Главная / Другое / Терминдер және сөз мәдениеті

Терминдер және сөз мәдениеті

Терминдер және сөз мәдениеті


Қазақ тілі 10-сынып

I. Сабақтың тақырыбы: Терминдер және сөз мәдениеті

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, терминдер мен сөз мәдениетінен түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушы тіл байлығын, сөздік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу;
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,СКТ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интер.тақта

Сабақтың жүрісі:
1/ Ұйымдастыру кезеңі
2/ Үй тапсырмасын сұрау
3/ Жаңа сабақ
Үй тапсырмасын пысықтау.
а/ Басқа тілден енген атаулар мен неологизмдерге қысқаша шолу жасау.

II.Жаңа сабақ.
Термин - белгілі бір ғылымның, техниканың, спорттың салаларына жататын сөздер.Терминдер бір ғана тура мағыналы сөз болып келеді.

1/Етістіктің тұйық етістік арқылы жасалған терминдер барлық салада қолданылады.
Тіл білімінде: септеу, зат есім,жалғау, т.б
Заң ғылымында: айыптау, беттестіру, тұтқындау, тінту;
Географияда: бұрғылау, шаймалау, сүйірлену, ісіну,т.б
Экономикада: арзандату, несие беру,перделеу,т.б
Әдебиеттануда: шендестіру, әсірелеу, толғау,суреттеу, т.б

2/Терминологияда сын есімдердің өзіндік орны бар. Мыс: жай сөйлем, жұқпалы ауру, қалыпты қысым,отты қару,т.б

3/ Терминдерге кейде көнерген сөздер жатады:
Протокол - хаттама; Квота - үлес;
Календарь - күнтізбе; Квитанция - түбіртек;
Устав - жарғы; Подписка - жазылыс;
4/ Қоғамдық-саяси терминдер:
Адаптация - бейімдеу; адрес - мекенжай;
Анкета - сауалнама; образ - бейне;

III.Оқулықпен жұмыс:
42-жаттығу. Есімдік
Қашан
Негізгі
Дара
Бір лексикалық мағынасы бар
Бір грамматикалық мағынасы бар
Болымсыздық есімдік

Әлдекім, кім, сен, ол, бәрі, күллі, өзі, әлденеше, жалпы, бәрі, барлық,т.б
1. Сөз құрамы
2. Тұлғасына қарай
3. Құрылысына қара
4. Лексикалық,грамматикалық мағынасы
5. Сұрағы
6. Мағынасына қарай

43-44-жаттығу. /ауызша орындату /
45-жаттығу. Есімдіктерді тауып,сөз құрамына, лексика - грамматикалық мағынасына қарай талдау жасау.
Осы
Тұлғасына қарай - негізгі
Құрылысына қарай - дара
Бір лексикалық мағынасы бар
Бір грамматикалық мағынасы бар
Сілтеу есімдік

IV.Жаңа сабақты тест арқылы қорыту:
1/ «Мен» сөзінің қайсысы жіктеу есімдігі?
а/ Оның сөзіне мен түсіне алмадым.
ә/ Абзал мен Ардақ –сыныптағы озат оқушылар.
б/Екі мен екіні қоссаң төрт болады.
г/ Көмекшісімен екеуі бірге келді.
2/ «Кей» есімдігі қай сөзбен тіркескенде бірге жазылады?
а/ Біреу
ә/ Жағдай
б/ Уақыт
г/ Кітап
3/ Сөйлемдегі есімдік қандай қызмет атқарады?
Тапсырмаңызды әлдеқашан орындағанмын.
а/Анықтауыш ә/ Толықтауыш
б/Пысықтауыш г/ Баяндауыш
4/Қайсысының жазылуы дұрыс?
а/ Ешқашан 
ә/ Еш бір
б/ Еш кім
г/Еш қайдан
5/ Мына сөйлемге лайықты есімдік қайсысы?
.....ауыл жиналысқа келді.
а/ Ешбір
ә/ Бүкіл
б/ Қай
г/ Міне
6/ Ауызша сөйлеу тілдің де, жазба тілдің де дамуына ортақ негізді көрсетіңдер.
а/Ғылыми терминдер
ә/Жалпыхалықтық тіл
б/Афоризмдер
в/Диалектілер
г/ Ұлтаралық тіл
7/ Тілдің материалдық жағына не жатады?
а/ тілдің сөз байлығы
ә/ Басқа тілден енген сөздер
б/ Этнолингвистикалық атаулар
в/ Архайзмдер
г/ Тіл дыбыстарының, сөздердің, грамматикалық формалардың жиынтығы
V.Үйге тапсырма беру. Ережелерді еске түсіріп, жаттау. Термин сөздерге бірнеше мысалдар жазу.
VI.Оқушыларды бағалау.


Терминдер және сөз мәдениеті
  • Другое
Описание:

I. Сабақтың тақырыбы: Терминдер және сөз мәдениеті

Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың алған білімдерін толықтыру, терминдер мен сөз мәдениетінен түсінік беру;
Дамытушылық: Оқушы тіл байлығын, сөздік қорларын дамыту;
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізе білуге баулу;
Сабақтың әдісі: Түсіндіру,СКТ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Интер.тақта

Сабақтың жүрісі:
1/ Ұйымдастыру кезеңі
2/ Үй тапсырмасын сұрау
3/ Жаңа сабақ
Үй тапсырмасын пысықтау.
а/ Басқа тілден енген атаулар мен неологизмдерге қысқаша шолу жасау.

Автор Құрантаева Қанымгүл Шайхасламовна
Дата добавления 15.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 630
Номер материала 56382
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓