- 26.12.2020
- 411
- 0
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады. Біздің қоғамымызда тәрбиелік мәні, дүние танымдық орны жоғары бағаланады. Мектепке дейінгі тәрбие үздіксіз білім берудің алғашқы сатысы. Бүгінде мектепке дейінгі мекемелердің мазмұнын жаңарту, басқаруды жетілдіру, балабақшалар желісін сақтау тұрғысынан біршама игі істер жүргізілуде.Балалар бақшасында тәрбие бағдарламасының ең ауқымды бөлімі балаларға айналадағы өмірді, түрлі заттар мен құбылыстарды бақылатуғ арналған. Өйткені сәби тұңғыш білім-дағдыларын өмірден алады. Айналасындағы адамдарды іс-әрекетін, табиғат пен жан-жануарлар дүниесін қоғамдық өмірді бақылап көру, сезініп түсіну арқылы ой-өрісі кеңейіп, тілі дамиды лексикалық қоры молаяды. Осының нәтижесінде ол басқалармен сөздік қарым-қатынас жасайды, көрген білгенін құрбы-құрдастарына, ата-анасына әңгімелеп беретін болады.Ата-ана құшағы, отбасы аясы, туған ауылы, оның ғажайып табиғаты, тұрмыс-салты, ән-күйі осының бәрі жас сәбидің балауса сезіміне нәр беріп, құлағын күйге бөлеп, әлдилеп, аялап өсіретін алғашқы ұясы. Сондықтан халқымыз «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің» дейді. Міне, осындай ұяда алған білім-дағдыларын қанаттандырып, әрі қарай жетілдіру алғашқы қоғамдық білім ошағы балабақшадағы оқу-тәрбие үлесіне тиеді. Олай болса, тәрбиешілер баланың білім-парасын үнемі бақылап, шыңдауға жеткілікті көңіл бөлуі тиіс.Балада айналадағы түрлі әрекетке електегіштік, бәрін білуге, ұстап ашып-көріге деген құштарлық басым болады. Ұйымдастыру оқу іс-әрекетінде бұған зер салу керек. Қоршаған ортамен таныстыру барысында балалардың тілі дамиды: олар заттарды танып, қасиеттерін және атауларын біледі, өз пікірлерін айтуға, сұрақ қоюға, сұрақтарға жауап беруге, көргендерін айтып беруге үйренеді. Әрбір затты танып білуге кезінде балаларға сұрақтар қойып, әңгімелету арқылы сөздік қоры дами түседі. Ұйымдастыру оқу іс-әрекеті процесінде дидактикалық ойындар, жаттығулар, балалармен қарым-қатынас жасау арқылы педагог балалардың тілін дамыта отырып, заттар туралы нақты білім беріп, сөздік қорын молайтуға ден қояды. Қоршаған ортамен таныстыру барысында бақылау жасауданғ, мақсатты серуен және топтық саяхаттан алған әсерлерін, білімдерін нақтылау мақсатында әңгме құру жұмысы кең көлемде жүргізіліп отырулы тиіс. Баланы мектепке дайындаудың психологиялық бағыттарыҚазақстан Республикасының Білім беру жүйесін реформалау барысында әрбір балаға мектептегі оқу және әлеуметтік ортаға еркін бейімделе алатындай жағдай жасау аса маңызды міндет. Демек, қазіргі талап бойынша мектептің бірінші сыныбына келетін балалардың физиологиялыұ жағынан мықты, адамгершілік, мәдениеттілік, еңбексүйгіштік қасиеттеріне ие, білімге мол, ерік-жігері күшті, жұмыс қабілеттеріне ие, білімге қызығушылық сипаттары мол болуы қажет. Сондықтан да мектеп баланы мектептегі оқуға, мектеп өміріне даярлау. Мектепке дейінгі баланың өмірінде әлеуметтік, психологиялық жағынан және физиологиялық жағынан да қиын кезең. Бұл кезеңде мектеп өмірімен танысады, әлеуметтік рөлін меңгере бастады.Мектепке даярлықтың төрт бағыты:1. Балалардың мектептегі оқуға қажетті нақты іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыру.2. Мектеп жасына дейінгі кезеңнің аяғында байқалатын жаңа құрылымдар мен бала психикасындағы өзгерстерді зерттеу.3. Оқу әрекеттерінің алғы шарттары4. Баланың берілген ережелер мен ересектер талабына саналы түрде бағыну іскерлігі.
6 662 768 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Алексеев Алексей Викторович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
72/180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
600 ч.
Мини-курс
5 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.