Главная / Технология / Технология пәні бойынша сабақ жоспары. Тақырыбы: "Ағаш сүрек өңдеу технологиясы. Сүректі дайындау"

Технология пәні бойынша сабақ жоспары. Тақырыбы: "Ағаш сүрек өңдеу технологиясы. Сүректі дайындау"


Джумабаев Кайрбулат Гибатуллаевич

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Абай орта мектебінің мұғалімі


Технология 7 а сынып


Ашық сабақтың тақырыбы: Ағаш сүрек өңдеу технологиясы. Сүректі дайындау

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға ағаш материалдары және оларды дайындау, өңдеу туралы білімді қалыптастыру.

Дамытушылығы: Сүректі дайындау, пайдалану, теориялық білімдерін

машықтық іс-әрекетте ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалану.

Тәрбиелілігі: Топтық жұмысқа ептілік деңгейін көтеруге баулу, іскерлікке,

ептілікке, өз бетінше орындауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : СТО

Сабақтың типі : аралас сабақ

Сабақтың әдісі: топтастыру, сұрақ-жауап, түсіндіру.

Сабақтың көрнекілігі: ағаш материалдары, плакат, құрал-жабдықтар

Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: амандасу, оқушыларды түгендеп, сабаққа қажетті

көрнекіліктерді, құрал-жабдықтарды тексеру.

ІІ Өткен сабақты қайталау

1 Оқушылардың үй тапсырмасын тексеру және қорытындылап бекіту.

2 Қызығушылықты ояту.

1.Сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарын тұрмыста қолдануға бола ма?

2. Құю дегеніміз не?

3. Сәндік соғу дегеніміз не?

4.Шағын сәндік пластика дегеніміз не?

5.Халық шебері деген кім?

6. Өрнек дегеніміз не?

Топтастыру


ІІ. Мағынаны тану

І топ- сырғауыл, діңін бөлу, бөрене, кеспелік, дөңбек.

ІІ топ- жарма, тақтай, қырлы бөрене

ІІІ Ой толғаныс

Екі жақты күнделік

Не таң қалдырды?

Неге?






ІІІ Бекіту сұрақтары:

1 Бөрене, дөңбек, кеспеліктің арасында қандай айырма бар?

2 Ағаш діңін дайындауға қандай жұмыстар жатады?

3 Ағаш өңдеуді қандай мамандар атқарды?


Ағаш материалдары



Өңделмеген Өңделген



Бөренелер Кеспелер Шпон Жарма

материалдар



Дөңбектер Араланған

Материалдар


Араланған материалдар және олардың қолданылуы



Араланған материалдар түрлері:

  1. Тақтайлар: а-шеттері араланбаған, б-араланған

  2. Қырлы бөрене: а-екі қырлы, б- үш қырлы, в- төрт қырлы.

  3. Шеттіктері: а-қыртыс тақтайлы, б- тақтайлы

ІҮ Үйге тапсырма. ІІІ б. Ағаш сүрегін өңдеу технологиясы. Сүрек дайындау

тақырыбын оқу. 70-суретті үйден салу

Ү Рейтингтік бақылау

Оқушының аты-жөні

Үй тапсырмасы

Топтастыру

Екі жақты күнделік

  1. Диас

5

5

5

  1. Жалғас

5

5

5

  1. Серікбол

5

5

5

  1. Мерей

4

5

4

  1. Айдын

4

4

4














Абай атындағы орта мектебі


Ашық сабақ

Тақырыбы: Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту

Алгебра 7 в сынып







Математика пәні мұғалімі

Джумабаев Кайрбулат Гибатуллаевич







2006-2007 оқу жылы

Абай атындағы орта мектебі


Ашық сабақ

Тақырыбы: Үшбұрыштар және оның түрлері

Геометрия 7 б сынып









Өткізген: Математика пәні мұғалімі

Джумабаев Кайрбулат Гибатуллаевич





2006-2007 оқу жылы

Абай атындағы орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Ағаш материалдарының түрлері және қасиеттері


Технология пәні 5 б сынып





Технология пәні мұғалімі

Джумабаев Кайрбулат Гибатуллаевич






2014-2015 оқу жылы

Абай атындағы орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы: Ағаш сүрек өңдеу технологиясы. Сүректі дайындау




Технология пәні 7а сынып




Технология пәні мұғалімі

Джумабаев Кайрбулат Гибатуллаевич



2013-2014 оқу жылы




Ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру арқылы оқушылардың ойлау қабілетін дамыту


Математикалық ойлауды дамытуға арналған есептер, мәліметтермен ізделінетін шамаларды салыстыруды, бұрын шығарған есепке тиетес есеп құрастыруға, график, таблица, сондай-ақ математикалық сойлем түрінде өрнектеуді, зерттеуді талап етеді.

Математикалық есепті шығару, оқушылардың жеке творчестволық белсенділігіне байланысты болады. Сондықтан, есеп шығарыудың басты мақсаттарының бірі-оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, жандандыру.

Математикалық ойлауды өрістету үшін оқушыларды қызықтыратын, ынтасын арттыратын есептер құрастырған дұрыс.

Мұндай есептерге ауызша есептерді бірнеше түрде ұйымдастыруға болады.

Мысалы: 1) ойын есептер; 2) зерттеу элиментері бар есептер; 3) ертегі есептер; 4) өздерінен қорытынды шығаратын есептер; 5 )қатені табу есептер жатады.

Жалпы ауызша есептерді бірнеше түрде ұйымдастырғанда да оңайдан қиынға қарай бағытталған жақсы. Ауызша есептер шығарту математика сабағында оқушылар белсенділігін арттыруға қызығушылығын дамытуға, оқушы білімін есепке алуғада, көмегін тигізеді.

Ауызша есепті шығартқанда мұғалім кластағы барлық бала активті түрде жұмыс жасайтындай дәрежеде болуын және ауызша есептің класқа әсерін байқау қажет.

1.Ауызша есепті шығардарда оның берілгенін алдын ала,қосымша тақтаға не плакатқа жазып қойған дұрыс. Бұл баланың көру арқылы есте сақтауына қалыптастырады.

Мысалы: Геометрия үшбұрыш түрлерін ажырату үшін қабырғаларының сан мәндерін өзгертіп ауызша есеп құрастыратын немесе «үшбұрыш теңдігінің белгілерін» ажыратып, есте сақтауға бүл үлкен әсер қалдырады.

2. Ауызша есептер мен жазба жұмыстары әр сабақта кезектесіп келіп отырғаны және әрбір ауызша есептің белгілі бір ережені еске түсіру арқылы жазбаша класта шығарылатын есепке немесе бақылау жұмысына белілі бір дәрежеде әзірлік болуы тиіс. Егер бұлай болса бақылауда оқушы қиналмай жұмыс жасайды.

Алгебра сабағында жаңа сабаққа байланысты есепті әуелі жазбаша шығару арқылы шығару жолдары көрсетілуі керек те, сосын барып ауызша есеп шығартуға болады.

Ал геометрияда керісінше, әуелі чертеж, илюстрацция арқылы ауызша есеп шығаруға болады.

Мысалы:Үшбұрыштың теңдігінің ІІ-ші белгісіне себебі І-ші белгісін біледі, тақырыпты өтісімен бірден











1.Екі үшбұрыш туралы не айтар едің.

2.Бірнеше үшбұрыштар ішінен парыңды тап ойын арқылы шығару.

3.Ауызша есеп шығарғанда міндетті түрде «Пауза» ойлануға уақыт болған дұрыс. Оқушылардың бәрінің көңілін аударып, ауызша есепке даярлау қажет.

4.Ауызша есеп шығарғанда шарты анық болуы керек және ол негізгі мақсатта қайталау, есеп шығаруға тақырыптар бойынша әзірлік, жаңа тақырыпты түсіндіруге әзірлік т. б.

Мысалы: «Дәрежені дәрежелеу» тақырыбын өтер алдында

дәреже түрінде жаз,-деп ауызша есеп беруге болады, оқушы бұрынғы сабақтағы білімін ескеріп - деп

жазады т.б.

5. Ауызша есептің берілгенін алдын ала қосымша тақта, магнит тақтасы, техникалық құралдар арқылы жазып көрнекті етіп әзірлеген дұрыс. (пайдаланғандарды бір размерде сақтау).

І.Ауызша есептің келесі түрі, ауызша есепті ойын арқылы беру. Өз сабақтарында «Домино», «Лото», «Лабиринт», «Баспалдақ», «Парыңды тап», т.б. ойындарды жиі қолданамын.

ІІ. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын есептің бірі өздігінен есеп құрастыру. Бұл жұмысты класта әр сабақта да жүргізіп отырмын әсіресе жаңа сабақты бекіту жұмысында көп қолданамын. Оқушыларға өтілген тақырыпқа мысал ойлатуға оны қалған оқушылардың жалғастырып шығаруына көңіл бөліп отырамын.

ІІІ.Қорытынды шығару:

Бұл жұмысты жаңа сабақты түсіндіру барысында пайдаланамын. Жаңа материалда өтілген сабақпен байланыстыру, онда белгілі ауызша есептерді шығару нәтижесінде керекті ережені балаға қорыттыруға болы.

Мысалы: Қосу заңдары 5 сын., ал 6 сын. таңбалары әр түрлі сандар үшін де орындалатыны




-көбейтіндінің дәрежесінің неге тең болатыны да мынандай, ауызша есептен кейін оқушының өзі айтады.

ІҮ.Ертегі есептер.

Оқушының қызығушылығын арттыру үшін ертегі есептерінің алатын орны ерекше. Бұндай есептерді жаңа сабақты бекіту, сабақты қорытындылау бөлімдерінде көптеп қолдауға болады. «Қояндарды қамаудан босату», «Зоопарк».

Ү.Қатені өздеріне тапсыру.

Бұл жұмыстың түрін «математикалық диктант», «программаланған карточка» т.б. жұмыстар арқылы іске асырамын.

«Математикалық диктанта» жоғалған сөзді, жоғалған өрнектің мүшелерін табу т.б. деп құрастыруға, «программалық карточкада» есептің дұрыс жауабын бірнеше қате жауаптың ішінен табу.

Ауызша есептерді көптеп шығарту арқылы «Семинар сабақ», «Зачет сабақ», «Ауызша журнал», «Ойын сабақ», «Саяхат сабақ» өткізуге болады.

Ауызша есептер шығарту жұмысы сынып оқушыларын активтендіреді, көп оқушыдан сұрауға мүмкіндік туғызады. Оқушы білімін есепке алуға көмектесіп, оқушымен жұмыс жүргізуге көмектеседі.

Дайындаған: Қ.Ғ.Жұмабаев

Алгебра 7 сынып


Сабақтың тақырыбы: Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту.


Сабақтың мақсаты:

1. Негіздері бірдей дәрежелерді

көбейту меңгерту, түсіндіру.

2.Оқушыларды барлық түрлі жұмыстарға қатыстыру.

3.Халық педагогикасын және қазақтың ұлттық ойындарымен байланыстырып өткізу.


Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың жүрісі:

І.Ұйымдастыру бөлімі.

ІІ.Үй тапсырмасын қайталау.

Сөзжұмбақ шешуге:


1.Атамен, ұлттық ордасының бағыты


2.Кіші жүздің биі.


3.Қазақтың ұлттық ойыны


4.Қиылыспайтын түзу.


5.Қазақтың үй жиһазы.


6.Амалдардың бірі

1.Дәрежелеу дегеніміз не?

5-негізгі

3-дәрежесі

2. дәрежесі дегеніміз не?


Негіздері бірдей дәрежелерді көбейту (жаңа тақырыпты шығарып алдым).


ІІІ.Жаңа сабақ:

8-негізгі, 6-дәрежесі


басқаша

басқаша

бутін оң сандар



ІҮ. Сынып жұмысы










Ү.Ауызша есепте!



ҮІ. Топтармен жұмыс:

І.топқа

ІІ.топқа

Свитязь кодоскоп аппараты арқылы көрсету:

Тест есебі:



ІІІ.топқа Суретті лото


Қазақстан туралы сөз.



















Егеменді еліміз туралы.

Ән.Қазақстаным











ҮІІ.Өзбеттік жұмыс


ҮІІІ. Бақыт сәт ойыны!

(Қайталау сұрақтары арқылы сабақты қорытындылау)


І топ

ІІ топ

ІІІ топ

1.Санды өрнек деген не?

2.Ұқсас мүшелерді біріктіру деген не?

3.Бос мүше.

1.Бірмүше


2.Жақшаны ашу дегеніміз не?



3.Санның еселеушісі.

1.Көпмүше деген не?

2.Теңдеу деген не?



3.Алгебралық өрнек.


ІХ. Сабақты қорыту.











сынып

Тақырыбы

с/с

күні

ҮІІ

Үшбұрыш және оның түрлері

1



Мақсаты

І.Білімділігі:

Үшбұрыш ұымымен және оның түрлерімен таныстыру, үшбұрыш периметрін табуды меңгерту.

ІІ.Дамытушылығы:

Есте сақтау, ойлау, есептеу қабілетін дамыту.

ІІІ.Тәрбиелігі:

Оқушыларды сызба жұмысында үқыптылыққа үйрету.

Сабақ түрі

Түсіндермелі, сұрақ-жауап

Көрнеклігі

Интерактивтік тақта арқылы берілетін сүрақтар 2 дана, 3 плакат


І.Ұйымдастыру

ІІ.Өткен тарауды қорытындылау

Қайталау сұрақтары (бейне тақта)

ІІІ.Өткен тарауды қорытындылау.

ІҮ.Жаңа сабақ п.21

А.Бір түзудің бойында жатпайтын үш нүктеден және осы нүктелерді қосатын кесінділерден тұратын фигураны үшбұрыш деп атайды.

Берілген нүктелер үшбұрыш төбелері, ал төбелерді қосатын кесінділер үшбұрыштың қабырғасы деп аталады.

А, В, С –нүктелері, үшбұрыш төбелері

АВ,ВС,АС-кесінділері, үшбұрыш қабырғалары

Оқылуы: Үшбұрыш АВС немесе АВС үшбұрышы

А-ВС қабырғасына қарсы жатқан бұрыш

В-АС қабырғасына қарсы жатқан бұрыш

С-АВ қабырғасына қарсы жатқан бұрыш

АВС үшбұрышының элементтері

А, В, С- бұрыштары

ВС, АС, АВ- қабырғалары

(макет көрсетіледі).

Үшбұрыш жазықтықты екі бөлікке бөледі. Түзу жататын бөлігі сыртқы түзу жатпайтын бөлігі ішкі облысы деп аталады.

Белгілені: Р

Р =АВ+ВС+АС

Үшбұрыштар қабырғаларының ұзындықтары бойынша және бұрыштарының шамасы бойынша әр түрлі үшбұрыштарға бөлінеді.

Қабырғаларының Бүрыштарының

ұзындығы бойынша өлшемдері бойынша





Тік бұрышты ұшбұрышта тік бұрышына қарсы жатқан қабырғасы гипотенуза, ал қалған екі қабырғасы катеттері деп аталады.

Ү.Сабақты бекіту. Жаттығу есептері:

181

Үшбұрыш санын оның бұрыштарын, төбелерін, төбелеріне қарсы жатқан қабырғаларын, қабырғаларына қарсы жатқан бұрыштарын жазындар.

184


  1. а = 4 см.

в = 5 см. Р= 4+5+6 = 15 см.

с= 6 см.


2) а = 3 мм.

в = 4 мм. Р= 3+4+5 = 12 мм.

с= 5 мм.

ҮІ.Сергіту сәті. Сұрақтары:

  1. П әріпінен басталатын 5 сөзді ата.

2.Қандай белгілерді геометриялық фигуралардан кішірейтіліп алынған.

3.Геометрия неге бөлімнен тұрады ?

4.Үш май шам жанып тұр, екеуін сөндірсе нешеуі қалады?

5.Қадай сан барлық санға қадықсыз бөлінеді?

190

а =в =8 см. Р =а+в+с

с = 6см. 8+8+6= 22 см.

191 45

Р =45 см а= = 15 мм.

3


ҮІІ.Жеке оқушылармен жұмыс.

ҮІІІ. Сабақты қорытындылау.Сұрақтар (тақта)

1.Үшбұрышты оқы.

2.Үшбұрыш қабырғаларын ата.

3.Үш бұрыш төбелерін ата

4.Үш бұрыш түрлерін ата

5.Үшбұрыштың периметрін тап.

Жалпы түрде бір оқушыға қорытындылату.

ІХ.Үйге тапсырма №192, п.21

Х.Бағалау































Білім сапасын арттыруда сабақты ұтымды

ұйымдастыру

Реформа талабына сәйкес оқу-тәрбие жұмысын жетілдірудің өзекті мәселелерінің бірі-қазіргі сабаққа қойылатын талаптарды жузеге асыру.

Білім сапасын арттыруда сабақты ұтымды ұйымдастыру, қазіргі сабақ талабына сай өткізу керек.

Реформаға сәйкес қазіргі сабақтың ерекшелігі неде, оның құрылысында, методикалық жабдықталуында қандай өзгерістер бар, сабақ жалпы білім беру жүйесінің басқа формаларымен қандай байланыста? Бұл мәселелер бүгінгі таңда барлық ұстаздарды ойландырса керек.

Қазіргі кезендегі сабақтың типтері мен түрлері М.Махмұтов еңбегінде төмендегіше берілген.

а) жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы;

б) білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы;

в) өтілген білімді жүйелеу, жинақтау сабағы;

г) аралас сабақ;

д) білім, іскерлік пен дағдыны бағалау, бақылау сабақтары.

Академик М.Махмұтов ұсынатын сабақтың тұрақты дидактикалық құрылысы мына компоненттерден тұрады: актуаландыру, жаңа түсініктер беру, оған сәйкес тәсілдерді анықтау, нақтылау және іске асыру.

Сабақтың жоғарыда аталған дидактикалық кезеңдері өзара тығыз байланыста жүргізіледі.

Мысалы, актуалдандыру кезеңінде оқушыларда бұрын қалыптасқан түсініктер мен тәжірибелер, бұрын өтілген тақырып пен меңгерілген білімдер жаңартылып еске түсіріледі. Жаңартылып еске түсірілген материалдар жаңа сабақты қабылдауға негіз болады.

Ендігі кезең-жаңа оқу материалын оқыту, жаңа түсініктерді қалыптастыру және оған сәйкес іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру кезеңі.

Мұнда мұғалімнің оқушыларды қатыстыра жаңа материалды баяндауы және оқушыны өз бетімен, кітаппен жұмыс істеуге үйрететін методикалық әдістермен байланыстыру мақсаты көзделеді.

Ал меңгерілген жаңа ұғым, түсініктерді іске асыру кезеңі оқушыға өздігінен жұмыс істеуге үйрететін нұсқаулар беру, оқушының өзін-өзі немесе өзара тексеруі, үйге тапсырма беру тәсілдерінен туады.

Сабақтың дидактикалық құрылысы әрқашан тұрақты, ал оны іске асыру үшін мұғалім тарапынан қолданылатын методикалық әдіс-тәсілдері ауыспалы сипатта болады.

Сондықтан әр сабақтың методикалық құрылысы сабақтың түрі мен оған қойылатын жалпы дидактикалық және жекеленген мақсаттарға сай өзгереді.

Оқыту процесі екі жақты процесс екендігі, яғни ол мұғалімнің оқыту іс-әрекетінен тұратыны белгілі. Оқыту процесі- алдын ала қойылған мақсатқа сәйкес мұғалім мен оқушының бірлесе, өзара бір-бірімен ынтымақтаса жасайтын іс-әрекеті. Оқыту процесінде мұғалім-әр уақытта белсенді іс-әрекет иесі. Ол қай уақытта да негізгі әрекет етуші.

Оқушылардың білім сапасын арттырудың ең басты шарттарының бірі – сабақты ұтымды ұйымдастыру. Өткізіліп жүрген көптеген сабақтардың кемшілігі-мұғалімнің бүкіл сабақ барысында, әрбір кезеңінде оқушылардың танымдық оқу іс-әрекетін жандандыра, белсендіре алмауында, олардың көпшілігінің енжар күйде қалуында, сайып келгенде, ұстаздың оқыту процесінің нәтижесі-шәкірттердің білім сапасының жоғарылығы-олардың іс-әрекеттерінің сипатына тікелей тәуелді екенін үнемі басшылыққа ала білмеуінде.Қазіргі кезде сабақтарды өткізудің әртүрлі формалары ұсынылып жүр. Жоғары сыныптарда сабақтың лекция түрін көптеп қолданға болады. Бұл теориялық мәселелерді жинақтап беруге мүмкіндік берді. Лекция әдетте 30 минутқа жоспарланады, қалған уақытта арнайы алынған жаттығулар арқылы түсініктері байқалады. 10 сыныпта «Қисық сызықты трапецияның ауданы», «Призма» тақырыптары бойынша лекция сабақтарын өткіздім. Лекция сабақтарын өткізу кезінде «неғурлым тәппіштеп түсіндірсем, соғұрлым оқушылар оқу материалын терең меңгереді, білімдері берік болады», деп есептемеу керек.

Лекция –бұл математикалық ойлаудың қысқа да анық берілуі, оның ең басты мақсаты дәлелдеуді таба білуге үйрену. Сондықтан лекция барысында оқушыларды ізденуге талпындыратын сұрақтар қойып отыру керек. Тыңдаудың қиындығын оқушы зейінінің оп-оңай басқа нәрсеге ауысып кететінін немесе мұғалімнің сөйлеу қарқынына үлгере алмай қалуы мүмкін екендігін естен шығармау керек.

Өтілген материалдарды есте бекіту кезеңінде оқушылардың жаңа материалды тереңірек ұғып, меңгеруі үшін қажетті әр түрлі іс-әрекеттер, практикалық жұмыстар ұйымдастыру қажет. Бұл ретте әртүрлі формадағы сабақтар өткізуге болады: семинар-сабақ, лабораториялық сабақ, пресс-конференция түрінде өткізілетін сабақтар.

Мысалы: 10 сыныпта «Конус» тақырыбын бекіту сабағын семинар-практикум түрінде өткіздім. Алдымен ауызша өтілген териялық сұрақтар қайталанып сұралады. Сынып оқушыларының ішінен 3 топ құралады:

І топ- жақсы оқитындар 3 оқушы

ІІ топ –орташа оқушылар 4 оқушы

ІІІ топ – нашар үлгеретіндер 3 оқушы

Әрбір топқа жеке жұмыс беріледі. Ал қалған сынып оқушылары сынып жұмысын орындайды, тақтаға бір оқушы шығады. Әрбір топ өзіне берілген есептерді шығаруға кіріседі. Белгілі бір- уақыт өткен соң мұғалім топтың бір оқушысын жауап беруге шақырады.

Сол оқушының жауабына және топ оқушыларының қосымша сұрақтардың жауабына сәйкес, барлығына бірдей баға қойылады. Бұл топтың құрамындағы әрбір оқушының жауапкершілігін арттырады, ұжымның ынтымағын арттырады.

Жаңа материалды игеру дәрежесін бақылау әдетте үй тапсырмасын тексеруден басталады.

Әдетте үй тапсырмасын 5 оқушыдан сұрадық делік. Бұған шамамен 15-20 минут уақыт жұмсалады. Бір оқушы жауап беріп тұрғанда, басқа оқушылар қандай іс-әрекетпен шуғылданады? Көбінесе мұғалім назары-жауап беріп тұрған оқушыда (өткені оның жауабын бағалауы керек). Басқа оқушылардың бірқатары жедел келесі 2-ші, 3-ші сұраққа дайындалады, үлгерімі тәуір оқушылар тақтадағы жауапты тыңдай отырып, алдағы пәнді де ойлайды, ал қалғандары іс-әрекетсіз уақытты босқа өткізеді және олар келесі сынып оқушыларының басым көпшілігі болып келеді.

Сондықтан үй жұмысын тексеруді әр формада жузеге асыруға болады:

.Үлгі бойынша өзін-өзі тексеру. Бұл форманы жаңа материалды түсіндірген сабақтан кейінгі 1-ші сабақта қолдануға болады. Үй тапсырмасын орындаудың үлгісі-алдын ала тақтада жазылып қойылады. Оқушылардың дәптерлері жабық тұрады. Оқушылар шығару үлгісін қарап, ауызша талқылайды. Содан кейін дәптерлерін ашып, әрбір оқушы өзінің жұмысын үлгі бойынша тексереді, қателерін түзейді (жай қарындашпен).

Үлгі бойынша тексеріп болған соң, оқушылар қатемен жұмыс істейді. Ал үй жұмысын дұрыс орындағандарға жеке жұмыс беріледі. Ал оқушылардың дәптерін тексеру кезінде мұғалім өзін-өзі тексеру сапасы мен қатемен жүргізілген жұмысқа баға қояды.

2.Үй жұмысын консультанттар көмегімен тексеру.

Үй жұмысы алдын ала тақтада орындалып, жауап қойылады. Консультанттар дәптерлері алдын ала тексерілген. Ол оқушыларға тиісті нұсқаулар берілген. Сабақта консультанттар жауап беретін оқушылардың қасына отырады. Олар қағаз алып, оған үй тапсырмасын түгел немесе қиын жерінен бастап орындайды. Консультанттар жұмысын бағалайды да, мұғалімге тапсырады. Мұғалім қорытынды бағаны өзі қояды.

3.Паралар бойынша сұрау.

І вариант оқушылары,мұғалімдер, ал ІІ вариант «оқушылар» деп жарияланады. Мұғалім сыныпқа жалпы сұрақ қояды, «Оқушылар», «мұғалімдерге» қарап жай дауыспен жауап береді. Паралар да сұрақты талқылау біткен кезде, бір оқушы қатты дауыспен сұраққа жауап береді.

Оқушылардың жауабы талқыланған соң ІІ варианттағы оқушылар жауабы бағаланады. І варианттағы оқушылар бір парақ қағаз алады, сұрақтардың номірінің тұсына үш белгінің біреуін қояды: «+»(тура), «-» ( тура емес), «-» (дәл емес). Осындай таңбалардың түріне байланысты, қорытынды баға қойылады.

Мұндай ауызша сұрау, оқушылар білімінің сапасын анық көрсетеді деп есептеу мүмкін емес. Ең басты мақсат- теориялық мәселелерді қайталау, оны бекіту.

Теориялық мәселелерді қайталауды басқа әдістер бойынша жүзеге асыруға болады: математикалық викторина, математикалық эстафета, өзара сұраудан эстафета т.б. осы әдістер қолданылған бір сабақтан мысал келтірейін.

Сабақтың тақырыбы: Бірмүшені, көпмүшеге көбейту.

І. Викторина

а) Өрнекті ықшамдаңдар (1 балл):



б) Теңдеуді шешіңдер ( 1 балл):



в) Есепті шығарындар: «Тарелкадан онда жатқан сливалардың 1/3 алынды. Содан кейін оған 20 слива салынғанда, тарелкада бұрынғыдан 2 есе көп слива болды. Тарелкада неше слива болды?» ( 3 балл).

Викторинаның тапсырмасы тақтаға жазылып қойылады. Оқушылар жауабын үлкен етіп қағазға жазады да, команда бойынша мұғалімге көрсетеді. Мұғалім «немесе оның асиссенті) дұрыс жауаптарды санап, әрбір бойға балл тағайындайды.

ІІ.Паралар бойынша сұрау.

(мұғалім төмендегі сұрақтарды қояды)

І вариантағы оқушылар (оқушылар)

ІІ варианттағыларға жауап береді

1.Бірмүше дегеніміз не ?

2.Көпмүше дегеніміз не?

3.Көпмүшені көбейткіштерге жіктеу дегеніміз не?

4.Қаңдай қосылғыштар ұқсас қосылғыштар деп аталады?

5.Ұқсас мүшелерді қалай біріктіреміз?

6. Ұқсас мүшелерді біріктіріңіздер:

3 а в +6 а – 4 в – 7 а в + 7 в – 4 а

8.Жұлдызшаның орнына тура теңдік шығатындай етіп, қаңдай бірмүше қою керек:

1 1

а) 8 у * --- б) –а = --- а * ?

2 2

9.Бірмүшені көпмүшеге қалай көбейтеміз?

9 сұрақ берілді, сондықтан әрбір бойдан 3 жауаптан берілуі керек, «Мұғалімдер», «+», «-», « » таңбалары бар қағаздарын мұғалімге тапсырады.

ІІІ. Алдыңғы сабақта жүргізілген өзбеттік жұмысқа анализ жасау.

Өзбеттік жұмыс тексерілген дәптерлерді оқушыларға үлестіріліп беріледі (өздерінің дәптерлері емес, сыныптастарының дәптері).

Жұмысқа баға қойылады да, қателері түзетілмейді. Тақтаға өзбеттік жұмыстың текстісі жазылып қойылады. Сыныпта төмендегідей тапсырма беріледі, қатерлердің сипатын анықтау, қойылған бағаны аргументтеу. Оқушылар берілген эталон бойынша жұмысты салыстырып, қатені анықтағанша, мұғалім мен оның көмекшілері әр бойдың баллын есептейді.

ІҮ. Үйге тапсырма

а) творчестволық қатемен жұмыс

(есептерді қайта шығару, соған ұқсас есептер ойлап табу).

б) «4» пен «5» алған оқушыларға өз сыныптасының жұмысына рецензия жазу ұсынылады..

Рецензия жоспары кодоскоп арқылы көрсетіледі:

1.Өз сыныптасының жұмысында ненің ұнағанын көрсет (ұқыптылығы, теңдеулерді шешуі, өрнектерді түрлендірудің рационал әдістері).

2.Не ұнамағанын көрсету.

3.Қателердің сипатын көрсету:

а)есептеуде, б) көпмүше мен бірмүшені көбейтуде, в) әртүрлі таңбалы бірмүшелерді көбейтуде, г) ортақ көбейткіштерді жақшаның алдына шығаруда, д) теңдеу шешуде, е)есептің шарты бойынша теңдеу құруда.

4. Жұмыстың сауаттылығын атап өту.

5. Сыныптасының жұмысын жақсартуға арналған ұсыныстар.

Үй жұмысын түсіндірген соң, викторинаның қорытындысы шығарылады.

Сонымен оқыту процесінде балаларға сапалы білім беру үшін оларды танымдық оқу іс-әрекетінің мақсатқа жеткізетіндей әдіс-тәсілдермен қаруландыру қажет. Бұл ең алдымен мұғалімнің өз міндетіне қатынысына, қөзқарасына, шеберлігіне байланысты екендігін әркез есте ұстау керек.








Технология пәні бойынша сабақ жоспары. Тақырыбы: "Ағаш сүрек өңдеу технологиясы. Сүректі дайындау"
  • Технология
Описание:

Джумабаев Кайрбулат Гибатуллаевич

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Абай  орта мектебінің мұғалімі 

Технология  7 а сынып

 

Ашық сабақтың тақырыбы:  Ағаш сүрек  өңдеу технологиясы. Сүректі дайындау

Мақсаты:

Білімділігі: Оқушыларға ағаш материалдары  және оларды дайындау, өңдеу туралы білімді қалыптастыру.

Дамытушылығы: Сүректі дайындау, пайдалану, теориялық білімдерін 

                 машықтық іс-әрекетте ұштастырып, оны іс жүзінде пайдалану.

Тәрбиелілігі: Топтық жұмысқа ептілік деңгейін көтеруге баулу, іскерлікке, 

ептілікке, өз бетінше

Араланған материалдар түрлері:

1.    Тақтайлар: а-шеттері араланбаған, б-араланған

2.     Қырлы бөрене: а-екі қырлы, б- үш қырлы,   в- төрт қырлы.

3.    Шеттіктері: а-қыртыс тақтайлы, б- тақтайлы

орындауға  тәрбиелеу.

 

Автор Тулегенова Алтын Хадимовна
Дата добавления 14.04.2015
Раздел Технология
Подраздел Конспекты
Просмотров 1645
Номер материала 59643
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓