Главная / Иностранные языки / Тема урока: «Жыр жанартауы»

Тема урока: «Жыр жанартауы»


Орал «Мақсат» медициналық колледжі

«Бекітемін»

Директордың тәрбие ісі

жөніндегі орынбасары

Ғ.Жанисова

« » --------

Қадыр Мырза Әлидің 80 жылдығына орай өткізілген

« Жыр жанартауы» атты

әдеби кеш


C:\Users\User\Desktop\кадыр фото\_MG_9697.JPG



Дайындаған: кәсіптік қазақ тілі

пәні мұғалімі Рсаева М. Т.




Орал-2015


Рсаева М. Т

кәсіптік қазақ тілі пәнінің мұғалімі,

«Мақсат»медициналық колледжі,

Орал қаласы

-


Тақырыбы: «Жыр жанартауы»

Формасы: әдеби кеш

Мақсаты: жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеу, поэзияны сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: ақын портреті, әр жылдардағы шығармалары, альбом, буклет, плакаттар, слайд материалы, бейне жазба.



Құрметті қонақтар,ұстаздар, оқушылар!

Еліне аты да қадірлі ,өзі де қадірлі ,қазақ жырының Қадыры –ҚР Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлығының иегері,Қазақстанның Халық жазушысы,ақын Қадыр Мырза Әли көзі тірі болса 5 қаңтарда 80 жасқа толар еді. Талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттауға арналған « Жыр жанартауы» атты әдеби кешімізге қош келдіңіз.


Ән « Өз елім» Орындайтын: Ф-11 тобының студенті Мейрамбек


Қадыр Мырза Әли «Ұсақ- түйек, кіші-гірім шаруамен шұғылданған жан шарықтап ұша алмайды. Бүкіл өмірі күйбең-күйбең тірлікпен өте шығады, жарқ дүниеге неге келіп, неге кеткенін өзі де білмей қалады. Алдына аса биік мақсат қоя білген азамат қана өте алысқа барады. Адамда да қанат бар. Ол - арман »,-деп ғұмырының әр кезеңін үлкен істерге, халқының қажетіне арнаған ақын.

Арамыздан Қадыр ақын кетті.Бірақ ақын соңында алты жасар баладан еңкейген кәріге дейін сүйіп оқитын «Ой орманы»,»Домбыра», «Жерұйық», «Көш»,«Қорамса» ,«Жазмыш», «Иірім» сынды том-том асыл мұрасы,200-ден аса әндері қалды,мәңгілік мұрасы қалды.

Қадыр « Жоқ өлмеймін» Оқитын: Ф-11 тобының студенті Садыржан



Экраннан Қадыр Мырза Әлінің өмірі, творчествосы туралы сыр шертетін видеожазба көрсетіледі.

Ақын өз өмірі туралы былай деп толғанады: «Менің балалық шағым жоқтықпен өтті. Соғыстан кейінгі аштықтың ауыр азабын бастан кешіп өстім. Үйімізде мал, дүние болған жоқ. Әке мен шешеге еркелеуді білгем жоқ.Талонмен жүрек жалғар ғана нан береді. Дүкенде фамилияң жазулы тұрады. Таң қараңғысынан кезекке тұрып, нанға барамыз. Дүкен төбелеу жерде болатын.

Бір күні нан алып келе жатып, қарным ашқаннан көзім қарауытып құлап қалғанмын.»


Қадыр«Бір үзім нан» Оқитын: Ф-11 тобының студенті Садыржан


Балалық шағы сұм соғыс жылдарына тап келген Қадыр балалықтың тәтті балын татып та үлгермеді. Соғыс, жоқшылық, қайғы бала Қадырды ерте есейтті. Бұл жылдар туралы Қадыр: «Мені сиыры бар үйден шайға сүт алып келуге жібереді. Тостағанымды көрсетпей артыма тығып тұрам.

Қас- қабағына қараймын. «Келе ғой» демесе, көрсетпей шығып кетем»-деп еске алады.Ақынның достарына «сендер оқуды әліппеден, ал мен қас- қабақтан үйренгем»деп қалжыңдауының астары да осы да.


Қадыр «Балалықсыз балалық» Оқитын: Мустафа Ф-11 тобының студенті

Қадыр ағамыз арамыздан кеткелі 4 жылдың жүзі болыпты .Осы жылдарда ақынның артына қалдырған мол әдеби мұраны кеңінен насихаттау,ақынның есімін ұлықтау, ақынның есімін ардақтау бағытында көше аттарын ,мектепті атау,ақынға арнап ескеркіш тұрғызу,еске алу кештері,Орал қаласының орталығында Қадыр Мырза Әли орталығын аяқтап,іске қосу сияқты қадау-қадау істер тындырылуда.Осындай игі істердің басында жүрген зиялы қауым өкілдерінің бірі Орал қалалық мәслихатының депутаты,қордың құрылтайшысы, колледжіміздің басшысы Мақсот Бергенов ағамыз.Ендеше, ағай,сөз кезегі өзіңізде.( М.Берген сөйлейді.)


Дарындылық, ақын туралы Қадыр былай дейді:-Дарын иесінің ақын болып қалыптасуы ең алдымен өз ауылы,өз үйі,өз қара шаңырағынан. Өйткені, ақын да кәдімгі бала.Ал ата-ана өздерінің ойда жоқта абайламай айрықша азамат,ұлы перзент әкелгеніне ә дегеннен сене алмайды. Олар үшін бұл-ақылға сыймайтын жұмбақ дүние.Ағайын-туған, ауыл-оймақ та осылай қабылдайды.Басқа-басқа құдай қосқан қосағың да жарының қандай ірі тұлға,қандай айдарлы ақын екенін кездесулерден көріп,елден естіп біледі.,бірақ сене қоймайды,өтпелі дүние деп есептейді.Обалы не керек,

талантты алдымен танитын да, табынатын да-оқырман қауым,қалың ел,халық!

Иә,ақын түйінінде үлкен шындық бар.Өзгелер сияқты Қадырдың қадірін оқырман қауым бірден ұғынды.Талантына табынды.Өзгеге ұқсамайтын жауһар жырларын тұшына оқыды.Қадыр ақын да сүйікті оқырманына халқының қазақы қасиеттерін,тектілігін,тазалығын ту еткен туындылар ұсынды.


Әдеби қорда сақталған Қадыр ақынның өз дауысына құлақ түрелік.Видеожазба тыңдалады


Қадыр «Қазақ пен қонақ» Оқитын : Юля Даракчян МС-22 тобының студенті


Ақынның әр өлеңін оқыған сайын қанаттанасың,рухтанасың,жігерленесің.Бірде бала,бірде дана боласың,сүйсіндіреді,тамсандырады,күй тартқандай боласың,халқымыздыңбүкіл болмысы көз алдыңа келеді.

Қысқасы,басыңнан бақайшағыңа дейін ұлттың асыл қасиеттерімен, құндылықтарымен қаруланасың.


Сөз колледж мұғалімі Оралбай Сатуұлы Сатуовқа беріледі.


Қадыр «Домбыра» Ф-11 тобының студенті Садыржан


«Қадыр- найзалы ақын.Дәуірдің,уақыттың өзі жаратқан өміршең ақын.Оның поэзиясы-өзіміздің өмір сүріп отырған дәуір мінездес,»-депті Мұқағали ақын.Бұл талантты тану,мойындау,түйсіну десек те сия береді.Қалай десек те қазақ өлеңін Қадыр Мырза Әлисіз елестету қиын болар.


Ән «Тамаша» Орындайтын: МС-23 тобының студенті Еламан

C:\Users\User\Desktop\кадыр фото\_MG_9709.JPG


Қадыр ақынның айтуынша,Швецария әдебиетшілері,негізінен 3 тілде: итальян,неміс,француз тілдерінде жазады екен.Жас талапкер қай тілде қалам сілтесе,сол тілдің төркініне қоныс аударып,әбден атақтары шығып,әйгілі болғаннан кейінбарып,кіндік қаны тамған өз отанына оралады екен.Әйтпесе,өз елі,өз отаны оны мойындамайды екен.

Иә,бойдағы табиғат-ана сыйлаған құдіретті ақындық мінез өзін танытпай қоймайды. Өз ақындығымен өзін мойындатқан ақынның бірі де-Қадыр ақын.Енді ақынның әр жылдарда жазылған өлеңдеріне кезек берелік


«Ақиқат пен өтірік» Оқитын: Балтабаева Жанна МС-13 тобының студенті

« Жас адам сүймеген күні үшін күнәһар» Оқитын: Жұмагелдин Қожамберді МС-23 тобының студенті

«Жалғыз» Оқитын: Әсемгүл МС-11 тобының студенті


« Дала » Оқитын: Нәулешова Әсима МС-23 тобының студенті


Қадыр ақынға бірде:-Аға,қазақта уақытты өзіне бағындырған бірден-бір ақын өзіңізсіз.Сол туралы әңгімелеңізші,- деп өтініш білдіреді. Ақын:-Ол рас.Уақытты дұрыс пайдаланудың нышандары мектеп қабырғасында басталды-ау деймін.Мен әдебиетке ғана емес физика, математикаға да өте зерек болдым.Аштық пен жоқтықтың салдарынан 6 класта оқи алмай қалдым.Сол үзіліс жаныма қатты батты.Сол жазда күн,түн,сағат,минутты қатты есептеп,оқулықтағы теориялармен салыстыра отырып, өзімді-өзім оқытып шықтым. Мен жалпы ойын -тойларға көп бармаймын,-деп жауап берді.



Ән «Сыған серенадасы»

Орындайтын: Гүлжауһар МС-15 тобының студенті




Келесі кезекте колледж кітапханашысы Ләйлә Хамидуллақызының «Асыл сөздің алдаспаны» тақырыбындағы шолуына назар аударайық.

C:\Users\User\Desktop\кадыр фото\_MG_9792.JPG


Қазақ прозасының майталманы Әбіш Кекілбаев «Қадыр таланты-қарапайым» деп бағалайды,шынында да Қадыр қарапайымдылығымен халық санасында өзіндік орны бар ақын.

Ақынның соңғы жылдары «Жазмыш», «Иірім» эссе- естелігі, Қазықұрт баспасынан жарық көрген 12 томдық шығармалар жинағы халық арасына кең тарады.

Бір өзі бір театр демекші, ұлттың дүниетанымның Қадыр тіккен ақ отауы/ поэзия, проза, драма, аударма, зерттеушілігі, сыншылдығы / бір халық мектебінің жүгін көтерді. Біз өз кешімізді танымал жазушы Әбіш Кекілбаевтің сөзімен аяқтағымыз келеді: « Қадыр Мырза Әлидей қадау талантқа ғана айтылар бағаны ешбір сөзбен жеткізе алмайсың.Қадырды әлі әріп танымаған бүлдіршін бөбектен бастап,әріпті көзілдіріксіз көре алмайтын қарияға дейінгінің бәрі біледі.Өзін білмесе де сөзін біледі.Мұның сыры-Қадыр талантының қарапайымдылығында.


Оқушы қауымның ыстық ықыласы мен шынайы сүйіспеншілігіне қапысыз бөленген Қадырдай ақын кемде- кем.»


«Атамекен» ән.




















Тема урока: «Жыр жанартауы»
  • Иностранные языки
Описание:

Тақырыбы: «Жыр жанартауы»

Формасы: әдеби кеш

Мақсаты: жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің өмір жолы, ақындық қызметі туралы әңгімелеу, поэзияны сүюге, қадір тұтуға тәрбиелеу

Көрнекілігі: ақын портреті, әр жылдардағы шығармалары, альбом, буклет, плакаттар, слайд материалы, бейне жазба.

 

 

    Құрметті  қонақтар,ұстаздар, оқушылар!

Еліне аты да қадірлі ,өзі де қадірлі ,қазақ жырының Қадыры –ҚР Мемлекеттік және «Тарлан» сыйлығының иегері,Қазақстанның Халық жазушысы,ақын Қадыр Мырза Әли  көзі тірі болса 5 қаңтарда 80 жасқа толар еді. Талантты жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлидің шығармашылығын насихаттауға арналған   « Жыр жанартауы» атты әдеби кешімізге  қош келдіңіз.

 

 Ән « Өз елім» Орындайтын: Ф-11 тобының студенті Мейрамбек

 

 

Автор Давлетова Бакиза Елтаевна
Дата добавления 03.03.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров 615
Номер материала 57465
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓