Главная / Технология / Технология пәнінен сабақ жоспары:П/ж№1 «Өлшемдерді алу. Есептеу. Белдемше сызбасын дайындау.»

Технология пәнінен сабақ жоспары:П/ж№1 «Өлшемдерді алу. Есептеу. Белдемше сызбасын дайындау.»

Сабақтың тақырыбы: П/ж№1 «Өлшемдерді алу. Есептеу. Белдемше сызбасын дайындау.»

Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бұйым сызбасын құруға арналған өлшем алу жөніндегі тапсырманы меңгеруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі, сән журналдарынан,компютерлік бағарлама арқылы пішім жасап үйрету.Өлшем алу біліктерін жетілдіру,сантиметрлік лентаны дұрыс қолдана білуді үйрету. Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңестік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай жасау. Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке,дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.

Оқыту әдістері: Көрнекілікті, ауызша баяндау, практикалық, ізденушілік.

Оқыту формалары: Топтық, әңгімелеу,пікірлесу.

Көрнекі құралдар мен жабдықтар: Интерактивтік тақта, сән журналдары, «Закройщик» бағдарламасы, белдемшенің нұсқауламалық картасы, сантиметрлік таспалар, белге арналған бау, сызғыш, карандаш, өшіргіш.

Пәнаралық байланыс: Математика, тарих, қазақ тілі, сызу, информатика

Сабақтың барысы: I .Ұйымдастыру кезеңі 1.Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру. ІІ.. Үй тапсырмасын тексеру Тест 1.Белдікті бұйымдарға қандай киімдер жатады? а) шалбар, белдемше ә) көйлек, блузка,шалбар б) белдемше, камзол,баскиім 2.Табиғи талшықтарды ата? а) жібек, капрон ә) жүн, жібек б) лавсан, шифон 3.Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі? а)тұрмыстық, өндірістік, формалық ә)жазғы,қысқы б)сырткиім,баскиім 4.Маусымдық қолданысына қарай киімдер? а)жазғы,қыстық,көктем мен күз ә) эстетикалық, гигиеналық б) классикалық, романтикалық 5.Киімге қойылатын гигеналық талаптар? а)бағасының қымбат болмауы ә)химиялық тазалауларға төзімділігі б)ылғалсіңіргіштік, ауаөткізгіштігі,жылусақтағыштығы 6.Киімге қойылатын экономикалық талаптар? а) сапасы жоғары, бағасы қымбат болмауы ә)сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауы б) жуу құралдарына төзімділігі 7.Өлшем алғанда пайдаланатын құрал? а) сызғыш ә) сантиметрлік таспа б) лекало Дұрыс жауаптары: 1а,2ә,3а,4а,5б,6а,7ә Оқушылар жауаптарын өздері тексереді. Бағалау нормасы: “5”балл – 7дұрыс жауап “4”балл – 5-6 дұрыс жауап “3”балл – 3-4 дұрыс жауап

ІІІ.Жаңа тақырыпты қабылдауға дайындау Жұмбақ – жауап – мақал арқылы жүзеге асырылады. Жұмбақ жасырады, жауапты қабылдайды, соған сәйкес мақал айтуды ұсынады. Оқушылардың қызығушылығын арттырады.

Жұмбақ

Жауап

Мақал

Тұра қалсам алдына, Жалтыраған ақ айдын, Өзiмдi -өзiм мен мына, Көре аламын ап-айқын.

Айна

Көз адамның айнасы

Егіз қайың, Бой-бастары тең өскен. Іске дайын, Бұтақтары бес-бестен.

Қол

Көз қорқақ, қол батыр.


Екi басы дөңгелек, Екi ұшы сүйiр, Қиғанға үйiр.

Қайшы

Алтын қасық ішуге жақсы Алтын қайшы кесуге жақсы

Танауында арқаны, Бiр батып,бiр шығып, Алға қарай тартады.

Ине

Тігіншіні инесі асырайды.


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

ІІ.Жаңа сабақ

Белдемшенің шығу тарихы Белдемше- әйелдердің сәнді киімі. 19 ғасырдың аяғына дейін әйелдер оны ойын-сауық кезінде көйлек сыртынан киген. Белдемшенің алдыңғы өңірлері бір-біріне түйісіп тұрады да, белінен төмен қарай кеңи береді. Белдемше барқыттан, әр түрлі жібекматалардан тігіліп, жиегі айнала кестемен немесе құндыз терісімен көмкеріледі, түрлі әшекейлермен безендіріліп, белі қапсырмамен түймеленеді. Белдемшені көйлектің етегін түгел жаппайтындай етіп тігеді; Белдемше — үй шаруасында жүргенде алға байлап алатын алжапқышты да “белдемше” деп атайды. Оны жалаң қабат күйінде, түрлі-түсті шыттан тігіп, малсауғанда, тамақ даярлағанда тазалық үшін киеді.

Стиль түрлері

  • Классикалық

  • Романтикалық

  • Спортық

  • Фольклорлық ( этникалық)

Әр түрлі киімге жататын бұйымдарды екі негізгі топқа бөлуге болады. Белдікті және иықты. Белдемше, шалбар, белдемше шорты, шалбар-белдікті топты бұйымдар, көйлек, блуза, қамзол, халат және басқалар - иықты топты бұйымдар. Белдікті бұйымдарда белдемше ең көп топты құрайды. Белдемше костюмның бөлігі, өзіндік бұйым немесе көйлектің бөлігі болуы мүмкін. Силуэт бойынша белдемшелерді тіке, етегіне кеңейе түскен және енсіз келген болады. Олар пішуіне қарай үш топқа бөлінеді: тіке, қиықты және клеш. Тіке белдемшелер қынамалы бір, екі немесе үш тігісті, складкамен немесе оларсыз, кең, бүрмелі немесе резеңкеде болуы мүмкін. Тіке белдемшелерде негізгі жіптер бұйымның ұзындығында орналасады.
Клеш белдемшелердің пішу негізін толық дөңгелек немесе оның бөлігін құрайды. Оларды кеңею сатысына қарай негізгі жеті топқа бөледі: клеш, үлкен клеш, кішкене, орташа, үлкен «колокол», «полусолнце» және «солнце». Бел, жамбас, етек сызықтары дөңгелектің бөлігін құрайды. Бұл белдемшелердің негізгі және арқау жіптердің бағыты әр түрлі бөліктерінде біркелкі емес. алдының ортасында негізгі жіп ұзындығымен орналасады, ал қалған бөліктерінде басқаша. Қиық белдемшелер 4, 6, 8, 10 және 12 қиықтан тұрады, төменге қарай кеңейе түскен. Әр қиықтың кеңеюі қиық белдемшелерге складкалардың орналасуына өзіндік түр береді. Негізгі жіп мұндай белдемшелерде әр қиықтың орта сызығының ұзындығымен жатады. Белдемшеге мата таңдағанда, оны немен киетіндігін шешіп алу керек: блузкамен, жемпірмен, қамзолмен. Мата таңдауы бұйымның қолданылуына қарай (күнделікті, үйге киюге), мезгілге (жаз, қыс), сәнге және пішінінің ерекшелігіне байланысты. Тіке белдемшелерге ауыр және тығыз мата үсынылады (жүн, джинсы матасы). Әр түсті, сызықша немесе шатраш. Төменге қарай кеңейе түскен белдемшелерді жеңіл маталардан тігеді: мақта, зығыр, жүн және жібек. Клеш және қиық белдемшелерді тігуге жақсы драпталатын маталар лайық мақта, жібек немесе жеңіл жүн. Белдемшенің сәні матаның еніне қарай таңдауға әсер етеді. Тіке белдемшелерді пішуге енді және енсіз матаны, ал етегіне қарай кеңейе түскен немесе складкадары болса, енді матадан тікекен ыңғайлы. Кез келген киімнің пішімін жасаудың бірнеше түрі бар. Олар дәстүрлі сызба, сән журналынан сызба алу және компьютерлік бағдарлама арқылы киім сызбасын жасау.

hello_html_m305e9fa0.jpg

ІV. Практикалық жұмыс

Оқушылар топпен жұмыс істейді ( Әр топтан 1 оқушының өлшемі алынады) Адам киімнің өлшемін білу үшін бел шеңберін, мықын шеңберін түгел өлшеп , алынған өлшемді екіге бөлу керек. Сонда алынған цифр дененің өлшеміне сәйкес . Өлшем белгілі бір тәртіп бойынша алынады, алдымен ( горизонталь бағытта), содан соң үзынынан ( вертикаль бағытта). Белді белдікпен қынайды, жеңіл киіммен тұрғаны дұрыс.  Өлшегенде см. лентаны сол қолмен үстап, өлшейтін басты нүктеге әкеледі, әйел киімін оң жақтан, еркек киімін сол жақтан өлшейді. Жбо- Белдің жартылай орамы.  Көлденеңінен тұлғаны айналдыра  бел деңгейінде түсіріледі.  Өлшем белбеудің ұзындығын  және қымтырмалардың  енін есептеуге қолданылады Жмомықынның  жартылай орамы.  Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра  түсіріледі. Өлшем  белдемшенің енін  және қымтырманың  енін анықтау үшін  қолданылады. БҰ-  Бұйымның үзындығы. Артқы  бойдың бел сызығынан төмен қарай  қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау  үшін қолданылады Ар.б.ұ – Артқы бойдың белге дейінгі  ұзындығы. Артұы бойдың бел сызығынан мойын нүектесіне дейін түсіріледі ( жетінші мойын омыртұасы). Өлшем бел сызығына жамбас сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады. Компьтерлік бағдарлама үшін Ұж-белден төмен қарай жерге дейін адамның жанынан алынады,Ұ алд-белден төмен қарай жерге дейін адамның алдыңғы бойынан алынады.

1–ші топ.Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасайды. 2-ші топ.Сән журналдарынан белдемшенің пішім сызбасын алады. 3-ші топ.Компьютерлік бағдарламаны пайдалану арқылы тік белдемшенің сызбасын сызады.

Әр топқа нұсқау карта таратылып түсіндіріледі. Оқушылар мұғалімнің бақылауымен өз жұмыстарын жасайды. V.Жаңа сабақты бекіту

- Өлшемді өлшенетін адамның қай жағынан тұрып аламыз? - Белдемше тігу үшін қандай өлшемдер алу қажет? - Киім тігу үшін пішім жасаудың неше жолы бар? - Стильдің неше түрі бар? VІ. Қортынды Оқушыларды бағалау. Үйге тапсырма









1. Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасау

hello_html_31304d4f.pnghello_html_241205d3.png

hello_html_m4e4598e5.pnghello_html_3a580a53.png

2.Сән журналынан пішім сызбасын алу 1.Сән журналынан қалаған модель үлгісін таңдау 2.Өңдеу күрделілігіне, модель нөмеріне назар аудару 3.Алынған өлшемдер бойынша нақты өлшемін анықтау 4.Үлгі парағын, сызық түсін, бөліктер санын анықтау 5.Үлгіні маркермен сызып шығу 6.Кленкаға пішімді бастырып алу 7.Үлгіні қию

3.Компьтерлік бағдарлама арқылы белдемшенің сызбасын алу

р/с

Істелінетін жұмыс

Қажетті өлшемдер

1

Компьютерлік мыщканың көмегімен «Основы», «выбрать» сөзін басу


2

«Поясные изделий» , «выбрать» сөздерін басу


3

«Юбка», «выбрать» сөздерін басу


4

Өлшем бірліктерді кіргізу

Ст-Жбо; Сб-Жмо; Дтк-Бұ; Дсп-Ұж; Дсп-Ұалд; Дтс-Ар.б.ұ; Пт-Қб; Пб-Қм;

5

«Рассчитать» сөзін басу


6

«Печать» сөзін басу


7

«М 1:1» басу


8

«Печать» басу




































Нұсқау карта

Дәстүрлі тор сызба арқылы тік белдемшенің сызбасын жасау



р/с

Формула

Пайдаланатын өлшем

Сызба

1

Б нүктесін белгілейміз



hello_html_m4e4598e5.png

2

БЕ =Бұ;


Бұ

3

БМ=Ар.б.ұ/2-2см;


Ар.б.ұ

4

ББ1=Жмо+Қм(2-5см);


Жмо

5

ББ2=ББ1/2-1см;



6

ММ3=0,4ББ2;



7

М1М4=0,4Б1Б2;



8

ΣҚ=(Жмо+Қм)-(Жбо+Қб)


Жм.о,Жб.о

9

Т5Т6=0,5ΣҚ



10

Т7Т8=0,3ΣҚ



11

Т9Т10=0,2ΣҚ



Нұсқау карта

Сән журналынан пішім алу

р/с

Жасалатын жұмыс реті

Өлшем


1

Сән журналынан қалаған модель үлгісін таңдау


hello_html_m11b04416.jpg

2

Өңдеу күрделілігіне, модель нөмеріне назар аудару


hello_html_m7e3ef081.jpg

3

Алынған өлшемдер бойынша нақты өлшемін анықтау

От- бел орамы

Об-мықын орамы

hello_html_m612aaaa5.jpg

4

Үлгі парағын, сызық түсін, бөліктер санын анықтау


hello_html_6337ae73.jpg

5

Үлгіні маркермен сызып шығу




6

Кленкаға пішімді бастырып алу




7

Үлгіні қию








Нұсқау карта

«Закройщик» бағдарламасын пайдаланып белдемшенің пішімін алу

р/с

Істелінетін жұмыс

Қажетті өлшемдер

1

Компьютерлік мышканың көмегімен «Основы», «выбрать» сөзін басу



2

«Поясные изделий» , «выбрать» сөздерін басу



3

«Юбка», «выбрать» сөздерін басу



4

Өлшем бірліктерді кіргізу

Ст-Жбо; Сб-Жмо; Дтк-Бұ; Дсб-Ұж; Дсп-Ұалд; Дтс-Ар.б.ұ; Пт-Қб; Пб-Қм;

5

«Рассчитать» сөзін басу



6

«Печать» сөзін басу



7

«М 1:1» сөзін басу



8

«Печать» сөзін басу











Нұсқау карта

Өлшем алу( комтьютерлік бағдарлама)



р/с

Белгіленуі

Өлшем алыну жолы

Өлшем

1

Жбо

Белдің жартылай орамы.  Көлденеңінен тұлғаны айналдыра  бел деңгейінде түсіріледі.  Өлшем белбеудің ұзындығын  және қымтырмалардың  енін есептеуге қолданылады



2

Жмо 

Мықынның  жартылай орамы.  Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра  түсіріледі. Өлшем  белдемшенің енін  және қымтырманың  енін анықтау үшін  қолданылады.



3

БҰ

Бұйымның үзындығы. Артқы  бойдың бел сызығынан төмен қарай  қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау  үшін қолданылады


4

Ар.б.ұ 

Артқы бойдың белге дейінгі  ұзындығы. Артұы бойдың бел сызығынан мойын нүектесіне дейін түсіріледі ( жетінші мойын омыртұасы). Өлшем бел сызығына жамбас сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады


5

Ұж

Дененің жанынан алынады.Бел сызығынан еденге дейінгі ұзындық


6

Ұалд.

Дененің алдыңғы жағынан алынады.Бел сызығынан еденге дейінгі ұзындық








Ақтөбе қаласындағы №34 орта мектебі













Ашық сабақ

Тақырыбы: «Өлшемдерді алу. Есептеу. Белдемше сызбасын дайындау.»

8 класс











Пән мұғалімі: Бекбулатова



Ақтөбе-2114

Нұсқау карта

Өлшем алу(сән журналы)

Белгіленуі

Өлшем алыну жолы

Өлшем

1

Об

Бел орамы.Көлденеңінен тұлғаны айналдыра  бел деңгейінде түсіріледі.  Өлшем белбеудің ұзындығын  және қымтырмалардың  енін есептеуге қолданылады



2

Ом

Мықын орамы.Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра  түсіріледі. Өлшем  белдемшенің енін  және қымтырманың  енін анықтау үшін  қолданылады.



3

Бұ

Бұйымның үзындығы. Артқы  бойдың бел сызығынан төмен қарай  қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау  үшін қолданылады
















Нұсқау карта

Өлшем алу(дәстүрлі)

Белгіленуі

Өлшем алыну жолы

Өлшем

1

Жбо

Белдің жартылай орамы.  Көлденеңінен тұлғаны айналдыра  бел деңгейінде түсіріледі.  Өлшем белбеудің ұзындығын  және қымтырмалардың  енін есептеуге қолданылады



2

Жмо 

Мықынның  жартылай орамы.  Көлденеңінен жамбас тұлғасын айналдыра  түсіріледі. Өлшем  белдемшенің енін  және қымтырманың  енін анықтау үшін  қолданылады.



3

БҰ

Бұйымның үзындығы. Артқы  бойдың бел сызығынан төмен қарай  қажетті үзындыққа дейін түсіріледі. Өлшем белдеменің ұзындығын анықтау  үшін қолданылады


4

Ар.б.ұ 

Артқы бойдың белге дейінгі  ұзындығы. Артұы бойдың бел сызығынан мойын нүектесіне дейін түсіріледі ( жетінші мойын омыртұасы). Өлшем бел сызығына жамбас сызығынан жамбас сызығына дейінгі ара қашықтық осы өлшемнің жартысына тең болады






Тест 1.Белдікті бұйымдарға қандай киімдер жатады? а) шалбар, белдемше ә) көйлек, блузка,шалбар б) белдемше, камзол,баскиім 2.Табиғи талшықтарды ата? а) жібек, капрон ә) жүн, жібек б) лавсан, шифон 3.Қолдану мақсатына қарай киім түрлерінің бөлінуі? а)тұрмыстық, өндірістік, формалық ә)жазғы,қысқы б)сырткиім,баскиім 4.Маусымдық қолданысына қарай киімдер? а)жазғы,қыстық,көктем мен күз ә) эстетикалық, гигиеналық б) классикалық, романтикалық 5.Киімге қойылатын гигеналық талаптар? а)бағасының қымбат болмауы ә)химиялық тазалауларға төзімділігі б)ылғалсіңіргіштік, ауаөткізгіштігі,жылусақтағыштығы 6.Киімге қойылатын экономикалық талаптар? а) сапасы жоғары, бағасы қымбат болмауы ә)сыртқы ортаның зиянды әсерінен қорғауы б) жуу құралдарына төзімділігі 7.Өлшем алғанда пайдаланатын құрал? а) сызғыш ә) сантиметрлік таспа б) лекало













Технология пәнінен сабақ жоспары:П/ж№1 «Өлшемдерді алу. Есептеу. Белдемше сызбасын дайындау.»
  • Технология
Описание:

Сабақтың тақырыбы: П/ж№1 «Өлшемдерді алу. Есептеу. Белдемше сызбасын дайындау.»

 

 Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бұйым сызбасын құруға арналған өлшем алу жөніндегі тапсырманы меңгеруін қамтамасыз ету. Дәстүрлі, сән журналдарынан,компютерлік бағарлама арқылы пішім жасап үйрету.Өлшем алу біліктерін жетілдіру,сантиметрлік лентаны дұрыс қолдана білуді үйрету.                                                      Адам мүсіні бойындағы бағдарлық нүктелер арқылы өтетін кеңестік линияларды ойша жүргізе білуді дамытуға жағдай    жасау.                                                                                        Жұмыс жасау кезінде зейінділікке, жауапкершілікке,дәлдікке тәрбиелеуге жағдай жасау.

Автор Бекбулатова Алия Калиевна
Дата добавления 05.01.2015
Раздел Технология
Подраздел
Просмотров 2332
Номер материала 34874
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓