Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Сабақтың тақырыбы: «Тісті күте білейік»Сабақтың мақсаты: Балаларға тісті тазалаудың пайдасын түсіндіруБілімділік: Тіс щеткасы, оны пайдалана білу жолын, тістегі дақтарды қалай жуып кетіруге болатыны жөнінде әңгімелеу, білімдерін кеңейту.Дамытушылық: Жан - жақты білім беру, қиялын, сана - сезімін дамыту.Тәрбиелік: Үлкеннің тілін алуға, сыпайылыққа, ұқыптылыққа, салауатты өмір салтын кіші жастан бастап қалыптастыра білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.Сабақтың түрі: баяндау , ертегі сахналауӘдіс - тәсілдері: түсіндірмелі, сұрақ - жауар, топтау.Көрнекіліктер: суреттер, мақал – мәтелдер,теледидардан слайдтар көрсету.Сабақ барысы:І. Ұйымдастыру бөлімі- Амандасу, шаттық шеңбері: Үлкенге де сіз, Кішіге де сіз. Баршаңызға құрметпен Бас иеміз біз!ІІ. Ой қозғау- Балалар бізде неше тіс бар?- Сендер оларды қалай тазалайсыңдар?- Ненің көмегімен?- Тамақтан соң жуып - тазалауды ұмытып жүрген жоқпыз ба?Тәрбиеші:Мен сендерге жұмбақ жасырайын Отыз екі мықты, Қаз –қатар болып шықты, Он алтысы асты, Он алтысы үсті. (тіс)Тіс щеткасын таңдағанда:Балаларға арналған тіс щетка сабы қалың болса, балаға ұстауға ыңғайлы.- Талшықтары жиі және дөңгелек щеткалар тіс еттерінің қанамауын қамтамасыз етеді және жұмсақ болады.- Жуу барысында тіс еттеріне зақым келтірмес үшін тіс щеткасы доғал пішінде орналасу қажет. Себебі тіс еттеріне зақым келсе, сему (атрофия) ет ауруын тудырады.- Басының ұзындығы 25-30мм тіс щеткасымен күрек тістердің қуысын жуа аласыз.Тістегі дақтарды қалай кетіруге болады?Қызыл шай, тәтті соктан , шоколад жегеннен тістеріңе дақ түседі.Тісті қалай жуу керек?Тісті күніне неше рет жуу керек?Тісті кем дегенде 3 мин жуу керек.Тәрбиеші: Шынықтырып денені Тісін жуып ,тазалап Бақшасына келеді Міне ,үлкен азамат! Қане ,балалар, кім тіс туралы тақпақ айтып береді? Мен айтайын тақпақ, Алғың оны жаттап. Тісіңді жу, тазарт Маржандай болсын аппақ. Атқаратын қомақты Ауыз қуыс ісі бар: Ұсататын тамақты Отыз екі тісі бар. Алғашқы тіс – сүт тістер Түсіп бірте тынады. Алты жастан нық тістер – Тұрақты тіс шығады.Тіс :Салем, балақайлар!Сендер менің кім екенімді білесіңдер ме ?Балалар :Тіссің.Тіс :Дұрыс ! Мен тіспін.Біз сендердің ауыздарыңда өмір сүреміз.Біз сендердің тамақты шайнап жеулерің үшін керекпіз. Сендерге ертегі айтып бергенімді қалайсыңдар ма?Онда , тыңдаңдар...(кішкентай тіс кіреді).Бір күні балақан тіс өмір сүріпті.Оның жайлы үйімен, үлкен жанұясы болды.Бірақ ,оны ешкім ешқашан тазаламағандықтан , оған қатер төнді.Балақан қатты қайғырды, өйткені ол өте кір еді.Кірде микробтар өмір сүретін ол жақсы біледі.(микробтар кіреді де, тісті қарайтады)Микробтар — тістерді жайлы үйінен қууды армандайтын тістердің жауы.Уақыт өте берді,балақан кірлей берді, ал микробтар көбейе берді,көбейе берді….Балақан ауырып қалды. Бастапқыда ол әппақ әрі әдемі еді, ал қазір ол қап-қара және көңілсіз , ол қатты ауырғандықтан тамақ жей алмады. Оған ауруды жұқтырған микробтар болатын. Балақанға мейірімді дәрігер дер кезінде көмектеспегенде ,аяғы өте қайғылы болар еді!
6 625 849 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Силкина Ирина Александровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Курс повышения квалификации
72/180 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.