Инфоурок Другое КонспектыТізбектелген сабақтар топтамасының бір сабақ бойынша толық рефлексиялық есеп.

Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабақ бойынша толық рефлексиялық есеп.

Скачать материал

 

Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабақ бойынша толық рефлексиялық есеп.

...Адамзат баласы шыр етіп өмірге келгеннен кейін,

 ол  белгілі бір ортаға бейімделіп,

өмір сүру қалпын  жалғастыратыны сөзсіз.

Осындай  «жеке  әлемді»  зерттеп, танып-білуде, олардың сана-сезімін  көтеріп, өмірге, қоғамға  бейімдеуде  мұғалімнің  алатын  орны  ерекше. Кәсіби тұрғыдан маманданған мұғалім озық педагогикалық  технологияларды  пайдалана  отырып, баланы өзгермелі  өмірге дайындайды, сол арқылы өзі  де үнемі  өзгеріс, кәсіби  даму  үстінде  болады.

        Мектептегі  тәжірибе  кезеңінде  баланы  сыни  тұрғысынан  ойлауға  үйрету  модулін  тізбектелген  сабақтар  топтамасына  енгізуді, сол  арқылы  баланың  шығармашылық  қабілетін  дамытуға, баланың ойына серпіліс   ендіруді  мақсат  етіп  қойдым. Осы  мақсат  үдерісінен  шығу  үшін  әр сабақта  баланың  сөздік  қорының  көп  болуына,   өзіне  керекті   сөздерді дұрыс қолдана білуіне, сауатты  да  мәдениетті  сөйлеулеріне, көркем жазуына  жете  мән беру, сан алуан әрекет  арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын сенімділігін жауапкершілігін  біртіндеп дамыту қажет. Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқымдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған  білімдерін  сыныптан тыс жерде, кез - келген  жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету - сындарлы (конструктивті) оқытудың  мақсаты. Мұнда  негізгі мәселе  тиісті  сабақтарда  қарастырылатын  жеті  модульге  сараланған. Орта білім беру жүйесінде әлемдік  жоғарғы деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. Сын тұрғысынан ойлау-бақылау,тәжірибе,  толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты  ұғыну бағалау, талдау және синтездеу қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негізгі, түрткі болуы да мүмкін.Сын тұрғысынан ойлау  көбінесе   бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге  жаңа  немесе  түрлендірілген  тәсілдерді  енгізуге  дайын  болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық  әрекеттерге  және  басқаларды  сын тұрғысынан  ойлауға  баулуды  білдіреді. (1/46)

Мен 8 сыныпта әдебиет пәнінен сабақ жүргізген болатынмын. Бұл өткізген төртінші сабағым болатын. Менің сабағым Шыңғыс Айтматов «Найман ана» романынан үзінді. Мұндағы мақсатым - оқушыларды романнан алынған үзіндінің мазмұнымен тереңірек таныстыру. «Найман ана» әңгімесінің тақырыбымен жазушының идеялық тұрғысынан білу керек болды. Сабағымның ұйымдастыру бөлімінде сыныпта психологиялық ахуал туғызуда «Наурыз» сергіту сәтін жүргізе келіп, соңғы орындалысында,яғни, алтыбақан деген кезде оқушылар үш-үштен тұрып алтыбақан тебеді. Осы бағыттар бойынша оқушыларды 3 топқа бөлініп

отырғызылады.                                                                        1- cурет. Сергіту сәті «Наурыз»

Нәтижесінде оқушыларға сергіту сәті мен топқа           Алтыбақан көрінісімен топқа отыру

 

бөлініп отырғызуда қызықты болды деп, өз ойларын сабақтың ұйымдастыру бөлімін бастамас бұрын айтып өткен болатын.Үй жұмысын  жүргізуде «Патша тағы» әдісі.                              арқылы оқушыларды ортаға өз еркінмен шығуды ұсындым. Себебі өткен тақырыптарды еске түсіруде оқушыларға өздеріне сұрақтар қойғызып,өздеріне жауап айтқызуды ойластырған болатынмын. Бұл жерде ойымдағыдай болып шықты деп ойлаймын. Себебі оқушылардың қызығушылығы, ойлауы, сұрақтарды еркін қойып, сол сұрақтарға жауап бере отырып, «Тек, апай мен отырайыншы»,- деп отырған оқушылар көп болды,сонымен бірге «Мен елімді сүйемін» тақырыбына жазған эссені әдемі дауыстарымен оқып берген   болатын.

 

 

2-сурет. «Мен елімді сүйемін» эссені оқуда

«Қызығушылығын ояту» арқылы қажетті ақпаратты тану үшін жаңа тақырыпты табуға жол ашуды мақсатқа алдымын. Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін «Найман ана» бейнебаяннан үзінді  көрсеткен едім. Оқушыларға түрткі болатындай сұрақтар қойған болатынмын. Жазушы есімін  естігенде сенің көз алдыңа не келеді? Мына бейнебаянды  көргенде  қандай өзекті мәселе туындады? Мәңгүрт сөзі қандай мағына береді? Осы сыни сұраққа жауап ала отырып, жаңа  тақырыпты  ашумен  байланыстыруды қолға  алған едім. Шыңғыс Айтматов «Найман ана» романынан үзінді туралы  оны интербелсенді тақтадан бейнебаянды  көрсете отырып  та топтарға берілетін тапсырма «Найман ана» әңгімесінен үзіндісінен беріледі. Бұл жерде С.Мирсеитова  «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» кітабынан  «Әдеби үйірме» әдісін алған болатынмын. Баяндап беруші: оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, әңгіменің қысқаша мазмұнын дайындайды; Зерттеуші: оның міндеті әңгімедегі негізгі оқиғасы мен өткен тапсырманың қалған бөлігі болуы мүмкін ойды зерделеу; Сұрақтар құрастырушы: негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің  жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындау; Дәнекер: оның міндеті әңгімедегі негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру.

Ережелерін оқушыларға таныстыра отырып, топқа жеке тапсырмалар беріліп, көзбен көру және мектептегі сандық  ақпарат көздерімен жұмыстарын пайдаланып, өздерінің ой-пікірлерін жинастырған болатын. Бұл жерде оқушылар жақсы атсалысып отырды. Нәтижесінде С деңгейіндегі А оқушы өзіне жүктелген жұмысына қатынасып отырды. Мен осыған өте таң қалған едім. Сонымен бірге А деңгейіндегі А оқушы мен В деңгейіндегі А оқушы арасында диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытудың бес элементінің бірі де жүріп отырды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3-сурет.                                                                                    4-сурет.

Топ сыртынан зерттеу жұмысын  жасау                            Сабақта өзара диалог жүруде                 

5-сурет. Оқушының өзара диалог кезінде сөйлеген сөздері

Берілген уақытта оқушылар өз жұмыстарын аяқтап, содан соң баяндау 1топ, зерттеуші 1топ, сұрақтар құрастырушы 1 топ, дәнекер 1 топтармен бірлесіп, білген түсініктерін топтарда өз ойларымен  бөлісіп, топта түйінді тұжырым шығарып, ортаға салған еді. Байқағаным, ойларын алдыңғы сабақтардан гөрі ашық, еркін сөйлеу, оқу нәтижелері тиянақталғандай болып көрінді.Сабағымның талдау  бөлімінде әрдайым ойын   түрдегі  тапсырма  ұсынып отырдым. Ол шағын «Ақсүйек» ойыны болды. Яғни, ақсүйектің ішінде өткен тақырыптар мен бүгінгі танысқан тақырыптар төңірегінде сұрақтар жасырған болатынмын. Сол тапсырма сұрақтарды оқушылар алдына лақтырып тастадым. Көмек  ретінде ішінен тақырыпқа қатысты сұрақтарды табулары керек,-дедім. Балалар сол жерде  өзара  жарысып, шуласып кетті. Олар  топпен өзара ақылдасып, талқылап, жауабын іздеуді де жауапкершілік екенін сезінді. Бұл жерде зерттеушілік әңгіме туындағандай болды. Себебі дәлелдеме сөздермен келтіріп, өз ойларын, тақырыпты қаншалықты меңгергенін көрсете білді. Бұл тапсырма  диалогтік оқыту арқылы балалардың  қызығушылығын  оятты  және  әр  бала  тапсырманы  орындауға  әр  қырынан  келді. Бұл  олардың  сыни  ойлауын  тудырды,- деп  ойлаймын, әрі сенімдемін.

Сабақта әрдайым оқушыларды оқыту үшін бағалауда (смайликтер, мадақтау, шапалақтау) жүріп отырды. Тақырыпта не ұққандарын, не түсінгендерін  кемшіліктері мен айырмашылықтарын көруге нәтижелерін бағалауға мүмкіндік бердім.Берілген тапсырмаға топ мүшелері түгел атсалысып сындарлы пікір,түйінді ой айтуына мүмкіндік берілді. Оқушылармен кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін орнаттым. Кері байланысты қарап отырсам, мынадай сұрақтар ұсынылған екен. Сабақ маған ұнады? Мұғалімге бақыт гүлін сыйлаймын?  Неге? Ш.Айтматовтың шығармасын кейінірек толырақ таныссам? деген ойды айтқан болатын. Осы пікірлер маған не үшін құнды деп ойлап қарасам, оқушылар топпен жұмыстар жасауға төселіп келе жатқандай. Кемшіліктерім тапсырмаларды дәптерлеріне  жазылмауы, тиімді уақыттың жетіспеушілігі болды. Ойымызды оқушыларды бағалау критерийі бойынша стикерлер  арқылы, қорытынды  бағаладым.                                                                                                  6-сурет.

«Екі  жұлдыз, бір  тілек» Кері байланыс

Мұнда оқыту мен оқудың қазіргі заманғы  әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі мен кәсіби  шеберлігімен  өзара  байланыста  қарастырылады. Сабақтан түйгенім оқушылардың күні бұрын берілген тапсырма бойынша да,сабақ үстінде берілген  тапсырма бойынша да қосымша ізденеді,өз бетімен дайындалады. Бағдарламадағы жеті модульді сабақтарда кіріктіріліп  қолдануда, оқушыларға тиімді әдіс-тәсілдерді

 

 

пайдаланғанда, оқушылар жан-жақты ойланады, қалай оқу керектігін ұғынады, берілген сұрақтарға жауап іздейді, өз ойларын дәлелдейді, достық қарым-қатынастар орнайды. Оқушылар алған ақпараттарды синтездейді. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын білдіреді.Топпен жұмыс істеуге  бірлесе шешім қабылдауға талпынады.Алған білімін өмірде  пайдалануға үйренеді. Оқушы жан-жақты біліммен қаруланады. «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, ал мұғалім  болса  сол әрекетті басқарып  бағыттап отырушы  болу керек»,-деген екен. «Көпіршелер» - оқушыға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп,  біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интерактивті мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын метафора айтқан пікіріне келісемін.(1/25)

Әр сабаққа  кірген  сайын оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауға  төселіп келе жатқанын байқадым. Пайымдау үш бөліктен тұрады,тезис, дәлелдеу, қорытындылау. Сонымен бірге қолданған түйіндемедегі 8 тезистен де шығаруға да болады екен. Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? Неліктен? Сұрақтарына жауап береді деп сөзін қорытындылады.Мен бұрын бәрін  бастан-аяқ сабағымды   өзім  баяндайтын  болсам, енді  көбінесе баланы бақылап, сырттарынан сүйсіне  қарап  тұратын  күйге  жеттім.(1/32) Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып мен оқушыларға  суреттер, естелік жазбалар сияқты дәлелдерді жинақтау және  топтастыруға тапсырма бергенімде  олардың топтасып, пікірлерін тыңдап отырғанына  жұмысқа қызығушылықпен  қатысқанына көзім жетті.Балалар  топтарда  жұмыс  жасады, өзара пікір алмасты, сыни  тұрғыдан  ойланды, диалогтік  әңгіме  өрбітті, бір-бірінің  жазғандарын  толықтырды, өз жазғандарын  ортада  қорғады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес,әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас  бөлшегі болып табылатындығына көзім жетті.(1/37)Интербелсенді тақтадан аудиокітапты пайдалана отырып, бірнеше  шығармашылық тапсырмалар, топ оқушылары арасында қатыспай отырған оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі; Үзінді өлеңнен сөйлем құрастыру тізбектер бойынша орналастырады, атауын айтады; ұсынылды. «Көзбен көретін айғақтар» әдісін  пайдаланғандағы мақсатым, тақырыпқа  қатысты  сабаққа қатыспай отырған оқушыларға бергенде  де  балалар  сыни  тұрғысынан ойланып, өз сөздерімен сындарлы  жауаптар  берді. Қойылған  ширату  тапсырманы мынадай  түрде  болды. Мысалы: АКТ-мен жұмыс жасауда  интербелсенді тақтада актив студияда   жұмыс  жасауға төселді. Мұнда да балалар  сыни  тұрғыдан ойлап, сындарлы  жауаптар  айтты. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез –келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес, сондай-ақ баланың  дамуы, оқуы мен ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін - өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. «Оқыту үшін бағалау»  білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі деп танимыз. Мұнда  балалар  дәптермен  жеке жұмыстар  жүргізді, әркім өз пікірін  жазды, рефлексия  жүрді. Кері байланысты алғанымда  «Сіздерге не ұнады?» деп сұрақ қойдым,  сауалнама жұмыстарында бірін-бірі бағалауы, топтасып жұмыс істегендері, табыс критерийі арқылы

 

 

 

бағаланғаны  ұнайтындықтарын жазған.

Осындай  сабақтар  топтамасын  өткізе  отырып, мен  дәстүрлі  сабақтар мен сыни  тұрғысынан ойлау  сабақтары  арасында  елеулі  айырмашылықтардың  болатындығына  көз  жеткіздім. Дәстүрлі  сабақта   мұғалім  өзі  түсіндіреді, тақырыпты  талдайды, оқушы  мұғалімнің  айтқанын  қайталайды, тапсырманы  орындай  алса, орындайды,  орындай  алмаған  бала  қалыс  қала  береді. Сыни  тұрғысынан  ойлауға  үйрету  сабақтарында  мұғалім баланы оқушылардың  сыни  ойлауын  дамытатындай  тапсырмаларға  бағыттайды, оқушылар  өз  ойларын  ашық айтып, пікірлерін  қорғайды, кез - келген  мәселеге  сыни  көзбен  қарауға  үйренеді, қалыс  қалатын  оқушы  болмайды.

Қорыта  келе айтарым, қазақ  әдебиеті    сабақтарында  сыни  тұрғысынан  ойлауға  үйрету  мынадай  мүмкіндіктерге  жол  ашады.

Сәтті жағы оқушылар топқа бөлінуі, топта бірлесіп жұмыс жасауы, өз ойларымен бөлісуі, ақылдасуы, берілген әдіс-тәсілдердің орындалысын еркін меңгеруі. Сәтсіз жағы уақыттың жетіспеушілігі, кейбір оқушылардың ойларын еркін жеткізе алмауы, қобалжуы. Сыни  тұрғысынан ойлауға үйрету  стратегияларын  сабақ  барысында  қолдану  жаңа  материалдағы  оқиға  мен  құбылыстарды  оқушылардың өздері  байқап, талдауына  жағдай  жасайды. Демек, білім  оқушыларға  даяр  күйінде  берілмейді, баланың  ой еңбегін  қажет  ететін  тапсырмаларды  орындауы  арқылы  беріледі. Оқушылар  жаңа  білім  бойынша  өз  жобалары, болжамдарын  тыңдап, талқылауды  үйренеді, яғни мұны оқушылардың   тапсырманы  орындау  барысында  белгілі  бір шешім  қабылдауда сыни  тұрғыда  ойланып, әрекет  етуі  деп  түсінемін. Баланың  өз  бетімен  ізденуге  деген  талпынысы, ынтасы, белсенділігі  артады, сондықтан  бала әрі қарай  тақырыпты өз бетімен  ізденіп, табады және өз ойын жетілдіреді. Жазу  кезінде  бала  санасында  ғажайып  ойлар  пайда  болады, ол ойын  жарыққа  шығарады, өзгенің  сөзін  тыңдау  арқылы  өзінің  өзгеге  құрметін  көрсетеді  және  өзін  өзгенің  тыңдауына, сыйлауына  жол  ашады. Әр  оқушы өз  ойына  шек  келтірмей  жауап  беруге  дағдыланады. Менің бұл модульді  алған  себебім, болашақ ұрпақтың кез - келген қоғамда, кез -келген жағдайда өзін-өзі алып шығатындай  дәрежеге  жеткізу. Аталған сабақтарымда бағалау критерийлерін күрделі етіп алу, кей топтарда тапсырмалардың толық орындалмауы сияқты қателіктер кетті. Көрсетілген  қателіктерді болдырмау үшін  болашақта мен бағалау критерийлерін балалармен бірлесе жасаймын, толық орындалмаған тапсырманы орындауға белгілі бір уақыт аралығында бірлесіп талқылауды ұсынамын. Сабағымда оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында диалогтың түрлерін қолдана алуды шыңдау қажет. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлануын қалыптастыратын сұрақтар түрлерін енгізуім шарт. Сыни ойлау қабілеттерін шыңдау барлық мұғалімдердің құзырында деп білемін. Сондықтан да алдағы жұмыс барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде оқушылардың сыни ойлана бағалауын дамытуым қажет. Сонымен қатар, сапалы және табысты оқыту барысында оқушылардың   жағдай жасау, ұтқырлығын тиімді пайдалануға, бір-біріміздің тәжірибемізбен бөлісіп, алдағы уақытта да бағдарламаның негізгі идеясы 7 модульді кіріктіре отырып сабағымызда білім дәрежесін  жоғарлатуға, оқушылардың өз бетімен оқуына көмегі зор деп ойлаймын. Сонымен, барлық жеті модульдің бір-бірімен тығыз байланысты екеніне көзіміз жетіп отыр. Заманауи білім беруге жаңаша өзгеріс енгізуде ұсынылып отырған әдіс-тәсілдердің пайдасы мол екенін ескеру керек. Осындай жаңаша құрылған сабақтар өткізе отырып, оқушылардың білім сапасының артуына, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың  өз беттерімен ізденуіне, ой-бөлісуіне, ең бастысы, еліміздің дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны жеке тұлға қалыптасуына өз септігімізді тигізе аламыз деп айтқым келеді.   Білім беру саласындағы жаңа өзгерістер болашақ ұрпақтың ел мүддесіне еңбек етер, өзіндік ойы бар, жеке тұлға болып қалыптасуын мақсат еткендіктен  өзіме жүктелген жауапкершілікті сезінемін.Өйткені, мектеп  жұмысы  мен  оқушы   жетістіктерін  өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім. Осындай жаңа тәсілдерді өз сабақтарымда пайдаланып, қолданып   өткізіп   

отыратыныма сенімдімін  осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдалансам, игі нәтижеге жетері сөзсіз.

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланған әдебиеттер:

1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012ж.

2. «Ұстаздық еткен жалықпас» дидактикалық  әдістемеcі,  2010ж.  Б.Әубәкірова

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тізбектелген сабақтар топтамасының бір сабақ бойынша толық рефлексиялық есеп."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

...Адамзат баласы шыр етіп өмірге келгеннен кейін, ол белгілі бір ортаға бейімделіп,өмір сүру қалпын жалғастыратыны сөзсіз.Осындай «жеке әлемді» зерттеп, танып-білуде, олардың сана-сезімін көтеріп, өмірге, қоғамға бейімдеуде мұғалімнің алатын орны ерекше. Кәсіби тұрғыдан маманданған мұғалім озық педагогикалық технологияларды пайдалана отырып, баланы өзгермелі өмірге дайындайды, сол арқылы өзі де үнемі өзгеріс, кәсіби даму үстінде болады. Мектептегі тәжірибе кезеңінде баланы сыни тұрғысынан ойлауға үйрету модулін тізбектелген сабақтар топтамасына енгізуді, сол арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамытуға, баланың ойына серпіліс ендіруді мақсат етіп қойдым. Осы мақсат үдерісінен шығу үшін әр сабақта баланың сөздік қорының көп болуына, өзіне керекті сөздерді дұрыс қолдана білуіне, сауатты да мәдениетті сөйлеулеріне, көркем жазуына жете мән беру, сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау, жетілдіру, жеке тұлғаның өзіндік идеясын, көзқарасын сенімділігін жауапкершілігін біртіндеп дамыту қажет. Оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ой-тоқымдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез - келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету - сындарлы (конструктивті) оқытудың мақсаты. Мұнда негізгі мәселе тиісті сабақтарда қарастырылатын жеті модульге сараланған. Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғарғы деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы оқыту теориясына негізделген тәсіл кең тараған. Сын тұрғысынан ойлау-бақылау,тәжірибе, толғану және пайымдау нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну бағалау, талдау және синтездеу қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негізгі, түрткі болуы да мүмкін.Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуды көздейді, ол ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқаларды сын тұрғысынан ойлауға баулуды білдіреді. (1/46)Мен 8 сыныпта әдебиет пәнінен сабақ жүргізген болатынмын. Бұл өткізген төртінші сабағым болатын. Менің сабағым Шыңғыс Айтматов «Найман ана» романынан үзінді. Мұндағы мақсатым - оқушыларды романнан алынған үзіндінің мазмұнымен тереңірек таныстыру. «Найман ана» әңгімесінің тақырыбымен жазушының идеялық тұрғысынан білу керек болды. Сабағымның ұйымдастыру бөлімінде сыныпта психологиялық ахуал туғызуда «Наурыз» сергіту сәтін жүргізе келіп, соңғы орындалысында,яғни, алтыбақан деген кезде оқушылар үш-үштен тұрып алтыбақан тебеді. Осы бағыттар бойынша оқушыларды 3 топқа бөлініп отырғызылады. 1- cурет. Сергіту сәті «Наурыз»Нәтижесінде оқушыларға сергіту сәті мен топқа Алтыбақан көрінісімен топқа отырубөлініп отырғызуда қызықты болды деп, өз ойларын сабақтың ұйымдастыру бөлімін бастамас бұрын айтып өткен болатын.Үй жұмысын жүргізуде «Патша тағы» әдісі. арқылы оқушыларды ортаға өз еркінмен шығуды ұсындым. Себебі өткен тақырыптарды еске түсіруде оқушыларға өздеріне сұрақтар қойғызып,өздеріне жауап айтқызуды ойластырған болатынмын. Бұл жерде ойымдағыдай болып шықты деп ойлаймын. Себебі оқушылардың қызығушылығы, ойлауы, сұрақтарды еркін қойып, сол сұрақтарға жауап бере отырып, «Тек, апай мен отырайыншы»,- деп отырған оқушылар көп болды,сонымен бірге «Мен елімді сүйемін» тақырыбына жазған эссені әдемі дауыстарымен оқып берген болатын. 2-сурет. «Мен елімді сүйемін» эссені оқуда«Қызығушылығын ояту» арқылы қажетті ақпаратты тану үшін жаңа тақырыпты табуға жол ашуды мақсатқа алдымын. Оқушылардың көңілін жаңа сабаққа аудару үшін «Найман ана» бейнебаяннан үзінді көрсеткен едім. Оқушыларға түрткі болатындай сұрақтар қойған болатынмын. Жазушы есімін естігенде сенің көз алдыңа не келеді? Мына бейнебаянды көргенде қандай өзекті мәселе туындады? Мәңгүрт сөзі қандай мағына береді? Осы сыни сұраққа жауап ала отырып, жаңа тақырыпты ашумен байланыстыруды қолға алған едім. Шыңғыс Айтматов «Найман ана» романынан үзінді туралы оны интербелсенді тақтадан бейнебаянды көрсете отырып та топтарға берілетін тапсырма «Найман ана» әңгімесінен үзіндісінен беріледі. Бұл жерде С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» кітабынан «Әдеби үйірме» әдісін алған болатынмын. Баяндап беруші: оның міндеті өз көзқарасы тұрғысынан немесе өз ойына сүйене отырып, әңгіменің қысқаша мазмұнын дайындайды; Зерттеуші: оның міндеті әңгімедегі негізгі оқиғасы мен өткен тапсырманың қалған бөлігі болуы мүмкін ойды зерделеу; Сұрақтар құрастырушы: негізгі оқиғаларды қамтитын немесе әңгіменің жалпы мазмұны бойынша сұрақтар дайындау; Дәнекер: оның міндеті әңгімедегі негізгі идеяларды немесе оқиғаларды бүгінгі өмірмен байланыстыру. Ережелерін оқушыларға таныстыра отырып, топқа жеке тапсырмалар беріліп, көзбен көру және мектептегі сандық ақпарат көздерімен жұмыстарын пайдаланып, өздерінің ой-пікірлерін жинастырған болатын. Бұл жерде оқушылар жақсы атсалысып отырды. Нәтижесінде С деңгейіндегі А оқушы өзіне жүктелген жұмысына қатынасып отырды. Мен осыған өте таң қалған едім. Сонымен бірге А деңгейіндегі А оқушы мен В деңгейіндегі А оқушы арасында диалог арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытудың бес элементінің бірі де жүріп отырды. 3-сурет. 4-сурет.Топ сыртынан зерттеу жұмысын жасау Сабақта өзара диалог жүруде 5-сурет. Оқушының өзара диалог кезінде сөйлеген сөздеріБерілген уақытта оқушылар өз жұмыстарын аяқтап, содан соң баяндау 1топ, зерттеуші 1топ, сұрақтар құрастырушы 1 топ, дәнекер 1 топтармен бірлесіп, білген түсініктерін топтарда өз ойларымен бөлісіп, топта түйінді тұжырым шығарып, ортаға салған еді. Байқағаным, ойларын алдыңғы сабақтардан гөрі ашық, еркін сөйлеу, оқу нәтижелері тиянақталғандай болып көрінді.Сабағымның талдау бөлімінде әрдайым ойын түрдегі тапсырма ұсынып отырдым. Ол шағын «Ақсүйек» ойыны болды. Яғни, ақсүйектің ішінде өткен тақырыптар мен бүгінгі танысқан тақырыптар төңірегінде сұрақтар жасырған болатынмын. Сол тапсырма сұрақтарды оқушылар алдына лақтырып тастадым. Көмек ретінде ішінен тақырыпқа қатысты сұрақтарды табулары керек,-дедім. Балалар сол жерде өзара жарысып, шуласып кетті. Олар топпен өзара ақылдасып, талқылап, жауабын іздеуді де жауапкершілік екенін сезінді. Бұл жерде зерттеушілік әңгіме туындағандай болды. Себебі дәлелдеме сөздермен келтіріп, өз ойларын, тақырыпты қаншалықты меңгергенін көрсете білді. Бұл тапсырма диалогтік оқыту арқылы балалардың қызығушылығын оятты және әр бала тапсырманы орындауға әр қырынан келді. Бұл олардың сыни ойлауын тудырды,- деп ойлаймын, әрі сенімдемін.Сабақта әрдайым оқушыларды оқыту үшін бағалауда (смайликтер, мадақтау, шапалақтау) жүріп отырды. Тақырыпта не ұққандарын, не түсінгендерін кемшіліктері мен айырмашылықтарын көруге нәтижелерін бағалауға мүмкіндік бердім.Берілген тапсырмаға топ мүшелері түгел атсалысып сындарлы пікір,түйінді ой айтуына мүмкіндік берілді. Оқушылармен кері байланыс «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісін орнаттым. Кері байланысты қарап отырсам, мынадай сұрақтар ұсынылған екен. Сабақ маған ұнады? Мұғалімге бақыт гүлін сыйлаймын? Неге? Ш.Айтматовтың шығармасын кейінірек толырақ таныссам? деген ойды айтқан болатын. Осы пікірлер маған не үшін құнды деп ойлап қарасам, оқушылар топпен жұмыстар жасауға төселіп келе жатқандай. Кемшіліктерім тапсырмаларды дәптерлеріне жазылмауы, тиімді уақыттың жетіспеушілігі болды. Ойымызды оқушыларды бағалау критерийі бойынша стикерлер арқылы, қорытынды бағаладым. 6-сурет.«Екі жұлдыз, бір тілек» Кері байланысМұнда оқыту мен оқудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті тәжірибесі мен кәсіби шеберлігімен өзара байланыста қарастырылады. Сабақтан түйгенім оқушылардың күні бұрын берілген тапсырма бойынша да,сабақ үстінде берілген тапсырма бойынша да қосымша ізденеді,өз бетімен дайындалады. Бағдарламадағы жеті модульді сабақтарда кіріктіріліп қолдануда, оқушыларға тиімді әдіс-тәсілдерді пайдаланғанда, оқушылар жан-жақты ойланады, қалай оқу керектігін ұғынады, берілген сұрақтарға жауап іздейді, өз ойларын дәлелдейді, достық қарым-қатынастар орнайды. Оқушылар алған ақпараттарды синтездейді. Өзгенің пікірін тыңдап, оған өз көзқарасын білдіреді.Топпен жұмыс істеуге бірлесе шешім қабылдауға талпынады.Алған білімін өмірде пайдалануға үйренеді. Оқушы жан-жақты біліммен қаруланады. «Ең алдымен баланы бір әрекетке тарту үшін, сен оны қызықтыр, дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса, ал мұғалім болса сол әрекетті басқарып бағыттап отырушы болу керек»,-деген екен. «Көпіршелер» - оқушыға ЖАДА бойынша қолдау көрсетіп, біреудің көмегінсіз орындай алмайтын тапсырманы орындауға мүмкіндік беру үшін мұғалімдер ұсынатын интерактивті мүмкіндіктерді сипаттау үшін қолданылатын метафора айтқан пікіріне келісемін.(1/25) Әр сабаққа кірген сайын оқушылардың шығармашылықпен жұмыс жасауға төселіп келе жатқанын байқадым. Пайымдау үш бөліктен тұрады,тезис, дәлелдеу, қорытындылау. Сонымен бірге қолданған түйіндемедегі 8 тезистен де шығаруға да болады екен. Пайымдау мәтіні белгілі бір пікірді түсіндіреді, дәлелдейді және не үшін? Неліктен? Сұрақтарына жауап береді деп сөзін қорытындылады.Мен бұрын бәрін бастан-аяқ сабағымды өзім баяндайтын болсам, енді көбінесе баланы бақылап, сырттарынан сүйсіне қарап тұратын күйге жеттім.(1/32) Сын тұрғысынан ойлау мәнмәтінді есепке ала отырып мен оқушыларға суреттер, естелік жазбалар сияқты дәлелдерді жинақтау және топтастыруға тапсырма бергенімде олардың топтасып, пікірлерін тыңдап отырғанына жұмысқа қызығушылықпен қатысқанына көзім жетті.Балалар топтарда жұмыс жасады, өзара пікір алмасты, сыни тұрғыдан ойланды, диалогтік әңгіме өрбітті, бір-бірінің жазғандарын толықтырды, өз жазғандарын ортада қорғады. Мерсердің зерттеуіне сәйкес,әңгімелесу оқушылардың оқуының ажырамас бөлшегі болып табылатындығына көзім жетті.(1/37)Интербелсенді тақтадан аудиокітапты пайдалана отырып, бірнеше шығармашылық тапсырмалар, топ оқушылары арасында қатыспай отырған оқушыларға жеке тапсырмалар беріледі; Үзінді өлеңнен сөйлем құрастыру тізбектер бойынша орналастырады, атауын айтады; ұсынылды. «Көзбен көретін айғақтар» әдісін пайдаланғандағы мақсатым, тақырыпқа қатысты сабаққа қатыспай отырған оқушыларға бергенде де балалар сыни тұрғысынан ойланып, өз сөздерімен сындарлы жауаптар берді. Қойылған ширату тапсырманы мынадай түрде болды. Мысалы: АКТ-мен жұмыс жасауда интербелсенді тақтада актив студияда жұмыс жасауға төселді. Мұнда да балалар сыни тұрғыдан ойлап, сындарлы жауаптар айтты. Сыныптағы бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Мұғалімдер жазбаша немесе ауызша түрде баға қою арқылы бағалайды. Олар қолданатын кез –келген нысанның артында тек қана обьективті немесе жеткілікті дәрежеде обьективті емес, сондай-ақ баланың дамуы, оқуы мен ынтасы туралы түсінік, сонымен қатар өзін - өзі бағалау, қабілеттілік және күш-жігер сияқты ұғымдарға қатысты құндылықтар жатады. «Оқыту үшін бағалау» білім алушылар өздерінің оқудың қандай сатысында тұрғанын, қандай бағытта даму керек және қажетті деңгейге қалай жету керек екендігін анықтау үшін оқушылар мен олардың мұғалімдері қолданатын мәліметтерді іздеу және түсіндіру үдерісі деп танимыз. Мұнда балалар дәптермен жеке жұмыстар жүргізді, әркім өз пікірін жазды, рефлексия жүрді. Кері байланысты алғанымда «Сіздерге не ұнады?» деп сұрақ қойдым, сауалнама жұмыстарында бірін-бірі бағалауы, топтасып жұмыс істегендері, табыс критерийі арқылы бағаланғаны ұнайтындықтарын жазған.Осындай сабақтар топтамасын өткізе отырып, мен дәстүрлі сабақтар мен сыни тұрғысынан ойлау сабақтары арасында елеулі айырмашылықтардың болатындығына көз жеткіздім. Дәстүрлі сабақта мұғалім өзі түсіндіреді, тақырыпты талдайды, оқушы мұғалімнің айтқанын қайталайды, тапсырманы орындай алса, орындайды, орындай алмаған бала қалыс қала береді. Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету сабақтарында мұғалім баланы оқушылардың сыни ойлауын дамытатындай тапсырмаларға бағыттайды, оқушылар өз ойларын ашық айтып, пікірлерін қорғайды, кез - келген мәселеге сыни көзбен қарауға үйренеді, қалыс қалатын оқушы болмайды.Қорыта келе айтарым, қазақ әдебиеті сабақтарында сыни тұрғысынан ойлауға үйрету мынадай мүмкіндіктерге жол ашады.Сәтті жағы оқушылар топқа бөлінуі, топта бірлесіп жұмыс жасауы, өз ойларымен бөлісуі, ақылдасуы, берілген әдіс-тәсілдердің орындалысын еркін меңгеруі. Сәтсіз жағы уақыттың жетіспеушілігі, кейбір оқушылардың ойларын еркін жеткізе алмауы, қобалжуы. Сыни тұрғысынан ойлауға үйрету стратегияларын сабақ барысында қолдану жаңа материалдағы оқиға мен құбылыстарды оқушылардың өздері байқап, талдауына жағдай жасайды. Демек, білім оқушыларға даяр күйінде берілмейді, баланың ой еңбегін қажет ететін тапсырмаларды орындауы арқылы беріледі. Оқушылар жаңа білім бойынша өз жобалары, болжамдарын тыңдап, талқылауды үйренеді, яғни мұны оқушылардың тапсырманы орындау барысында белгілі бір шешім қабылдауда сыни тұрғыда ойланып, әрекет етуі деп түсінемін. Баланың өз бетімен ізденуге деген талпынысы, ынтасы, белсенділігі артады, сондықтан бала әрі қарай тақырыпты өз бетімен ізденіп, табады және өз ойын жетілдіреді. Жазу кезінде бала санасында ғажайып ойлар пайда болады, ол ойын жарыққа шығарады, өзгенің сөзін тыңдау арқылы өзінің өзгеге құрметін көрсетеді және өзін өзгенің тыңдауына, сыйлауына жол ашады. Әр оқушы өз ойына шек келтірмей жауап беруге дағдыланады. Менің бұл модульді алған себебім, болашақ ұрпақтың кез - келген қоғамда, кез -келген жағдайда өзін-өзі алып шығатындай дәрежеге жеткізу. Аталған сабақтарымда бағалау критерийлерін күрделі етіп алу, кей топтарда тапсырмалардың толық орындалмауы сияқты қателіктер кетті. Көрсетілген қателіктерді болдырмау үшін болашақта мен бағалау критерийлерін балалармен бірлесе жасаймын, толық орындалмаған тапсырманы орындауға белгілі бір уақыт аралығында бірлесіп талқылауды ұсынамын. Сабағымда оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін шыңдау мақсатында диалогтың түрлерін қолдана алуды шыңдау қажет. Оқушылардың сыни тұрғысынан ойлануын қалыптастыратын сұрақтар түрлерін енгізуім шарт. Сыни ойлау қабілеттерін шыңдау барлық мұғалімдердің құзырында деп білемін. Сондықтан да алдағы жұмыс барысында сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде оқушылардың сыни ойлана бағалауын дамытуым қажет. Сонымен қатар, сапалы және табысты оқыту барысында оқушылардың жағдай жасау, ұтқырлығын тиімді пайдалануға, бір-біріміздің тәжірибемізбен бөлісіп, алдағы уақытта да бағдарламаның негізгі идеясы 7 модульді кіріктіре отырып сабағымызда білім дәрежесін жоғарлатуға, оқушылардың өз бетімен оқуына көмегі зор деп ойлаймын. Сонымен, барлық жеті модульдің бір-бірімен тығыз байланысты екеніне көзіміз жетіп отыр. Заманауи білім беруге жаңаша өзгеріс енгізуде ұсынылып отырған әдіс-тәсілдердің пайдасы мол екенін ескеру керек. Осындай жаңаша құрылған сабақтар өткізе отырып, оқушылардың білім сапасының артуына, білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер арқылы оқушылардың өз беттерімен ізденуіне, ой-бөлісуіне, ең бастысы, еліміздің дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар жан - жақты дамыған, білімді де, білікті тұлғаны жеке тұлға қалыптасуына өз септігімізді тигізе аламыз деп айтқым келеді. Білім беру саласындағы жаңа өзгерістер болашақ ұрпақтың ел мүддесіне еңбек етер, өзіндік ойы бар, жеке тұлға болып қалыптасуын мақсат еткендіктен өзіме жүктелген жауапкершілікті сезінемін.Өйткені, мектеп жұмысы мен оқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға –мұғалім. Осындай жаңа тәсілдерді өз сабақтарымда пайдаланып, қолданып өткізіп отыратыныма сенімдімін осы бағдарлама мазмұнына сай, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдістерін пайдалансам, игі нәтижеге жетері сөзсіз.Пайдаланған әдебиеттер:1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық» «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2012ж. 2. «Ұстаздық еткен жалықпас» дидактикалық әдістемеcі, 2010ж. Б.Әубәкірова

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 262 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.03.2020 268
    • DOCX 651.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Гергенрейдер Галина Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 87395
    • Всего материалов: 235

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 475 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 324 человека

Мини-курс

Реклама для роста бизнеса: эффективные стратегии и инструменты

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 20 регионов

Мини-курс

Сохранение и продвижение традиционных российских ценностей и культуры

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 80 человек из 37 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека