Инфоурок Технология Другие методич. материалыТехнология пәнінен ашық сабақ "Сабақтың тақырыбы: Химиялық талшықтар. Химиялық талшықтардың қасиеттері. Жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар. П/ж « Мата түрін анықтау»

Технология пәнінен ашық сабақ "Сабақтың тақырыбы: Химиялық талшықтар. Химиялық талшықтардың қасиеттері. Жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар. П/ж « Мата түрін анықтау»

Скачать материал

Ақтөбе қаласы №34 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі Бекболатова Алия Қалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Химиялық талшықтар. Химиялық талшықтардың қасиеттері. Жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар. П/ж « Мата түрін анықтау»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оқушыларға химиялық талшықтардың түрлерін, қасиеттерін түсіндіру, олардың өндіру технологиясымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту.

Тәрбиелік: шеберлікке баулу, үнемділікке,тиянақтылыққа, әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,ізгілендіру диаграммасы.

Пәнаралық байланыс: химия, дүниетану,сызу

Көрнекі құралдар: интерактивті тақта, мата қиындылары, ине, қайшы

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Сабаққа қажетті құралдарын дайындату. Сабаққа назарларын аудару, қызығушылықтарын арттыру үшін жұмбақ жасырамын.

1.Жарқылдаған қос қылыш,

қолға тисе жоқ тыныш. (Қайшы)

2.Кигізіп ап ұзын жіпті көзіне,

Киім тігіп береді ол өзіңе. ( Ине)

Қауіпсіздік ежелерін еске түсіру

Инені арнаулы қобдишаларда ұстау керек. Инені киімге қадауға, ауызға салуға болмайды.

Қайшыны арнаулы қобдишада ұстау керек, қайшыны ашық қалдыруға болмайды. Жолдасың қайшымен жұмыс істеп жатқанда көңілін бөлме.

ІІ.Оқушылардың білімін бақылау

Жаңа тақырыпты бастамас бұрын ізгілендіру диаграммасы арқылы оқушылардан:

-Не білемін?- деген сұраққа дәптерлеріне жауап жазғызамын.


hello_html_28e40330.gif


Өздерің білетіндей, мата негіз жіптері мен арқау жіптерін өріп тоқу арқылы жасалады. Әрбір жіп бірнеше ширатылған жіңішке талшықтардан құралған. Тоқыма талшықтары өздерінің қасиеттері бойынша әр алуан. Олар шығу тегіне, құрамына және өндіру тәсіліне қарай ерекшеленеді.

Сендер өткен кластарда өсімдіктекті мен жануартекті маталармен таныстыңдар. Табиғи маталар денсаулыққа пайдалы табиғи талшықтардан тоқылады, бірақ оларды өндіру- мол еңбектенуді қажет ететін және аса қымбат процесс.Химиялық талшықтардан жасалған маталарды өндіру аз еңбекті қажет етеді және арзан.

ІІІ. Жаңа сабақ

ХVІІ ғасырда ағылшын ғалымы Роберт Гук бірінші рет талшықтарды химиялық жолмен алуға болатындығы туралы айтты. Ал 1753 жылы М.В.Ломоносов түрлі түсті шыны әзірлеу үшін тәжірибелер жүргізді және лағыл шыны жасауға қол жеткізді. Сонда ол жасанды талшықтардан өнеркәсіптік өндіру тәсілін табуға талпынды.

Тұңғыш рет химиялық талшықтарды 1853 жылы ағылшын Аудермас алған, ал 1891жылы француз Шардонне алғашқы болып осы тәріздес жіптердің өндірісін ұйымдастырады.Ежелгі Египетте оларды әшекей үшін пайдаланған. Жасанды жібек өндіру бойынша бірінші зауыт Ресейде 1913 жылы, Мәскеу түбіндегі Мытищи қаласында тұрғызылды.

Қазіргі уақытта химиялық талшықтардан мата өндіру кезінде оларды әртүрлі үлеспен табиғи талшықтарға қосып отырады, сонда матаның қасиеттері жақсарып, матаның жаңа түрлері пайда болады.


Химиялық талшықтар


Табиғи органикалық

материалдарды (ағаш, мақта целлюлозасы) әртүрлі

химиялық заттармен:

ацетон,сіркесу, азот,күкірт

қышқылдарымен арнайы өңдеу арқылы алады

Синтетикалық талшықты әртүрлі заттарды : мұнай,таскөмір,табиғи газ және ілеспе мұнай газын, ауылшаруашылық және және целюлоза-қағаз өнеркәсібінің қалдықтарын химиялық өңдеу арқылы алады

Мұндай талшықтарға нитро-жібек, вискозалы және ацетатты жібек жатады

Бұл заттардан жоғары малекулалы шайыр алынады, олар синтетикалық талшықтарды (нейлон,капрон,лавсан,т.б.) өндіруге қажетті бастапқы материал болып табылады


Химиялық талшықтардан иірілген жіпті үш кезеңнен тұратын күрделі технология бойынша алады:

Иіру ертіндісін алу, талшықтарды қалыптау және өңдеу.

Бірінші кезең- бастапқы материалдардан химиялық жолмен сұйық және жабысқақ иіру массасын алу.

Екінші кезең- алынған масса химиялық талшық жасалатын жіп иіру машинасына түседі. Осы машинадағы сүзгілер көмегімен дайын массадан талшықтар түзіледі. Бір машинада 60-100 сүзгі болады.Олар өте ұсақ саңылаулары бар шағын металл қалпақша түрінде болады. Сүзгідегі саңылаулар саны 24-36мыңға дейін.

Үшінші кезең – талшықтарды өңдеу.Алынған жіптер жуудан,құрғатудан,иіруден,термиялық өңдеуден өтеді. Кейбір талшықтарды ағартады, бояйды және жұмсарту мақсатында сабын ертіндісімен өңдейді.


Химиялық талшықтарды жасау ерекшелігі сол,оның қалыпталу процесі бір мезгілде оны иіру де болып табылады.

Жасанды талшықтар





Сыртқы түрі әдемі, табиғи маталарға ұқсас келеді. Өңі күңгірт немесе жылтырлау. Мақтаға қарағанда ылғалды жақсы сіңіреді, бірақ төзімділігі жағынан тозуға бейім.

Вискозалық талшықтан айырмашылығы- шикізаттың сірке немесе күкірт қышқылымен өңделуінде . Асетум латын тілінен аударғанда –сірке қышқылы, сондықтан талшық ацетатты деп аталады.

Ацетатты талшықтардан жасалған маталар табиғи жібекке ұқсас, өте әдемі, өң жағы жылтырлау, созылғыш, қыртыстанбайды, пішінін жақсы сақтайды. Ацетат қатты қызуға төзбейді,210 С темп. бүрісіп қалуы мүмкін

Кемшілігі: ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады(50%); тез отырып, қатты қыртыстанады

Ылғалды жағдайда беріктігін жоғалтады; ауаөткізгіштік және ылғалсіңіргіштік қасиеті нашар

Синтетикалық талшықтар


Түрлі талшықтардан жасалған мата қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы

Қайсысы артық ойыны арқылы оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін тексеру:

-мұнай,таскөмір,ағаш,табиғи газ.

-нитрожібек, вискозалы жібек, ацетатты жібек, табиғи жібек.

-капрон, зығыр, дедедрон, нейлон.

-талшық, мата, жіп, ацетум.

-жібек, жүн, кримплен, мақта.


ІІІ.Практикалық жұмыс

Материалдар мен құралдар: химиялық талшықтардан жасалған мата үлгілері, жұмысқа қажетті құрақтар, ине, қайшы,су құйылған ыдыс, оқулық, дәптер.

Жұмыстың орындалу реттілігі:

  • Маталардың үлгісін қарастыру. Сыртқы түрі бойынша анықтау.

  • Әрбір үлгіні қолмен қысып, матаның қыртыстануын анықтау.

  • Инемен матаның шетінен бірнеше жібін суырып, матаның тарқатылу дәрежесін анықтау.

  • Суырған жіпті үзіп беріктігін анықтау.

  • Мата үлгілерін ылғалдап, олардың беріктігін құрақ матаның беріктігімен салыстыру.

  • Жұмыстың нәтижелері бойынша әр оқушы матаның қасиеттерін кестеге толтыру

Кесте


Тарқатылуы

Беріктігі

Талшық түрі







ІV. Жаңа сабақты бекіту

Ізгілендіру диаграммасының( Не білдім?, Нені білгім келеді? ) сұрақтарына жауап жазғызу.

  1. Химиялық талшықтарды алу үшін қажетті шикізат түрлері?

  2. Қандай талшықтарды жасанды деп атайды?

  3. Сендердің киімдерің қандай матадан тігілген?

  4. Мата талшықтарын білу үшін нені білу керек?

  5. Синтетикалық маталар қандай қасиеттерге ие?

  6. Жаздық көйлектерге арналған маталардың құрамы қандай болуы керек?

  7. Вискозалық талшықтардан жасалған маталардың кемшіліктері?

V.Қортынды

Оқушыларды бағалау.Үйге тапсырма беру. Жұмыс орнын жинату

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Технология пәнінен ашық сабақ "Сабақтың тақырыбы: Химиялық талшықтар. Химиялық талшықтардың қасиеттері. Жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар. П/ж « Мата түрін анықтау»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Ақтөбе қаласы   №34 орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі  Бекболатова Алия Қалиқызы

Сабақтың тақырыбы: Химиялық талшықтар. Химиялық талшықтардың қасиеттері. Жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар. П/ж « Мата түрін анықтау»

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: оқушыларға  химиялық талшықтардың  түрлерін, қасиеттерін түсіндіру,  олардың өндіру  технологиясымен таныстыру.

Дамытушылық: оқушылардың мата туралы түсініктерін дамыту.

 

Тәрбиелік: шеберлікке баулу, үнемділікке,тиянақтылыққа, әдемілікті сүйе білуге тәрбиелеу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 020 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Презентация по предмету: Устройство, техническое обслуживание и ремонт автомобилей. На тему «Устройство, техническое обслуживание коробки передач автомобиля ГАЗ-3307».
  • Учебник: «Технология. 10-11 класс», Симоненко В.Д., Очинин О.П., Матяш Н.В.
  • Тема: §1. Понятие профессиональной деятельности. Структура и организация производства 
  • 06.10.2020
  • 1038
  • 35
«Технология. 10-11 класс», Симоненко В.Д., Очинин О.П., Матяш Н.В.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.01.2015 1170
    • DOCX 76 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Бекбулатова Алия Калиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Бекбулатова Алия Калиевна
    Бекбулатова Алия Калиевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15954
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 299 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 086 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания технологии в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 241 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 071 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Теория и практика инвестиций в контексте устойчивого развития

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство переговоров: стратегии и тактики в различных сферах жизни

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек