Главная / Информатика / "Тармақталған оператор" 8 сынып

"Тармақталған оператор" 8 сынып


Күні: 20-21.11.15

Пәні

Информатика

Мұғалім аты-жөні

Джалмағанбетова Р

8 «а, ә, б, в, г, д»

Оқу-ісінің меңгерушісі

________ Сарғожаева А

Сабақтың тақырыбы

Тармақталған операторлары

Жалпы мақсаты

Тармақталу алгоритміндегі қызметші сөздердің аудармасындағы операторлармен және операторлардың жазылу тәртібімен таныстыру;

Күтілетін нәтижелер

Тармақталған алгоритм және оны жазудың түрлерін айта біледі. Тармақталу операторына есептер шығаруды үйренді.

Тапсырмалар,

әдіс-тәсілдер:

Жеке, топтық жұмыс, АКТ, СТО, кубизм.

Керекті жабдықтар

Информатика оқулығы, интерактивті тақта, компьютер, постер, маркер.

Сабақ барысы

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Білу

І. Ұйымдастыру

1.Тренинг «Жүректен-жүрекке».

Бірлескен ынтымақтастық құру.

2. Топқа бөлу.

1,2,3 сандар арқылы 3 топқа бөлу

3. Кубизм ойыны.

Өткен тақырып бойынша түсіну дәрежесін анықтау.

Кубизм : (кубтың қырларына тапсырма беріледі.)

  1. Қосымша құрылғылар дегеніміз не?

  2. Құрылғылар кандай түрлерге бөлінеді?

  3. Енгізу құрылғыларын ата.

  4. Шығару құрылғыларын ата.

  5. Қолданыста ең жиі қолданылатын порт қандай?

  6. Драйвер дегенге толық анықтама бер.

  7. Интернетке қол жеткізудың негізгі порты не деп аталады?

  1. Жүректен –жүрекке

тренингі арқылы бір -

біріне деген жылы

лебіздерін білдіреді. Сан бойынша топқа бөлінеді.

2. Сұрақ бойынша топпен бірлесіп жауап береді.

Негізгі бөлім

Түсіну

Жаңа тақырыппен жұмыс:

Оқулықтағы тақырып бөлігімен өз бетімен танысу, түсінгендерін топқа айту, талқылау.

Тармақталу алгоритміндегі қызметші сөздердің аудармасындағы операторлармен және операторлардың жазылу тәртібімен таныстырып түсіндіру.

Тармақталған алгоритмдерді программалауға мысалдар келтіру.

Берілген тақырып бөлігін топта талқылай ды, түсінгендерін баяндайды, бір-біріне түсіндіреді. Постер құрау

Қорытынды

Жинақтау

Білімді есепке алу ( қабылдауды анықтау ). «ой толғаныс» беріледі

1. Тармақталу операторлары қандай жағдайда қолданылады?

2. Паскаль тілінде тармақталу келесі операторларды қолдану арқылы жүзеге асады:

а) readln, writeln

ә) if, case

б) меншіктеу, go to

3. Шартсыз көшу операторы қалай аталады?

4. Шартты көшу операторы қалай аталады?

5. Шартты көшу операторының қандай түрлері бар?

6. Тармақталу операторлары дегеніміз не?

7. Қандай жағдайда процесс көп тармақты болып есептеледі?

Оқушылар топпен бірлесіп сұрақтарға жауап береді









Бағалау

Оқушылардың пікірімен санаса отырып бағалайды

оқушылардың формативті бағалауымен өз бағасынан

ортақ баға қояды.

Бірін –бірі бағалайды

Формативті бағалау



Рефлексия

hello_html_m4fe1355e.pngКері байланысқа стикер таратам.

  1. Бүгінгі сабақтан алған әсерім?

  2. Маған не ұнады/ұнамады?


Өз көңіл-күйлерін стикерге жазады.

Үйге тапсырма

Мұғалім үй тапсырмасын жариялайды.

Күнделіктеріне үйге берілген тапсырманы жазып алады






"Тармақталған оператор" 8 сынып
  • Информатика
Описание:

Программа тақырыбы program сөзінен және программаның атауынан тұрады. Программаның операторлық бөлігі берілген алгоритмді жүзеге асырады. Ол BEGIN түйінді сөзімен басталып, END сөзімен аяқталады

Енгізу операторы read (ағылшынша оқу) идинтификаторынан және айнымалылар тізімінен тұрады, мәндерді оқып, айнымалыға меншіктейді. Жазылуы (read(): мысалы: read (а, в, с):

Readln операторының read операторынан айырмашылығы Readln операторы қатар жазылса, келесі мәні жаңа жолдан теру керек.

Мысалы: var a, b, c: real;

Begin

read (a, b);

read (с, d);

readln (c, d);

Ескерту: енгізу операторының соңынан нүкте - үтір (;) қойылады.

Мәлімет шығару операторы Write (жазу) идентификатордан және айнымалы тізімнен тұрады, өрнектің нәтижесін экранға шығарады.

Жазылуы: Write (): мысалы: Write (153); (өрнек тұрақты түрде берілген)

Write (а+в/с); өрнектің нәтижесі шығады. Writ (а[1]); өрнек индексті айнымалы түрінде берілген.

Автор Джалмаганбетова Раушан Аманбаевна
Дата добавления 08.12.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другое
Просмотров 732
Номер материала MA-063051
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓