Главная / Биология / Тестовые документ по биологии на тему "Генетика"

Тестовые документ по биологии на тему "Генетика"


Жаратылыстану апталығы 16.04.2012 – 21.04.2012 жыл.

Биология пәні бойынша 20.04.2012 жылы сағат 15.30 да өткізілетін сайыстың шарттары мен талаптары. 10 «А» сыныбы

Сайыс тақырыбы «Генетика-тіршілік негізі»

Әдісі: интегративті сайыс

Сайыс 10 – сыныптар арасында өткізіледі.

Әр топқа байланысты шарттар:

  1. Топта 5 оқушы құрамы болу керек.

    1. 10 «А» сыныбы бойынша сайысқа қатысатын оқушылар тізімі:

1. Дарханбаева Азиза

2. Серғазина Айжан

3. Құмарбеков Самат

4. Жексенбаева Айжан

5. өздеріңіз қосыңыздар

(топ басшысын өздеріңіз сайлауларыңыз керек. Топ құрамын өзгертуге болады)

  1. Топтың басшысы сайлануы керек.

  2. Топ аты, ұраны, эмблема, презентация (сайыс тақырыбына байланысты)

  3. Топ мүшелерінің аты жөні жазылған бейджик.

Сайысқа байланысты шарттар:

І. Сайысқа қатысатын және қолдаушы оқушылар барлығы дерлік мектеп

формасын сақтау қажет.

ІІ. Сайысқа қатысатын оқушылардан басқа, көрермен ретінде барлық

сыныптар өз топтарын қолдап, акт залында отыруы тиіс.

ІІІ. Сайыс кезінде тыныштықты, өзін-өзі ұстау,мәдениеттілікті сақтау.

ІY. Мәжіліс залын сайыстан бұрын безендендіру ( 10 сынып оқушылары)

Y. Әділқазылар мүшелеріне қосымша эмблеманы ұсыну (сайыс

басталардан бұрын жүргізушіге берулеріңіз қажет)

YІ. Сайыс 5 турдан тұрады.

  1. І-тур «Таныстыру» (міндетті түрде топ атына сәйкес презентация) 5-7 минут

  2. ІІ-тур «Қызықты генетика» Үй тапсырмасы (топ дайындалып келген тақырыптары бойынша сынға түседі. (мыс: презентация, видео ролик, көрініс түрінде тек біреуін таңдап көрсетуге болады)) 10-минут

  3. ІІІ – тур «Сіз бізге, біз сізге» үй тапсырмасы бойынша (тапсырма генетика тақырыптары бойынша: адам генетикасы (генеаголиялық әдіс), жыныс генетикасы (адамның хромосома саны, туыстық некенің тиімсіздігі), медициналық генетика (хромосомалық аурулар, гендік аурулар, гемофилия ауруыны шежіресі) әртүрлі көріністерді көрсетуге болады. Міндетті түрде көрермендер (төменгі сынып оқушылары), әділ-қазылар алқасының қызығушылықтарын арттыру.

Бұл кезде оқушылар қарсы топқа өздері дайындап келген көріністі

көрсетеді. Қарсы топ жауабын береді. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі топ айтуға құқығы бар. Екі топтан да жауап болмаса көрермендер өз ойларын қосуға болады.

4. ІY – тур «Сиқырлы сандық» Топ басшылары сайысы: Әр топ басшыларына бір есеп беріледі (қан топтары, моногибридті будандастыру, жыныс генетикасы, комплементарлық, Харди-Вайнберг заңы бойынша, Г.Мендель заңдылықтары және т.б)


  1. Y – тур «Бәйге» Әр топқа сұрақтар топтамасы беріледі (дайын презентацияда) 10,20,30 ұяшықтары бойынша сұрақтар жасырынған. (тақырыптар бойынша)






































Интегративтік сыныптан тыс сайыс

Тақырыбы: «Генетика-тіршілік негізі»

I жүргізуші: Армысыздар құрметті ұстаздар, еңсесі биік, өр рухты жас достар!


ІІ жүргізуші:

Теріңді өзгерте алсаң да, тегіңді өзгерте алмассың!

Жұртыңды ауыстыра алсаң да, ұлтыңды ауыстыра алмассың!

Салтыңды ауыстыра алсаң да, халқыңды ауыстыра алмассың!

-деп дана халқымыз айтқандай бүгінгі таңда биология ғылымының негізгі саласы болып табылатын «Генетика» ғылымының қыр-сырын меңгеруге жиналып отырған себебіміз бар.

І жүргізуші: Ендеше, құрметті жас достар! «Табиғат әлемі» атты жаратылыстану апталығындағы биология пәні бойынша, білім мен ғылым бәсекесі туындаған ХХІ ғасырдың «Генетика-тіршілік негізі» білім сайысына (қош келдіңіздер)²!


ІІ жүргізуші: «Тура биде туған жоқ,

Туғанды биде иман жоқ» - демекші әуелі әділқазылар алқасымен таныстыруға рұқсат етіңіздер:

1.

2.

3.

4.


І жүргізуші: «Бақытты болашақтың қамы үшін,

Барымды саламын Тәуелсіздік таңы үшін!» - деп бүгінгі жарысқа қатысқалы отырған 10 сыныптардан құралған топтармен танысайық.

ІІ жүрг: № 1 10 «А» сыныбының _________________________ тобы

І жүрг: № 2 10 «Ә» сыныбының _________________________ тобы

ІІ жүрг: № 3 10 «Б» сыныбының _________________________ тобы


І жүргізуші: Танымдық сайысымызды бастамас бұрын оның кезеңдеріне түсініктеме беріп өтейік: жарыс топты таныстыру, 5 кезең және көрермендерге сұрақ қоюдан тұрады.

ІІ жүргізуші: І – кезең «Таныстыру»

І жүргізуші: ІІ – кезең «Қызықты генетика»

ІІ жүргізуші: ІІІ – кезең «Сіз бізге, біз сізге»

І жүргізуші: ІҮ – кезең «Сиқырлы сандық» (капитандар сайысы)

ІІ жүргізуші: Ү – кезең «Бәйге»

І жүргізуші: Сонымен қатар көрермендерге қызықты сұрақтар қойылады.

ІІ жүргізуші:

«Қандай сынақ болса дағы беріспе,

Әрқашан да үміткер бол жеңіске»

жарысымызды бастаймыз, (сіздерге сәттілік тілейміз)² !

Әр топ өздерін таныстырып өтсін.

І жүргізуші:

І – кезең «Таныстыру» (топ аты, ұраны, эмблемасы, басшысы және топ мүшелерін таныстыру, презентация түрінде) 2 – 3 минут, максимум 5 ұпай,

минимум 3 ұпай

ІІ жүргізуші:

ІІ-кезең «Қызықты генетика» Үй тапсырмасы (топ дайындалып келген тақырыптары бойынша сынға түседі. 5-минут,

максимум 5 ұпай,

минимум 3 ұпай

І жүргізуші:

ІІІ – кезең «Сіз бізге, біз сізге» (тапсырма генетика тақырыптары бойынша: адам генетикасы (генеаголиялық әдіс), жыныс генетикасы (адамның хромосома саны, туыстық некенің тиімсіздігі), медициналық генетика (хромосомалық аурулар, гендік аурулар, гемофилия ауруыны шежіресі) әртүрлі көріністерді көрсетуге болады.

Бұл кезде оқушылар қарсы топқа өздері дайындап келген көріністі көрсетеді. Қарсы топ жауабын береді. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі топ айтуға құқығы бар. Екі топтан да жауап болмаса көрермендер өз ойларын қосуға болады.

Уақыты 5-7 минут.

максимум 10 ұпай,

минимум 5 ұпай


ІІ жүргізуші: Адамнан ғылым айла асырмаған,

Құпиясын құлыптап жасырмаған.

Генетика әлеміне көз жүгіртіп,

«Сиқырлы сандықты» ақтарайық ашылмаған!

І жүргізуші:

ІY – кезең «Сиқырлы сандық» Топ басшылары сайысы: Әр топ басшыларына бір есеп беріледі (қан топтары, моногибридті будандастыру, жыныс генетикасы, комплементарлық, Харди-Вайнберг заңы бойынша, Г.Мендель заңдылықтары және т.б)

Әр топ басшыларын ортаға шақырайық. (максимум 10 ұпай, минимум 5 ұпай)

1. Қызанақ жапырақтарының тілімделген болуы тегіс жапырақтан доминантты болады. Гомозиготалы тілімделген жапырақты және тегіс жапырақты өсімдіктерді будандастыру нәтижесінде бірінші ұрпақта 3 өсімдік, екінші ұрпақта 32 өсімдік алынған.

а) Тілімделген жапырақты ата – аналық өсімдікте неше түрлі гамета болған?

ә) Ғ1 ұрпақтағы өсімдіктердің қаншасы гетерозиготалы?

б) Ғ2 ұрпақтағы өсімдіктердің қаншасы гетерозиготалы?

в) Ғ2 ұрпақтағы өсімдіктердің қаншасында жапырақтары тілімделген?

г) Ғ2 ұрпақта неше түрлі фенотип пайда болады?

2. Қаракөл қойларында сұр түстің гені қара түстің генінен доминантты болады. Ол гетерозиготалы күйде ғана сұр түс береді де, гомозиготалы күйде жануардың өлуіне әкеледі. Гетерозиготалы қойлардан 72 тірі қозы алынды.

а) Сұр қойларда неше түрлі гамета түзіледі?

ә) Қозылардың қаншасы сұр түске ие болады?

б) Қозылардың қаншасы қара түсті болады?

в) Гомозиготалы тірі қозылар қанша?

г) Өлі туу мүмкін қозылар қанша?

3. Қарбыз жемісінің жасыл түсі жолақтыдан басым келеді. Гомозиготалы жасыл жемісті және жолақты сорттарын будандастыру арқылы бірінші ұрпақта 217 будан алынды. Будан өсімдіктерді қайта тозаңдандырып, екінші ұрпақта 172 будан алынды.

Қарбыз жемісінің жасыл түсі жолақтыдан басым келеді. Гомозиготалы жасыл

жемісті және жолақты сорттарын будандастыру арқылы бірінші ұрпақта 217

будан алынды. Будан өсімдіктерді қайта тозаңдандырып, екінші ұрпақта 172

будан алынды.

ІІ жүргізуші: Әр топ басшысының есептері дайын болғанша ______ сынып оқушысы ___________________ орындауында ____________ әнін қабыл алыңыздар!

І жүргізуші: Ү – кезең «Бәйге» Әр топқа сұрақтар топтамасы беріледі (дайын презентацияда) 10,20,30 ұяшықтары бойынша сұрақтар жасырынған. (тақырыптар бойынша)

1. Ұлы есімдер 10 Алғашқы генетика ғылымының негізін

салушы? (Грегор Мендель 1865 ж)

2. Ұлы есімдер 20 Арқар – меринос қолтұқымын шығаруға

қатысқан ғалым? (Абылғазы Ыбрайұлы Жандеркин)

3.Ұлы есімдер30 Жүгері өсімдігіндегі аталық ұрықсыздықты ашқан америкалық ғалым? Қай жылы? (М.Родс 1930 жылы )

1. Генетикалық алфавит 10 Ген дегеніміз не?

(ДНҚ молекуласында нәруыз туралы ақпараты жазылған бір бөлігі. )

2.Генетикалық алфавит 20 Генетикалық карталар дегеніміз не? (хромосомада болатын тіркес гендердің орналасу сызбанұсқасы)

3. Генетикалық алфавит 30 Плазмон дегеніміз не? (цитоплазмада және оның органоидтарында шоғырланған тұқым қуалайтын факторлар)

1. Гендердің өзара әрекеттесуі 10 Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін-бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруын не деп атайды. (комплементарлық)

2. Гендердің өзара әрекеттесуі 20 Бір ген екінші генді басып, оның белгісін жойып жіберуін не деп атаймыз? Басымдық қасиет көрсететін генді қалай атайды? (эпистаз, супрессор)

3. Гендердің өзара әрекеттесуі 30 Адам қан топтары қаншаға бөлінеді? Қай қан тобында эритроциттерінде агглютиногендер жоқ, қай топта бар? (4 топқа, эритроциттерінде І(О) агглютиногені А,В жоқ, ІҮ (АВ) агглютиногені А,В бар)

1. Бейне сұрақ 10(қан топтарына байланысты есептер)

(Кітапханашымыз Айгүл апайымыздың бейне сұрағына назар аударыңыздар!) Қанның тобы І (О) топқа жататын қыз, Қанның тобы ІІІ (В) топқа жататын жігітке тұрмысқа шығады. Олардың балаларының қан топтарын анықтау керек. (Баласының: қанның тобы ІІІ (В) және І (О) егер әкесінің генотипі гетерозиготалы (ІВІО) болған жағдайда, қанның тобы ІІІ (В) егер әкесінің генотипі гомозиготалы (ІВІВ) болған жағдайда) жауабы: І, ІІІ.

2. Бейне сұрақ 10 (қан топтарына байланысты есептер)

( 8 «А» сынып оқушысы Амирғалина Аминаның бейне сұрағына назар аударыңыздар!) Әке – шешесінің біреуінің қаны І (О) топқа, ал екіншісінің қан тобы ІІ (А) топқа жатады. Олардың тек бір баласы бар. Сол баланың қанының тобын және оның генотипін анқтау керек.) (Баласының: қанның тобы ІІ (А) және І (О) егер әкесінің генотипі гетерозиготалы (ІАІО) болған жағдайда, қанның тобы тек ІІ (А) егер әкесінің генотипі гомозиготалы (ІАІА) болған жағдайда) Жауабы: І, ІІ

3. Бейне сұрақ 20 (қан топтарына байланысты есептер)

Көздері қара ерлі-зайыптылардың отбасында 4 бала бар. Олардың екуінің көздері көк те, қан топтары І және ІҮ, ал екуінің көздері қара да, қан топтары ІІ және ІІІ. Қара көзділікті аутсомалы-доминантты белгі деп алсақ, осы отбасында қара көзді, қан тобы І баланың тууы мүмкін бе? Ата-аналарының генотипін, қан топтарын анықтаңыздар?



Көрермендерге сұрақ:

1. Миксидема – қалқанша безінің жетіспеушілігі

2. Гипотония – қан қысымының төмендеуі

3. Авитаминоз – витамин жетіспеушілік

4. Қант диабеті - инсулин гормонының жетіспеушілігі

5. Акромегалия – гипофиздің шектен тыс көбейуі (өсу гормоны)

6. Гемофилия – қан ұйымайтын ауру

7. Гипертония – қан қысымының жоғарлауы.

8. Гемоанемия – гемоглобинде темір жетіспеушілігі

9. Мешел – ағзада Д дәрумені жетіспегенде.

10. Дальтонизм – түс ажырата алмайтын ауру

І жүргізуші:

ІҮ – кезең. «Ептілер» Әр топ қан кету және сүйек жарақаттары кезінде бірінші көмек беруді тәжірибе түрінде көрсетеді. (әр дұрыс жасаған көмекке 5 балл)

ІІ жүргізуші:

Ү – кезең «Кім тапқыр» Әр топқа 1 логикалық сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауапқа 5 балл.

1. Қылмыскер қылмысының ізін жасыру үшін құрбанының қан болған киімін өртеп жібереді. Алайда сот медициналық экспертизасы киімде қанның бар екендігін күлдің анализі негізінде анықтап берді. Қалайша?

Жауабы: Өртенген объектінің құрамындағы химиялық элементтер күлде сақталады; Қан гемоглобин құрамына енетін темірдің көп мөлшерімен ерекшеленеді, сондықтан да күлде темір көп мөлшерде кездескендіктен киімде қан бары анықталды.

2. Қанның ұюы адамның қорғаныш реакциясы. Бірақта қан тамырларының ішінде қанның ұюы ауру туғызады. Неліктен бұл аурулар адам үшін қауіпті?

Жауабы: Тромб ағзадағы ауыр аурулардың себебшісі. Инсульт, инфаркт.

1. Адамның қаны қызыл түсті, ал басаяқты ұлулардың қаны көк түсті. Қанның түсіндегі үлкен айырмашылықты түсіндір?

Жауабы: Басаяқты ұлулардың қанында көк түсті пигмент гемоцианин бар, онда көп мөлшерде мыс элементі болғандықтан қанға көк түс береді.

2. Адамда эритроциттер мен гемоглобиннің жетіспеушілігі қаназдық (анемия) ауруына себебші болады. Сіздердің алдыларыңызда алма, сіріңке шиі, шеге тұр. Осы заттарды пайдалана отыра адамның гемоглобинің қалай көтеруге болады.

Жауабы: Алмаға шегелерді қадап біраз уақыттан кейін алып тастап онымен қорек етсе қанның құрамына темір көптеп түседі. Сол себебті гемоглобиннің мөлшері көтеріледі.

І жүргізуші: Сөзжұмбақ (бонус) жұлдызды сәт

Әр топқа сөзжұмбақ беріледі. 5 минут ішінде қай топ көп сөз табады. (әр дұрыс сөзге 1 балл)

Cөзжұмбақ сұрақтары:

Көлдененең: 3. Қан қабылдаушы адам. 4. Эритроциттердің бірігіп қалуын қалай атайды? 6. Фагоцитоз құбылысын ашқан орыс ғалымы. 8. Жүрек жұмысын жылдамдататын гормон. 10. Қанайналымның екі шеңберін ашқан ағылшын ғалымы. 11. Қорғаныш реакция, иммундық жүйені тудырушы. 12. Қан қысымы 120 мм сын. бағ қозғалатын тамыр.

Тігінен: 1. Жүректін өзінде пайда болатын импульс әсерінен жиырылуы. 2. Қан қысымының жоғарлауына байланысты туатын аурудың аты. 5. Ағзаның жұқпалы аурулар мен бөгде денелер әрекетін қабылдамау қасиеті. 7. Қанды жүрекке апаратын тамыр. 9. Ағзаның ішкі сұйықтығы, ақшыл сарғыш түсті.

hello_html_6680e88e.png

ІІ жүргізуші:

Құрметті ұстаздар мен оқушылар әділ – қазылар ұпай санын есептеп шығарғанша 7 «А» сыныбының ұлдарының орындауында .................. биін тамашалайық.

І жүргізуші: Сөз кезегін әділ – қазылар алқасына ұсынамыз.

(Әділ қазылар алқасы жеңімпазды атағаннан соң)


І және ІІ жүргізушілер: Бәрекелді, балалар,

Бәріңде жақсы баға бар.

Азамат боп өсіңдер,

Ел қадірін бағалар!!!

Бүгінгі «Қан мен сүйек-адам үшін тірек» ........................................... құттықтаймыз!


ІІ жүргізуші: Осымен жаратылыстану апталығының «Қан мен сүйек-адам үшін тірек» атты сайысы аяқталды.





















































Тестовые документ по биологии на тему "Генетика"
  • Биология
Описание:

Генетика тарауын қорытындылауға арналған сыныптан тыс іс-шара. Сіздерге сайыстын шартын ұсынып отырмын.

1.     Топтың басшысы сайлануы керек.

2.     Топ аты, ұраны, эмблема, презентация (сайыс тақырыбына байланысты)

3.     Топ мүшелерінің аты жөні жазылған бейджик.

Сайысқа байланысты шарттар:

       І. Сайысқа қатысатын және қолдаушы оқушылар барлығы дерлік мектеп

          формасын сақтау қажет.

      ІІ. Сайысқа қатысатын оқушылардан басқа, көрермен ретінде барлық

           сыныптар өз топтарын қолдап, акт залында отыруы тиіс.

      ІІІ. Сайыс кезінде тыныштықты,  өзін-өзі ұстау,мәдениеттілікті сақтау.

      ІY. Мәжіліс залын сайыстан бұрын безендендіру ( 10 сынып оқушылары)

       Y. Әділқазылар мүшелеріне қосымша эмблеманы ұсыну (сайыс   

             басталардан бұрын жүргізушіге берулеріңіз қажет)

YІ. Сайыс 5 турдан тұрады.

1.     І-тур «Таныстыру» (міндетті түрде топ атына сәйкес презентация) 5-7 минут

2.     ІІ-тур «Қызықты генетика» Үй тапсырмасы (топ дайындалып келген тақырыптары бойынша сынға түседі. (мыс: презентация, видео ролик, көрініс түрінде тек біреуін таңдап көрсетуге болады)) 10-минут

3.     ІІІ – тур «Сіз бізге, біз сізге» үй тапсырмасы бойынша (тапсырма генетика тақырыптары бойынша: адам генетикасы (генеаголиялық әдіс), жыныс генетикасы (адамның хромосома саны, туыстық некенің тиімсіздігі), медициналық генетика (хромосомалық аурулар, гендік аурулар, гемофилия ауруыны шежіресі) әртүрлі көріністерді көрсетуге болады. Міндетті түрде көрермендер (төменгі сынып оқушылары), әділ-қазылар алқасының қызығушылықтарын арттыру.

   Бұл кезде оқушылар қарсы топқа өздері дайындап келген  көріністі

       көрсетеді. Қарсы топ жауабын береді. Егер жауап дұрыс болмаған жағдайда келесі топ айтуға құқығы бар. Екі топтан да жауап болмаса көрермендер өз ойларын қосуға болады.

  4.    ІY – тур «Сиқырлы жәшік» Топ басшылары сайысы: Әр топ басшыларына бір есеп беріледі (қан топтары, моногибридті будандастыру, жыныс генетикасы, комплементарлық, Харди-Вайнберг заңы бойынша, Г.Мендель заңдылықтары және т.б)

 

 

4.     Y – тур «Бәйге»  Әр топқа сұрақтар топтамасы беріледі (дайын презентацияда) 10,20,30,40,50 ұяшықтары бойынша сұрақтар жасырынған. (тақырыптар бойынша) 

Автор Муталив Даулен Муталив
Дата добавления 03.01.2015
Раздел Биология
Подраздел
Просмотров 572
Номер материала 23405
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓