Главная / Другое / Тақырыбы: «Бақытыңды балаңнан ізде»

Тақырыбы: «Бақытыңды балаңнан ізде»

Күні:12.09.2014ж

Тақырыбы: «Бақытыңды балаңнан ізде»

Өткізілу формасы:дөңгелек үстел

Қатысушылар:ата-аналар 1-4сынып

Мақсаты: Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасы өнегесінің маңыздылығын кеңейте түсу

Өткізілу барысы:

І.Кіріспе cөз.

-Сәлемтсіздер ме,құрметті ата-аналар? «Бақытыңды балаңнан ізде»аталатын тренингімізге қош келдіңіздер !

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі,-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы,гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю,оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен .

Әкеден-ақыл,анадан-мейірім алған соң,ертеңгі күн сүйсінтер ұрпақ болары шын”Осы бір көркем айтылған ойлардың астары кімді меңзеп тұр деп ойлайсыздар?(баланы)

1.Шаттық шеңбері « Танысу» Әр ата-ана өзінің,баласының атын айтып таныстырады.

2.Сауалнама

3.Бейнеролик көрсету. «Егер де мен сиқыршы болсам...» сөйлемді оқушылардың аяқтау сәтінен үзінді.

Егер мен сиқыршы болсам,онда мен үйлерді бұрышсыз салушы едім.Баласы тыңдамаса үлкен кісілер оларды бұрышқа тұрғызып жазалайды.Сол себепті бұрыш болғанын қаламаймын.

Мен бірде баласын ұрып жатқан ананы көріп қалдым.Бала қатты жылады.Мен оны аяп кеттім.егер мен сиқыршы болсам сол баланың анасын мейірімді анаға айырбастар едім.Сонда ол баланы ешкім бетінен олай ұрмас еді.

Мен анамның әдемі вазасын байқаусызда сындырып алдым.Оны білген анам маған ренжіп,біраз уақыт менімен сөйлеспей жүрді.Мен қатты өқіндім.Мен сиқыршы болсам,онда сол вазаны қайта орнына келтірер едім.Сонда анам қуанар еді.Аналар баласына сөйлемей қойса,ол өте жаман.

Психолог:Отбасы-таным бесігі,өркениет ошағы,үлгі өнеге бастауы. «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»демекші, әкеден-ақыл,анадан-мейірім алады.Баланың қылығы,әдеті,іс-әрекеті әр отбасының айнасындай.Бала көргенін жасайды,яғни үйдегі тәрбие балаға таңбасын салып отыратынын ескерейік.Балаға өрісті өнеге,тамаша тәрбие беруде,баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.

4.Тренинг «Адам» екі топқа бөліну.Баланың бейнесін жасау ұсынылады.Басына-қандай адам болды армандайтынын,оң қол-баланың жақсы көретін ісін жазу,сол қол-керісінше.оң аяқ-барғысы келетін жерін,сол аяқ-керісінше.Барлығын біріктіріп жапсыру.

Психолог кеңесі:бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек;бірінші баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру(мысалы, «Сен ойнай білмейсің», «сен дұрыс сөйлей алмайсың»деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман.Осыдан кейін,баланың тауы шағылып,талабы қайтып қалады.сондықтан да үнемі сенім көрсеткен абзал.

Екіншіден,баланың істеген әрекеттеріне теріс те,зілді баға берумен қоса,оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту.Мәселен, «Сен ойнай білмейтініңмен қоса,мақтаншақсың,өтірік мақтанасың»деудің әсерімен,баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады.Үшіншіден,басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік.Мұндай әрекеттер арқылы,баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады.Міне,тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай жайсыздықтарға әкеп соғады.

Ата-ана балаға жақсы тәрбие беру үшін оның мінез-құлқындағы әрбір кез келген өзгерісті байқап білуге қабілетті болу керек.

Соңы





Тақырыбы: «Бақытыңды балаңнан ізде»
  • Другое
Описание:

Өткізілу формасы:дөңгелек үстел

Қатысушылар:ата-аналар 1-4сынып

Мақсаты: Баланы адамгершілікке тәрбиелеудегі отбасы өнегесінің маңыздылығын кеңейте түсу

Өткізілу барысы:

І.Кіріспе cөз.

-Сәлеметсіздер ме,құрметті ата-аналар? «Бақытыңды балаңнан ізде»аталатын тренингімізге қош келдіңіздер !

Ата-анаға көз қуаныш,

Алдына алған еркесі.

Көңіліне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой-өлкесі,-деп Абай атамыз ата-ананың қуанышы,гүлденген үміт-арманы тек перзент сүю,оны тәрбиелеу екендігін айтқысы келген екен .

“Әкеден-ақыл,анадан-мейірім алған соң,ертеңгі күн сүйсінтер ұрпақ болары шын”Осы бір көркем айтылған ойлардың астары кімді меңзеп тұр деп ойлайсыздар?(баланы)

1.Шаттық шеңбері « Танысу» Әр ата-ана өзінің,баласының атын айтып таныстырады.

2.Сауалнама

3.Бейнеролик көрсету. «Егер де мен сиқыршы болсам...» сөйлемді оқушылардың аяқтау сәтінен үзінді.

Егер мен сиқыршы болсам,онда мен үйлерді бұрышсыз салушы едім.Баласы тыңдамаса үлкен кісілер оларды бұрышқа тұрғызып жазалайды.Сол себепті бұрыш болғанын қаламаймын.

Мен бірде баласын ұрып жатқан ананы көріп қалдым.Бала қатты жылады.Мен оны аяп кеттім.егер мен сиқыршы болсам сол баланың анасын мейірімді анаға айырбастар едім.Сонда ол баланы ешкім бетінен олай ұрмас еді.

Мен анамның әдемі вазасын байқаусызда сындырып алдым.Оны білген анам маған ренжіп,біраз уақыт менімен сөйлеспей жүрді.Мен қатты өқіндім.Мен сиқыршы болсам,онда сол вазаны қайта орнына келтірер едім.Сонда анам қуанар еді.Аналар баласына сөйлемей қойса,ол өте жаман.

Психолог:Отбасы-таным бесігі,өркениет ошағы,үлгі өнеге бастауы. «Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі»демекші, әкеден-ақыл,анадан-мейірім алады.Баланың қылығы,әдеті,іс-әрекеті әр отбасының айнасындай.Бала көргенін жасайды,яғни үйдегі тәрбие балаға таңбасын салып отыратынын ескерейік.Балаға өрісті өнеге,тамаша тәрбие беруде,баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол.

Автор Aбдуалиева Замзя Нургазиевна
Дата добавления 26.12.2014
Раздел Другое
Подраздел
Просмотров 1060
Номер материала 12442
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓