Инфоурок Другое Другие методич. материалыТақырыбы: «Қош бол, шағын орталығым»

Тақырыбы: «Қош бол, шағын орталығым»

Скачать материал

Тақырыбы:  «Қош бол, шағын орталығым»

Мақсаты: Балалардың дүниетанымын кеңейту, ақыл ойын дамыту, оқу, білімге деген қызығушылығын арттыру, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу

Формасы:  Ертеңгілік

Қатысушы балалар : орта топ балалары

ЕРТЕҢГІЛІКТІҢ   БАРЫСЫ:

І Ұйымдастыру кезеңі:

Дауыс: Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар! Құрметті қонақтар, ата – аналар! Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі   2010–2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шағын орталықпен қоштасу ертеңгілігіне   «Жұлдыз» шағын орталық  түлектері   «Бақытты балалық шақ» ұшағымен  келіп қонды. Ертеңгілік барысында қол телефондарыңызды өшіріп, дабыр сөзді қойдырып,  қолдарыңыздан келгенше әр  баламызды  қошеметтеп,әр сөздерін мұқият тыңдап,  өнерлеріне тамсанып, қуаныштарын бөлісулеріңізді сұраймыз!

   Құрметті ата-аналар , ұстаздар бүгінгі біздің «Қош бол, шағын орталығым!» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Залға балалар шармен,  музыка әуенімен кіреді.

Барлығы: Жақсылыққа құмармыз,

                 Жақсы адам боп шығамыз.

                 Таза сәби жүректен ,

                  Қабылдаңыз мың алғыс!

ІІ. Негізгі кезең:

1. Қарақат: Құрметті қонақтар армысыздар

                   Бәріңізде есен- аман бармысыздар?

                   Таусылмайтын ағытып ой арманың

                   Ал, достарым ақ жол тілеп, сөз бастағын .

2. Ұлан:    Ақ тілекті ағытып бір тастайық

                  Қоштасатын кешімізді біз тастайық

                  Жүздерінен көркем шаттық арайлы

                  Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тәрбиеші: Бүгінгі той бәрімізге құтты болсын!

                  Дендеріңіз сау аман есен мықты болсын!

                  Мектеп есігі әрқашанда ашық болсын!

                  Біріншіге баратын қадамдарың құтты болсын!

                  Бір ата , бір ананың тірегіміз,

                  Бір болсын қайда жүрсек тілегіміз,

                  Бірлік барда, тірлік бар деген бабам.

                  Бірлікпенен бірге соқсын жүрегіміз!- дей отырып құттықтау сөз мектеп директорының орынбасары  Гүлмира Қуанышбайқызына беріледі.

       Тәрбиеші: Өтті қызық көп күндер,

                  Алты жасқа жеттіңдер.

                  Барасыңдар мектепке,

                  Бір белестен өттіңдер.

                  Өсті ақыл ойларың ,

                  Қуанышы бүгінгі ,

                  Құтты болсын тойларың.

Тәрбиеші: Қымбатты ата-аналар ,  шағын орталық  қызметкерлері, қонақтар! Бүгінгі біздің бірнеше жыл мәпелеп, күтіп, тәрбиелеп өсірген бүлдіршіндерімізді мектеп табалдырығына шығарып салғалы отырмыз. Әрине бұл да үлкен той, тойларыңыз құтты болсын! Қанекей кішкентай түлектерімізді тағы да бір қошеметтеп қол соғайық.

 Мерекеде сызылтып ән салады

Ән айтып, би де билеп жан салады

Бұл ұлы мерекеде ән салғанда

Бүкіл ел шапалақтап қарсы алады.

Ән: « Ел қорғауға әзірміз» Орындайтындар:Айдана, Әсел.

Тәрбиеші: Алдыңдағы балалар ,

                  Мектепке кетіп барады.

                  Тақпақ айтып бір-бірден ,

                  Қимай кетіп барады – дей отырып ортаға балаларымызды өз тақпақ өлеңдерін айтуға шақырамыз.

3. Ақтолқын: Балабақша, балабақша,

                       Шаңырағы шаттықтың .

                       Балабақша қорғанышы,

                       Балғын сәби жастықтың.

                       Қуанамыз сыйлаймыз,

                       Қуаныштың мың гүлін .

                       Бақшамызбен қимай біз,

                       Қоштасатын күн бүгін.

4. Б. Аружан: Балабақша есігін

                       Үшке тола ашқанбыз

                        Едік аппақ нәресте

                        Көп-көп бөбек көргенде

                        Жұбанғаным есімде

5. Дидар: Ботақаным бөбек деп

                Еркелеткен ұл қызын

                Анамызды ерекше

                Қуантатын күн бүгін.

6. Әсел: Бұл қуаныш себебін

              Бізге қарап ұғарсың

              Ер жетті деп бөбегің

              Туған Отан қуансын.

7. Жарқынбек: Оқимыз білім аламыз

                          Болашақ жолын саламыз

                          Бақшаменен қоштасып

                          Біріншіге барамыз

Көрініс. Ортаға Білгішбек келеді.

Білгішбек: Балалар сәлеметпе! Мен сендерге ақ жол тілегім келіп, сендердің мерекелеріңе құтты болсын айтқалы келдім. Сендердің барлықтарың да ақылды, саналы, білімдісіңдер. Мен сендерді өз әлеміме шақырамын , менің достарым боласыңдар. Бізді алда көп биік асулар күтіп тұр,келісесіңдерме?

Сол кезде велосипедпен Жалқаубек келеді.

Жалқаубек: Ой мұнда не болып жатыр, кеттік  балалар ойнауға, не істеп жатырсыңдар, далада қызық болып жатыр.

Тәрбиеші: Ау,Жалқаубек, сенің бұның не? Мерекеге киініп келмейсің бе, сенде биыл мектепке барасың ғой, қарашы мына Білгішбек қандай бала болғанын, сенде талпынуың керек емес пе?

Жалқаубек: Ой мына Білгішбек мұнда не істеп жүр, бар өзіңнің мектебіңе, балалар менің досым болады, біз мектепке бармаймыз. Аналарымыз,апаларымыз,әжелеріміз оқиды.Басымызды ауыртпаймыз.

Тәрбиеші: Қой ,Жалқаубек, біздің балалар мектепке әзір, бүгін  шағын орталықпен қоштасып жатыр. Сен апаңнан қалмай жылап шағын орталыққа  келмей жүргенде, біздің балалар бәрін оқып, біліп алған. Қане отыршы көресің.

Олай болса менде ойын жалғастырғым келіп тұр. «Иә,иә», «Жоқ,жоқ,» ойынын ойнайық.

1. Мектепке біз барамыз ба?

2.Кілең бестік аламыз ба?

3.Айтқан тілді аламыз ба?

4.Ақылда бала боламыз ба?

5.Нан жимін деп жылаймызб а?

6.Ертеңгісін тұрамызб а?

7.Сабақта отырып ұйықтаймыз ба?

8.Ойыншықтармен ойнаймыз ба?

9.Екі алғанда жылаймыз ба?

10.Оқушы біз боламыз ба?

Жалқаубек: Ой балалар апаларың да , мамаларың да шаршайды ғой, бармаңдар мектепке. Не керек?

Тәрбиеші: Олай болса ата-аналармен де «Иә,иә», «Жоқ,жоқ» ойынын ойнайық.

1. Балаңызға әрқашан тірексіз бе?

2.Сабақ оқып, есепке сіз жүйріксіз бе?

3.Тамағын уақытылы бересіз бе?

4.Төзімділікке сіз әр уақытта төзесіз бе?

5.Сериал көріп жатасыз ба?
6.Ұрып, нұқып үйретуге барасыз ба?

7.Оқыту мұғалімнің жұмысы деген кері тартпа сөзді айтасыз ба?

8.Сен оқыт, мен оқыт  шаршадым деп ұрысуға дайынсыз ба?

9.Балаңыз үшін балаларды соғасыз ба?

10.Бала үшін асулардан асасыз ба?

Жалқаубек: Білгішбек сен оны қайдан біліп алдың? Менің асығымнан,фишкамнан,добымнан да қызық ойын екен ғой. Менде үйге барып мектепке дайындалайын. Балалар сау болыңдар! Күзде мектепте кездесейік!

Тәрбиеші: Білгішбек саған көп рахмет. Жалқаубекті дұрыс жолға салдың.

Рахмет көп-көп

Балаларымызды көңілді

Шақырамыз ортаға

Тойымызға сән беріп

Би билейік тамаша

Кешіміздің одан әрі жалғасын биге берейік.

Би «Қара жорға».

Тәрбиеші: Балалар біз мектепке не үшін барамыз?

                  1. Оқып білім алу үшін.

                  2. Еліме еңбек ету үшін.

                  3. Білімді азамат болу үшін.

                  4. Ер жетіп отанымды қорғау үшін.

      Талаптарыңа нұр жаусын! Өте жақсы балалар екенсіңдер. Біздің елбасымыз Н.Ә.Назарбаев өз жолдауында «Білім беруді балабақшадан бастау керек » деп атап кеткен болатын, әрине осы сөз текке айтылмаған. Мінекей Елбасымыздың қолдауымен жасаған «Балапан» бағдарламасы арқасында сендер мектеп табалдырығын нық аттап бара жатырсыңдар.

Тәрбиеші: Бүгін қызық бүгін той.

                  Біздер үшін біліп қой

                  Ән де салып би билеп

                  Жалғастырсын ойды ой- деп кезекті әнге береміз.

Ән «Менің Қазақстаным».

Келесі кезекті балалардың өлең шумақтарына береміз.

8. Құндыз: Тәрбие берген ұямыз

                   Тәртіпті бала боламыз

                   Қоштасып бала бақшамен

                   Біріншіге барамыз

9. Жұлдыз: Витамин жеп қолынан

                    Өскен сәби баламыз

                    Дәрігер апай сіздерге

                    Алғыс айтып барамыз

10. Ербақыт: Баулап баптап өсірдіңіз

                      Бұзықтық етсек кешірдіңіз

                      Ұмытпаймыз өзіңізді

                      Ұмытпаймыз сөзіңізді

Тәрбиеші: Бірге болсын ойымыз

                  Құтты болсын тойымыз

                  Балдырғандар тамаша

                  Би билейді тамаша.

Би «Калинка».

Тәрбиеші: Оқимыз білім аламыз

                  Болашақ жолын саламыз

                  Бақшаменен қоштасып

                  Біріншіге барамыз- деп енді балаларымыз  шағын орталықтағы апайларына өз ризашылықтарын білдірмек.

11. Назым: Гүлдендірген бақшаны

                   Меңгеруші апай жақсы адам

                   Сондықтанда біз үшін

                   Артықсыз сіз басқадан

                   Зүбайра апайға мың алғыс!

12. Досбол: Денсаулыққа болаттай

                    Ауруларды жолатпай

                    Күнде болған әбігер

                    Қамқоршымыз дәрігер

                    Дәрігер апайларға мың рахмет!

13. Диана: Үйренеміз өнер біз

                   Шетімізден шеберміз

                   Бал татыған әндерді

                   Мың бұралған билерді

                   Үйреткен апайларға мың алғыс!

14. Хамза: Тәтті тағам пісірген

                   Айран сүтін ішкізген

                   Майра, Айман апайлар

                   Сіздерге де мың алғыс!

15. Шырын: Жазу жазып үйреткен

                     Әріптерді оқытқан

                     Санамақты жаттатып

                     Санауды бізге үйреткен

                     Жақсы болсақ қуанған

                     Қате болсақ кешірген

                     Шолпан, Шәмшия,Мақпал апайларға

                     Айтамыз біз мың алғыс!

16.Жайна:  Бізді баптап қараған

                   Күлімдеген жақсы адам

                   Ақ төсекке жатқызған

                   Басымыздан сипаған

                   Нұргүл апайға мың рахмет!

Тәрбиеші:Бүгін міне қоштасады бал бұлақ

                  Әні менен жырына тыңдармандар сал құлақ

                  Кеше сәби , міне бүгін жас ұлан.

                  Лаулап жансын болашағың шамшырақ-дей келе кезекті балалардың «Балабақша» әніне береміз.

ІІІ. Қорытынды:

v  Сыйлықтар беру, марапаттау

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: «Қош бол, шағын орталығым»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

    Сыйлықтар беру, марапаттау

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 625 682 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.12.2014 709
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Козыбай Жадыра Смагуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Козыбай Жадыра Смагуловна
    Козыбай Жадыра Смагуловна
    • На сайте: 8 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 196627
    • Всего материалов: 78

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5900 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 19 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 66 регионов

Мини-курс

Педагогические идеи выдающихся педагогов и критиков

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе