Инфоурок Биология Другие методич. материалыТекстовые документ по биологии на тему "Микроскоп" (6 класс)

Текстовые документ по биологии на тему "Микроскоп" (6 класс)

Скачать материал

Тақырыбы: І тарау. Жасуша – ағзалардың тіршілігі мен құрылысының ең кіші өлшем бірлігі. Өсімдік ұлпалары.

§3. Жасушаның ашылу тарихы. Ұлғайтқыш құралдар.

Сабақтың мақсаты: вирустардан басқа барлық тірі ағзаларға тән, ең кішкентай өлшем бірлік – жасуша, оның ашылу тарихымен және оны зерттеуде пайдаланылған құралдар жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – «жасуша» ұғымын түсіндіріп, микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту.

Дамытушылығы – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту;  ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс  істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту.

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер, мироскоптар.

Сабақтың типі: құрастырылған

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Келмей қалған оқушыларды белгілеп, оқушылардың сабаққа дайындығын бақылау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі

1. Биология ғылымы, оның негізгі салалары туралы әңгімелеңдер.

Ғылымға еңбегі сіңген ғалымдарды атаңдар. Олардың қандай еңбектері бар? Қорық деген не? Еліміздегі басты қорықтарды атаңдар. Өзің қайсысында болдың?

2. 6-сынып оқушыларына арналған тест тапсырмалары

1. Тірі табиғатты зерттейтін ғылым:

А) География         В) Биология      С) Химия

Д) Экология           Е) Физика

2. Тірі ағзаларға тән ортақ белгі:

А) Денесі жоқ                  В) Қоректенбейді    С) Денесі атомдардан тұрады

Д) Тыныс алмайды         Е) Денесі жасушалардан тұрады

3. Барлық тірі ағзалар тыныс алады:

А) Оттегімен                 В) Көмірқышқыл газымен     С) Азотпен

Д) Улы газдармен        Е) Басқа газдармен

4. Қоректенгенде ауаға оттегін бөліп шығарады:

А) Жануарлар              В) Адамдар          С) Жасыл өсімдіктер

Д) Саңырауқұлақтар   Е) Жәндіктер

5. «Жануарлар» оқулығын жазған ғалым: 

А) Ж.Күдерин           В) А.Ы.Жандеркин      С) Х.Досмұхамедов

Д) К.А.Тимирязев     Е) С.Г.Навашин

6. Арқар-меринос қойын шығарған ғалым:

А) Ж.Күдерин          В) А.Ы.Жандеркин        С) Х.Досмұхамедов

Д) Б.М.Мусин          Е) С.Г.Навашин

7. «Өсімдіктану» оқулығын жазған ғалым:

 А) Ж.М.Күдерин      В) А.Ы.Жандеркин   С) Х.Досмұхамедов

Д) К.А.Тимирязев     Е) С.Г.Навашин

8. Қазақтың ақбас сиырын шығарған ғалым:

А) Ж.Күдерин           В) А.Ы.Жандеркин  С) Х.Досмұхамедов

 Д) Б.М.Мусин           Е) С.Г.Навашин

9.Тірі ағзалардың сирек және жойылып кету қауіпі бар түрлерін қорғау мақсатымен енгізген:

А) Қызыл журналға         В) Қызыл газетке           С) Қызыл кітапқа

Д) Қызыл дәптерге           Е) Қызыл күнделікке

10. Өсімдіктерді зерттейтін ғылым:

А) Биология         В) География              С) Ботаника

Д) Зоология          Е) Химия

11. Жануарларды зерттейтін ғылым:

А) Биология        В) География    С) Ботаника   Д) Зоология   Е) Химия

12. Қазақстандағы қорықтар саны:

А) 10       В) 8    С) 21     Д) 7    Е) 9

13. Еліміздегі қорықшалар саны:

А) 5    В) 9    С) 57    Д) 65     Е) 72

14. Ұлттық саябақ саны:

А) 9      В) 62        С)5         Д) 7      Е) 72

15. Ағзаның ең кіші бірлік өлшемі:

А) Ұлпа                          В) Жасуша               С) Мүше

Д) Мүшелер жүйесі       Е) Органикалық заттар

3. Биология ғылымдары сәйкестігін тап:

Биология ғылымының салалары

 

 

Зерттейді

1.     Анатомия

 

 

1. Тұқым қуалаушылық

2.     Эмбриология

 

 

2.  Мінез-құлық

3.     Ботаника

 

 

3. ағза құрылысы

4.     Зоология

 

 

4.  қазба қалдық

5.     Генетика

 

 

5.  вирустарды 

6.     Физиология

 

 

6.  өсімдіктер

7.     Экология

 

 

7.   ұрықтың дамуы

8.     Селекция

 

 

8.  қоршаған орта мен тірі ағза

9.     Микробиология

 

 

9.   жануарларды

10. Палеонтология

 

 

10.   ағза қызметі

11. Этология

 

 

11.   ұсақ ағзалар

12. Вирусология

 

 

12.  жаңа іріктемелер, тұқымдар

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі

Жоспар:

1. Микроскоптың шығу тарихы

2. Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұміс істеу тәртібі

1609 жылы Италия ғалымы, физик Г.Галилей 2 дөңес әйнектен құралған объективімен окуляры бар 40-тан 300 есеге дейін үлкейтіп көрсететін күрделі  құрал құрастырған.

Голландия ғалымы Антон ван Левенгук дөңес әйнектерді өңдеу арқылы  микроскоп құрастырып, алғаш рет бактерияларды, қанның қызыл түйіршіктерін, ер адамның жыныс сұйықтығындағы жасушаларды көрген.

Тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан (клеткадан) тұрады. Кез келген тірі ағзаның тіршілік белгілерін сақтайтын ең кіші құрылымдық өлшем бірлігі – жасуша. Көлемі кіші болғанымен, мыңдаған қосылыстар, жүздеген заттар жасушада ұдайы түзіліп, реакция тізбегіне қатысады. Жасушада тірі ағзаларға тән зат пен энергия алмасу, оптикалық қосылыстардың түзілуі, өсу, көбею, тыныс алу жүреді.

Жасушаның ашылу тарихы микроскоптың шығуына байланысты. 1590-1610 жылдардың аралығында оптика шеберлері голландиялық әкелі-балалы Янсендер жарық микроскобын ойлап тапты. Микроскоп шыққаннан кейін өсімдік жасушасын зерттеу мүмкіндігі туды.

1.     Жасушаның ашылу тарихы

Барлық тірі ағзалардың ортақ белгісі – денесі жасушадан тұрады.    Цитология (гр. «цитос» - жасуша және «логос» - ғылым) – жасушаның құрылысын, химиялық құрамын және жасуша ішіндегі түрлі құрылымдардың атқаратын қызметтерін зерттейтін биология ғылымының саласы.

Жасуша теориясының негізгі қағидалары.

1.     Жасуша – барлық тірі организмдердің ең кіші өлшем бірлігі.

2.     Әр түрлі организмдердің жасушалары – құрылысы, құрылымы, химиялық құрамы, зат алмасу және негізгі тіршілік әрекеттері жөнінен ұқсас.

3.     Организмдердің жасуша құрыластарының ұқсас болуы - өсімдіктер мен жануарлардың шығу тегінің бір екендігінің дәлелі.

4.     Жасушалар бөліну арқылы көбейеді.

5.     Жасушаның негізгі құрылымдық бөліміне цитоплазма, жасуша мембранасы жатады, ол барлық жасушаларға тән қасиет.

6.     Көп жасушалы организмдер жасушаларының ең негізгі бөлігі – ядро, онда тұқым қуалау ақпараттары сақталып, келесі ұрпақтарға беріліп отырады.

 

Үлкейтіп көрсететін құралдар және микроскоппен жұмыс істеу тәртібі. Жарық микроскобының әрбір бөлімінің атын, не үшін қажеттігін оқушылардың дәптеріне жаздырған жөн. Содан соң микроскоппен қалай жұмыс істеу керек екендігін мұғалімнің өзі көрсетуі тиіс. Алдыға қойылған мақсат – оқушыларды микроскоппен, жұмыс істеу барысымен таныстыру.

Ол үшін микроскопты үстелдің шетінен 5-8 см қашықтыққа қойып, барлық бөлімдерін таза жұмсақ шүберекпен сүртіп тазартылуы тиіс екенін айтып, әр бөлімдерін қалай пайдалану керек екендігін (бұранданы жоғары, төмен қозғау; айнаны жарыққа бағыттап жарық ұстау жолы; көретін затты заттық үстелдің үстіне дәлдеп қою, т.б.) нақтылай көрсетіп жаттықтырған жөн. Микроскопқа керекті жабдықтардың маңызын, қалай қолдануын (заттық әйнектің саусақпен шетінен ұстау; ортасынан ұстаса саусақ ізі түсіп зерттейтін затты анық көрсетпей кедергі болатынын ескерту; сондықтан тазалап сүртіп алу) айту. Препарат жасау үшін зат әйнегінің дәл ортасына тамызғымен 1-2 тамшы су тамызып, көретін объектіні  дұрыстап орналастырған соң, суда ауа көпіршіктері болмас үшін жабын әйнегі шетінен  ұстап зат әйнегіне бұрыш жасай жабу жолы үйретіледі. Ауа көпіршіктері қалып қойса, әйнектің үстінен сәл басып кетіруге болады. Көретін объектіні міндетті түрде су тамшысына салып қарауды ескертуді ұмытпау керек (қандай да болмасын кез келген объектіні сусыз қарауға болмайды кейде объектіні ерекшелігіне байланысты басқа ерітінділер, бояғыш заттар қосуға болады).

2.     микроскопты зерттеу әдістерінің дамуына зор ықпал етті.

150px-Compound_Microscope_1876http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/de/Leeuwenhoek_Microscope.png/220px-Leeuwenhoek_Microscope.pnghttp://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/f/f1/Hooke_Microscope-03000276-FIG-4.jpg/220px-Hooke_Microscope-03000276-FIG-4.jpg  

     Ең алғашқы микроскоп     Микроскоптар А.Левенгук,  Гук                                                                                     

     1876 жыл                          

 

Микроскоппен қарайтын препарат дайын болған соң зат үстелінің дәл ортасына (зат әйнегіне салынған объект зат үстелінің ортасындағы тесікке дәл келуі керек, себебі айна арқылы түсірілетін жарық  объектіге түспесе анық көрінбейді) орналастырып, бұранда арқылы  зат анық көрінгенше окулярдан көз алмай  көру түтігін ептеп жоғары немесе төмен түсіріп қарау керек екенін  түсіндіріп, көрсеткен жөн. Препарат пен объектінің ара қашықтығы шамамен 1 см болғанда зат анық көрінеді. Микроскоптың зат үстеліне су тигізуге болмайды, сондықтан препараттағы артық суды сорғыш қағаз немесе жұмсақ шүберекпен сүртіп тасталуы тиіс (негізінде артық су тамызбауға тырысу керек).

№1-зертханалық жұмыс.

Тақырыбы: Ұлғайтқыш әйнек және микроскоп.

Мақсаты: Ұлғайтқыш әйнектің және микроскоптың құрылысымен танысып, жұмыс істей білу.

Құрал-жабдықтар:  микроскоп, қол және тұтқалы әйнектер (лупа), аршылған пияз, тамызғы (пипетка), сапты ине, қысқыш (пинцет) зат және жабын шынылар, өткір ұстара, су.

Жұмыстың барысы:

1. Штативті (тұтқалы) ұлғайтқыш қол әйнек пен микроскоптың құрылысын салыстырып қарау.

2. Микроскоптың бөліктерінің орналасуымен танысып қалай аталатынын білу.

3. Микроскопқа керекті құрал-жабдықтармен танысып, қалай пайдалану керектігіне зер салу.

4. Препарат дайындауды және оны микроскоппен қарауды үйрену (жаттығу).

Нәтижесі:

І. Төмендегі сөйлемдерді оқып, ойланып, тұсындағы сандарын торкөздің ішіне препарат дайындау ретіне қарай орналастырыңдар.

 

Препаратты жабын шынымен жабады

 

Пияз қабығын аршиды

 

Зат шынысына йод ерітіндісін тамызады

 

Пияздың шырынды қабатының дөңес жағынан жұқа өңін сылып алады

 

Зат шынысына су тамызады

 

Пияз өңінің бүктелген жерін сапты инемен түзейді

 

Препаратты зат үстелшесіне орналастырады

 

 


Микроскоптың бөлімдері

Атқаратын қызметі

Микроскоп

1.

Жарық түсіру

106-1-n

2.

Көзбен қарау

3.

Көру түтігін қозғау

4.

Затты қарау

5.

Көру түтігінің бекітілген жері

6.

Қарайтын затты орналастыру

7.

Микроскоптың барлық бөлімдері бекітілген тірегі

8.

Үлкейтіп көрсететін әйнектер орналасқан бөлімі

ІІ. Атқаратын қызметіне қарай микроскоп бөлімдерінің аттарын кестеге толтырыңда

 

 

Қорытынды:

1.Ұлғайтқыш әйнек пен микроскоптың қызметі қандай?

2. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар

 мынадай ережелер есте болуы керек:

А) микроскопты бір орынға орнықтырып қойғаннан кейін жұмыс істеп біткенше екінші орынға жылжытуға болмайды, жылжытса объект көрінбей қалады;

Ә) алдымен айнамен жарық түсіріледі, егер микроскопта объектив екеу болса (бірі – кіші, екіншісі – үлкен) алдымен кіші объективпен қарайды;

Б) микроскопты бір қалыпты температурада сақтайды, қалай болса, солай қоя салса, шаң басып әйнектері күңгірттеніп бұзылады;

В) ауық-ауық жұмсақ, құрғақ шүберекпен окуляр мен объективтің сыртқы линзаларын сүртіп тазалайды;

Г) микроскоп өте күрделі құрал болғандықтан оны химиялық реактивтермен, улы химикаттармен қатар қоюға болмайды. Өзінің ағаш қорабына салып шаң-тозаң кірмейтін таза, құрғақ шкафқа орналастырады.Үлкейтіп көрсететін құралдармен оқушыларды таныстырып болған соң зертханалық (практикалық) жұмыс орындауға кіріседі.

ІV. Бекіту.   

Жасушада қандай процестер жүреді? Ұлғайтқыш құралдардың түрлерін атап, айырмашылығын талдап көрсетіңдер. Микроскопқа қажетті жабдықтарды атаңдар.

Микроскоптан негізгі бөліктерін атап, орналасқан жерін көрсетіңдер.

Көру түтігінде қандай бөлшектер орналасады? Окуляр мен объективтің құрылысын, айырмашылығын айтып беріңдер.

Үй тапсырмасы. §3 оқып, 1-суретті салып, тақырып соңындағы тапсырмаларды орындап келу. Ұлғайтқыш  құралдар.12-15 бет оқу.

                                                          15 беттегі 1-суретті салу

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Текстовые документ по биологии на тему "Микроскоп" (6 класс)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор детского оздоровительного лагеря

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың мақсаты: вирустардан басқа барлық тірі ағзаларға тән, ең кішкентай өлшем бірлік – жасуша, оның ашылу тарихымен және оны зерттеуде пайдаланылған құралдар жайлы мағлұмат беру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділігі – «жасуша» ұғымын түсіндіріп, микроскоптың құрылысымен таныстырып, дайын микропрепараттар жасау тәсілін үйрету.

Тәрбиелілігі – адамның тұлға ретінде қалыптасуында ғылыми дүниетанымын байыту.

 

Дамытушылығы – электрондық оқулық арқылы ойлау, есте сақтау, көру қабілеттерін дамыту;  ой түйіндеуге, шығармашылықпен жұмыс  істеуге жұмылдыру; пәнге, тақырыпқа байланысты қызығушылықтарын дамыту. 

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 151 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Тест по теме: "Нуклеиновые кислоты", глава "Химический состав клетки", биология 10 класс
  • Учебник: «Биология (базовый уровень)», Беляев Д.К., Дымшиц Г.М., Кузнецова Л.Н. и др. / Под ред. Беляева Д.К., Дымшица Г.М.
  • Тема: Глава 1. Химический состав клетки
Рейтинг: 1 из 5
  • 30.09.2020
  • 2996
  • 25
«Биология (базовый уровень)», Беляев Д.К., Дымшиц Г.М., Кузнецова Л.Н. и др. / Под ред. Беляева Д.К., Дымшица Г.М.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2015 754
    • DOCX 257.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Муталив Даулен Муталив. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Муталив Даулен Муталив
    Муталив Даулен Муталив
    • На сайте: 9 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5860
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ОГЭ по биологии в условиях реализации ФГОС ООО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 62 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 489 человек

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к проведению ВПР в рамках мониторинга качества образования обучающихся по учебному предмету «Биология» в условиях реализации ФГОС СОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 157 человек
аудиоформат

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания биологии в условиях реализации ФГОС

72/108/144 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 66 человек из 35 регионов
  • Этот курс уже прошли 806 человек

Мини-курс

Стратегии и инструменты для эффективного продвижения бизнеса в интернете

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 14 регионов

Мини-курс

Психология детей и подростков с дромоманией

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе