Инфоурок Начальные классы КонспектыТекті білу тегін емес

Текті білу тегін емес

Скачать материал

 

№42 «Ақ ниет» гимназиясы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

«Текті білу тегін емес»

(2 «Ж» сыныбы)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Өткізген: Жайманова Зейнел Ешмуратовна

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Орал, 2015

 

 

Өзiн-өзi тану сабағының жоспары

 

Мектеп:          №42 «Ақ ниет» гимназиясы

Тақырып:       №17  «Текті білу тегін емес»

Құндылық:     Ақиқат

Қасиеттер:     тек жақсы нәрсені айту, басқалардың бойында жақсылықты көру,

                        риясыз жақсылық жасау, жақсылыққа сену.

Мұғалiм:        Жайманова Зейнел Ешмуратовна

Класс:            2 «Ж»

Оқушылар саны: 26

 

Сабақ мақсаты: риясыз жақсылық жасау, жақсылықты көру

                            арқылы ақиқат құндылығын ашу.

                      

Міндеттері: -  балаларға ақиқат құндылығының өмірдегі

                        маңыздылығын түсіндіру;

                     -  балаларды басқалардың бойында жақсылықты

                        көруге, риясыз жақсылық жасауға, жақсылыққа

                        сенуге тәрбиелеу;

                     -   балаларды тек жақсы нәрсе айтуға,риясыз жақсы іс

                        жасауға қалыптастыру;

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Сабақ барысы:

 1.Ұйымдастыру кезеңi. Тыныштық сәтi.

Су асты патшалығына ойша саяхат. (Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтіну. Арқаларын тік ұстауын қадағалау. Жайлы, баяу музыка әуені ойнайды).

Мұғалім: Көзіңізді жұмыңыз және бірнеше рет  терең тыныстаңыз; денеіңізді босатыңыз. Бірнеше секундтан соң теңіз түбіне саяхат жасаймыз.

Теңіз жағасымен келе жатқаныңызды елестетіңіз. Толқындардың жеңіл шалпылына, шағалалардың шуылына құлақ түріңіз. Жалаң аяқтарыңызбен құмды сезініңіз. Шалғайдан қара нүкте көріп тұрсыз: ол жақындаған кезде дельфин екенін түсіндіңіз. Ол сізді теңіз түбіне алып кету үшін келді. Ол өте әдепті жәндік, сізді шыдамдылықпен күтіп тұр. Жайлап оның арқасына отырыңыз, мықтап ұстап, жолға шығыңыз. Дельфиннің арқасында жайланып отырып, өзіңді қауіпсіз сезіну, су астында жүзу қандай керемет. Жан-жағыңызға қараңыз: мұнда кемпірқосақ тәрізді арлы-берлі жарқырай қалқыған әсем балықтар қаншама. Теңіз түбіне бойлаған сайын айнала қалайша өзгереді, суда тербелген қаншама ғажайып балдырлар. Қараңызшы, қандай орасан зор балықтар, ал енді анау жаққа көз тастаңыз... бұл орасан зор сегізаяқ. Су асты неткен қызықты әрі ғажап әлем. Сіз бір нәрсені байқадыңыз ба? Мұнда неткен тұңғиық, толық тыныштық. Осы тыныштық күйде болыңыз. (Мұғалім бірнеше секунд үнсіз қалады).

      Ал қазір жоғарыға,  өз әлемімізге кері қайтуға дайындалыңыз. Айналаға жіті қараңыз. Ғажап түстерге тағы бір рет қараңыз және тыныштыққа құлақ түріңіз. Осындай тыныштық сізге самалдай әсер береді. Енді дельфин кері қарай жолға шықты. Сіз су бетіне шықтыңыз, жағаға жақындадыңыз. Дельфиннің арқасынан түсіңіз, оны сипалаңыз және осындай ғажап саяхатқа апарғаны үшін ризашылық білдіріңіз.

Сыныпқа оралыңыз және өз орныңызға келіңіз. Бірнеше секундтан соң көзіңізді ашыңыз, осы түйсінген тыныштықты өз бойыңызда сақтауға тырысыңыз.

 

Сабақ барысын талқылау:

 

 

 

 

 

 

5-Т:

Татулық

Тәртіп

Талап

Тыныштық

Тазалық

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көрнекі құралдар:

 

Оқулық, дәптер,

Интерактивті тақта.

 

     2.Үй тапсырмасын тексеру.

№17 «Арұлан» Ж.Дәуренбеков

 

1.Әңгімеде кімдер туралы айтылған?

2.Арұлан қандай бала? Аружан ше?

     3.Әңгімеден қандай құндылықтарды байқадың?

 

 

 

   3. Мәтінмен жұмыс.

                                    «Бүркіт пен оның балапандары»

Баяғыда таудың қиясын мекендеген бір қасиетті қыран өмір сүріпті. Өзгелерге өрлігімен өнеге болған әлгі бүркіт бір жылы үш балапан басып шығарыпты. Балапандардың қанаттары қатайып, ұясынан ұшып шығуына аз уақыт қалғанда бүркіт үш балапанын уысына қысып, теңіз төсіне алып шығыпты. Ұшып келе жатып ол, өмірге қанат қаққалы тұрған балапандарынан соңғы рет сынақ алып, былай деп сұрапты:

-Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқыттырмай баққанымды білесіңдер. Ертең өскесін, осының өтеуі ретінде маған қандай жақсылық жасайсыңдар?

Біріншісі айтыпты: - Анашым, сенің ақ сүтіңді ақтау үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймын. Мен сені өмір бойы қанатыма мінгізіп алып жүремін.

  Бүркіт басын шайқап, екіншісіне бұрылып:

-  Ал сен не айтасың? – депті.

Екіншісі: - Анашым, мен сені ел аралатып, босқа әуре қылмаймын. Ғаламның барлық кереметтері мен қызықтарын алдыңа әкеліп беремін, - дейді.

Бүркіт тағы да басын шайқайды. Бүркіт үшінші балапанына бұрылып:

- Ал, сен мені қалай жарылқамақсың? – дейді.

Сонда үшінші балапан былай деп үн қатыпты: - Анашым, өтірік қанша тәтті болса да, саған ащы ақиқатты айтайын. Маған жасаған жақсылықтарыңның шегі жоқ. Оны өтеуге менің ғұмырым жетпейтінін жақсы білемін. Дегенмен, менің өмірім сені әлемді аралатуға да, ғаламаттарды алдыңа алып келуге де арналмайтынын айтқым келеді. Мен, сенің маған жасаған жақсылықтарыңның барлығын өз балапандарыма жасау үшін өмір сүретін боламын.

    Кәрі бүркіт сонда ғана терең дем алып:

    -Біздің әулет аманатын алға апарар, қыран деген атқа лайық бола алар ұрпақ туылғанына көзім енді жетті, - деген екен.

 Сұрақтар:    1. Әулет, ұрпақ дегенді қалай түсінесіңдер?

                      2. Ертегіден құндылықтарды табу.

 

 

4.Дәйек сөз.

«Жеті атасын білмеген - жетесіз »

                                                                  Халық даналығы.

 

1.Бұл нақыл сөзді қалай түсінесіңдер?

2. Жеті атасын білген бала қандай болады?

3.1 рет ұлдар, 1 рет қыздар, 1 рет барлығы оқиды.

 

 

 

5. Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

       І топ: Жеті атаңды айта аласың ба? (Жоғарыдан бастап)

 

      ІІ топ: Жеті атаңды айта аласың ба?(Төменнен бастап)

 

           ІІІ топ: Мақалдың жалғасын табу:

                             Әкеге қарап ұл өсер,

                              .............................

  ІҮ топ: : Батаның жалғасын табу:

                            Атаның баласы болма,

                            ..................................

           

 

 

   6.Топпен ән айту.

                                      

                             «Атам мен әжем »

        1.  Қалмасын деп қатардан,

             Ойлайтынын сезем мен.

             Айналайын атамнан,

             Айналайын әжемнен,

             Мақтанбаймын бекер мен.

             Өшпейсіңдер санамнан

             Айналайын әкемнен,

             Айналайын анамнан.

             Күн сияқты ашылар,

             Қамқоршылар осылар.

 

                                      

                                          А-та-а-а, ә-же-е-е,

                                       Мен сендерді сүйіп өсемін,

                                          А-на-а-а, ә-ке-е-е,

                                       Сыйлаймын ғой бәріңді,

                                       Мен сіздерге қарап өсемін.

                  

        2. Қанша көрдім дегенмен,

            Көрмегенім көп менің.

            Қанша білдім дегенмен,

            Білмегенім көп менің.

            Мен дегенде ештеңе,

            Аямайтын осылар.

            Таңертең де, кеште де,

            Аялайтын осылар.

            Қалай жаман боламын,

            Мен бақытты баламын.           

 

 

 

   7.Үй тапсырмасы.

№18(70 бет)  «Текті білу тегін емес» өлеңі. (Е. Өтетілеуұлы)

 

 

  8.Соңғы тыныштық сәтi.

(Оқушылардан шеңбер құрып отыруды, қолдарын тізесіне

 немесе үстел үстіне қоюды, аяқтарын айқастырмауды өтіну.

Арқаларын тік ұстауын қадағалау. Жайлы, баяу музыка       

әуені  ойнайды).

Балалар, тыныштық сақтап,  үнсіз, қолымызды жүрегімізге қойып, жүрегімізді тыңдап көрейікші. Жүрек әртүрлі  сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, сыйластық, туыстық  сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар, сендердің жүректерің жылы да мейірімді. Олай болса, сендер де жақсы әрекеттеріңмен кейінгі ұрпаққа үлгі бола  аласыңдар. Енді бүгінгі сабағымыздан алған әсерімізді баяу әуен толқынымен  үйлестіре отырып, жүрегімізден өткізейік.

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Текті білу тегін емес"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Экономист-аналитик

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Тақырып:       №17  «Текті білу тегін емес»

Құндылық:     Ақиқат

Қасиеттер:     тек жақсы нәрсені айту, басқалардың бойында жақсылықты көру,

                        риясыз жақсылық жасау, жақсылыққа сену.

Мұғалiм:        Жайманова Зейнел Ешмуратовна

Класс:            2 «Ж»

Оқушылар саны: 26

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 653 570 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.02.2015 540
    • DOCX 24.3 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шаримова Зульфия Ускенбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шаримова Зульфия Ускенбаевна
    Шаримова Зульфия Ускенбаевна
    • На сайте: 8 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 20054
    • Всего материалов: 29

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 394 человека из 65 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 211 человек

Курс повышения квалификации

Особенности развития критического мышления обучающихся в начальной школе

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 254 человека

Курс повышения квалификации

Инструменты в преподавании кубановедения в соответствии с ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 162 человека

Мини-курс

Психологическая экспертиза в юридической сфере: теоретические аспекты

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Основы творческой фотографии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 223 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Комплексный подход к работе с детьми с тяжелыми нарушениями развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе