Главная / Начальные классы / Тақырыбы: Наурыз – жыл басы.

Тақырыбы: Наурыз – жыл басы.

Бірінші сыныпқа баратын оқушылармен жұмыс жоспары

2014-2015 оқу жылы



Тақырыптар

мерзімі

жауапты

1

Бала тәрбиесіндегі ата-ана рөлі.(әңгімелесу)

қыркүйек

Бакрамова Б.А

2

Менің алғашқы оқулығым (әңгімелесу)

қыркүйек

Бакрамова Б.А

3

Ана тілім- бал тілім( сынып сағаты)

қыркүйек

Бакрамова Б.А

4

Психологпен кездесу

қыркүйек

Кенебаева Г.Г

5

Біз әдепті баламыз (әңгімелесу)

қазан

Бакрамова Б.А

6

Алтын күз (сынып сағаты)

қазан

Бакрамова Б.А

7

Дос болайық бәріміз! (пікір-талас)

қазан

Бакрамова Б.А

8

Бала тәрбиесіндегі халық ойындары және ойыншықтары

қазан

Кашенова Ә.Т

9

Ынтымағы жарасқан отбасы(тәрбие сағаты)

қараша

Бакрамова Б.А

10

Туған өлкем (әңгімелесу)

қараша

Бакрамова Б.А

11

Мамандықтың бәрі жақсы (ойын түрі)

қараша

Бакрамова Б.А

12

Менің елім –Қазақстан (тәрбие сағаты)

желтоқсан

Бакрамова Б.А

13

Психологпен кездесу

желтоқсан

Кенебаева Г.Г

14

Төрлет жаңа- жыл!

желтоқсан

Бакрамова Б.А

15

Мектеп- кеме, білім-теңіз!

қаңтар

Кашенова Ә.Т

К

Достық және мен

қаңтар

Бакрамова Б.А

17

Денсаулық- зор байлық (әңгімелесу)

қаңтар


Бакрамова Б.А

18

Халқымыздың батырлары (сынып сағаты)

ақпан

Бакрамова Б.А

19

Үлкенге құрмет(тәрбие сағаты)

ақпан

Бакрамова Б.А

20

Ұлттық ойындар (сайыс)

наурыз

Бакрамова Б.А

21

Ана-өмірдің шуағы

(тәрбие сағаты)

наурыз

Бакрамова Б.А

22

Наурыз жыл басы (мерекелік концерт)

наурыз

Бакрамова Б.А

23

Біз не үйрендік (тәрбие сағаты)

сәуір

Кашенова Ә.Т

24

Сауалнама

сәуір

Бакрамова Б.А

25

Психологпен кездесу

сәуір

Кенебаева Г.Г

26

Білім еліне саяхат (тәрбие сағаты)

мамыр

Бакрамова Б.А

27

Ұлы –Жеңіс (мерекелік концерт)

мамыр

Бакрамова Б.А

28

Біз біріншіге барамыз (мерекелік концерт)

мамыр

Бакрамова Б.А

29

Психологпен кездесу

мамыр

Кенебаева Г.Г








Сабақтың тақырыбы: « Ертегілер әлеміне саяхат»


Мақсаты: 1.Балаларға ертегілерді қайталата отырып, ертегі кейіпкерлерінің жағымды, жағымсыз қасиетін білуге, ертегі мазмұның еркін айта білу, ертегілердің ерекшеліктері туралы түсініктерін кеңейту.

2. Балаларды ойын арқылы тапқырлыққа , өз ойын айту, сөздік қорын дамыту,ертегілерге қызығушылығын арттыру.

3. Балаларды ертегі арқылы адамгершілікке, еңбексүйгіштікке, туған жерін сүюге, үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.


Көрнекіліктер: Ертегілердің суреті, үнтаспа, аңдардың суреті,оқулықтар.

Пән-аралық байланыс: Сурет, ән-күй, тіл дамыту

Әдіс- тәсілі: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгімелеу

Сабақтың түрі: Аралас


Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі.( Балалар қонақтармен

Амандасады , ауа-райын сұрау, жыл мезгілдерін,1 жылда неше ай бар, 1 айда неше күн бар, 1 аптада неше күн бар, апта аттарын атау,) Жылулық шеңбері. «Менің сүйікті ертегім»

  1. Ән-ұран айту.

  2. Кіріспе.

-Балалар қарандаршы тақтаға, тақтада нелер ілініп тұр?

- ертегілердің суреті, жақсы, ендеше балалар бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз.Осы уақытқа дейін көп ертегілер, әңгімелер, өлең- тақпақтар, жұмақтармен, олардың суретін салып, бейнелеуге үйрендік. Қане есімізге түсірейікші? Балалар білген ертегілерін айтады,

- Саяхатқа шықпас бұрын көлігімізді дайындап алайық,

- Қандай көлікпен барамыз?

- Ұшақ, машина, т.б

- Балалар ,біз орманға саяхатқа келдік, Балалар менің қолыма қарандаршы?

- Қолымдағы жай таяқ емес, сиқырлы таяқ

- Орманда нелер болады? Аңдар

- Ендеше балалар менің қолымдағы таяқ сендерді орман аңдарына айналдырады(әр баланын басынан айналдыру)

- балалар сендер ертегі кеіпкері болдыңдар, енді әр аң өзіне мінездеме береді.

- балалар сөйлейді, қоян, түлкі, аю, қасқыр,

- жақсы

- енді тақтаға қарап ертегіні мазмұндаймыз,

- бауырсақ ертегісі, Мақта қыз бен мысық, бәйге, жеті лақ, алтын балық, шалқан т.б

III. Сергіту сәті. Сұр қоян. Аю.


IV.Ертегілерді құрастырып, суретін бояу.


V.Ойын кезеңі . « Кейіпкерлерді тап»

Мақсаты: Балаларға суреттерді көрсете отырып ертегі кейіпкерлерін білуге үйрету.


VI. Көрініс қою. Ұнаған ертегіні қысқаша көрсету.


VII.Қорыту. – Балалар біз көлігімізге отырып тобымызға келейік. Сонымен біз орманға саяхатқа шықтық, сендерге ұнады ма? – жауап

  • Жақсы. Балалар енді біз қонақтарға ән шырқап берейік. Ән « Ертегілер, Қошақаным»

  • Келгендеріңізге көп рахмет!

  • Сау болыныздар!




Сабақтың тақырыбы: « Кеңістікті бағдарлау арқылы өткенді қайталау »


Сабақтың мақсаты: Балаларды 1-ден 20-ға дейін тура және кері санауға сандардың көршісін атауға үйрету.

Геометриялық пішіндерді дұрыс атауға, уақыты бағдарлау, кеңістікті бағдарлау қабілетін дамыту.

Есептерді шығара отырып есте сақтау қабілетін дамыту. Тапсырманы ұқыпты, таза орындауға тәрбиелеу.



Көрнекіліктер:Таяқшалар,суреттер,қарындаш, картачкалар.


Сабақтың барысы:

Амандасу рәсімі:Амансыңба ұлбарым,

Амансыңба қыздарым.

Қандай жылы жүждерің,

Күлімдеген көздерім.


Балалар:Амансыңба көк аспан,

Амансыңба алтын күн.

Амансыңба мұғалім,

Амансыңба достарым,

Сендерді көрсем қуанам.

( Осы кезде есік қағылады. Балалар бізге қонақтар келді. Сәлеметсіңдерме аңдар. )


Аңдар:Сәлеметсіңддерме балалар.

Аң патшасы арыстан орманға мектебін ашпақшы болып жарлық шығарды.

Кімде кім менің берген тапсырмамды орындай алса мектепке оқуға қабылданады дейді. Бізде сол мектепке барғымыз келеді.

Бізге осы тапсырманы орындауға көмектесуіңізді сұраймыз.

Қане тапсырмалармен танысып көрейік.

1-ші

Уақытты бағдарлау.

Балалар жыл мезгілдерін атаңдар?

Апта күндерін атаңдар?

Тәулік бөліктерін ата?

Ән: Бүгін қай күн?

2-ші

1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.

10-нан 20-ға дейін сандарды рет-ретімен қос.Не шықанын атта?

Сандарға өлең шумақтарын айту.


3-ші

Кеңістікті бағдарлау.

Геометриялық пішіндерді атау.

Д/О «Көршісін тап»

Сергіту сәті:

Ұзын мұрты құмырсқа,

Ерте тұрды жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жолына.

Оңға, солға қарады,

Үлкен тау деп ойлады.

4-ші

Қисынды есептер.

Кеседе 5 алмұрт бар. Оған 3 алмұрт қосқанда барлығы қанша алмұрт болады?


Анарда 6 алма болды оның 2 Исламға берді. Анарда неше алма қалды?

Әр цифрды суретпен қос.



5 –ші

Есеп шығару.Қосу ,азайту.Карточкамен жұмыс.

Нүкте, түзу,қисық сызық, сынық сызық, кесінді атап көрсет.


Біз бүгін аңдарға көмектестік, олар да бізбен мектепке баратын болды. Балалар бүгінгі сабақа жақсы дайындалдыңдар.Осымен біздің сабағымыз аяқталды.



Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»


Мақсаты:Балаларға жалпы құстардың пайдасы туралы,олар жайында мағлұмат беру.Негізінен құстарға қамқор болуға,құстардыаялауға бейімдеу.Көңілді көктемде құстардың оралуынан бастап олардың өсіп-өнуі мен азайып кетуінен хабардарету,құстар туралышәкіртердің ой-өрісін,түсініктерін дамыту.Отанын,жерін, орманын, көлін,табиғатынсүюге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:

1.Қанаты сөздер

2.Құстар суреттері

3.Тірек үлгілер

Барысы:Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім:Табиғатты құрайтын жанды тіршіліктің иесінің бірі-құстар .Халық ежелден-ақ құстарға әуес, оларға деген сүиіспеншілігі шексіз ән-жырмен,өленмен дәріптеген,жақсы көрген адамды құсқа теңеу арқылы өз ықыластарын білдіріп отырған.Сондай-ақ ел жұртымыз өз ортасынан шыққан саңлақ ұлдарын сұңқарға теңесе,төгілген ән шырқайтын әншісін-бұлбұлға,Отан үшін жанын қиатын батырларын-қыранға,елден асқан сұлуды-аққуға теңеді.

Бірігіп: Сәлем,достар аманба?

Мынау бибіт заманда

Шат-шадымен көктемім

Шаттық болсын аманда

Ән құрдым үнімен

Сән құрдым гүлімен

Қуантамын бәріңді

Құт-береке күнімен!

Ән: «Көктем»

1 Бала: Ой,балалар,балалар!

Жылы-жылы жел соқты

Жылғалардан су ақты

Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті.

Мұғалім:Халық «Көкек келді-көктем келді»деиді.Көктемнің тамаша айын көкек деп атайды.Қадірі мен қасиеті онша емес, осы бір құстың аты нелктен жылдың ең тамаша айына теңеу болды екен?

2 Бала:Жыршысымын көктемнің

«Көкек» дейді мені жұрт

Өз ойын айтар құс менмін

Көктемді күтсең мені күт.


Ән: «Көгершін»

Мұғалім:Өз ұрпағына ұқыпсыз болсада, көкек пайдалы құстардың біріне саналабы.Көкектің балапандары бір күнде ғана39 шегіртке,43 жұлдыз құрт,4 өрмекші және басқа жәндіктердіқорек етеді.



Би: «Құстар қайты»

3 Бала:Мен торғаймын торғаймын

Суықтан да тоңбаймын

Құрт-құмырсқа шіркейден

Бау-бақшаны қорғаймын

4Бала:Құртты іздеп інінен

Қарағайды үңілем

Тоқылдақ- құс дәрігер

Қашанда ол әбігер.

Қазақтың тиым сөздері:

Жол үстінде тас жатса, алып таста

Гүлді жұлма

Бұлақ көрсең көзін аш

Судың да сұрауы бар

Ағашты жастай қырықпа

Құстың ұясын бұзба

Аққуды атпа


5 Бала:Торғай торғай тоқылдақ

Жерден тары шоқып ап

Бөтегесі бөтейіп

Шиқ-шиқ етіп отырмақ


Көрініс: «Қарлығаш пен дәуіт»


Мұғалім:Ал енді ,балалар,құстар жөнінде сұрақтарға жауап берейік.


1.Құстың мекені не?

2.Қандай құс хат тасушы?

3.Қандай құста ұя болмайды?

4.Адам қандай құсты аң аулауға пайдаланады?


Ән:«Тырналар»

6 Бала:Ұшып келген ең алғаш,

Қараторғай қырағы

Ұяларға қонақтап,

Дейді- «менің тұрағым»


Мұғалім:Беибітшілік құсы менмін-көгершін

Жер жүзінде бейбіт еңбек көгерсін

Аспан тұнық, шат көңілді болаиық

Ақ ниетті адал жандар көбейсін.

Құстардың ұясын бұзып,жұмыртқаларын жаруға, рақымсыздық жасап,жазықсыздан жазықсыз құстарды жәбірлеуге,өлтіруге жол бермейік.

Осымен сабағымыз аяқталды!




Тақырыбы: «Жастарды рухани- адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу»

Мақсаты: Дөңгелек үстел өткізу барысында ұстаздармен бірге жастарды рухани- адамгершілік

құндылықтар туралы пікір алмасу,өзін-өзі тану сабағында қолданған әдіс – тәсілдерді ортаға салу.

Сабақ өткізу кезінде оқушыларға ізгілік, әдептілік,мейірімділік,адамгершілік құндылықтарды сақтауға баулу.Өзін-өзі тану пәніне оқушылардың қызығушылығын арттыруға дағдылану.

Барысы: I.Психологпен жұмыс.(тренинг өткізу)

II.Кіріспе

-Қымбатты ұстаздар,адамгершілік сөзіне ой жүгіртейік.

« Жақсы сөз- жарым ырыс» демекші

менің ойымша адамгершілік-ол айналайынан басталады.Айналайын жанынды жадыратады, көкірегіне нұр себеді.Ананың айналайыны балаға деген ыстық махаббаты жылы жүрегі, ыстық құшағы.

Сол себепті ең алдымен мұғалім өзі тәрбиелі, ақылды- ойы жоғары парасатты болу керек. Ақын ағамыз Мағжан Жумабаев «Бала бір нәрсеге ұмтылса сол нәрсеге баланың денесі, жаны, ақылы,сезімі, қайраты-бәрі бірге жұмсалады»-деген.Ендеше осы мектепте алған баланың әсері оның алдағы уақытта адамгершілігімен азамат болып қалыптасуының негізгі тұтқасы болмақ.

-Ал,ұстаздар сіздердің адамгершілік туралы ойларыныз қандай?

-Адамгершілік деген не?

-Адамгершілік туралы көз қарасымыз қандай?

-Адамгершілік қандай қасиеттерден тұрады?







1-слайд.

Татулық . Шыншылдық. Кішіпейілділік.

Мейірімділік . Аяушылық. Сенімділік . Адалдық Сыйластық.

hello_html_4cc3247a.gifӘр мұғалім 3 минут сөйлеп,өз ойларын ортаға салады.

-Міне ұстаздар, бүгінгі тақырыбымыздың аштық деп ойлаймын...

«Адамгершілік – асыл қасиет» мейірімді қайырымды,сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады.Ақ ниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын, жан сұлулығын, парасаттылығын көрсетеді. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру жобасының авторы

Сара Алпысқызы Назарбаева әр сыныпқа арналған оқулығы бағдарламаға сәйкес әзірленген.Оқулықта адамзат баласының дамуына аса маңызды

адамгершілік ұғымдардың мән-мағынасы,адами қарым-қатынас туралы материалдар ұсынылған.

2 –слайд.

Мәтінмен жұмыс.

Қолғанат.

Ауа-райы кілт өзгерді.Күн суыта бастады.Ерланның ата-анасы жұмыста.Үй іші суи бастады.Пешке от жағу керек болды.Ерлан қалындау киініп,сыртқа шықты. Жапалақтап қар жауа бастады.Ерлан қойма ішінен балта тауып алып, ағашты жара бастады. Атасы аяғын жай басып, терезеден сыртқа көз тастады: «Жаным-ау

Мынау Ерланның өзі ғой.Азаматым менің!»- деді.

-Ата,-деді бір кезде Ерлан терезеден қарап тұрған атасын байқап,-отын дайын.-Қолғанат болды деген осы,-деп атасы арқасынан қақты.

Сұрақтар:1.Ерланның атасы неге риза болды?

2.Ерланның адамгершілігі неде?

3.Сіз біреуге көмектесе алдыңыз ба?

-Әр ұстаз мәтін бойынша өз ойларын ортаға салады.

3-слайд.

Маржан сөздер сыр шертеді

  1. «Адамның адамшылығы-ақыл, ғылым, жақсы ата-ана,жақсы құрбы, ұстаздан болады».(Абай)

  2. Жақсы адам жолдасынан белгілі.

  3. Биікке шықсаң көзін ашылады,

жақсымен сөйлессен көнілін ашылады.

-Қорытындылау:- Менің ұсынарым адамгершілік тәрбиесін әр мұғалім, күнделікті жұмысында жоспарлап,алдына мақсат қойып, жүзеге асырып орындаса ұрпақ рухани байлығы адамгершілігі мол нағыз азамат болып шығады.Қазақта «Сүтпен сінген сүйекпен кетеді» деген мақал бар.Демек біз мектеп табалдырығын аттаған бала бойына, қасиетті сүттей сіңіре білсек,бұл мақалдың текке айтылмағаны.

-Құрметті ұстаздар, бүгінгі дөңгелек үстел барысындағы әңгімемізді,атамыздан қалған мұра-адамгершілік қасиетті ұрпағымыздың санасына жеткізуге тырысайық.

-Сау болыңыздар!




































Тақырыбы: Наурыз – жыл басы.


Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Ұлттық салт дәстүрмен таныстыру. Балалардың көңіл- күйін көтеру, елге деген сүйіспеншілікке, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.


Көрнекілік: Киіз үй безендірілген, шар, ұлттық киімдер, ыдыстар, домбыра, ұлттық тағамдар, ертегі кейіпкерлерінің суреті.


1 -тәрбиеші: Сәлеметсіздерме, құрметті ата- аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – жыл басы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Құрметті ұстаздар, ата-аналар , балалар дәстүрімізге арналған Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын. Күлімдеген көктемнің шуағымен қазақ даласына жаңа-жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды

Мал біткеннің бал татыған уызды

Қуат болып қанымызға тарайды

Төрт-түлік мал халқымыздың сүйері

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді

«Аман ба» деп мал жаның?

Бірін- бірі құшақтасып сүйеді.

Ал,балалар! Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір –бірімізді құшақтап, тілектер айтып, Наурыз мейрамын құттықтайық.

Наурыз құтты болсын,ақ мол болсын!

Наурыз- жыл басы


Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарады, түн қысқарады.Күн көзінің шуағы молайады.

Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Жылы жақтан құстар келе бастайды.

2- тәрбиеші: Ұлыстың ұлы күні.

Наурыз- жыл басы, көктем мейрамы.Наурыз деген сөздің өзі «нау»- жаңа, «рыз» күн деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар наурызға дайындалып, дастархан жайылады. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салып , би биленеді. Халық түсінігі бойынша Наурыздың 21-нен 22- не қараған түні даланы Қыдыр аралайтын. Бұл түн «Қыдыр түн» деп аталады.

Жаз келер.

Өлеңі оқиды: Нұргүл- ата-ана.


1- тәрбиеші: - Балалар, ендеше бізге бүгін Қыдыр ата қонаққа келіпті. Қане бәріміз атаны төрге шақырайық... қол соғып шақыру.

Қыдыр ата.

Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоршысы, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күні әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді.

  • Балалардың наурыз мейрамына дайындаған тақпақтарын ұсынамыз.

Думан: Бата беріп атамыз

Бата беріп апамыз

Тәтті болып жасалған

Наурыз дәмін татамыз.

Батыр, Махаббат, Ақтілек, Айбек, Әмір өлеңдерін айтады.


  • Шағын орталық балалары тақпақтарын айтады.

2- тәрбиеші: Қазақтың ұлттық тағамдары.


Қазақтың ұлттық тағамдары

Жасымнан жақын маған бәрі

Теңгермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы.- деп ұлттық тағамдармен танысайық.


Тандыр нан- Жансая: Ұнатар бар балдырған, жұқа жұмсақ, тандыр нан

Шелпек- Сымбат: Ата, бала жер тегін, әжеміздің асықпай, майға піскен шелпегін.

Бауырсақ- Гүлімай: Бізге ғана тән, қызыл күрен бауырсақ,дастарқанға сән.

Қуырдақ- Дәмір: Өкпе , бауырдан жасар,дәм барма одан асар.


Пернегүл айтып береді: Наурыз көжені алып шығып көрсетеді.

Наурыз- көже- Ұлыстың ұлы күні әзірленетін ас.Наурыз көже аса қасиетті ас деп саналады т.б.


Табиғат жарасымы- Наурыз мерекесінде табиғат аясына шығып, қыдырыс жасаудың өз ерекшелігі бар. Армысың, қайырымды Аспан-Ата! Ақ мейірімді Жер ана!- деп тағзым етеді.

Үй тазалығы- Жыл басына мұнтаздай жаңа үйге кірсе, ол үй ауру- сырқау, пәле жаладан аман болады, деп сеніммен Наурызға шейін үй ішін ретке келтіріледі.


Көңіл жарасымы: Ата-ана-Наурыз күні Ұлыс күні алдыңа келсе, атаңның құнын кеш, Жақсылыққа жақсылық-әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық –ер адамның ісі, Таспен ұрғанды-аспен ұр секілді нақылдарды тілге тиек еткен ақсақалдар ел ішіндегі бүлік жаманатқа тосқауыл қойып, араз адамдарды татуластырған. Ескі жылдың дау-дамайын жаңа жылға ауыстырмай, оның қайта қозуына тыйым салған. Бір дастарханнан дәм татып, табысып, осылайша көңіл жарамына ұмтылған.

1- тәрбиеші: -Балалар біздерге хайуанаттар да қонаққа келіп қалыпты қарсы алайық....

- Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі ата-аналардың орындауында. ( дайындық тобының ата-аналары)

2- тәрбиеші:

Жылдар және жаңа жорамалдар


Тышқан

Тапқырлықпен түйені алдап, жылдар басы болған тышқан

Жазда азығын түгел қамдап, мал-жан аман қалған қыстан.


Сиыр

Жанжалы көп, дауы көп, «Жаман жылға» саналған,

Сиыр- бейбіт, жауы жоқ, ырыс жыл боп жаңарған.


Барыс

Жақсы да емен, жаман да емен, «Орташа жылы-барыс»деген-

Бұл заманда, жалған демен , жомарт жыртқыш табыс берген.

Қоян

Қыс келеді ақ тонды... Оян бәрің! Орындалсын көксеген ой-арманың!

Қоян деген момақан мақұлық қой, ескер, бірақ «Ақтабан қоян» барын?!

Ұлу

Білетіндер былайша толғайды:ұлу жылдың қысы суық болмайды,

Бір есептен жан-жануар тоңбайды, десек-тағы:Жаман айтпай, жақсы жоқ!


Жылан

Босағаға жеткенде тұра қалып, тілін безеп бір нәрсе сұранады,

Ал қазақта ырым бар! Ұрмай-соқпай:

«Жылан жылы қыс суық болмасын,-деп, бала-шаға үйдегі тоңбасын!» -деп, Төбесіне ақ құйып шығарады.

Жылқы

«Ат- адамның қанаты!»- дейді қазақ, болсын, тіпті мейлі ғажап!

Жануардың жүйрігін жаратып ап, ұшып бізде де жетерміз бір күні әлі,-

Аман болсын, Қазақтың Жылқылары.


Қой

Қой қаптаса қазақтың ой-қырында, жайлау-мал мен адамды

тойдыруда,

«Қойдан жуас!»дейтұғын нақыл сөз бар, қыс та жайлы болады- Қой жылында!

Мешін

Келесі Мешін жылы- Маймыл жылы, жүретін тыным таппай айдың-күні.

Әуес ол ел көзінше мақтануға-ойнайды әртіс болып ат жалында!

Тауық

Келеді талтаң қағып, Тауық жылы деген бар..Тауық жылы-қауіп жылы,

Қашанда дайын тұрсын ат-тоныңыз, Тауықтың тұмауынан сақ болыңыз!

Ит

Ит сияқты- қорлық өмір сүрмеңдер, осы жылдың адамға айтар тілегі?!

Біздердің де айтарымыз-осы еді, Ит үреді... Керуендер көшеді...


Доңыз

Жылдың соңы Доңыз деп аталады, Доңызбен шайқасқандар шаталады!

Аты бар оның өзге –Қабан деген, ол бірақ үйір емес адамменен,

Бұл өзі жабайы өскен орман аңы, жауынан күндіз-түні қорғанады,

Жауларын орақ тіспен орын алған, жылдан ол сол арқылы орын алған!

1- тәрбиеші. Ойын кезеңі: Қыз қуу. Асық жасыру.


Бесікке салу- Дана Құнанбаевна

-Бесік қасиетті, киелі құтты-мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.


Тұсау кесу- Қазбекова К

-Сәбиді-қаз туғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Тұсау кесердің жіптің бірнеше түрі бар.Көк шөптен есіп жасайды, көбейіп, көгере берсін деп, Бай болсын деп малдың тоқ ішегінде өруі. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды.


Ұлттық бас киімдер, ыдыстар, аяқ киімдер, аспаптарды көрсету, түсіндіріп өту.

Ән: Тойға шашу. Рыспаева Розаның орындауында қабыл алыңыздар!


1- тәрбиеші: Балалардың орындауында би «Қара жорға»


Бата – Ақан аға

Батамен ер көгерер. Ақ тілеудің белгісі-бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық-ақ бата деп қастерлемейді. Батаның бірнеше түрі бар. Дастарханға бата, алғыс бата,жаңа айдың бата, Наурыз бата.

-Ендеше атамыздан бата сұрайық.(Бата береді)

- Көп-көп рахмет батаңыз қабыл болсын!

- Осымен бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

- Сау болыңыздар!





Тақырыбы: Наурыз – жыл басы.
  • Начальные классы
Описание:

Тақырыбы: Наурыз – жыл басы.

 

Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру. Ұлттық салт дәстүрмен таныстыру. Балалардың көңіл- күйін көтеру, елге деген сүйіспеншілікке, салт-дәстүрді құрметтеуге тәрбиелеу.

 

Көрнекілік: Киіз үй безендірілген, шар, ұлттық киімдер, ыдыстар, домбыра, ұлттық тағамдар, ертегі кейіпкерлерінің суреті.

 

1 -тәрбиеші:    Сәлеметсіздерме, құрметті ата- аналар, балалар, қонақтар! Бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған «Наурыз – жыл басы» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Құрметті ұстаздар, ата-аналар , балалар дәстүрімізге арналған Ұлыстың Ұлы күні құтты болсын. Күлімдеген көктемнің шуағымен қазақ даласына жаңа-жыл келді. Әр адам келер жылдан үлкен үміт күтіп, оны ақ тілекпен, ақ ниетпен қарсы алады. Ұлы мерекемен құттықтай отырып, дендеріңізге саулық, жанұяларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілейміз.

 

                      Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

                      Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды

                      Мал біткеннің бал татыған уызды

                      Қуат болып қанымызға тарайды

                      Төрт-түлік мал халқымыздың сүйері

                       Көңілімнің күмбірлеген күйі еді

                      «Аман ба» деп мал жаның?

                      Бірін- бірі құшақтасып сүйеді.

Ал,балалар!      Құрметті ата-аналар, ұстаздар! Бәріміз тұрып бір –бірімізді құшақтап, тілектер айтып, Наурыз мейрамын құттықтайық.

 Наурыз құтты болсын,ақ мол болсын!

Наурыз- жыл басы

 

Көктем жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарады, түн қысқарады.Күн көзінің шуағы молайады.

Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Жылы жақтанқұстар келе бастайды.

   2- тәрбиеші:                   Ұлыстың ұлы күні.

Наурыз- жыл басы, көктем мейрамы.Наурыз деген сөздің өзі «нау»- жаңа, «рыз» күн деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар наурызға дайындалып, дастархан жайылады. Наурызда алтыбақан құрылады, ән салып , би биленеді. Халық түсінігі бойынша Наурыздың 21-нен 22- не қараған түні даланы Қыдыр аралайтын. Бұл түн «Қыдыр түн» деп аталады.

                                          Жаз келер.

 Өлеңі оқиды:   Нұргүл- ата-ана.

 

1- тәрбиеші: - Балалар, ендеше бізге бүгін Қыдыр ата қонаққа келіпті. Қане бәріміз атаны төрге шақырайық... қол соғып шақыру.

         Қыдыр ата.

Қыдыр ата бүкіл халықтың қамқоршысы, оларға жақсылық жасаушы, ырыс, құт, несібе әкелуші, бақыт, береке, өмір сыйлаушы жарылқаушы қарт. Ол Ұлыстың ұлы күні әр елге келіп, әр шаңыраққа соғып бата береді.

-         Балалардың наурыз мейрамына дайындаған тақпақтарын ұсынамыз.

Думан: Бата беріп атамыз

             Бата беріп апамыз

              Тәтті болып жасалған

             Наурыз дәмін татамыз.

Батыр, Махаббат, Ақтілек, Айбек, Әмір  өлеңдерін айтады.

 

-         Шағын орталық балалары тақпақтарын айтады.

2- тәрбиеші: Қазақтың ұлттық тағамдары.

 

Қазақтың ұлттық тағамдары

Жасымнан жақын маған бәрі

Теңгермес ем оларға мен,

Ешбір асты ғаламдағы.- деп ұлттық тағамдармен танысайық.

 

Тандыр нан-  Жансая:  Ұнатар бар балдырған, жұқа жұмсақ, тандыр нан

Шелпек- Сымбат:  Ата, бала жер тегін, әжеміздің асықпай, майға піскен шелпегін.

Бауырсақ-  Гүлімай:  Бізге ғана тән, қызыл күрен бауырсақ,дастарқанға сән.

Қуырдақ- Дәмір:   Өкпе , бауырдан жасар,дәм барма одан асар.

 

 Пернегүл айтып береді: Наурыз көжені алып шығып көрсетеді.

Наурыз- көже- Ұлыстың ұлы күні әзірленетін ас.Наурыз көже аса қасиетті ас деп саналады т.б.

 

Табиғат жарасымы- Наурыз мерекесінде табиғат аясына шығып, қыдырыс жасаудың өз ерекшелігі бар. Армысың, қайырымды Аспан-Ата! Ақ мейірімді Жер ана!- деп тағзым етеді.

Үй тазалығы- Жыл басына мұнтаздай жаңа үйге кірсе, ол үй ауру- сырқау, пәле жаладан аман болады, деп сеніммен Наурызға шейін үй ішін ретке келтіріледі.

 

Көңіл жарасымы: Ата-ана-Наурыз күні Ұлыс күні  алдыңа келсе, атаңның құнын кеш, Жақсылыққа жақсылық-әр адамның ісі, жамандыққа жақсылық –ер адамның ісі, Таспен ұрғанды-аспен ұр секілді нақылдарды тілге тиек еткен ақсақалдар ел ішіндегі бүлік жаманатқа тосқауыл қойып, араз адамдарды татуластырған. Ескі жылдың дау-дамайын жаңа жылға ауыстырмай, оның қайта қозуына тыйым салған. Бір дастарханнан дәм татып, табысып, осылайша көңіл жарамына ұмтылған.

1- тәрбиеші: -Балалар біздерге хайуанаттар да қонаққа келіп қалыпты қарсы алайық....

- Жыл басына таласқан хайуанаттар ертегісі ата-аналардың орындауында. ( дайындық тобының ата-аналары)

2- тәрбиеші:

                  Жылдар және жаңа жорамалдар

 

                                Тышқан

Тапқырлықпен түйені алдап, жылдар басы болған тышқан

Жазда азығын түгел қамдап, мал-жан аман қалған қыстан.

 

                                  Сиыр

Жанжалы көп, дауы көп, «Жаман жылға» саналған,

Сиыр- бейбіт, жауы жоқ, ырыс жыл боп жаңарған.

 

                              Барыс

Жақсы да емен, жаман да емен, «Орташа жылы-барыс»деген-

Бұл заманда, жалған демен , жомарт жыртқыш табыс берген.

                               Қоян

Қыс келеді ақ тонды... Оян бәрің! Орындалсын көксеген ой-арманың!

Қоян деген момақан мақұлық қой, ескер, бірақ «Ақтабан қоян» барын?!

                                   Ұлу

Білетіндер былайша толғайды:ұлу жылдың қысы суық болмайды,

Бір есептен жан-жануар тоңбайды, десек-тағы:Жаман айтпай, жақсы жоқ!

 

                                   Жылан

Босағаға жеткенде тұра қалып, тілін безеп бір нәрсе сұранады,

Ал қазақта ырым бар! Ұрмай-соқпай:

«Жылан жылы қыс суық болмасын,-деп, бала-шаға үйдегі тоңбасын!» -деп, Төбесіне ақ құйып шығарады.

                             Жылқы

«Ат- адамның қанаты!»- дейді қазақ, болсын, тіпті мейлі ғажап!

Жануардың жүйрігін жаратып ап, ұшып бізде де жетерміз бір күні әлі,-

Аман болсын, Қазақтың Жылқылары.

 

                                      Қой

Қой қаптаса қазақтың ой-қырында, жайлау-мал мен адамды

                                                                          тойдыруда,

«Қойдан жуас!»дейтұғын нақыл сөз бар, қыс та жайлы болады- Қой жылында!

                                     Мешін

Келесі Мешін жылы- Маймыл жылы, жүретін тыным таппай айдың-күні.

Әуес ол ел көзінше мақтануға-ойнайды әртіс болып ат жалында!

                                        Тауық

Келеді талтаң қағып, Тауық  жылы  деген  бар..Тауық  жылы-қауіп  жылы,

  Қашанда дайын  тұрсын  ат-тоныңыз,  Тауықтың  тұмауынан  сақ болыңыз!

                                         Ит

Ит сияқты- қорлық өмір сүрмеңдер, осы жылдың адамға айтар тілегі?!

Біздердің де айтарымыз-осы еді, Ит үреді... Керуендер көшеді...

 

                                     Доңыз

Жылдың соңы Доңыз деп аталады, Доңызбен шайқасқандар шаталады!

Аты бар оның өзге –Қабан деген, ол бірақ үйір емес адамменен,

Бұл өзі жабайы өскен орман аңы, жауынан күндіз-түні қорғанады,

Жауларын орақ тіспен орын алған, жылдан ол сол арқылы орын алған!

1- тәрбиеші. Ойын кезеңі: Қыз қуу. Асық жасыру.

 

                                  Бесікке салу- Дана Құнанбаевна

-Бесік қасиетті, киелі құтты-мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі. Жаңа туған баланы бесікке салу да халқымыз үшін елеулі дәстүрдің бірі.

 

                               Тұсау кесу- Қазбекова К

-Сәбиді-қаз туғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым. Ол үшін арнайы ала жіп дайындалады. Тұсау кесердің жіптің бірнеше түрі бар.Көк шөптен есіп жасайды, көбейіп, көгере берсін деп, Бай болсын деп малдың тоқ ішегінде өруі. Адал болсын деп ала жіптен де жасайды. 

 

Ұлттық бас киімдер, ыдыстар, аяқ киімдер, аспаптарды көрсету, түсіндіріп өту.

Ән: Тойға шашу. Рыспаева Розаның орындауында қабыл алыңыздар!

 

1- тәрбиеші: Балалардың орындауында  би «Қара жорға»

 

                                Бата – Ақан аға

Батамен ер көгерер. Ақ тілеудің белгісі-бата. Ол кез келген жерде айтыла бермейтін қасиетті рухани ұғым. Ең жақсысын халық-ақ бата деп қастерлемейді. Батаның бірнеше түрі бар. Дастарханға бата, алғыс бата,жаңа айдың бата, Наурыз бата.

-Ендеше атамыздан бата сұрайық.(Бата береді)

- Көп-көп рахмет батаңыз қабыл болсын! 

- Осымен бүгінгі Наурыз мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.

 

- Сау болыңыздар!

Автор Бакрамова Бакыт Амангельдина
Дата добавления 19.12.2014
Раздел Начальные классы
Подраздел
Просмотров 1013
Номер материала 8048
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓