

Жазулы шежіре бар бастан кешкен

Өзгерді заман, басқа бақ орнады,

Қалмайық бел – белеске асқан көшкен.

Оқушы: Хормен:

Туған жер, көрем ыстық өр төбеңді,

Торықпан не болам деп ертең енді.

Бірігіп Қазақстан азаматы

Көтере береміз біз мәртебеңді!

Мұғалім:

Республикамыздың тәкелсіздік алып, тіліміздің мемлекеттік мәртебеге ие болуына байланысты сөз мәйегін теруге де құлшыныс арта түсуде. Ойды ұштасып, қиялды қанаттандыратын мақал – мәтелге айнала бастады. Қазақтың мақал – мәтелдерінің айтары – өсиет, ұлағат, тәлім, парасат, ізгілік.

/ Тіл туралы мақал – мәтелдерді оқушылар кезекпен айтады/.

Жұмбақ – халық шығармашылығының ішіндегі ең ескі түрінің бірі және барлық жұрттың фальклорына ортақ түрі. Қай кезді алсақ та, жұмбақ өткір, ұшқыр сөз есебінде, халық арасында бағалы болған.

Жұмбақ айтысынан үлгі.

Айтушы:

Бірде болып, бірде болмай тұрағы,

Екі жалғау жасырынып тұрады.

Сол екі жасырынған жалғауды

Ал, кәнекей, кімдер тауып шығады?

Шешуші:

Жалғаулармен мен де көптен таныспын,

Талай рет сынға түсіп жарыстым.

Жасырынған сол екі жалғаудың –

Жалғауы ғой ілік пенен табыстың.

Айтушы:

Тағы да бір жұмбағымды айтайын,

Тіліміздің күйін бүгін тартайын.

Сөз табардан тоғыз бала тарапты,

Сол тоғыз немене екен, байқайын?

Шешуші:

Білетіндер осылай бір демес пе,

Шақырғаның қандай жақсы кеңеске.

Сөз табардан тоғыз бала тараса,

Сол тоғыз сөз табы емес пе?

Айтушы:

Қой аузынан шөп алмас момын еді,

Тайға таңба басқандай анық еді.

Ит арқасы қияннан ізде жүріп,

Құлын жортпас қиырдан тауып еді.

Шешуші:

Бұл жұмбақта не сыр бар ойланайық,

Әр сөзіне зер салып толғаналық.

Байқағанға төрт жолын бәрі бірдей,

Тұрақты сөз тіркесі болмай ме анық

Айтушы:

Тағы жұмбақ айтайын тыңдасаңыз,

Оған өкпе, реніш қылмасаңыз.

Алдымызда асу тұр, ол немене?

Сол асудан бәріміз бірге асамыз.

Шешуші:

Ол асуың, мен білем, білім болвр,

Білім – теңіз, дария – ғылым болар.

Оның жолын ұлылар айтып кеткен,

Осыменен жұмбаққа тыным болар.

Мұғалім сөзі:

Халық түсінігінде шашеннің сөзі қынаптан суырылған қылыштай өткір, соқырға таяқ ұстатқандай анық, бойға қуат, көңілге медет болатындай терең мағыналы әрі көркем болуға тиіс. «Жүзден біреу шешен, мыңнан біреу көсем». Дегеннен шешендікте үлкен талғам болатыны аңғарылады. Ерекше қабілеті бар адамдар елді аузына қаратып, дүйім жұртты ұйып тыңдайтын жәрежеге жеткізеді. Талас, даулы мәселелерді екі – ақ ауыз сөзбен шешіп тапқырлық танытады. Сондықтан ондай адамдарға халықтың өзі «шешен» деген ат береді. Құрметті оқушылар, біз де қазақ тілінің мәртебесін көтеріп, халықтың қалаулысы, елімізді көркейтетін азаматы болайық.











"Тіл - алтын қазына" атты сыныптан тыс жұмыс жоспары
  • Другое
Описание:

Мақсаты: Өз тілімізді құрметтеу, қастерлеу, тіл байлығын дамыту. Сол арқылы оқушылармен тіл туралы әдеби монтаж және мақал – мәтелдер, жұмбақтар сайысын өткізу. Халықымыздың мәдениетінің, тілінің өте биік, тағылымы мол екенін көрсету.

Мұғалімінің сөзі.

       Қазақ тілі – қазақ халқының ана тілі. Сонымен бірге Қазақстанда туып – өскен кейбір халық өкілдері ішінде /татар, өзбек, қырғыз, неміс, ұйғыр, башқұрт, орыст/б / қазақ тілін ана тілім деп есептейтіндері де бар.

      Күні кешегіге дейін қазақ халқы патшалы Ресейдің қанауында болды, «бұртана халық» деп саналатын. Тіпті өзінің тура аты – қазақ деген атымен аталмай, көбінесе «киргиз», «қайсақ» деген тәрізді түрде бұрмалап аталатын. Қазақ тілі жеке, дербес тіл емес деп те есептелетін.

     Еліміз тәуелсіздігін алған соң ҚР – ның Тіл туралы заңы шыққан. Ол                     11 сайланған ҚР жоғары Кеңесінің кезектен тыс 14 сессиясында 1989 жылы 22 қыркүйекте қабылданды. Ә.Тәжібаев былай деген екен:

Туған тілім-  тірлігімнің айғағы

Тілім барда айтылар сыр ойдағы.

Өссе тілім мен де бірге өсемін,

Өшсе тілім мен де бірге өшемін!

Оқушы:

Өз тілінде сөйлеп өсті се ұрпақ,

Қазақ тілі – өнерінде шаңырақ.

Қазақ тілі – өз жұлдызың көктегі,

Қазақ тілі – кеудеңдегі шам – шырақ,

Қазақ тілі – өмірің де, өлең де,

Қазақ тілі –тамыр жайған тереңге,

 Қазақ тілін болашаққа жетелеп,

 

Ұрпақтарды танытады әлемге

Автор Итенова Слушаш Жаксенбаевна
Дата добавления 18.01.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 817
Номер материала 54342
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓