Главная / Начальные классы / тест әдебиеттік оқу "Бөлімді қайтаау" (2 сынып)

тест әдебиеттік оқу "Бөлімді қайтаау" (2 сынып)

Бөлімді қайталауға арналған тест №1

  1. Қазақ даласына алғаш білім жарығын алып келген адам кім?

А) Ахмет Байтұрсынұлы

Ә)Абай Құнанбаев

Б)Ыбырай Алтынсарин

В)Шоқан Уалиханов

2. Балаларды оқуға шақырған Ы.Алтынсариннің өлеңі қалай басталады?

А)Кел, балалар, оқылық

Ә)Бір Аллаға сиынып

Б)Оқысаңыз, балалар

В)Оқығанды көңілге

3. «Ата-ана алдындағы борышың» деген тіркестегі «борышың» сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?

А)Қарызың

Ә)Тәртібің

Б)Білімің

В)Қылығың

4. Өлең жазатын адамды қалай атайды?

А)Жыршы

Ә)Суретші

Б)Әнші

В)Ақын

5. Тұңғыш «Әліппе» оқулығын кім жазған?

А)Ыбырай Алтынсарин

Ә)Ахмет Байтұрсынұлы

Б)Абай Құнанбаев

В)Жүсіпбек Аймауытов

6. «Аласың білім кітаптан» деген ақыл сөз кімнің шығармасында келтірілген?

А)Ілияс Жансүгіровтың

Ә)Абай Құнанбаевтың

Б)Ахмет Байтұрсынұлының

В)Жүсіпбек Аймауытовтың

7. Қартқожа қай жазушының кейіпкері?

А) Жүсіпбек Аймауытовтың

Ә) Ахмет Байтұрсынұлының

Б) Ілияс Жансүгіровтың

В) Жүсіпбек Аймауытовтың

8. Қазақ халқының ұлы ғалымы Шоқвн Уалиханов туралы жазған жазушы кім?

А)Ыбырай Алтынсарин

Ә)Жүсіпбек Аймауытов

Б)Сапарғали Бегалин

В)Ахмет Байтұрсынұлы

9. Абайдың ақыл сөзін аяқта.

«Адам баласының ең жаманы - ...»

А)Білімсіз

Ә)Ақылсыз

Б)Әдепсіз

В)Талапсыз

10. Абай Құнанбаев «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде атаған бес жаман істі ата.

А)Өсек, өтірік, талап, еңбек, білім.

Ә)Өсек, өтірік,қанағат,ұрлық,бірлік

Б)Өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ

В)Өсек, өтірік, ұрлық,салақтық, әдепсіздік







Бөлімді қайталауға арналған тест №2

  1. «Көзі моншақтай,

Өзі жұп-жұмыр.

Құйрығы шашақтай,

Ерні жып-жымыр.»

деген өлең жолдарда қай төл туралы айтылған?

А) Лақ Б)Қозы

Ә)Бұзау В)Құлын

2. Қойдың төлі қалай аталады?

А)Лақ Б)Қозы

Ә)Бұзау В)Құлын

3. «Мүйізі айдай иілген

Мұрнын көкке шүйірген» не?

А)Жылқы Б)Түйе

Ә)Сиыр В)Қой

4. «Маң-маң басқан,маң басқан,

Шудаларын шаң басқан» не?

А)Жылқы Б)Түйе

Ә)Сиыр В)Қой

5. Өмірде болған адамның басынан өткен әңгіме қалай аталады?

А)Жұмбақ

Ә)Жаңылтпаш

Б)Аңыз

В)Мысал

6. «Еңбек байлыққа жеткізер» деген негізгі ойға құрылған ертегіні ата.

А)Қасқыр мен түлкі

Ә)Аңқау арыстан

Б)Ұр, торпақ

В)Байлық пен ақыл

7. Жан-жануарлар, аңдар жөнінде әңгімелеген ертегіні ата.

А)Байлық пен ақыл

Ә)Аңқау арыстан

Б)Шибұт,Қылмойын,Қарынбас

В)Ұр,торпақ

8. Қиял-ғажайып ертегілері тобына жататын мәтінді ата.

А)Байлық пен ақыл

Ә)Аңқау арыстан

Б)Ұр,торпақ

В)Түлкі мен қасқыр

9. Шыншыл ертегілер тобына жататын мәтінді ата.

А) Байлық пен ақыл

Ә) Айқау арыстан

Б) Ұр, тоқпақ

В) Қонжық пен көжек

10. «Жаңбыр жаумаса – жер жетім» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?

А)Қазыбек би

Ә)Әйтеке би

Б) Төле би

В) Халық

11. «Алтын ұяң – Отан қымбат» деп басталатын шешендік сөзді айтқан кім?

А)Қазыбек би

Ә)Әйтеке би

Б) Төле би

В) Халық

12. «Бай болсаң, халқыңа пайдаң тисін...» деп бата берген кім?

А)Қазыбек би

Ә)Әйтеке би

Б) Төле би

В) Халық


Бөлімді қайталауға арналған тест №4

1.Жұмбақтың шешуін дұрыс тап:

Есіктен кіреді еңкейіп,

Төрге шығады қампайып.

А)Аяз

Ә)Жел

Б)Боран

В)Үскірік

2. «Күн әбден қысқарған. Күннің көзі көрінсе де, жылынбайды» деген жолдарда жылдың қай мезгілі сипатталған?

А)Күз

Ә)Көктем

Б)Қыз

В)Жазғытұры

3. «Күле шулап кірсе үйге,

Самауыр тұр бу шыққан» деген өлең жолдары М.Дулатовтың қай шығармасында келтірілген?

А) «Мектепке»

Ә) «Мектептен»

Б) «Қыс»

В) «Оян,қазақ»

4.Солтүстік Қазақстан облысында туған ақын, жазушы әрі педагог кім?

А) М.Дулатов

Ә) Қ.Аманжолов

Б) З.Шүкіров

В) М.Жұмабаев

5. Тәуелсіздік сөзін басқаша тағы қалай атауға болады?

А)Бақыт

Ә)Бостандық

Б)Бейбітшілік

В)Еңбек

6.Қазақша жыл санауда жыл басы неден басталады?

А)Тышқаннан

Ә)Доңыздан

Б)Түйеден

В)Жылқыдан

7. «Шырша жырын» есіңе түсір. Өлең жолын дұрыс аяқта: Қар жауыр тұр ....

А)Далада

Ә)Қоймастан

Б)Тынбастан

В)Аспаннан

8. Жаңылтпашты дұрыс аяқта:

Киген тоны –

Оңды тон,

.....

А)Әдемі тон

Ә)Жылы тон

Б(Қысқа тон

В)Өңді тон

9.Бөлімдегі Бүркіт Ысөаөовтың өлеңі қалай аталады?

А)Қыста қызық мейрам бар

Ә) Қыста қызық жұмыс бар

Б) Қыста қызық ойын бар

В) Қыста қызық думан бар.

10.Биялай деген сөзді кімнің өлеңінен кездестірдің?

А)Қ. Мырза Әли. Жұмыстың қызуы

Ә)Б.Ысқақов. Қыста қызық жұмыс бар.

Б)Б.Соқпақбаев. Шынықсын денеміз

В)З.Шүкіров. Ақшақар




Бөлімді қайталауға арналған тест №3

1.«Ыстық қой, шіркін, туған жер!» деген сөздер кімнің шығармасында келтірілген?

А) М.Мақатаевтың

Ә) Ж.Аймауытовтың

Б) Ж.Смақовтың

В) С.Жүнісовтің

2. «Қоңырсыған сүт, қайнатқан қаймақ иісі ... түтіннің иісі» деген жолдар кездесетін мәтінді ата.

А) М.Мақатаев. Отан туралы

Ә) Ж.Смақов. Отан

Б) Ж.Аймауытов. Қартқожаның туған жері

В) С.Жүнісов. Туған өлкем

3. Ж.Смақовтың өлеңі қалай аяқталады: Өйткені ол Отан - ...

А)Ұлы Отан

Ә)Жан Отан

Б)Сол Отан

В)Бұл Отан

4. С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтінің есіңе түсір. Өзі тар, өзі қараңғы, өзі қауіпсіз ненің мекені?

А)Құмырсқаның

Ә)Құрбақаның

Б)Тышқанның

В)Жауынқұрттың

5. С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтінің есіңе түсір. Өзі жайлы, өзі биік, өзі жұмсақ ненің мекені?

А)Құрбақаның

Ә)Құмырсқаның

Б)Көкқұтанның

В)Тышқанның

6. С.Жүнісовтың «Кімнің мекені жақсы?» мәтінің есіңе түсір. Өзі салқын, өзі дымқыл, өзі көлеңке ненің мекені?

А)Көкқұтанның

Ә)Құмырсқаның

Б)Тышқанның

В)Құрбақаның

7. Бөлімдегі М.Мақатаевтың өлеңі қалай аяқталады:

Отан,Отан

Бәрінен биік екен

Мен оны мәңгілікке ...

А)Ұнатамын

Ә)Мақтан етем

Б)Сүйіп өтем

В)Жырлап өтем

8. Ағынды өзен, асқар тау, қасиетті тіл кімнің өлеңінен алынған көркем сөздер?

А)М.Мақатаевтың

Ә)Ж.Смақовтың

Б)Ө.Тұрманжановтың

В)К.Ахметованың

9. Астанаға жыр арнаған ақынды ата.

А)М.Мақатаев

Ә)Ж.Смақов

Б)К. Ахметова

В)Ө.Тұрманжанов

10. Ө.Тұрманжановтың өлеңі қалай аяқталады:

Неткен сұлу, неткен көркем,

.....

А)Көгінде күн нұрын төккен

Ә)Жерінде гүл жұпар сепкен

Б)Ел еркіндей бақыт тапқан

В)Осы менің туған өлкем




Бөлімді қайталауға арналған тест №5

1. «Кім үлкенді тыңдаса,

Кім үлкенді сыйласа,

Үлкен болған кезіңде

Сыйлы болмақ өзі де», - деп айтқан кім?

А)Спандияр Көбеев

Ә)Сырбай Мәуленов

Б)Жақан Смақов

В)Ыбырай Алтынсарин

2. Оқиғасы «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деген нақыл сөзге құрылған шығарманы ата.

А)С.Көбеев. Атасы мен немересі

Ә)Ы.Алтынсарин. Шеше мен бала

Б)Б.Момышұлы. Ұшқан ұя

В)М.Мақатаев.Қарттарды сүйем

3. Әжетайым деген сөз қай мәтінде кездеседі?

А) Б.Момышұлы.Ұшқан ұя

Ә)Ф.Оңғарсынова. Жылу

Б)Ф.Оңғарсынова. Әже

В)Ы.Алтынсарин. Шеше мен бала

4. Аталарым деген сөз қай мәтінде кездеседі?

А)Б.Момышұлы. Ұшқан ұя

Ә)Ф.Оңғарсынова. Жылу

Б)Ф.Оңғарсынова. Әже

В)М.Мақатаев. Қарттарды сүйем

5. Айдай анам деген сөз қай мәтінде келтірілген?

А)Ф.Оңғарсынова. Әже

Ә) Ы.Алтынсарин. Шеше мен бала

Б) Б.Момышұлы. Ұшқан ұя

В) Ф.Оңғарсынова. Жылу

6. Жеті атаңды білу қажеттілігі қай шығармада айтылған?

А)Ф.Оңғарсынова. Жылу

Ә)Б.Момышұлы. Ұшқан ұя

Б)С.Көбеев. Атасы мен немересі

В)С.Көбеев. Шал мен балалар

7. «Түн ұйқысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған» деген жолдардың авторы кім?

А)Жақан Смақов

Ә)Спандияр Көбеев

Б)Ыбырай Алтынсарин

В)Фариза Оңғарсынова

8. Әлди бөпем деген сөздері бар жыр қалай аталады?

А)Батырлар жыры

Ә)Төрт түлік жырлары

Б)Наурыз жыры

В)Бесік жыры

9. Ер адамға қатысты қариялар, қарттар сөздерінің мағыналас қатарын толықтыр:

А)Аталар

Ә)Әжелер

Б)Аналар

В)Апалар

10. «Үлгілі бала» деген кітабы бар балалар жазушысы кім?

А)Ыбырай Алтынсарин

Ә)Жақан Смақов

Б)Спандияр Көбеев

В)Бауыржан Момышұлы





Бөлімді қайталауға арналған тест №6

1.Оқиғасы «Тазалық – денсаулық кепілі» деген мақалға құрылған шығарманы ата.

А)О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?

Ә)Ы.Алтынсарин. Салақтық

Б)М.Гумеров. Көк кептер

В)Ж.Кәрбозин. Жиырма тиын

2. «Ұйқышылдық - жаман әдет» деген нақыл сөз қай мәтінге қатысты?

А) Ж.Кәрбозин. Жиырма тиын

Б) Ы.Алтынсарин. Салақтық

Ә) О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?

В) Е.Ерботин. Даңғой

3. «Өндірмесе дәнеме

Мақтанғаннан не пайда?» деген жолдар қай мәтіннің қорытынды ойы?

А)Е.Ерботин:Даңғой

Ә)Ш.Смаханұлы. Тәкаппар

Б)О.Әубәкіров. Сүт қалай ұйықтады?

В)Ә.Дүйсенбиев. Атай

4. «Өркөкірек, мақтаншақ» сөздерінің мағынасына жуық келетін сөзді ата.

А)ұйқышыл

Ә)еріншек

Б)салақ

В)тәкаппар

5. «Даңғой» сөзінің мағынасын ашатын сөзді ата.

А)еріншек

Ә)ұйқышыл

Б)мақтаншақ

В)салақ

6. «Басыңа іс түссе,

Жақсы көмек етеді,

Жаман күліп өтеді» деген мақалға қатысы бар шығарманы ата.

А)Ә.Дүйсенбиев.Атай

Ә)Ж.Кәрбозин.Жиырма тиын

Б)Ы.Алтынсарин.Салақтық

В)Қ.Жұмаділов.Ұзынсары

7.М.Гумеровтің әңгімесінде көк кептерді атқан кім?

А)Балалар

Ә)Көрші әйел

Б)Аймаған

В)Нүсіпбек

8. Наурыздың ұзақ күндері қалай аталады?

А)Мамыр

Ә)Наурыз

Б)Ұзынсары

В)Сәуір

9.Жұмбақтың шешуін тап: Қырға кілем жайылды.

А)Ағаш

Ә)Қызғалдақ

Б)Қозы-лақ

В)Мал

10. «Көлдің мұзын күн тесті,

Аппақ тонын жер шешті» деген жолдарда қай жыл мезгілі туралы айтылған?

А)Қыс

Ә)Көктем

Б)Жаз

В)Күз







Бөлімді қайталауға арналған тест №7

1.Абылай ханның шын есімі кім?

А)Сабалақ

Ә)Шарыш

Б)Абылай

В)Әбілмансұр

2. «Кім қаққа, аты-жөні кім қоңыраушының?» деген ақын сұрағына жауап бер.

А)Шоқан Уалиханов

Ә)Абай Құнанбаев

Б)Ыбырай Алтынсарин

В)Ахмет Байтұрсынұлы

3. «Атан түйе шөккен жер» тіркесі кімге қатысты айтылған?

А)Абылайға

Ә)Райымбек батырға

Б)Абайға

В)Ыбырайға

4. М.Әуезовтің «Бала Абай» әңгімесін есіңе түсір. Бала Абайға бата берген кім?

А)Әжесі

Ә)Анасы

Б)Байкөкше жыршы

В)Барлас ақын

5. Абайдың шешесінің есімі кім?

А)Ұлжан

Ә)Зере

Б)Әйгерім

В)Ділда

6. Жасында «Қоңыр қозы» атанған жазушы кім?

А)Абай

Ә)Мұхтар

Б)Ыбырай

В)Ахмет

7.Бөлімдегі көктемгі табиғат көрінісі суреттелген шығарманы ата.

А)Мұхтар Әуезов.Әбілмансұр

Ә)Мұхтар Әуезов:Бала Абай

Б)Тұрсын Жұртбай. Қоңыр қозы

В)Сәбит Мұқанов. Батылдық

8. Ш.Мұртазаның «Бала Тұрар» әңгімесін есіңе түсір. «Аспара» деген не?

А)Жердің аты

Ә)Таудың аты

Б)Адамның аты

В)Көлдің аты

9.Ш.Мұртазаның «Бала Тұрар» әңгімесі бойынша «Қызыл жебе» ненің аты?

А)Құстың

Ә)Адамның

Б)Иттің

В)Жылқының

10. Балуан Шолақ қай жазушының кейіпкері?

А)Мұхтар Әуезовтың

Ә)Шерхан Мұртазаның

Б)Сәбит Мұхановтың

В)Қалмақан Әбдіқадыровтың











Бөлімді қайталауға арналған тест №8

1.Көп нүктенің орнына тиісті сөзді қой:

Сылдыр қағып,

Таудан құлап

Жатыр ағып,

Мөлдір ....

А)Құрақ

Ә)Бұлақ

Б)Арық

В)Теңіз

2. Таудан аққан бұлақ суреттелетін шығарманы ата.

А)Ж.Жабаев. Алатау

Ә)С.Сейфуллин. Көлде

Б)С.Ванчели. Дельфин

В)Ш.Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ

3.Балықтың қимылына өатысты сөзді ата.

А)Бақырып

Ә)Ақырып

Б)Жүгіріп

В)Шоршып

4.Аузыңнан дәм кетпейтін тіркесінің мағынасын анықта.

А)Өте ащы

Ә)Өте тұщы

Б)Өте дәмді

В)Өте жұмсақ

5.Мақал-мәтелді дұрыс аяқта: Сулы жер - ....

А)құнарлы жер

Әнулы жер

Б)таулы жер

В)қарлы жер

6. «Найзағай» сөзіне мағынасы жуық сөзді ата.

А)Жасын

Ә)Жалын

Б)Бұршақ

В)Жаңбыр

7.Бөлімдегі киелі құс суреттелген шығарманы ата.

А)Ш.Смаханұлы. Бұлбұл мен тоқылдақ

Ә)С.Сейфуллин. Көлде

Б)С.Көбеев. Түлкі мен қырғауыл

В)Ж.Жабаев. Алатау

8.Бөлімдегі табиғат апаты туралы әңгімеленген шығарманы ата.

А)Ә.Асылбеков. Түлкі мен тиін

Ә)С.Сейфуллин. Көлде

Б)Ш.Айтматов. Жау шапқанда

В)Л.Толстой. Өрттен құтқарушы иттер

9.С.Венчалидің әңгімесінде кемені апаттан құтқаратын не?

А)Балық

Ә)Дельфин

Б)Пингвин

В)Теңізші

10.Ұядан құлап қалған балапанды көрсең, не істейсің?

А)Өтіп кете беремін

Ә)Байқамаған боламын

Б)Ұясына көтеріп саламын

В)Аяушылық білдіремін







Жауаптары


р/н

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Б

В

Ә

А

Ә

Ә

В

Ә

2

Ә

Б

Б

Б

А

Б

Б

А

3

А

Ә

А

Ә

Б

А

Ә

В

4

В

Б

Б

В

В

В

В

Б

5

Ә

Б

Ә

Ә

В

Б

А

Ә

6

А

В

В

А

Ә

Ә

Ә

А

7

В

Ә

Б

Б

Б

В

Б

Ә

8

Б

Б

А

В

В

Б

Ә

В

9

В

А

Б

Ә

А

Ә

В

Ә

10

Б

Б

В

Б

Б

Ә

Б

Б

11


А







12


Ә








тест әдебиеттік оқу "Бөлімді қайтаау" (2 сынып)
  • Начальные классы
Описание:

Қазір әлемде тестік тапсырмалар арқылы білім сапасы мен деңгейін тексеру жоғары технологиялар қатарына жатқызылады. Тестілеу әдісі көптеген дамыған елдерде білімнің ажырамас бөлігіне айналды. Тестілеу жайлы айтпай тұрып, алдын-ала оқушы білімін бағалау үшін қолданылатын тестің не екенін білу керек.

2 сыныпқа әдебиеттік оқу пәнінен арналған тест тапсырмалары. Тест 8 нұсқадан құралған. Әдебиеттік оқу пәнінен әр тарау бойынша жасалған. Әр сұрақтын 4 жауап нұсқасы бар. (А,Ә,Б,В). Тест соңында дұрыс жауаптары жазылған. Тесттің мақсаты: оқушылардың әр тарау бойынша алған білімдерін тексеру, есте сақтау қабілеттерін білу.

Автор Кулбошова Дария Кайратовна
Дата добавления 16.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Тесты
Просмотров 187
Номер материала MA-068569
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓