Главная / Классному руководителю / Тақырып: Мәлдір бұлақ- жасыл құрақ.

Тақырып: Мәлдір бұлақ- жасыл құрақ.

hello_html_m39d42153.gifМұғалім: Ягудина Фардия Тукановна



Тақырып: Мәлдір бұлақ- жасыл құрақ.

Мақсаты: оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы түсініктерін дамыту.

Міндеттері: - оқушылардың табиғаттың тутастығы туралы ұғымдарын кеңейту;

- оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету; - табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.

Көрнекілік: компьютер, плакаттар, тақта т. б.

Шаттық шеңбері: Мұғалім қонақтармен , оқушылармен амандасып, сабақтың тақырыбымен таныстырып, оқушыларды шеңберге шақырады.

-Құрметті қонақтар, оқушылар сәлеметсіздерме!Бүгінгі сабақта біз өткен сабақтың тақырыбын « Мөлдір бұлақ- жасыл құрақ» жалғастырамыз. Оқушылар, шеңбер құрып Н. Алғашбаевтың «Аралым»деген әнін айтайық. (Синтезатор арқылы.)

Дәптерлерін ашып бугінгі кунді, тақырыпты жазыңдар.

Әнгімелесу:1. Осы«Аралым» деген өленде қандай маңызды жағдай туралы айтылған? 2. Табиғаттың адам өміріндегі маңызы қандай? (- оқушылардың жауаптары)

Мұғалім : Балалар, Мұзафар Әлімбаев атамыз :

« Туган жерді сүю- парыз, Сүю үшін білу парыз. Қасиетін ұғу парыз, Күзетінде тұру парыз.» деп айткандай,кең байтақ еліміз жайлы , еліміздің табиғаты , аң-құстары жайлы терен білуіміз керек. Тапсырма:

Ендеше , табиғат туралы білімдеріңді байқап көрейік. Оқулықтың бетінде тапсырма берілген, тапсырманы оқыңдар( 1 Оқушы дауыстап оқыйды).

Тапсырманы орындау үшін «Табиғатты аялайық» атты мәтін берілген, соны оқып оқушылар түйінді бөліктерге бөліп, мағыналарын тереңірек ашып, мазмұндап айтып береді. (Бөліктер: табиғат-құтты қоныс, табиғат- ана, табиғат-ұстаз.) Оқу ақпараты:(Мұғалім өзі оқиды.) Адам табиғатқа мейірімділікпен, сүйіспеншілікпен,қамқорлықпен қарап,үйлесімділік сақтағанда,адамзат баласы үшін табиғат–кең сарай ,мәнгі тозбас құтты қоныс болады.

-Табиғат аясында тәртіп пен тазалықты сақтау неліктен қажет деп ойлайсыңдар?(-оқушылардың жауаптары.)

Тапсырма: Мұғалім- табиғатты сақтай білу ережесінің жобасын дәптерлеріне және тақтаға тізіңдер.Әр топтан, бір оқұшыдан кезекпен шығып, плакатқа жазыңдар. (суреттер көрсету)

1.Қоқыс тастамау.2.Көкті жұлмау. 3. Бұтаны сындырмау. 4. Ағашты кеспеу. 5. Су көздерін лайламау.6.От жақпау.7.Құс ұясын бұзбау.8.Құмырсқаның илеуін таптамау.9.Ауаны ластамау( завод,фабрикалар).

Оқу ақпараты:(Бір оқушы дауыстап оқиды).Қоршаған ауа неғұрлым таза болса,адамның денсаулығы мықты,көңіл күйі көтеріңкі болады.Ауаның,жер мен судың табиғи таза қасиеттерінің қолайсыз өзгерістерге ұшырауы-қоршаған ортаның ластануы.Олар адамның денсаулығына,өсімдіктердің өсуіне,жануарлардың тіршілік етуіне зиянын тигізеді.

(Балалар бүл тұжырымды өз пікірлері мен пайымдарын қоса отырып, таратып айтады.)

Дәйексөз:Мұғалім-Фариза Онғарсынова апайымыз айтқандай

Таза болса табиғат Аман болар адамзат!-деген сөзін дәптерге жазып- мағынасын шешіп шығайық. ( оқушылардың жауаптары.)

Мұғалім : Ойласақ табиғат пен адам егіз, Жылдың сол мезгілінен өзге неміз? Табиғатсыз қоғам жоқ, болған емес, Ал қоғамсыз табиғатты өзің де өлі деніз . – деп , мына жұмыстарды орындайық:

1.«Табиғатты аялайық» сурет салу. 2. «Табиғатты қорғайық» эссе жазу. 3. «Табиғат» өлен жазыңдар. ( оқушылардың жауаптары.)

Мұғалім: Қазіргі елімізде табиғатты қорғауға, оның байлыктарына өте зор мән беріліп отырады. Мысалы -(тақтада) 22 сәуір -«Халықаралық жер күні», 5 маусым-«Қоршаған ортану қорғау күні»деп аталады. ( оқушылардың жауаптары.)

1.Оқұшы: Табиғатты аялау –букіл адамның міндеті.Оңда біздің де үлесіміз бар.Табиғат пен адам әрқашан егіз деуге болады. Табиғат байлықтарын қорғай білу-азаматтық борыш. 2. Оқушы: Президентіміздің Қазақстан халқына жолдауында 2030 жылға дейін стратегиялық даму бағдарламасында қоршаған ортаны ластауға, экологиялық қалыпты жағдайды бүлдірмеуге зор көңіл бөлінген.

Мұғалім: Кең дала көркемсің, сонау жатқан,

Өзен, су, бұлақтарын мөлдір аққан.

Асқар тау, айдын шалқар көл мен өзен,

Әне, сол анам еді мені тапқан. – деп, жайланып отырып, көзімізді жауып, ойға беріліп, өзіміздің туған елімізді, өскен жерімізді шарлап шығайық. Біздің жерімізде де табиғаттың жағдайлары бар деуге болады.Осы жағдайларға байланысты дайындаған проекттерінді бізге таныстырыңдар. (Оқұшылардың жауаптары.)

Мұғалім:

Бұл үй жұмыстарыңды жақсы орындап келдіңдер, ал бугінгі үй тапсырманы жазып алыңдар: жойылып құрып кету қауіпі төніп тұрған табиғат атынан өтініш хат жазыңдар.

Табиғаттың бауырысың, досысың,

Аянбау да керек шығар дос үшін.

Екеуінің араңдағы байланыс

Өмірбақи үзілмес қосылсын.

(Оқушыларды шеңбер қуруға шақырып, сабақты мына сөздермен аяқтау) Балалар , шеңбер құрып менен кейін қайталаңдар:

Табиғатты қорғау үшін бәріміз куресейік!

Бір- бір ағаш егейік.

Текке отырмай жасымыз бен кәріміз,

Таза ауа үшін терімізді төгейік!









































«Үлкенбөкен мектеп – бала-бақша кешені» КММ

















Ашық сабақ 6 сыныбында















Мұгалім:Ягудина Фардия Тукановна











Тақырып: Мәлдір бұлақ- жасыл құрақ.
  • Классному руководителю
Описание:

Мақсаты: оқушылардың адам мен табиғат арасындағы үйлесімділік туралы                       түсініктерін дамыту.

Міндеттері: - оқушылардың табиғаттың тутастығы туралы ұғымдарын кеңейту;

 - оқушылардың табиғатты сақтау, аялау сезімдерін дамытуға ықпал ету;                  - табиғатқа сүйіспеншілікке, мейірімділікке,қамқорлыққа тәрбиелеу.

 

 Көрнекілік:   компьютер, плакаттар, тақта  т. б.

Автор Ягудина Фардия Тукановна
Дата добавления 28.12.2014
Раздел Классному руководителю
Подраздел
Просмотров 814
Номер материала 13661
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓