Главная / Школьному психологу / Тақырыбы: «ҰБТға дайындық кезеңінде оқушылармен психологиялық ілеспе жұмысы»

Тақырыбы: «ҰБТға дайындық кезеңінде оқушылармен психологиялық ілеспе жұмысы»

Тақырыбы:

«ҰБТға дайындық кезеңінде оқушылармен психологиялық ілеспе жұмысы»


Мақсаты:

ҰБТға дaйындық кезеңіндегі (үрей мен өзінің қабілетіне сенбеушілік сезімін жеңе білуге, өзін-өзі сараптау жұмысы және психологиялық кедергілерді жеңуге) оқушыларды өзін-өзі басқарып, білімдерін сараптауға үйрету

Семинар-тренингің жоспары

  • Тренинг тапсырмалары

  • Психологиялық денсаулық туралы

  • Топпен жұмыс

  • Жеке жұмыс

  • Рефлексия

- Ал енді тренингті бастаймыз. Шеңбер құрып отырайық.

- Біздің тренингтің міндеті: бір-бірімізбен танысу, өзіңді түсіну және басқа адамды да түсіну, эмоционалдық жеңілдеу.

2. ЖаттығуЕсім. Өзім туралы не айта аламын”.

Мақсаты: топтық бірлесуді күшейту, жеке ақпаратпен бөлісу және сыйластық сезіммен бір-біріне қолдау жасау арқылы қысылған сезімді шешу.

3. ЖаттығуТек жақсы туралы: Қатысушыларға бүгін таңертең өздерімен қандай жақсы оқиға болғанын еске түсіру ұсынылады.

4. Сөйлемді аяқтаңыз - 11 сынып - бұл…( ҰБТ- бұл... )жағымды және есте қалған сәттерден тұратын сөздер арқылы сипаттама беру немесе дайындық кезеңдері мен өздеріңнің еңбектерің туралы өлең жазуға болады.

5. Жаттығу “Кинобайқау-таңдау” (өзіндік маңыздылықты сезінуді дамыту).

1. Өз өміріңіздегі мақтаныш тұтатын 5 жағдай.

2. Жетістіктердің ішіндегі ең мақтаныш тұтатынын таңдаңыз.

3. Орныңыздан тұрып барлығына дауыстап: “Мен мақтанғым келмейді, бірақ...” өзіңіздің жетістігіңізді айтыңыз.

Талдау сұрақтары:

  • Өз жетістіктеріңіз туралы айтқанда қандай сезімде болдыңыз?

  • Сіз сөйлеген уақытта басқалар да сіздей сезімде болды ма?Неге?

6. ЖаттығуМен кіммін”.

  • Параққа “Мен кіммін?” деген сұраққа жауап жазыңыздар. Дұрыс немесе бұрыс жауап болмайды. Жауапты толық және ашық жазыңыздар.

  • Жазған сипаттамаларыңызды қарастырамыз: “Мен оқушымын” немесе “Мен баламын”. Бұл рөлдік, формалды биографиялық мінездеме. Егер осындай сипаттау көп болса, Сіз әлеуметтік рөлдер жиынтығы болдыңыз.

Сіздің сонда жеке ерекшеліктеріңіз неде? Рөлдік сипаттамаларды сызып тастаңыз, қалғаны Сіздің өзіңізді қалай сезінетіндігіңіз. Қаншалықты біз өзімізге оқушының, баланың бетпердесін киеміз?Бірақ біз ең бастысы адамбыз, өзімізді жақсы көретін, сол арқылы қоршаған ортаны, әлемді де жақсы көретін Адамбыз. Біздің әр қайсымыз қайталанбайтын жеке, дара тұлғамыз және әр адамның бойында өзіне ұнайтын, өзі жақсы көретін қасиеті болады.

Қазір әр қайсыңыз дауыстап өзі туралы айтады. (шеңбер бойымен айту)

Дені саудың жаны сау демекші қазір денсаулық туралы сұхбатымызды жалғастырамыз.

Саламатты өмір салтын қалыптастырушы – ол дені сау болуға деген ішкі қажеттілік.

  • Балалық шақта денсаулық сезілмейді, ол күн,

ауа сияқты, оны ойлау қажеттілігі туындамайды.

  • Ересек адам денсаулықты өзінің кәсіптік мақсаттары, міндеттері мен жетістіктерге жеткізетін құрал ретінде қарайды.

  • Денсаулық қариялар үшін өмірлері бағынатын мақсат болып табылады.

Денсаулық – бұл… ауру болмау немесе физикалық кемістіктің болмауы емес, бұл физикалық, психикалық және әлеуметтік жақсы жағдайдың қалпы

Бұл аспекте денсаулықтың үш құрамдас бөлігі бар

  1. Физикалық денсаулық

  2. Әлеуметтік денсаулық

  3. Психологиялық денсаулық

Психологиялық денсаулық туралы слайдтар:

7. “Дыбыс гимнастикасы”
Мақсаты: дыбыс гимнастикасымен таныстыру, рух пен денені дамыту.

  • Дыбыс гимнастикасын бастамас бұрын дайындаламыз : бойымызды тіктеп, жай дем алып тұрамыз. Бірінші терең дем алып, содан дем шығарғанда дыбысты дауыстап жігерлі түрде айтамыз.

Мына дыбыстарды айтамыз:

  • А — барлық ағзаға жақсы әсер етеді;
    Е —щитовидный железаға әсер етеді;
    И — миға,көзге,мұрынға,құлаққа әсер етеді;
    О — жүрекке, өкпеге әсер етеді;
    У — ішкі мүшелерге әсер етеді;
    Я — барлық ағзаның жұмысына әсер етеді;
    М — барлық ағзаның жұмысына әсер етеді;
    X — ағзаны тазартуға көмектеседі;
    ХА — көңіл-күйді көтереді.

8.Жаттығу “10 сөз”.

Мақсаты : ҰБТ-ға позитивті көзқарас қалыптастыру (оқушылар кез келген 9 сөз айтады, оны тақтаға жазамыз, 10-шы сөз ҰБТ, топтардың міндеті жазылған сөздерді пайдалана отырып, кезектерін ауыстырмай мазмұнды өлең жазып шығару).

8. Қабылдау үшін суреттер.

9. Рефлексия .















Тақырыбы: «ҰБТға дайындық кезеңінде оқушылармен психологиялық ілеспе жұмысы»
  • Школьному психологу
Описание:

Мақсаты: 

ҰБТғадaйындықкезеңіндегі (үрей  менөзініңқабілетінесенбеушіліксезімінжеңебілуге, өзін-өзісараптаужұмысыжәнепсихологиялықкедергілердіжеңуге) оқушыларды  өзін-өзібасқарып, білімдерінсараптауғаүйрету

Семинар-тренингің жоспары

                    Тренинг тапсырмалары

                    Психологиялық денсаулық туралы

                    Топпен жұмыс

                    Жеке жұмыс

 

                    Рефлексия 

Автор Буркитбаева Алия Кенгесбаевна
Дата добавления 21.12.2014
Раздел Школьному психологу
Подраздел
Просмотров 863
Номер материала 9610
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓