Главная / Физика / Тербелмелі қозғалыс. Тербермелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.

Тербелмелі қозғалыс. Тербермелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.

Пән:физика сынып:9 Уақыт:

Сабақтың тақырыбы: Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі. Математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістері

Сабақтың мақсаты:

  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуімен және математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерімен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.

  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.

  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері: Әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар, кітап, дәптермен жұмыс

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1. Сәлемдесу; 2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру.Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру./ ІV. Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою.

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуімен және математикалық және серіппелі маятниктердің тербелістерімен танысамыз.

  1. Қандай қозғалыстарды тербелмелі қозғалыстар деп атайды?

  2. Қозғалыстың басқа түрлерінен тербермелі қозғалыстардың ерекшелігі неде?

  3. Ығысу деген не?

  4. Гармоникалық тербелістер деп қандай тербелістерді атайды?

  5. Тербеліс периоды деп нені айтады?

  6. Тербеліс жиілігі деп нені айтады?

  7. Тербеліс амплитудасы деп нені айтады?

V. Жаңа материалды меңгерту:

  1. Механикалық тербеліс кезіндегі энергияның түрленуі.

  2. Тербеліп тұрған дененің толық механикалық энергиясы әр уақытта сақталады.

  3. Өшетін тербелістер-уақыт өткен сайын амплитудасы азайып отыратын тербелістер.

  4. Тербеліс маплитудасы-дененің тепе-теңдік күйінен ең үлкен ығысуының мәні.

  5. Механикалық тербелістер кезіндегі дене қозғалысының сипаттамаларын түсіндіретін.

  6. Математикалық маятник және тербеліс периоды неге тәуелді

  7. Серпімділік күші әрекет еткен дененің тербеліс периоды

VІ. Оқытылып отырған оқу материалын қабылдаудағы оқушы түсінігін тексеру.

§26,27 дайындық сұрақтарын талдау.

  1. Тербермелі қозғалыс кезінде дененің кинетикалық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие?

  2. Серіппеге бекітілген дененің потенциалдық энергиясы қай жағдайда ең үлкен мәнге ие?

  3. Математикалық маятник деп нені айтады?

  4. Серпімділік күші әрекет еткен дененің тербеліс периоды неге тәуелді болады?

VІІ. ДК. Оқытылып отырған оқу материалын бекіту немесе дағдыландыру жұмыстарын жүргізу.

  1. Қосымша есептер.

А) Қатаңдығы 0,4 кН/м серіппеге бекітілген массасы 640 г жүк, тепе-теңдіктен 1 м/с жылдамдықпен өту үшін, оны тепе-теңдік күйден қандай арақашықтыққа ауытқуы керек?

Ә) Қатаңдығы 0,5 кН/м серіппеде тербеліп тұрған жүктің тербеліс амплитудасы 6 см, ең үлкен жылдамдығы 3 м/с-қа тең болса, оның массасы қандай?

VIІI.ДК. Бағалау. Үй тапсырмасын беру: §26,27


Тербелмелі қозғалыс. Тербермелі қозғалысты сипаттайтын негізгі шамалар.
  • Физика
Описание:
  1. Білімділік мақсаты: Оқушы білімін, іскерлігін, дағды деңгейін бақылау, бағалау. Дененің салмағы, салмақсыздықпен таныстырып солар жайлы түсінік қалыптастыру.
  2. Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың білім деңгейін және білім мазмұнының тұрақтылығы мен оны игерудегі іскерлік пен дағдыны бақылау.
  3. Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі:жаңа білімді қалыптастыру, жалпылау

Сабақтың әдіс-тәсілдері:  Әңгіме, лекция, кітаппен жұмыс.

Сабақтың көрнекіліктері: плакаттар,дәптермен жұмыс

Сабақтың барысы:

І.  Ұйымдастыру кезеңі

1. Сәлемдесу;      2. Оқушыларды түгендеу; 3. Сынып болмесінің тазалығын тексеру;

4. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру (жұмыс орны, отырыстары, сыртқы түрлері);

5. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру, қайталау.

А) теориялық білімдерін тексеру. Ә) практикалық тапсырмаларын тексеру.

Б) есептерін тексеру.

ІІІ. Білімді жан-жақты тексеру./ ІV.  Жаңа материалды қабылдауға әзірлік, мақсат қою. 

Бүгінгі негізгі мақсатымыз оқулық бойынша Дененің салмағы, салмақсыздықпен танысамыз.

1.      Жасанды серік неліктен Жерге құламайды?

2.      Бірінші ғарыштық жылдамдық берілген серік қалай қозғалады?

3.      Жердің жасанды серігінің айналу периоды 24 сағатқа тең болуы үшін ол Жерден қандай қашықтықта болуы керек?

 

4.      Орбита бойымен айналатын Жер серігіне қандай күш әрекет етеді?

Автор Жайжанова Камшат Маулетовна
Дата добавления 03.04.2015
Раздел Физика
Подраздел Планирования
Просмотров 964
Номер материала 59148
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓