Главная / Биология / Тыныс алу мүшелерінің құрылысы

Тыныс алу мүшелерінің құрылысы

Сабақтың тақырыбы : § 41.Тыныс алу мүшелерінің аурулары.Кох таяқшасы . 1.Сабақтың мақсаты:оқушыларға тыныс алу мүшелерінің қызметінің бұзылуы,тыныс алу мүшелерінң әртүрлі аурулары, олардың пайда болу себебі мен оларды емдеу шаралары туралы білім беру. 2.Тәрбиелілік жағы :тыныс мүшелерінің гигиенасын сақтау,тазалық және жеке бас гигиенасын сақтау,ұқыптылыққа тәрбиелеу. 3. Күтілетін нәтиже : оқушылар тыныс алу мүшелерінің көптеген аурулары ,олардың себебі ,таралу жолы туралы біледі және жеке бас гигиенасын оқып-үйренеді. Сабақтың түрі : Жаңа сабақ Өту әдісі :СТО әдісі. Қажетті ресурстар: интерьактивті тақта, слайдтар, плакаттар, тыныс алу жүйесінің мүшелер макеті ,темекі , стакан, мақта, бағалау бетшелері. Сабақтың барысы :1.Ұйымдастыру ( сәлемдесу, топқа бөлу.3 минөт ) Сергіту сәті : Көзімізді жұмып, ішімізден мына сөздерді қайталаймыз.Мен өз біліміме сенемін,бүгінгі сабақта терең ойлап, нақты жауап беремін,Бәріңе де бүгінгі сабақта сәттілік тілеймін. ІІ. Үй тапсырмасын сұрау :Сынып оқушылары 3 топқа бөлінеді. 1-топ «Мұрын» 2-топ « Көмей » 3-топ «Өкпе». Үй тапсырмасын сұрау: «Кім жылдам ?» (7 минут ) 1. Тыныс алу жолдарын ата 2. Мұрын қуысында ауа қандай өзгерістерге ұшырайды ? 3.Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деген не ? 4. Тыныс алу көлемі деген не ? 5. Тыныс алуға қажетті ауаның құрамы? 6.Сыртқа шығарылған ауаның құрамы қандай ? 7.Өкпенің тіршілік сыйымдылығын қандай құралдармен анықтайды ? 8.Ауа тамырының құрылысы қандай ? 9.Тыныс алуға және тыныс шығаруға қандай бұлшық еттер қатысады? 10. Плевра және плевра сұйықтығының маңызы қандай ?

ІІІ.Жаңа сабақ: Тыныс алу мүшелерінің аурулары. Кох таяқшасы. 3-топқа бөлемін .ДЖИКСО –әдісі ( оқушыларға дайындалуға 10 минут беріледі ) 1-топ : «Мұрын » тобы.Сасық тұмау ,гайморит «полип, кеңсірік аурулары, оның белгілері мен сақтану жолдары туралы дайындалады ) ( телефондары арқылы интернетке шыға алады және мұрын аурларын емдейтін дәрігер туралы айтады ) 2-топ : «Көмей»тобы.Көмей және кеңірдек аурулары ,олардың таралу жолы , емдеуші дәрігер,гигиенасы туралы дайындалады , интерьнетке шыға алады .(бронхит, тонзилит,лорингит аурулары туралы ,оны емдеуші дәрігер туралы айтады. ). 3-топ : «Өкпе»тобы :Өкпенің аурулары: (плеврит, өкпе рагы ,туберкулез аурулары, олардың таралу жолдары мен сақтану жолы туралы дайындалып , интерьнеттен туберкулез туралы материал алады.(санаторийлер, емдеу ауруханалары, емдеуші дәрігер , өз жеріміздегі ауруханалар мен санаторийлер, емдеу әдістері туралы айтады ) Дайын топтар ортаға шығып басқаларға түсіндіреді, постер қорғайды (5 минөт ). Сергіту сәті : Музыкалық үзіліс 3минут Топ мүшелерінің дайындаған ақпараттарымен танысып болған соң мұғалім сабақты толықтыра отырып , қорытындылайды. (5 минут )

Демонстрациялау әдісі :Тәжірибе көрсету (мұғалім көрсету болады 5 минут ) .Мұғалім таза мақтаны алып, оның үстіне жанған темекіні салып, қақпағын жабады. Содан соң 2-3 минөт өткен соң мақтада қандай өзгеріс болғанын , яғни мақтаның темекі түтінінің әсерінен ластанғанын көрсетіп , егер осы мақта біздің өкпеміз десек ,оның темек әсерінен қаншалықты бұзылатынын байқауға болатынын түсіндіріп, темекі шегетін кісінің өкпесі мен темекі шекпейтін кісілердің өкпесінің суретін көрсете отырып, оқушыларды жат әдеттен аулақ болуға шақырады. Бекіту :1.Сәйкестендіру тестісі .(5 минут ) Бағалау :Топ басшысы өз тобындағы мүшелерді бағалау бетшесіне бағалайды, мұғалім бағалауды толықтырып, өз бағасын қояды. Кері байланыс. Үйге тапсырма :БАҚ пен қосымша әдебиеттерден тыныс алу мүшелерінің аурулары туралы материалдар жинақтап, реферат жазу.



Түпқараған ауданы

Ж.Мыңбаев атындағы мектеп-гимназиясы

Биология пәнінің жоғарғы санатты мұғалімі

Атшыбаева Күләш



























Тыныс алу мүшелерінің құрылысы
  • Биология
Описание:

Халық емшілерінің тәжірибесінен Қазақ даласында дәрілік өсімдіктерді жетік білген, онымен малды да, адамды да емдеп, жаза алған атақты тәуіптер болған. Солардың бірі – Найманның Қыржы руынан шыққан Ырғызбай емші Досқанұлы. Ол кезінде ұлы Абайдың әкесі Құнанбай қажыны дәрілік өсімдіктер-мен емдеп жазады. Халық емшісі 1787 жылы Тарбағатай өңірінде дүниеге келіп, 1850 жылы «Мыңжылқы» құдығына таяу маңдағы күзеуде қайтыс болады. Ырғызекең бала жасынан емдік шөптерге үйір болса керек. Емші шипалы тамыр – шөптерді жаз, күз айларында, әбден толысып-жетілген шағында жинайтын көрінеді. Әрине, әрбір шөптің теру тәсілі, сақтау ережесі бар ғой. Бір шөпті таңғы шық кеппей тұрып жинау қажет болса, екіншісін тек қана кешкілік терген дұрыс. Және де оларды шіліңгір аптапта тамырынан ажырату оның емдік қуатын әлсіретеді. Ырғызбай емші өсімдіктердің шипалы тамырларын жаңбырдан кейін, қараңғы түсе жұлып жинаған да, күн сәулесі түс-пейтін көлеңкеде, самал есетін, тыныс алатын орындарда кептіріп, дайындаған.

Ырғызбай емшінің кезінде айтып кетуі бойынша, кейбір шөптер мен тамырлар аралас кептірілсе, сақталса күш-қуатын жоғалтады екен. Ол сол себепті шөп, тамырларды бөлек-бөлек сақтайтын үш қанат күркені алдын-ала дайындап, оған сөрелер ор-наластырған, қапшықтар мен қалталар әзірлеп, оны кере-геге іліп қойған. Емшінің шипалы өсімдіктерден дәрі-дәрмек жасайтын ыдыстары мынандай болыпты: ағаш тостағандар мен шойын шөң-келер, күміс тегештер мен мүйіз тостағандар, аршаға ысталған мойнақ торсықтар мен жез құтылар, емдік майларды сақтайтын сүйек ыдыстар, сұйық және тұнбаларды құятын басқа да қажетті заттар. Дәрідәрмектердің мөлшерін анықтайтын нәзік таразысы да болған. Дәрі-дәр-мектер дайындау барысында Ырғызекең жылқының қылы мен түйенің шудасын, тарамысты да пайдаланыпты. Бір рет Шәуешек жақтан бір қарт емші оның үйіне келіп Тарбағатайдың теріскейіндегі күн түспейтін су-лы қойнауларында емдік қасиеті өте күшті адам бейнелі өміртамыр болатынын, хансулардың оны женьшень дейтінін, осы кісішөпті іздеп табуын өтінеді. Ырғызбай емші оны көп жыл бойы іздеп, ең соңында Түйемойнақ шыңының сулы жықпылынан табады. Сөйтсе, ол жасылтым жапырақтары жайылған, қызғылтым сабағының ұшын-да шоқ жемістері мөлдіреп тұрған, бәкене бойлы ерекше өсімдік екен.

Автор Хидирбаев Улугбек Орумбаевич
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Биология
Подраздел Конспекты
Просмотров 428
Номер материала MA-064962
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓