Главная / Начальные классы / Тіл дамыту "Ойыншықтар дүкені"

Тіл дамыту "Ойыншықтар дүкені"

Талас ауданы білім бөлімінің «Бәйтерек» балабақшасы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны









Тіл дамыту



«Қызғалдақ» II кіші топ






Тақырыбы: «Ойыншықтар дүкені»


Тәрбиеші: Сейдашева Жанар Атырханқызы



















Қаратау қаласы

Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетініңhello_html_m83cdc7f.jpg

технологиялық картасы







Білім беру саласы: Қатынас, таным.

Бөлімдер: Тіл дамыту, құрастыру.

Тақырыбы: Ойыншықтар дүкені.

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларға ойыншықтарды атап, ажыратуға, сапасы мен әрекетін білдіретін сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тәрбиешінің сұрақтары бойынша суреттен қысқа әңгіме құрастырып айтуға ынталандыру.

Дамытушылық: Ойын, тақпақтар арқылы сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту. Қиылған қағазбен жұмыс жасауға, түсі, пішініне қарай екінші бөлігін тауып орналастыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ойыншықтар дүниесіне деген сүйіспеншлігін ояту. Ұқыпты құрастырып, жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сөредегі ойыншықтар, суреттер, тақта, тірек сызба, үнтаспа, әр түрлі қиылған қағаз бөліктері, үлгі көрнекіліктер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, қайталау, әңгімелеу, сұрақ-жауаптар.

Қостілділік компонеттер: алма-яблоко, сәбіз-морковь, бал-мед.


Іс-әрекеттер кезеңі


Тәрбиешінің іс-әрекеті әрекеті

Балалардың іс--әрекеті


Мотивация-

лық қозғаушы




Шаттық шеңбері:

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын жасайық.

Таза ауаға қол сермеп,

Жүрек жылуын жасайық.

Мейірімділік шоғын біз,

Қонақтарға шашайық.

Сәлеметсіздерме!


Балалар бірге айтып, қимыл-қозғалас арқылы қонақтармен амандасады.














Ұйымдастыру –іздестірушілік кезеңі































Балалар, мен сендердің білімдеріңді тексеру үшін бірнеше сұрақтар қояйын.

-Қазір жылдың қай мезгілі? –Күз айларын ата?

-Күзде ауа-райы қандай болады?

Тірек сызба:


Жаңбыр жауады Құстар жылы жаққа ұшады

Күз суреті

Жапырақтар сарғайып

Жел тұрады жерге түседі


Дұрыс айтып, суреттерді орнына қойдыңдар.

Балалар, күзгі жапырақтар қалай шулайды?

Саусақ жаттығуы арқылы, дыбыстарын салайықшы

«Алақанды үйкелеп» ш-ш-ш-ш деп айтамыз.

Енді алақандағы жапырақты үрлеп ұшырамыз.


Күз туралы тақпақтар:

Жапырақтар ұшады,

Айналады дөңгелеп.

Жапырақтар түседі,

Желмен бірге желбіреп.



Күзде дала жаурайды,

Көкте бұлттар ойнайды.

Бұтағынан үзіліп,

Жапырақтар саулайды.


Жарайсыңдар балалар, тақпақты жақсы айтыңдар.

Қызықтыру сәті:

( көңілді әуенге дүкенші келеді, әндетіп)

Дүкенші: Сәлеметсіңдерме балалар!

Ашылды дүкен, мұнда бәрің қараңдар.

Бар қызықты тамашалап, назар салыңдар!

Көжек, мысық, күшікте,

Тышқан отыр бұрышта.

Сендер жақсы көретін,

Ойыншықтардың бәрі осында.


Дүкенші: Балалар қараңдаршы, менің дүкенімнің сөрелерінде әдемі ойыншықтар көп, сендерге ұнады ма? Бұл жәй дүкен емес, ойыншықтары да

ерекше. Ойыншықтармен ойнап, олар жайлы тақпақ айтып бергенді жақсы көреді.


Біз ерекше баламыз,

Айтқан тілді аламыз.

Ойыншықтарды көргенде,

Қуана қарсы аламыз.

Сәлем, сәлем.



Досым маған ойыншық

Машинасын сыйлады.

Бірақ оның ішіне,

Саусағым да сыймайды.


Машина, машина келеді,

Біздерге белгі береді.

Бип-бип-бип-бип.


Қаланы аралап,

Автобус келеді.

Бәріміз қыдырсақ,

Бізге сол керегі.


Дүкенші: Тақпақтарың әдемі екен, жақсы айттыңдар. Жұмбақ жасыру:


Пеш түбінде құмған,

Екі көзін жұмған.

Мысық қандай жануар?

Енді мысық туралы кім маған айтып береді?


Тікірейген екі құлағы бар. Жүні жұп-жұмсақ мамықтай. Ет жейді, сүт ішеді, тышқан аулайды. Мұрты ұзын, тырнағы өткір. Ерте ұрады, беті-қолын жуады, керіліп бойын жазады.

Тәтті көрсе бас салар,

Айнымайды баладан.

Үлкен болып жасқанар,

Кіп-кішкентай арадан.


-Біздің аю әдемі, ол үлкен, жабайы аң. Аюдың жүні жұп-жұмсақ, көзі қап-қара. Оның төрт аяғы, екі құлағы бар. Мен аюмен ойнағанды жақсы көремін.

Тәрбиеші: Өте жақсы балалар, барлығымыз орнымыздан тұрып, аю туралы тақпақ айтып және онда кездесетін дыбыстарды анық айтуға ырысайық: Ю-ю-ю-ю қорбаңдайды аю.




Аю отыр партада,

Екі қолы қалтада.

«А» дейді, «Б» дейді, «Р»-ға тілі келмейді,

Ұйықтап қапты партада,

Бұл не деген масқара.



Тәрбиеші: Балалар орнымыздан тұрып, біздің сүйікті ойыншықтарымызға арнап ән айтып, бойымызды бір серігітіп алайық.

Сергіту сәті: «Ойыншықтар» әні


Тәрбиеші: Балалар, қане дұрыс отырып тақтадағы суретке назар аударайық.

Суреттен не көріп тұрсыңдар?Балалар қандай ойыншықпен ойнап жүр? Қандай ойын ойнап жатыр?

Әңгімелеу:

Балалар доп ойнап жүр.

Қақпашы кірпі допты ұстауға үлгермеді. Асан допты қақпаға тепті. Доп ақпаға кірді гол соғылды. Балалар қуанды.

Доптың пішіні қандай?

Доп не істейді? (түсін, көлемін сұрау)


Доп туралы тақпақ кім біледі?

Добым, добым, домалап

Алға сырғып жүгірдің,

Қақпаға сен кірдің.



Ал, мына суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Самат үй құрастыып отыр. Қасында кран ойыншығы бар. Самат өскенде құрылысшы болғысы келеді.

Тақпақ:

Ойыншықтарым көп менің,

Бәрін жақсы көремін.

Кешке дейін жалықпай,

Бірге ойнап жүремін.


Мына суретте де ойыншықтар көп екен. Қане атап

шығайық.Қыздар қандай ойыншықтармен ойнап отыр, кім әңгімелеп береді?


Арай мен Нұрай ойыншықпен ойнап отыр. Арай дүкенші кассада отвр. Нұрай қуыршақпен ойнап отыр. Қуыршақтың олында қызыл және жасыл шары бар.

Тақпақ:

Ойыншығым қуыршақ,

Не берсем де жемейді.

Еркеллігі соншама,

Өзі жүргісі келмейді.


Дидактикалық ойын: « Орнында не жоқ?»

Мақсаты: Есте сақтау, ойлау қабілетін жаттықтыру. Атын атап, тақпақ айту арқылы сөздік қорын молайту.

-Мынау сиыр, үй жануары. Жем, шөп, су ішеді.

Бізге ет, сүт береді.

Мө-мө-мө дейді,

Бұзауын іздейді.

Бізбенен бөлісер,

Сүтін де іздейді.


-Бұл ойыншықтың аты қоян. Жабайы, оны үйде де асырайды. Құлағы ұзын, екеу, құйрығы қысқа.

Ұзын құлақ сұр қоян

Естіп қалып сыбдырды.

Ойлы-қырлы жерлермен,

Ытқып-ытқып жүгірді.

Балалар қараңдаршы, тиін өте көңілсіз отыр.Ол неге көңілсіз екен? Жаңғақ жегісі кеп отыр екен. Ендеше сыйлық жасайық.


«Кеме» сызбасы: аңдардың жақсы көретін тағамдарын есімізге түсірейікші.


Тиын жаңғақ орех


Қоян сәбіз морковь


Аю бал мед


Кірпі алма яблока


Балалардың орталықтағы жұмыстары:

Қиынды қағаздардан аңдардың жақсы көретін тағамдарын құрастыру.Түсіне, пішініне қарау.Түсіндіру,көмектесу, сұрақ-жауап алу. Балалардың жұмысы.





Күз.

Қыркүйек, қазан, қараша.

Күн суытып, жел тұрады...
















Ақберен









Аяжан






Балалар қонақпен амандасады.
















Нұрасыл





Бағдәулет




Азамат




Кәусар







Мысық






Нұрдәулет






Аю




Ақерке



Балалар қимыл жасайды.







Бірге айтады.








Әнді айтып, жақсы жасайды








Абдурашид



Домалақ, жеңіл.

Домалайды,секіреді




Ернұр







Ақәділ

жақсы әңгімелеп,

тақпақ айтты.



Кубик, күшік, түйе, доп, сиыр.





Шапағат





Адия









Темірлан








Қайсар






Тақтамен жұмыс,

орындарын тауып қою


Рефлекстік –коррекция-

лаушы

Оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Бізге қонаққа кім келді балалар?

Дүкеншінің ойыншықтары сендерге ұнады ма?

Қандай ойындар ойнадық?

Біздің ойыншықтарымыз қатты қуанып қалды, Аңдардың жақсы көретін тағамдарын қағаздан құрастырып бере алдыңдар.Рахмет сендерге балалар. Дүкенші балаларға сыйлықтарын таратып береді.






Күтілетін нәтиже:

Біледі: Ойыншықтардың атын айтып, ажыратып, сипаттап , әңгімелей білді.

Игереді: Ойын, тақпақ арқылы есте сақтау дағдылары арттырылды.

Меңгереді: Үлкен-кіші, ұзын-қысқа, көп-аз ұғымдарын меңгеріп, сұрақтарға ойланып дұрыс жауап бере алды.





Тіл дамыту "Ойыншықтар дүкені"
  • Начальные классы
Описание:

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Балаларға ойыншықтарды атап, ажыратуға, сапасы мен әрекетін білдіретін сөздерді дұрыс айтуға үйрету. Дыбыстарды дұрыс айтуға жаттықтыру. Тәрбиешінің сұрақтары бойынша суреттен қысқа әңгіме құрастырып айтуға ынталандыру.

Дамытушылық: Ойын, тақпақтар арқылы сөздік қорын, тіл байлығын, ойлау қабілетін дамыту. Қиылған қағазбен жұмыс жасауға, түсі, пішініне қарай екінші бөлігін тауып орналастыруға дағдыландыру.

Тәрбиелік: Ойыншықтар дүниесіне деген сүйіспеншлігін ояту. Ұқыпты құрастырып, жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Сөредегі ойыншықтар, суреттер, тақта, тірек сызба, үнтаспа, әр түрлі қиылған қағаз бөліктері, үлгі көрнекіліктер.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, көрсету, қайталау, әңгімелеу, сұрақ-жауаптар.

Қостілділік компонеттер: алма-яблоко, сәбіз-морковь, бал-мед.

Автор Сейдашева Жанар Атірханқызы
Дата добавления 06.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 3185
Номер материала 58975
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓