Главная / Биология / Тиршилик тангажайыптары Ардак Жаксыбай

Тиршилик тангажайыптары Ардак Жаксыбай

Тіршілік таңғажайыптары

Жақсыбай Ардақ Ермекқызы

Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы

Саға мектеп – бала бақшасы биология пәнінің мұғалімі


Мақсаты: оқушылардың жануарлар дүниесі туралы алған білімдерін қорытындылау, тіршілікке деген қызығушылықтарын арттыру,табиғатты қорғауға ұмтылдыру.

Барысы: 1. Ұйымдастыру

2.Сайыс шарттарымен таныстыру

3.Қорытынды

Мұғалім: Қош келдіңіздер құрметті ұстаздар, оқушылар, сайысқа қатысушылар мен кеш қонақтары! Әрбір адамзат баласы өзі тіршілік ететін ортаны, табиғаттын қорғау парызы деп есептеймін. Адамзаттың табиғатсыз күні жоқ, табиғаттың мұны айтуға тілі жоқ демекші бір тал жапырақ пен алуан түрлі жеміс – жидектерсіз біздің күніміз жоқ екені белгілі. Табиғаттың біздерге қаншалықты керек екенін, оның қаншама құпиясы мен сырларын білу, шешу мақсатында оқушылармен «Тіршілік таңғажайыптары» атты кеш өткізбекпіз.Кеш әртүрлі тапсырмалардан тұратын 5-бөлімнен құралған.

  1. Кім зерек?

  2. Тапшы, қандай жануар?

  3. Суреттер сөйлейді

  4. Жорға

  5. Соңғы бекет

Сайыскерлерімізге сәттілік тілеп, сайысымызды бастайық!


5-слайд. Кім зерек?

Дұрыс жауап 5-ұпай

1. Балықтардың қазіргі кезде неше түрі бар? (20 000)

2. Аюдың аталығын қалай атайды? (Матай)

3. Шеміршекті балықтарда неше жұп желбезек болады? (5-7 жұп)

4. Жануарлар дүниесін жіктеудің қысқаша сызбанұсқасы қалай?

(түр-тус-тұқымдас-отряд- класс-тип-жануарлар дүниесі )

5. Жер астында тіршілік ететін сүтқоректілерді ата?

(көртышқандар, соқыртышқандар)

  1. Уылдырық дегеніміз не? (Балықтың аналық безіндегі майда жұмыртқа жасуша)

  2. Пелликула дегеніміз не? (Қарапайым жәндіктердің денесін қаптайтын жұқа, иілгіш қорғаныш қабат)

  3. Жемсау дегеніміз не? (Өңештің кеңейген бөлігі)

  4. Зоология ғылымының паразит құрттардызерттейтін саласы? (гельминтология)

  5. Бодо деген не? (біржасушалы, талшықты жәндік)

  6. Қазақстанда тіршілік ететін кесірткелердің ең үлкен түрі ұалай аталады? ( Келес)

  7. Омыртқалы жануарлардың дене температурасына байланысты қандай 2 топқа бөледі? (Салқынқанды және жылықанды жануарлар)

  8. «Жыланның уы тілінде» деген халықтың ұғымы рас па? (Жоқ, уы үстіңгі жақ сүйектерінде орналасқан тісте)

  9. Кальмар дегеніміз не? (Басаяқты былқылдақденелілердің бір өкілі)

  10. Құстың ірі қауырсындарының теріге еніп тұрған бөлігі қалай аталады? (Қаламша)

  11. Атолл дегеніміз не? (Маржан қаңқаларының үйіндісінен түзілген шеңберлі жартас)

  12. Адамға ең қауіпті ауру – энцефалитті жұқтыратын жәндік? (Тайга кенесі)

  13. Терісінде бездері мол, дабыл жарғағы болмайтын, іштей ұрықтанатын қосмекенді түрі? (аяқсыз қосмекенді – сақиналы құртжылан)

  14. Жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымы қалай аталады? (герпетология)

  15. Соңғы қуысты, көпжасушалы, екі жақты симметриялы теңіз жәндіктері қалай аталады? (Тікентерілілер)


6,9 - слайд. Тапшы, қандай жануар?

Дұрыс жауап 10-ұпай

Қандай жануар?

Жауабы

Суреті

1

Сыртқы түрі өсімдікке ұқсас бұл жәндік балық шабақтарымен қоректенеді. Теңіз түбінде тіршілік ететін бұл жәндікті жыртқыш жәндік деп те атайды.Бұл қай жәндік?

Актиния

hello_html_544c1d31.jpg

2

Бұл аң дүние жүзіндегі ең үлкен сүтқоректі. Тіршілігінің барлығын суда өткізетін бұл қай жануар?

Кит

hello_html_m3fd36d4a.jpg

3

Бұл жануардың сүйегі шеміршектен құралған.Теңіз тұнығында бұдан 350 млн жыл бұрын тіршілігін бастаған бұл балықта торсылдақ болмайды. Бұл қай балық?

Акула

hello_html_210558da.jpg

4

Бұл жануардың денесі екі бүйірінен қысыңқы, мойны қысқа, құйрығы ұзын.Құйрығы ағаш бұтақтарын орап ұстауға бейімделген. Қорегін ұшы жалпақ ұзын тілін аузынан лақтырып жіберіп ұстайды. Африка мен Мадагаскар аралдарында таралған бұл қай жануар?

Құбылғы

hello_html_f6a35ba.jpg

5

Бұл аңдарды ілкіаңдар немесе жұмыртқа салатын сүтқоректілер деп атайды.Бұлардың құстарға ұқсас клоакасы болады.Австралияда тіршілік ететін бұл қай аң?

Үйректұмсық

hello_html_m3735c8b2.jpg

6

Теңіз түбінде тіршілік ететін бұл жануар басаяқты былқылдақденелілердің бір өкілі. Денесінің біраз бөлігін басы алып жатыр.Басының екі жағында үлкен көздері бар. Көздерінің бір ерекшелігі біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке-жеке көре алады. Бұл қай жануар?

Кальмар

hello_html_m14723308.jpg

7

Бұл жәндік дүние жүзіндегі тез ұшатын бунақдене. Олар шала түрленіп дамиды, яғни даму сатысында қуыршақ болмайды. Бұл қай жәндік?

Инелік

hello_html_1f5cac94.jpg

8

Бұл құс түйеқұстардың ішіндегі ең ірісі. Олардың басқа құстардан айырмашылығы - аяқтарында екі ғана саусағы болады. Бұл қай құс?

Страус

hello_html_m7d384a5e.jpg

9

Суда тіршілік етіп, желбезек арқылы тыныс алатын бұл жануар дара жынысты. Өсімдіктермен бірге балық, бақа, басқа да су жануарларының өлексесін жеп, табиғатта санитарлық рөл атқаратын жануарды біздерде, яғни адамдарда кейбір түрлерін тағамдық азық ретінде пайдаланамыз. Бұл қай жануар

Шаян

hello_html_32dd53ac.jpg

10

Бұл отрядқа жататын қосмекенділердің 500 түрі бар. Дене тұрқы 20-25 см болып келетін бұл қосмекендінің бір ерекшелігі алдыңғы аяқтарында 4 саусақ, артқы аяқтарында 5 саусақ болады.Бұл қай жануар?

Саламандра

hello_html_7a4a7dd1.jpg

10,11-слайд. Суреттер сөйлейді

Дұрыс жауап 10-ұпай

(Берілген суреттердің бастапқы әріптерінен жануарлардың аттарын атап, олардың белгілі бір жерде тұрғанын көрсетіп сөйлем құрау.)

1

hello_html_4e0801d7.jpg

hello_html_m5e0c9567.jpg

hello_html_m3ee89aba.jpg

hello_html_ma6fa03f.jpg

2

hello_html_m29e07b0f.jpg

hello_html_m74b50b26.jpg

hello_html_3a3319b2.jpg

hello_html_516dfe36.jpg

3

hello_html_m376b866d.jpg

hello_html_m1035069d.jpg

hello_html_m3a2cd4b6.jpg

hello_html_2272b694.jpg

4

hello_html_m3666f1d0.jpg

hello_html_m48a1f070.jpg

hello_html_m9e88574.jpg

hello_html_mb7a6926.jpg

5

hello_html_7c465d0a.jpg

hello_html_mf1f59db.jpg

hello_html_674cdfe.jpg

hello_html_3df78930.jpg

6

hello_html_m62c2e526.jpg

hello_html_41c68dc1.jpg

hello_html_3498ef41.jpg

hello_html_5a2cb4f.jpg


1. Жаңғақ, кесе, ракета, оймақ апалақ орманда болады; кесірткені

ресторанда көрдім )

2. Шалбар, көйлек, қуыршақ, тұмар (шегірткені қоржыннан ұстадым;

көбелек теңіз бетінде ұшып жүр)

3. Алқа, стол, жіп, парта ( пингвин антарктидада; жыландар саваннада )

4. Машина, торсық, сағат білезік (мысық бауда жүр; тауешкісі сайға

түспейді )

5. Ою, асық, үй, ара ( орманда аю бар; үйрек Алматы суларында жүзеді )

6. Домбыра, таға, сабын, қоңырау ( дегелектер су маңайында жүр; қабылан

тауда кездеседі )



12,13-слайд. Жорға

Дұрыс жауап 5-ұпай

  1. Талышықты жәндік – бодо

  2. Теңіз ішекқуыстысы – медуза

  3. Регенерация – қалыпқа келу

  4. Жалпақ, кірпікшелі құрт – ақсұлама


  1. Буылтық құрт өкілі - сүлік

  2. Қосжақтаулы былқылдақдене - айқұлақ

  3. Жасуныққа ұқсас ағзалық зат – хитин

  4. Әкаяқ ауруын туғызатын жәндік – мамықкене


  1. Тура дамиды – қанатсыз бунақденелілер

  2. Құрылысында кіру және шығу сифоны бар – асцидия

  3. Ихтиология – балықтарды зерттейтін ғылым

  4. Тритон – қосмекенді


  1. Гаттерия – жорғалаушы

  2. Үш саусақты түйеқұс – нанду

  3. Құйрық қауырсыны ұзын тауық – феникс

  4. Жүрегі төрт бөлімді – сүтқоректілер


14,15-слайд. Соңғы бекет

Дұрыс жауап 10-ұпай

(Сайыскерлерге үлестірме қағаз ұсынылады, таңдап алынған қағаздан шыққан үй хайуанаттарына сипаттама беру)

1-үлестірме қағаз - жылқы

2-үлестірме қағаз – түйе

3-үлестірме қағаз – қой

4-үлестірме қағаз - сиыр



Қорытынды.

Сайыс соңында жеңіске жеткен оқушыны марапаттау, алдағы сайыстарға осындай үлкен дайындықпен, жігер – ынтамен қатысуға шақыру.



Пайдаланған әдебиеттер:

1.Биология 7- сынып оқулық

2.Большая иллюстрированная энциклопедия эрудита Москва 2004

Тиршилик тангажайыптары Ардак Жаксыбай
  • Биология
Описание:

      Елбасы  Н.Назарбаев «2030 жылғы Қазақстан ауасы таза,  мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуға тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз бен балаларымыздың балалары кінәратсыз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады» деген болатын. Табиғаттың ең негізгі байлығы  жасыл ағашы, көз жауын алатын әдемі гүлдері. «Гүл өссе – жердің көркі» дейді қазақ. Адам баласы әдемілік пен сұлулық атаулыны әсем жаратылған өсімдікпен өлшейді. «Өмірдің гүлі», «гүлдей жайна», «гүлдей бер» секілді сөз тіркестері де соның дәлелі.  Яғни гүл - әдемілік өлшемінің шыңы.  Мейірімділік, махаббат, қуаныш, ілтипат секілді сезімдерді жеткізуде гүлдің алар орны ерекше. Гүл – жақсылықтың, бақыттың нышаны іспеттес.  Олай дейтініміз, гүлді беру арқылы біз біреуге ақжарқын көңіліміз бен ыстық ықыласымызды, ілтипатымыз бен сыйымызды көрсеткіміз келеді. Осы ретте Гомердің «Гүл берудің ғана артында ешқандай жаман ой тұрмайды. Өйткені, оның өзі бар нәрседен хабар беріп тұрады» деген сөзі ойға орала кетеді.  Демек, гүлді ізгі ниет – пейілдің, жан жылуының белгісі десек, артық айтпаймыз. Ойлап қарасақ қолданыста жүрген «гүл - ғұмыр» деген тіркестің өзі бойына терең әрі тұнық мағына  сыйдырып тұрғандай. 

Автор Жаксыбай Ардак Ермековна
Дата добавления 27.12.2014
Раздел Биология
Подраздел
Просмотров 737
Номер материала 12846
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓