Главная / История / Тарих пәнінен ашық сабақ "Ерте мемлекеттік құрылымдар"

Тарих пәнінен ашық сабақ "Ерте мемлекеттік құрылымдар"

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі

«Семей» медициналық колледжі

Министерство Здравоохранения Республики Казахстан

Медицинский колледж «Семей»

Ашық сабақтың жоспары

План открытого урока

Пән: «Қазақстан тарихы»

Предмет:

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:

Тақырып: Ерте мемлекеттік құрылымдар.

Тема:

Оқытушы: ЖакупжановҚ.Т

Преподаватель:

ӘБК мәжілісіне қаралды

Хаттама №_________________

«___» ____________20___ж.

ӘБК төрайымы___________

Рассмотренно на заседании ПЦК

Протокол №__________________

«______»_______________20__ж.

Председатель ПЦК_____________

Семей -2014ж.

Оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны:

Содержание УМК

  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.

Выписка из ГОСОРК.

  1. Типкік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типовой учебной программы

  1. Жұмыс бағдарламасынан көшірме.

Выписка из рабочей программы

  1. Сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

Методическая разработка занятия

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартынан көшірме

Выписка из государственного стандарта РК

ҚР МЖМБС 4.05.145 -2010

ГОСО РК 4.05. 145 – 2010

Қазақстан тарихы

История Казахстана

  • Негізгі тарихи фактілерді оқиғаларды және қоғам қайраткерлерінің еңбектерін, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі орнын.

Білуі керек:

Знать:

  • Қазақстан Республикасының бүгіңгі әлемдегі орны мен ролі. Ежелгі кездегі Қазақстанның құрылуы негіздерін, қазақ хандығының құрылу тарихын. Кеңес үкіметі тұсындағы Қазақстанның жағдайын, Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандықтардың ерлігін;

  • Мемлекеттің суверенитеті мен егемендігінің тұрақталуын;

Істей білуі керек:

Уметь:

  • Топтық сұхбаттағы қатысуы;

  • Эссе, баяндама, мақала жазу кезінде қажетті мәліметті таңдап алуды;

  • Хронологиялық мәліметтерді адамесімдерімен жер атауларын есте сақтауға дағдылану.

Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:

6.1 0301013 «Фельдшер» біліктілігі бойынша бүтіндей оқу- тәрбие процесі барысында қалыптасатын маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін базалық құзыретке ие болуы тиіс.

БҚ -5 қоғамда адамдар арасындағы қатынасты реттеу адамгершілік ережелерін, диалектикалық дамудың негізгі заңдары мен заңдылықтарын білу, тәжірибеде негізгі түсініктерді және заңдарды қолдана білу.

Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типового учедного плана

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:

Тақырыптық жоспар:

Тематический план:

План бойынша барлық сағат: 134

Всего часов по предмету

Теория: 134

Тәжірибе:

Практика:

Типтік оқу бағдарламасы:

Типовая учебная программа:

Пәннің мазмұны:

Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейінгі негізгі кезеңдері туралы оның этогенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.

Білім алушылардың оқу материалын меңгеру әдістемесі мен олардың алған білімін бағалау жүйесі төмендегідей парметірлерге негізделуі керек:

  1. Отан тарихының даму динамикасына (қозғаушы күштері, механизмдері, тенденциялары, тарихи даму заңдылықтары).

  2. Қазақстан тарихының құрылымына, оны дәуірлерге және әлеуметтік кеңістікке бөлуге (бөлімдер, фазалар, формациялар, өркениеттер).

  3. Тарихтың жалпы барысы, яғни оның динамикасы арқылы түсіндірілетін тарихтың құрылымына (бөлімдер, трансформациялар, үлкен циклдер, прогресс пен регресс, эволюция).

Содержание дисциплины:

Теориялық сабақ:2

Теоретическое занятие:

Тәжірибелік сабақ:

Практическое занятие:

Жұмыс бағдарламасынан көшірме.

Выписка из рабочей программы

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:

Пән: Қазақстан тарихы

Предмет:

Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 2

Общее количество часов на данную тему:

Тәжірибе: 2сағат

Теория/Практика

6 сабақ

Тақырып: Ерте мемлекеттік құрылымдар.

Тема:

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру

Тип урока:

Сабақтын өтетін орны: 402 аудитория

Место проведения урока:

Білім алушы білу керек:
Ғұндар. Ғұн тайпаларының батысқа миграциясы.

Әлеуметтік құрылымы, саяси тарихы.

Үйсін мемлекеті саяси тарихын және мәдениетін.

Қаңлы мемлекеті саяси тарихын және мәдениетін.

Обучающийся должен знать:

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

1.Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов. Қазақстан тарихы. Алматы.,1998.

2.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Очерктер. Алматы,2008.

3. Мусин Чапай. Қазақ тарихы А.,2008г.

Литеретура для преподавателя:

Білім алушыға арналған әдебиеттер:

Литература для обучающихся:

Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

Методическая разработка теоретического занятия

Мамандық: 0301000- «Емдеу ісі»

Специальность:

Сабақтың түрі: теория

Тип занятия:

Өткізу әдісі: аралас

Методика преподавания:

Сағат саны: 2

Количество часов:

Сабақтын өтетін орны:402

Место проведения урока:

Сабақтың тақырыбы: Ерте мемлекеттік құрылымдар.

Тема урока:

Сабақтың мақсаты: Ғұн, Үйсін және Қаңлы мемлекеттерінің деректері мен археологиялық ескерткіштерін, орналасуын, көрші мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын, әлеуметтік құрылымын, саяси тарихын және мәдениетін баяндау.

Цель урока:

Сабақтың міндеттері

Задачи занятия:

Білімділік: ғұндар, үйсін және қаңлы туралы жазба деректерді, ондағы басқарған патшалар жайлы, олардың саясатын және археологиялық ескерткіштерін түсіндіру.

Образовательная:

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетіне дағдыландыру. Жүйелі жұмыс істеу тәртібін қалыптыстыру.  Оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандыру

Развивающая:

Тәрбиелік: Отанымыздың тәуелсіздігі үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрбие беру.  Оқушыларды өркениетімізді қадірлеуге, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Воспитательная:

Пәнаралық байланыс: Археология, география.

Межпредметная связь:

Сабақтың жабдықтары: оқулық,дәріс,слайд.

Оснащение урока:

Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы

Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия

Сабақ бөлімдерінің атауы

Название раздела занятия

Уақыт тәртібі

Временный режим

1

Ұйымдастыру кезеңі

Организационная часть

2 минут

2

Оқытушының кіріспе сөзі

Целевая устоновка занятия

3 минут

3

Білімнің негізін актуалдау(негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме

25 минут

4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Изложение нового материала

35 минут

5

Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту

Закрепление новой темы

15 минут

6

Баға қою

Выставление оценок

5 минут

7

Үй тапсырмасы

Домашнее задание

5 минут

Теориялық сабақтың барысы

Ход теоретического занятия

І. Ұйымдастыру кезеңі – сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу. (Сәлеметсіздерме оқушылар, бугін кім кезекші? Сабақта түгеліміз бармызба?)

Организационная часть

ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі – Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаттары:

- «Ғұн,Үйсін,Қаңлы мемлекеттерінің пайда болуы жайлы» әнгімелеуде әдеби стильді қолдану;

- Бұл мемлекеттердің жеңген шайқастарының тарихи маңызын анықтау;

- Ғұн,Үйсін,Қаңлы мемлекеттерінің ішкі және сыртқы саясаты туралы ақпарат беру;

- талдау, жинақтау, қорыту операцияларын колдана отырып, ақпараттарды менгеру;

Целевая установка занятия

ІІІ. Білімнің негізін актуалдау(негіздеу).

Үй тапсырмасын тексеру: Оқушылар үйге берілген тапсырманын тақырыбы Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар.болатын , енді осы бойынша мына сұрақтарға жауап берейік.

(Слайд сақтар )

(үй тапсырмасының дәрісі, мазмұндау)

1 Сақтар. Саяси тарихы, қоғамдық құрылымы.

2 Шаруашылығы және мәдениеті.

3 сақтар туралы қандай деректерде кездеседі?

4 қандай археологиялық ескеркіштері табылған?

Сақ әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар. Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.

Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.

Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі - оларда тас жалы, "мұрты" болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады. Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.

Жетісу мен оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхауда- Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар - диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ. Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр - орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).

Арал өңірі сақтары мәдениеті – Хаомаваргалар. Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.

Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы - өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.

Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.

Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.

Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

Сақтар қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер - сүңгі мен оқ ( "ратайштар-арбада тұрғандар"), абыздар - құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни "сегізаяқтар" (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

Өнері мен мифологиясы. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру – Білім алушыларға Ғұн,Үйсін,Қаңлы мемлекеттері жайлы жаңа мағұлматтар беру.

(слайд)

  1. Ғұндар. Ғұндардың қоғамы.

  2. Шаруашылығы, мәдениеті.

  3. Үйсіндер.

  4. Археологиялық ескерткіштері.

  5. Үйсіндер шаруашылығы.

  6. Қаңлы мемлекеті.

  7. Археологиялық ескеткіштері,Шаруашылығы, кәсібі.

Ғұндар. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп, б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Модэ) батыр. Б.д.д. 209 жылы Модэ әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.

Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі тілі болған. Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.

Ғұндардың қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.

Үйсіндер. Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын.

Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты. Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.

Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1,2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.

Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.

Қаңлы мемлекеті. Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сыр,Талас өзендері бойында орналасты. Олар да орталық Азиядан келді. Саны 600 мың адам, 120 мың әскері болды. Астанасы Битян қаласы

Археологиялық ескеткіштері. Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш- сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады. Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған.

Шаруашылығы, кәсібі. Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан.

Объяснение новой темы

V. Жаңа сабақты қорытындылау және бекіту –

1. Қай ғасырдағы деректерде ғұн атауы кездесті (Қытай деректерінде ІІІ ғ.хунну, сюнну.д).

2. Ғұн мемлекетінің негізгі қалаушысы (Мөде)

3. Ғұндардың мемлекет билеушісінің титулы (Шаньюй).

4. Ғұндардың аты аңызға айналған қолбасшылары (Аттила).

5. Үйсіндердің негізгі орналасқан жері (Іле даласы).

6. Үйсіндердің Астанасы (Чигучен).

7. Үйсіндердің билеушісінің титулы (Гуньмо күнбегі).

8. Қаңлы мемлекетінің Астанасы (Битянь).

9. Қаңлы тайпасының негізгі шаруашылығы (Көшпелі мал шаруашылығы).

10.Қаңлы билеушілерінің титулы (Хан).

Қорытынды:   Балалар, бүгін біз өзіміз қысқаша ғана тарихы бар Б.з.б. ІІІ –б.з.ІҮ ғасырларда Қазақстан территориясында көшпелі тайпалардың әуелгі таптық мемлекеттері пайда болды. Өндірістік қатынастардың дамуына байланысты сақ қоғамының орнына ірі әрі тұрақты таптық бірлестіктер құрылды.

  • Жетісуда –үйсіндер

  • Оңтүстік Қазақстанда – қаңлылар

  • Орталық және батыс Қазақстанда – ғұндар

Сонымен, көшпелілердің қоғамдық құрылымы мемлекеттік деңгейге жеткен. Олар өзіндік материалдық мәдениеті мен өнері бар көщпелі өркениетті жасауда жоғары жәрежеге көтерілді.

VI. Баға қою – Белсене қатысқан білім алушыларды бағалау.

Выставление оценок

ҮІІ. Үй тапсырмасы: Дәріс оқу «1» -45-54, «2» -27-42 , «3» -33-41 б.

Домашнее задание

(Осымен бүгінгі сабақ аяқталды. Сауболыңыздар.)

Тарих пәнінен ашық сабақ "Ерте мемлекеттік құрылымдар"
  • История
Описание:

Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігі

«Семей» медициналық колледжі

Министерство Здравоохранения Республики Казахстан

Медицинский колледж «Семей»

Ашық сабақтың жоспары

План открытого урока

Пән: «Қазақстан тарихы»

Предмет:

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

 Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:

Тақырып:  Ерте мемлекеттік құрылымдар.

Тема:

Оқытушы: ЖакупжановҚ.Т

Преподаватель:

                                                                               ӘБК     мәжілісіне    қаралды

                                                                                    Хаттама №_________________

                                                                             «___» ____________20___ж.

                                                                             ӘБК   төрайымы___________

                                                                                   Рассмотренно на заседании ПЦК

                                                                                     Протокол №__________________

                                                                                       «______»_______________20__ж.

                                                                                     Председатель  ПЦК_____________

Семей -2014ж.

Оқу-әдістемелік кешенінің мазмұны:

Содержание УМК

1.    Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.

Выписка из ГОСОРК.

2.    Типкік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типовой учебной программы

3.    Жұмыс бағдарламасынан көшірме.

Выписка из рабочей программы

4.    Сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

Методическая разработка занятия

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандартынан көшірме

Выписка из государственного стандарта РК

                                                                                          ҚР МЖМБС 4.05.145 -2010

                                                                                         ГОСО РК 4.05. 145 – 2010

Қазақстан тарихы

История Казахстана

-         Негізгі тарихи фактілерді оқиғаларды және қоғам қайраткерлерінің еңбектерін, Қазақстан Республикасының қазіргі кезеңдегі орнын.

Білуі керек:

Знать:

-         Қазақстан Республикасының бүгіңгі әлемдегі орны мен ролі. Ежелгі кездегі Қазақстанның құрылуы негіздерін, қазақ хандығының құрылу тарихын. Кеңес үкіметі тұсындағы Қазақстанның жағдайын, Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстандықтардың ерлігін;

-         Мемлекеттің суверенитеті мен егемендігінің тұрақталуын;

Істей білуі керек:

Уметь:

-         Топтық сұхбаттағы қатысуы;

-         Эссе, баяндама, мақала жазу кезінде қажетті мәліметті таңдап алуды;

-         Хронологиялық мәліметтерді адамесімдерімен жер атауларын есте сақтауға дағдылану.

    Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:

       6.1 0301013 «Фельдшер» біліктілігі бойынша бүтіндей оқу- тәрбие процесі барысында қалыптасатын маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін базалық құзыретке ие болуы тиіс.

      БҚ -5 қоғамда адамдар арасындағы қатынасты реттеу адамгершілік ережелерін, диалектикалық дамудың негізгі заңдары мен заңдылықтарын білу, тәжірибеде негізгі түсініктерді және заңдарды қолдана білу.

Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типового учедного плана

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:

Тақырыптық жоспар:

Тематический план:

План бойынша барлық сағат: 134

Всего часов по предмету

Теория: 134

Тәжірибе:

Практика:

Типтік оқу бағдарламасы:

Типовая учебная программа:

Пәннің мазмұны:  

Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейінгі негізгі кезеңдері туралы оның этогенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.

Білім алушылардың оқу материалын меңгеру әдістемесі мен олардың алған білімін бағалау жүйесі төмендегідей парметірлерге негізделуі керек:

1.     Отан тарихының даму динамикасына (қозғаушы күштері, механизмдері, тенденциялары, тарихи даму заңдылықтары).

2.     Қазақстан тарихының құрылымына, оны дәуірлерге және әлеуметтік кеңістікке бөлуге (бөлімдер, фазалар, формациялар, өркениеттер).

3.     Тарихтың жалпы барысы, яғни оның динамикасы арқылы түсіндірілетін тарихтың құрылымына (бөлімдер, трансформациялар, үлкен циклдер, прогресс пен регресс, эволюция).                    

Содержание дисциплины:

Теориялық сабақ:2

Теоретическое занятие:

Тәжірибелік сабақ:

Практическое занятие:

 Жұмыс бағдарламасынан көшірме.

Выписка из рабочей программы

Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:

Біліктілік: 0301013 «Фельдшер»

Квалификация:

Пән: Қазақстан тарихы

Предмет:

Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 2

Общее количество часов на данную тему:

Тәжірибе: 2сағат

Теория/Практика

№ 6 сабақ

Тақырып: Ерте мемлекеттік құрылымдар.

Тема:

Сабақтың типі: жаңа тақырыпты игеру

Тип урока:

Сабақтын өтетін орны: 402 аудитория

Место проведения урока:

Білім алушы білу керек:
 Ғұндар. Ғұн тайпаларының батысқа миграциясы.

Әлеуметтік құрылымы, саяси тарихы.

Үйсін мемлекеті саяси тарихын және мәдениетін.

 Қаңлы мемлекеті саяси тарихын және мәдениетін.

Обучающийся должен знать:

Оқушыларға арналған әдебиеттер:

1.Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов. Қазақстан тарихы. Алматы.,1998.

2.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Очерктер. Алматы,2008.

3. Мусин Чапай. Қазақ тарихы  А.,2008г.

Литеретура для преподавателя:

Білім алушыға арналған әдебиеттер:

1.Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов. Қазақстан тарихы. Алматы.,1998.

2.Қазақстан тарихы көне заманнан бүгінге дейін. Очерктер. Алматы,2008.

3. Мусин Чапай. Қазақ тарихы  А.,2008г.

Литература для обучающихся:

Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

Методическая разработка теоретического занятия

Мамандық: 0301000- «Емдеу ісі»

Специальность:

Сабақтың түрі: теория

Тип занятия:

Өткізу әдісі: аралас

Методика преподавания:

Сағат саны: 2

Количество часов:

Сабақтын өтетін орны:402

Место проведения урока:

Сабақтың тақырыбы:   Ерте мемлекеттік құрылымдар.

Тема урока:

Сабақтың   мақсаты: Ғұн, Үйсін және Қаңлы мемлекеттерінің деректері мен археологиялық ескерткіштерін, орналасуын, көрші мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын, әлеуметтік құрылымын, саяси тарихын және мәдениетін баяндау.

Цель урока:

Сабақтың міндеттері

Задачи занятия:

Білімділік: ғұндар, үйсін және қаңлы туралы жазба деректерді, ондағы басқарған патшалар жайлы, олардың саясатын және археологиялық ескерткіштерін түсіндіру.

Образовательная:

Дамытушылық: Ойлау, есте сақтау қабілетіне дағдыландыру. Жүйелі жұмыс істеу тәртібін қалыптыстыру.  Оқиғалар арасын байланыстырып, одан қорытынды шығаруға машықтандыру

Развивающая:

Тәрбиелік: Отанымыздың тәуелсіздігі үшін күрескен батырлардың ерлігін айта отырып, жауаптылыққа, батылдыққа үйрету, патриоттық тәрбие беру.  Оқушыларды өркениетімізді қадірлеуге, ұлтжандылыққа, еңбекқорлыққа баулу.

Воспитательная:

Пәнаралық байланыс:   Археология, география.

Межпредметная связь:

Сабақтың жабдықтары:  оқулық,дәріс,слайд.

Оснащение урока:

Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы

Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия

Сабақ бөлімдерінің атауы

Название раздела занятия

Уақыт тәртібі

Временный режим

1

Ұйымдастыру кезеңі

Организационная часть

2 минут

2

Оқытушының кіріспе сөзі

Целевая устоновка занятия

3 минут

3

Білімнің негізін актуалдау(негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме

25 минут

4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Изложение нового материала

35 минут

5

Жаңа тақырыпты қорытындылау және бекіту

Закрепление новой темы

15 минут

6

Баға қою

Выставление оценок

5 минут

7

Үй тапсырмасы

Домашнее задание

5 минут

Теориялық сабақтың барысы

Ход теоретического занятия

І. Ұйымдастыру кезеңі – сәлемдесу, білім алушыларды түгендеу. (Сәлеметсіздерме оқушылар, бугін кім кезекші? Сабақта түгеліміз бармызба?)

Организационная часть

ІІ. Оқытушының кіріспе сөзі –   Құрметті оқушылар бүгінгі біздің сабағымыздың мақсаттары:

- «Ғұн,Үйсін,Қаңлы мемлекеттерінің пайда болуы жайлы» әнгімелеуде әдеби стильді қолдану;

- Бұл мемлекеттердің жеңген шайқастарының тарихи маңызын анықтау;

- Ғұн,Үйсін,Қаңлы мемлекеттерінің ішкі және сыртқы саясаты туралы ақпарат беру;

- талдау, жинақтау, қорыту операцияларын колдана отырып, ақпараттарды менгеру;

Целевая установка занятия

ІІІ. Білімнің негізін актуалдау(негіздеу).

Үй тапсырмасын тексеру:  Оқушылар үйге берілген тапсырманын тақырыбы Ерте мемлекеттік құрылымдар. Сақтар.болатын , енді осы бойынша мына сұрақтарға  жауап берейік.  

 (Слайд сақтар )

 (үй тапсырмасының дәрісі, мазмұндау)           

1 Сақтар. Саяси тарихы, қоғамдық құрылымы.

2  Шаруашылығы және мәдениеті.

3  сақтар туралы қандай деректерде кездеседі?

4 қандай археологиялық ескеркіштері табылған?

        Сақ әулетінің негізін қалаушы Алып Ер Тоңға (Афрасиаб) деген дерек бар. Сақтар көк тәңіріне табынды. Оларды матриархаттық ел билеу дәстүрі сақталған. Мысалы, Зарина, Томирис.

Сақтардың саяси тарихы. Парсылардың патшасы Кир, Мидия патшасы Крезбен б.з.б. 558-529 жж. соғысқанда, сақтармен одақтасқан. Кейін Кир сақтарды, массагеттерді өзіне бағындаруды ұйғарды. Кир сөйтіп, Сақ жеріне басып кірді. Алайда парсылар сақтарды жеңдік деген кезде, сақ жауынгерлері тұтқиылдан бас салады. Кир де, әскерлері де өлтіріледі. Томирис туралы аңыз осы кезде шықты

Кирдің Орта Азиядағы басқыншылық жорықтарын 1 Дарий /б.з.б. 521-486 жж/ жалғастырды. Парсылар сақтарды аз уақыт бағындырады. Б.з.б. 6 ғ. соңы 5 ғ. басында (500-449 жж) ежелгі Шығыстағы грек-парсы соғысында сақ тайпалары парсылар жағында болды. Б.з.б. 490 жылғы грек-парсы әскерінің Марафон жерінде Б.з.б. 4-ғ. 30-ж. Александр Македонскийдің грек әскерлері соңғы Ахеменид, 3 Дарий Кодоманның армиясын болған соғысында сақтар парсылармен бірге гректерге қарсы соғысты талқандап, Орта Азияға басып кіреді. Олар Маракандты (Самарқанд) алып, Сырдарияға келеді. Сыр бойына бекіну үшін, Шеткі Александр деген қала салады. Алайда гректер жеңгенімен , ыстық табиғатқа шыдамаулары, Александрдың аурып қалуы гректерді Самарқанға шегінуге мәжбүр етті. Александр б.з.б.323 ж. сүзектен өлді. Оның ала-құла империясы ыдырап кетті.

Археологиялық ескерткіштері. Бұлар қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Орталық Қазақстан. Бұл жерден Тасмола мәдениеті (б.з.д. 7-3 ғғ.) ашылды. Зерттеуді археологтар Ә.Марғұлан, М.Қадырбаев жүргізді. Бұл обалардың ерекшелігі - оларда тас жалы, "мұрты" болады. Бірнеше варианттардан тұрады. Негізгі обаға жанаса немесе оның шығыс бетінде, иек астында кіші оба тұрады, одан шығысқа қарай доғаша иіліп, ені 1,5-2 м, ал ұзындығы 2-200 м дейін кейде одан ұзыныда болады, екі жал кетеді. Үлкен обаға үйілген төбе астында жерден қазылған қабырда өлген кісінің мәйіті жатады, ал кіші қорғанда үйінді астындағы қабырға ат пен ағаш ыдыс-аяқтар қойылады. Батыс және солтүстік Қазақстан. Еділ мен Жайық арасындағы аймақтан қорымдардың көп шоғырланған жері - Үлкен және Кіші өзеннің бойлары, Қамыс-Самар көлдерінің өңірлері, Елек, Шаған, Ембі жағалаулары. Обалардың көбінде үйінділері бар, ал олардың аса үлкендері орлармен қоршалған. Тас үйінділері немесе топырақ пен уақ тастар араластырылған үйінділері бар обалар сирек кездеседі. Қабырлар шығыстан батысқа қарай ыңғайлай қазылады, ал өлгендер молаларда емес, обалар үйінділері астындағы арнайы дайындалған алаңдарға қойылады.

        Шығыс Қазақстан. Алтай аясынан, Шыңғыстау мен Тарбағатай бөктерлерінен кездеседі. Үлкен патша обалары бар. Ол Шілікті алқабында шоғырланған. Бұл өңірдің мәдениеті үш кезеңнен тұрады. Мәйемір кезеңі (б.з.д. 7-6 ғғ), берел кезеңі (б.з.д. 5-4 ғғ.), құлажүргін кезеңі (б.з.д. 3-1 ғғ.). Мәйемір кезеңінің соңында салт кісіні атымен бірге қоятын қабырлар пайда болады.    

         Жетісу мен оңтүстік Қазақстан. Бұл сақ тайпалары мекендеген аса көлемді аймақ: тиграхауда- Жетісуда, ал массагеттер Арал өңірі мен Сыр бойында. іле алқабында Бесшатыр, Есік, Түрген, Кеген, Алексеев обалары осы алқаптан табылды. Жетісудағы сақ мәдениеті екі кезеңді: ерте кезеңі (б.з.д. 8-6 ғғ) және кейінгі кезең (б.з.д. 5-3 ғғ.). Соңғы кезеңдегі патша обасына Бесшатыр қорымы мен Есік обасы жатады. Бесшатыр қорымы Іле өзенінің оң жағалауындағы Шылбыр деген жерде, ол 31 обадан тұрады. Қорымның барша обалары екі топқа бөлінеді, үлкен обалар - диаметрі 45 м-105 м-ге дейін. Биіктігі 6-18 м. Салынған уақыты б.з.д. 5 ғ. Есік обасы Алматының шығысында 50 км жерде. 1969-1970 жж. зерттелінді. Іле Алатауы баурайында. Обаның диаметрі 60, биіктігі 6 м. Топырақ үйіндісінің астында екі қабыр - орталықтағы және бүйірдегісі бар. Орталық қабыр тоналған. Бүйірдегісі аман жетті. Жерленген 18 жасар ханзада. Ол киіндіріліп, қару-жарақ таққан күйінде жерленген. Ыдыс-аяқтар, бүйіріне 26 таңбадан тұратын екі жол сөз жазылған күміс тостаған жатыр. Өліктің басына биік былғары қалпақ-дулыға кигізілген, оның сыртына алтын бұтақтарына құстар қонған, сирек ағашты тау бейнеленген. Дулығаның төбесіне тәж ретінде титімдей арқар бейнесін қойған. Марқұмның мойнына ұшы барыс бастарымен безендірілген алтын өңіржиек салынған, құлағына бирюзадан салпыншағы бар сырға тағылыпты. Екі саусағында алтын жүзіктері бар. Белбевінің оң жағына қызыл түсті ағаш қынапты, ұзын сессер ілініпті. Семсер темірден, оралмалы-орам бедері бар сабы имектев. Сол жағына ақинақ-қанжар ілінген. Есік обасының салынған кезі б.з.д. 6 ғ. деп есептеледі. Оны зерттеген археолог К.Ақышев (Курган Иссык. М., 1973г).

Арал өңірі сақтары мәдениеті – Хаомаваргалар. Тегіскен, Ұйғарақ, Оңтүстік Тегіскен қорымдары.

          Шаруашылығы мен қоғамы. Мал шаруашылығымен де егін өсірумен де айналысқан. Жылқы өсірген. Екі тұқымы болғаны анықталды. Оның біревІ басы үлкен, аяғы жуан, денесі шомбал, жатаған жылқы, ал екіншісі шоқтығы биік бойшаң, сымбатты жылқы, оны қарулы жауынгерлер мінетін болған. Қой бағумен де айналысқан. Сақтарда маңдай алды дөңестев ірі қойлар көп тараған. Олар қазақтың кәзіргі құйрықты қойлары тұқымына жақын болған. Түйе шаруашылығы да кең дамыды. Ал сиырдың көшпелі тіршілікке бейімделген мұндай тұқымының өзгеден айырмасы - өнімділігі төмен, тірілей салмағы аз, жемшөпті көп талғамайтын. Суықта сыр бермейтін, жүні қалың, тебін малы болды.

         Егіншілік пен суару. Қыстау маңындағы егін сақтарды астықпен қамтамасыз еткен. Олар тары, арпа, бидай еккен. Оңтүстік Сырдарья алқабында сақтардың Шірік Рабат, Бәбіш-молла, Баланды секілді қоңыстарында табылған.       

         Кәсіптері мен сауда. Сақ тайпалары арасында металл өндіру және оны өндеу, әсіресе қола құюға байланысты кәсіпшіліктері дамыған. Темір мен мыс, қалайы мен қорғасын, алтын мен күміс өндіру жоғары дәрежеде дамыған. Мәселен, Имантау кен орнында 3 млн. Пұт мыс рудасы, ал Жезқазған мен Успенскден 10 мың және 26 мың пұт руда өндірілген, сонда сол руданың көбісі сақтар заманында өндірілгені анықталды.Сақ зергерлері қоладан қанжарлар, оқ жебелері мен сүңгі ұштарын, аттың қайыс әбзелдерін, әшекейлер мен айна, қазандар мен құрбандық ыдыстарын жасаған.

          Сауда. Еуразия далаларын сақтар билеген кезде Батыс пен шығысты, Жерорта теңізі мен Қытайды байланыстырған халықаралық өтпелі сауда басталады. Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта кезінде дала жолы пайда болады. Геродот жазуына қарағанда, дала жолы Қаратеңіз өңірімен жүріп, Дон жағалауына сосын Оңтүстік Орал өңіріндегі савроматтар жерінен Ертіс бойына, одан әрі Алтайдағы аргиппейлер еліне жеткен, содан әрі Моңғолия мен Қытайға қарай кететін болған. Осы жолдың бір бөлігі Қазақстан жерімен өтті.

          Сақтар қоғамы. Сақ қоғамында халықтың үш тобы болды деген болжам бар. Ол рим тарихшысы Квинт Курций Руф айтқан аңызға сүйеніп айтылады. Бұлар жауынгерлер - сүңгі мен оқ ( "ратайштар-арбада тұрғандар"), абыздар - құрбандық табағы және айрықша бас киімі бар, қауымшыл сақтар, яғни "сегізаяқтар" (соқаға жегетін екі өгізі барлар). Осы үш жіктің өзіне тән дәстүрлі түсі болған. Жауынгерлерге -қызыл, сары-қызыл; абыздарға-ақ; қауымшылдарға-сары мен көк түстер. Сондай-ақ көсемдер мен патшалар да болды. Олар әскери жіктердің өкілдері болды. Гректер оларды басилевс -патша деп атаған. Патшаның белгісі жебелі садақ.

         Өнері мен мифологиясы. Сақтар аң стилін Алдыңғы Азия мен Иранға жорық жасаған кезінде қабылдаған. Бұл өнер б.д,д. 7-6 ғасырда қалыптасқан. Аң стилі дегеніміз түрлі жануарлардың бейнелерін дыс-аяққа, киімге, тұрмыс заттарына, түрлі әшекейлерге, қару-жараққа салған. Сақтар күнге, найзағайға, жел-дауылға табынған. Сақтар мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Дүниені жаратқан көк тәңірісі Митра, жердікі Варуна, жер астыныкі Индира секілді құдайлар болған.

  Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по      теме

IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру – Білім алушыларға Ғұн,Үйсін,Қаңлы мемлекеттері жайлы жаңа мағұлматтар беру.

 (слайд)

1.     Ғұндар. Ғұндардың қоғамы.         

2.     Шаруашылығы, мәдениеті.

3.     Үйсіндер.

4.     Археологиялық ескерткіштері.

5.     Үйсіндер шаруашылығы.

6.     Қаңлы мемлекеті.

7.     Археологиялық ескеткіштері,Шаруашылығы, кәсібі.

Ғұндар. Б.з.б. 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Б.з.д. 4-3 ғғ. Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, б.з.д. 209 жылы бой көтеріп, б.з. 216 ж. дейін дәурен сүрді. Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Модэ) батыр. Б.д.д. 209 жылы Модэ әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, б.з.д 188 ж. ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсүн тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады.)

Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Моде кайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, б.д.д. 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь-Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды. Екінші қоныс аудару б.д. 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады. Б.з. 1 мыңжылдығы басында Жетісу, оңтүстік қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді.Ғұндардың б.з.4 ғ. Шығыс және орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды.

Ғұндар Рим империясына қауіп төндірді. 5 ғ. 30-ж. ғұндардың басшысы Аттила Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жж. вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.

Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау,егіншілік дамыды. Ғұндар тәңірілік дінді ұстанып, түркі жазуын тұтынған. Сөйлев тілі де түркі тілі болған. Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды). Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.

            Ғұндардың қоғамы. Патриархалды-рулық қарым-қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген.Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.

Үйсіндер. Б.д.д. 3 ғасырда Қазақстанды мекендеген тайпаларда мемлекеттіктің алғашқы белгілері болды. Бұлар сақтардың этномәдени мұрагерлері үйсіндер болатын.

Үйсіндер Орталық Азиядан келді. Олардың негізгі территориясы Іле алқабында болды, батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтіп, Қаңлылармен шектесті, солтүстігі Балқашқа дейін жетті. Астанасы Чигучен (Қызыл алқап) Ыстықкөлдің жағасына орналасты. Үйсіндер туралы жазба деректі қытайлар қалдырды. Б.д.д.2 ғасырда Жетісуға Чжан Цянь бастапан елші келді. Ол көптеген мәліметтер әкелді. Үйсіндер туралы (усунь-го) "уйсін мемлекеті" деп айтты. Мемлекетте 630 мың адам, 188 әскер барын да көрсетті. Үйсін патшасы гуньмо деп аталды. Б.з.б. 73 жылға дейін үйсіндердің жері үш бөлікке: сол (шығыс) бөлікке, оң)батыс) бөлікке және гуньмоның өзіне қарайтын орталыққа бөлінген. Бұлар өзара қақтығысқа толы болдыҚытай ханшалары үйсін гуньмоларына ұзатылған. Олар Қытайдың Орта Азия, Батыс Азия және Европамен сауда байланысында маңызды роль атқарды. Б.Д.д. 2 ғасырда пайда болған Ұлы Жібек жолын ұстап тұрған осы үйсіндер болды. Үйсіндер туралы қытай деректерінде б.з. 3 ғасырына дейін айтылады.   

Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің обалары, қорымдары мекенжайлары зерттелді. Обалардың көбісі диаметрі 6-20 және биіктігі 0,5-1,5 м. Топырақ, тас қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Қорымдары б.з.д.3-2 ғғ. Жататындары ерте кезеңі.-Қапшағай 3, Өтеген 3, Қызыл еспе. Оларға ортақ сипат қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайсысында 5-6-дан обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланған. Орта кезеңге жататындар б.з.б. 1 ғ-б.з. 1 ғ. деп есептеледі. Бұған Өтеген 1,2, Тайғақ 1, Қарлақ 1, Алтын Емел қорымдары. Олар жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқан.Соңғы кезеңі 2-3 ғғ. Деп саналатын кейінгі кезеңге Қапшағай 2, Шолақ Жиде 1,2, Гүр қора 2, Қалқан 4 қорымдары жатады. Бұлардағы обалар жүйесіз, ретсіз жасалған, қабырлар жерден қазылған, үстері ағашпен бастырылмаған.Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Луговое аулынан табылды. Қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған, ортасынад жер ошақ болған.

         Үйсіндер шаруашылығы. Олар көшпелілер болғанымен, үй маңында егін де салған. Оған дән дақылдары салынған ыдыс-аяқтар, дәнүккіштер тас кетпендер табылуы дәлел. Киімдері байлары жібек пен биязы жүн матадан, кедейлері жай қалың жүннен, былғары, қой терісінен тіктірген. Үйсін қоғамында байлар, жасауылдар, абыздар, кедейлер болған. Әскер басылары мен шенеуніктердің қолында мөрі болған. Жеке меншік те өскен. Ол малға, жер-суға тараған.

Қаңлы мемлекеті. Қытай жазба деректерінде канцзюй деген атпен, б.з.д. 2 ғ. айтылады. Сыр,Талас өзендері бойында орналасты. Олар да орталық Азиядан келді. Саны 600 мың адам, 120 мың әскері болды. Астанасы Битян қаласы

         Археологиялық ескеткіштері. Қауыншы және Отырар-Қаратау мәдениеті деп археологтар атайтын үлкен ескерткіштері сақталған. Бұлардың біріншісі Ташкент аумағында, екіншісі Сырдың орта ағысысы мен Қаратаудан Таласқа дейінгі аралықта. Қауыншы мәдениетіне жататын Ақтөбе мекені көбірек зерттелді. Табылған ескерткіш- сарай крест тәрізді салынған бес үйден, екі дәлізден тұрады. Отырар-Қаратау мәдениетіне жататын ескерткіш Отырар өңірі. Қазылған үйлер бір бөлмелі, екінші бөлме қойма болған. Ортада тікбұрышты жер ошақ жасалған.

         Шаруашылығы, кәсібі. Керамика ыдыстар, құмыралар, табалар табылған. Қаңлылар темірді балқытып орақ, пышақ, жебе ұштарын жасаған. Егін шаруашылығы, мал өсіру, аң аулаумен айналысқан.

Объяснение новой темы

V. Жаңа сабақты қорытындылау және бекіту –

1. Қай ғасырдағы деректерде ғұн атауы кездесті (Қытай деректерінде ІІІ ғ.хунну, сюнну.д).

2. Ғұн мемлекетінің негізгі қалаушысы (Мөде)

3. Ғұндардың мемлекет билеушісінің титулы (Шаньюй).

4. Ғұндардың аты аңызға айналған қолбасшылары (Аттила).

5. Үйсіндердің негізгі орналасқан жері (Іле даласы).

6. Үйсіндердің Астанасы (Чигучен).

7. Үйсіндердің билеушісінің титулы (Гуньмо күнбегі).

8. Қаңлы мемлекетінің Астанасы (Битянь).

9. Қаңлы тайпасының негізгі шаруашылығы (Көшпелі мал шаруашылығы).

10.Қаңлы билеушілерінің титулы (Хан).

Қорытынды:   Балалар, бүгін біз өзіміз қысқаша ғана тарихы бар  Б.з.б. ІІІ –б.з.ІҮ ғасырларда Қазақстан территориясында көшпелі тайпалардың әуелгі таптық мемлекеттері пайда болды. Өндірістік қатынастардың дамуына байланысты сақ қоғамының орнына ірі әрі тұрақты таптық бірлестіктер құрылды.

·        Жетісуда –үйсіндер

·        Оңтүстік Қазақстанда – қаңлылар

·        Орталық және батыс Қазақстанда – ғұндар

  Сонымен, көшпелілердің қоғамдық құрылымы мемлекеттік деңгейге жеткен. Олар өзіндік материалдық мәдениеті мен өнері бар көщпелі өркениетті жасауда жоғары жәрежеге көтерілді.

VI. Баға қою – Белсене қатысқан білім алушыларды бағалау.

Выставление оценок

ҮІІ. Үй тапсырмасы: Дәріс оқу «1» -45-54, «2» -27-42 , «3» -33-41 б.

Домашнее задание

(Осымен бүгінгі сабақ  аяқталды. Сауболыңыздар.)

Автор Калиева Алтынай Айтбековна
Дата добавления 06.02.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров 732
Номер материала 55736
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓