Главная / История / Тарих пәнінен ашық сабақ "Абылай хандығы"

Тарих пәнінен ашық сабақ "Абылай хандығы"

hello_html_f09ac39.gifhello_html_m14941838.gifhello_html_m221b440b.gifhello_html_8b178ef.gifhello_html_m681bc72b.gifhello_html_m586b8b42.gifhello_html_555eaca2.gifhello_html_mea78aa0.gifПән: Қазақстан тарихы

Мамандық: 0301000 «емдеу ісі»

Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы

Сабақтың түрі: Теория

Күні:.25.12.12ж.

Сабақтың уақыты: 80 минут



Сабақтың мақсаты:



Білімділік: Абылай ханның қолбасшылық, саяси қайраткерлігі, қазақ жерлерін біріктіру жолындағы күресі және тарихта алатын орны туралы түсінік қалыптастыру арқылы толық мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, Абылай ханның өмірінен үлгі алуға, алған білімдерінен қорытынды шығарып, өмірде пайдалана алатын жан-жақты тұлғаның дамуына әсер ету.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетің ұғынуға, қорғауға, елдің дамуына үлес қосуларына тәрбиелеуге ықпал ету.



Сабақтың жоспары

1. Ұйымдастыру кезеңі : 2мин.

2. Үй тапсырмасын тексеру, қортындылау: 25 мин.

3. Жаңа сабақ : 30 мин.

4. Бекіту:10мин.

5. Қорытындылау: 5мин.

6. Бағалау: 5мин.

7. Үйге тапсырма беру: 3 мин.



Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, саясаттану және әлеуметтану негіздері, мәдениеттану.

Сабақтың жабдықтары: слайдтар, карта, оқулық, тест,суреттер.

Пайдаланатын оқулықтар:

  1. Мусин Чапай «Қазақстан тарихы» Алматы -2008ж.

  2. Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов « Қазақстан тарихы» Алматы -2007ж.

  3. Л. Гумилев « Көне түркілер» Алматы-1994ж.

  4. Назарбаев Н.Ә. «Ғасырлар тоғысында» Алматы-1996ж.

  5. Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер.Алматы, «Дәуір» 1994ж.

Сабақтың барысы

  1. Үйымдастыру сәті: Сәлемдесу. Журнал бойынша тексеру.

Үй жұмысын тексеру:

1. Жекелей сұрау

2. Жылдар сөйлейді

3. Картамен жұмыс

1.1 Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері Кіші жүздің империя құрамына енуі.

1.2 Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясаты.

1.3 Орта жүз және Ұлы жүздердің Ресейге бірігуі.

2. Жылдар сөйлейді (слайд оқушыларға жылдар сөйлейді кестесі көрсетіледі, жылдарға байланысты дұрыс мәлімет айтылуы қажет, дұрыс жауап берілгеннен кейін жауаптар ретімен ңұсқау белгі көмегімен ашылады ).

жылдар

Болған оқиға

1

1583 ж.

Қазақ хандығына Третяк Чебуков бастаған орыс елшілері келген болатын.

2

1686-1693ж.ж

Тәуке хан Ресейге бес елшілік жіберді

3

1718 ж.

Семей бекінісі орнады

4

1731 ж.

19 ақпанда орыс патшасы Әбілхайыр ханға қол астына келуі туралы грамота жіберді

5

1734 ж.

10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді өз құрамына алғаны жөнінде құжатқа қол қойды.

6

1742 ж.

Жайық бойына қазақтардың көшіп қонуына тиым салғаны жөнінде Патша жарлығы шықты

7

1744 ж.

Орынбор қаласы салынды



3.Картамен жүмыс. Топ оқушылар үшін жалпы тапсырма.

Қорытынды:

Сонымен,ХҮІІІ- ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси – экономикалық дамуына бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ- орыс сауда байланыстары,қазақстанның шет елдермен қатынастары өзара тиімді жағжайда дамыды.

Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы,орыс- қазақ шаруаларын қоныстандыра бастауы олардың жерін басып алу шараларының бастамасы болатын.

Жаңа сабақ: Абылай хандығы ( слайд )

«Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас»

М. Әуезов

Абылай ( Әбілмансұр) хан ( 1711 – 1781ж.ж) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізің салған Әз- Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады.Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады.Уәлибақының баласы Абылай жекпе- жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр ( кейін қазаққа хан болып Абылай атанған) «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш –жалаңашықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13жасар кезі болса керек.

Төле бидің тәлім – тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды.Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы тусу да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе –жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы ( кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтірді.

Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл, әрине , Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық – жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33 ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегіауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәлсол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30 -40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте –бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл – парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. ХҮІІІ ғасырдың 30 – жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады.Орыс тарихшысы А.И. Левшин: « 1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.

Хан тұсындағы сыртқы саясат

1738 -1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне Абылайдың жау қолына түсуі қазақ қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналды. Тарихи жырларда қазақ билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуды ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш. Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. А. Қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті.

Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744 ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740ж. тамызда ол Орта жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің « қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар –қытай соғысын Шығыс түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.

Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15 – 20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті.1754 ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, ( Қаратал өз бойынша), сол жылдың шілде –тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756 ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді.1757 ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы –жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серемен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771 ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.

Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754 -55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барқ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себептіАбылай 1755,1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінгі дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.

1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде Орта жүздің ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.

Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол « Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», « Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», « Қара жорға», «Қоржынқақпай», « Майда жел», «Сары бура», « Шаңды жорық» т.б күйлердің авторы.

Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізді жерлеген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.Балаларының барлығы тікелей саясатпен айналысқан Олардың ішінде көп жетістікке жеткендері – Уәли, Шыңғыс, Тоғум, Рустем, Есім, Қасым, Кенесары, Шоқан.



Оқушылардың шығармашылығы.

«Абылай хан» (слайдпен жұмыс)

Тестпен жұмыс. (2 нұсқа)

І –нұсқа

  1. Абылай қай жылы дүниеге келді?

А)1711 ж. Ә) 1773 ж. Б) 1770 ж. В) 1769ж.

2. Абылай қай жылы жоңғарлардың тұтқынына түсті?

А) 1741ж. Ә) 1742ж. Б) 1745ж. В) 1743 ж.

3. Қай жылы қалмақтар Орта жүзге басып кірді?

А) 1753 ж. Ә) 1750ж. Б) 1751 ж. В) 1755ж.

4. Лама Доржы қай жылы қаза болды?

А) 1753 ж. Ә) 1751ж . Б) 1750ж. В) 1754ж.

5. Абылай жастайынан қай елге қарсы күреске қатысты?

А) Жоңғария Ә) Қырғыз Б) Моңғол В) Қытай

6.Әмірсана бастаған Маньчжур Цин қарулы күші қай жылы жоңғарияға басып кірді?

А) 1755 ж. Ә) 1751 ж. Б) 1750 ж. В) 1754 ж.

7. Қытай мен Ресей қыспағындағы Абылайдың басты мақсаты?

А) Қазақ хандығының дербестігін сақтау.

Ә) Көрші жатқан жерлерді қосып алу.

Б) Ташкент хандығын қосу.

В) Орта Азия хандығына Түркістанды беру.

8. 1757 – 60 жылдары қазақ елінің дербестігін, бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай қай елдің билігін мойындады?

А) Қытай Ә) Ресей Б) Жоңғария В) Орта Азия хандықтары

9. Абылай қайтыс болғаннан кейін оның орнына хан болған баласы:

А) Уәли Ә) Бөкей Б) Қасым В) Есенгелді

10. Абылай хан билігіне қандай өзгеріс енгізді?

А) Хан билігін шектеусіз етті

Ә) Билер кеңесін құрды.

Б) Хан билігін шектеді.

В) Билер қызметін күшейтті.



ІІ –нұсқа

1. Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан Ресей билігін қашан мойындады?

А)1740ж. 28 тамыз

Ә) 1742 ж. 28 тамыз

Б ) 1744 ж. 28 тамыз

В) 1745 ж. 28 тамыз

2.1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болған соң дәстүр бойынша кім хан болу керек еді?

А) Әбілпайыз Ә) Сәмеке Б) Әбілмансұр В) Уәли

3. Абылай хан жер өндеу шаруалығын қай өңірлерде дамытты?

А) Ертіс, Есіл, Көкшетау, Тарбағатай

Ә) Жетісу, Оңтүстік Қазақстан

Б) Түркістан, Тобыл

В) Маңғыстау, Жетісу

4. « Қанішер» Абылай қай қаланың билеушісі болған?

А) Түркістан Ә) Сайрам Б) Созақ В) Ташкент

5. 1741 -1743 жылдары Абылай сұлтан кімдердің тұтқынында болды?

А) Жоңғарлардың

Ә) Ресейдің

Б) Қытайдың

В) Хиуаның

6. « Ақ толқын», «Қайран елім», Шаңды жорық» күйлерінің авторы кім?

А) Абылай хан Ә) Әбілмәмбет Б) Қасым В) Уәли



7. Қай жылы жоңғар қонтайшысы Қалдан – Серен қайтыс болды?

А) 1745 ж. Ә) 1743 ж. Б) 1753 ж. В) 1754 ж.

8. Абылай хан қай жылы дүние салды?

А) 1781 ж. Ә) 1782 ж. Б) 1771 ж. В) 1770 ж.

9. Абылай хан қанша жыл хандық құрды?

А) 10 ж. Ә) 12ж Б) 15 В) 30ж.

10.Абылай хан қай қалада жерленген?

А) Таразда Ә) Сайрамда Б) Түркістанда В) Тәшкентте.



































Қорытындылау.

Абылайдың қазақ халқының тарихындағы орыны

Тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға жұмсады.



Қазақтардың басын қосып біріктірді.

Қазақтардың ұранына айналды



Абылай хан

Қытай әскерінің Қазақстан аумағына жылжуын тоқтатты.

Жоңғар мен Еділ Қалмақтарын жеңуде маңызды рөл атқарды.

Қырғыздардың қазақтарға шабуыл жасауын тоқтатты

Қазақтардың өзарасында көрші халықтардың өзарасында да зор беделге ие болды






Қазақтардың Тарбағатай Іле өзені өңіріндегі мал жайылымдарын қайтарып алды.

























Сонымен қортындылай келе отырып, Абылайдың білімі, қабілеті, өнерлігі, дарындылығы, дене бітімі, өмірлік өнегесі атқарған істері туралы. Өзге елдермен қарым –қатынастағы әрекетінің қандай болғандығы. Кеңесшілері болды ма? Қай жерде қалай дүниеден өтті. Артында қалған ұрпақтары туралы сұрақтарға жауаптарың білдік . Ол дегеніміз Абылай ханның өткен өмір жолы оңай болған жоқ. Сұлтан Абылай мұсылманша жақсы білім алды. Шығыстың жеті тілін білді, сөзге шебер әрі тапқыр, домбыраны жақсы тартты өзі шығарған 20 –дан астам күйі бар. Бойы ортадан жоғары, жауырыны қақпақтай дене күші зор болған. Жауынгерлермен үнемі бірге болып, олжаны әділ бөліскен. Ол орта жүздегі Арғын тайпасының Атығай руына басшылық етті. Абылайдың кеңесшілері Бұқар, Үмбетей, Тәтіқара жыраулар Төле, Қазбек билер болған. Билігін нығайту және шекаралас елдермен бейбіт қарым –қатынас орнату мақсатында ол көрші мемлекеттердің ықпалы отбасыларымен және қазақ хандары мен сұлтандарының қыздарына үйленіп әулеттік некеге отырған. Тәшкенттен Түркістан Қаласына келе жатқанда дүние салған.



Өз ерлерін, өз ұлдарын ескермесе, ел тегі қайдан алсын кемеңгерді.

І. Жансүгіров

Бағалау . Белсенді қатысқан оқушыларды бағалау.

Үй тапсырмасы.

Дәріс оқу. Абылай хан туралы қосымша мәліметтер жинау.





















ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРЛІГІ

« СЕМЕЙ» МЕДИЦИНАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ


« Бекітемін»

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

______ Абишева Ш.М.

«_____»_______2012ж.


Ашық сабақ



Пән: Қазақстан тарихы

Мамандығы: Емдеу ісі

Тақырыбы: Абылай хандығы





Оқытушы: Жакупжанов К.Т.

ӘБК отырысында қарастырылды

Цикл төрағасы:________________

Хаттама №____ «___»__________




Семей 2012ж.



Тарих пәнінен ашық сабақ "Абылай хандығы"
  • История
Описание:

Пән: Қазақстан тарихы

Мамандық: 0301000 «емдеу ісі»

Сабақтың тақырыбы: Абылай хандығы

Сабақтың түрі: Теория

Күні:.25.12.12ж.

Сабақтың уақыты: 80 минут

 

Сабақтың мақсаты:

 

Білімділік: Абылай ханның қолбасшылық, саяси қайраткерлігі, қазақ жерлерін біріктіру  жолындағы күресі және тарихта алатын орны туралы түсінік қалыптастыру арқылы толық мәлімет беру.

Дамытушылық: Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, Абылай ханның өмірінен үлгі алуға, алған білімдерінен қорытынды шығарып, өмірде пайдалана алатын жан-жақты тұлғаның дамуына әсер ету.

Тәрбиелік: Оқушылардың өз жеріне, еліне деген сүйіспеншілікке баулу, оның қадір-қасиетің ұғынуға, қорғауға, елдің дамуына үлес қосуларына тәрбиелеуге ықпал ету.

 

Сабақтың жоспары

1.  Ұйымдастыру кезеңі : 2мин.

2.  Үй тапсырмасын тексеру, қортындылау: 25 мин.

3.  Жаңа сабақ : 30 мин.

4.  Бекіту:10мин.

5.  Қорытындылау: 5мин.

6.  Бағалау: 5мин.

7.  Үйге тапсырма беру: 3 мин.

 

Пәнаралық байланыс: Құқық негіздері, саясаттану және әлеуметтану негіздері, мәдениеттану.

Сабақтың жабдықтары: слайдтар, карта, оқулық,  тест,суреттер.

Пайдаланатын оқулықтар:

1.     Мусин Чапай «Қазақстан тарихы» Алматы -2008ж.

2.     Г.В. Кан, Н.У. Шаяхметов « Қазақстан тарихы» Алматы -2007ж.

3.     Л. Гумилев « Көне түркілер» Алматы-1994ж.

4.     Назарбаев Н.Ә. «Ғасырлар тоғысында» Алматы-1996ж.

5.     Қазақстан тарихы (көне заманнан бүгінге дейін). Очерктер.Алматы, «Дәуір» 1994ж.

Сабақтың барысы

1.     Үйымдастыру сәті: Сәлемдесу. Журнал бойынша тексеру.

Үй жұмысын тексеру:

     1. Жекелей сұрау

     2. Жылдар сөйлейді

     3. Картамен жұмыс

    1.1 Қазақстанның Ресейге қосылуының себептері Кіші жүздің империя құрамына    енуі.

    1.2 Ресей империясының қазақ жерін отарлау саясаты.

    1.3 Орта жүз және Ұлы жүздердің Ресейге бірігуі.

    2. Жылдар сөйлейді (слайд  оқушыларға жылдар сөйлейді кестесі көрсетіледі, жылдарға байланысты дұрыс мәлімет айтылуы қажет, дұрыс жауап берілгеннен кейін жауаптар ретімен ңұсқау белгі көмегімен ашылады ).

жылдар

Болған оқиға

1

1583 ж.

Қазақ хандығына Третяк Чебуков бастаған орыс елшілері келген болатын.

2

1686-1693ж.ж

Тәуке хан Ресейге бес елшілік жіберді

3

1718 ж.

Семей бекінісі орнады

4

1731 ж.

19 ақпанда орыс патшасы Әбілхайыр ханға қол астына келуі туралы грамота жіберді

5

1734 ж.

10 тамызда Ресей патшасы Ұлы жүзді өз құрамына алғаны жөнінде құжатқа қол қойды.

6

1742 ж.

Жайық бойына қазақтардың көшіп қонуына тиым салғаны жөнінде Патша жарлығы шықты

7

1744 ж.

Орынбор қаласы салынды

 

3.Картамен жүмыс. Топ оқушылар үшін жалпы тапсырма.

Қорытынды:

  Сонымен,ХҮІІІ- ғасырдың орта шеніндегі Қазақстанның саяси – экономикалық дамуына бірқатар жаңа өзгерістер қалыптасты. Патша үкіметінің отарлау саясатына қарамастан, қазақ- орыс сауда байланыстары,қазақстанның шет елдермен қатынастары өзара тиімді жағжайда дамыды.

  Алайда патша үкіметінің қазақтардың өз жерін пайдалануына шек қоюы,орыс- қазақ шаруаларын қоныстандыра бастауы олардың жерін басып алу шараларының бастамасы болатын.

Жаңа сабақ: Абылай хандығы ( слайд    )

«Қазақтың дербес ел болуына, әрі-беріден соң қазақтың қазақ болуына, басы қосылып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығаруына ерен еңбек сіңірген Абылайдан артық адам болмас»

                                                                              М. Әуезов

    Абылай ( Әбілмансұр) хан ( 1711 – 1781ж.ж) Қазақ  Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізің салған Әз- Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі ұлы болады.Жәңгір қайтыс болып, таққа Тәуке отырғанда Уәлибақы хандыққа өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы Қайып ханның қолына барады.Уәлибақының баласы Абылай жекпе- жекке шыққанда жауы шақ келмейтін батыр болып, қанішер Абылай       атаныпты. Осы Абылайдан көркем Уәли туады. Оның баласы Әбілмансұр ( кейін қазаққа хан болып Абылай атанған)  «ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш –жалаңашықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Бұл, Ш. Уәлихановтың айтуына сүйенсек, Абылайдың 13жасар кезі болса керек.

  Төле бидің тәлім – тәрбиесінде болуы Абылайға зор ықпал жасады. Қазақ даласының  даналығын бойына жинаған баба ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін, анталаған жауға қарсы қазақ халқы басы біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас баланың санасына ұялата білген. Оған қоса бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік тәжірибе Абылайдың ел өміріне ерте араласуына себепші болды.Бұқар, Үмбетей жыраулардың, т.б. ауыз әдебиетінің ірі өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда, Абылай жиырма жасында қан майданда ерлігімен танылған. Бұқардың Абылайға «Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр үстінде Ақ сұңқар құстай түледің» деуі осының дәлелі. Қай жылы тусу да, 1730-33 жылдар аралығында болған бір ұрыста бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе –жекке шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан Сереннің жақын туысы ( кейбір деректерде күйеу баласы) Шарышты өлтірді.

  Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, орта жүздің сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді әміршілердің біріне айналды. Бұдан соңғы жерде Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.

  Абылайдың жиырма жасы қай жылға сәйкес келуіне байланысты, қай шайқасқа қатысқаны туралы болжам айтуға болады. Бұл,      әрине , Абылай қатысқан алғашқы соғыс емес. Ел әңгімелері, тарихи жырлар Сабалақ  әуелде Бөгенбай жасақтарының құрамында жорық – жортуылдарға қатысқанын айғақтайды. Аңырақай шайқасына қатыспады дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730-33 ж. Болған бір ірі шайқасқа қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи деректерден орта жүз жасақтары мен жоңғарлардың арасында 1730 жылы да, 1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар болғаны белгілі. 1732 жылы жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері Орта жүздің шығыс шетіндегіауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді тойтарысқа тап болады. Абылайдың жиырма жасы 1733 жылға сәйкес келсе, дәлсол жылы қазақ пен қалмақ арасында үлкен майдан болғаны қытай деректерінде атап көрсетілген. Абылайдың әскери қайраткерлігі, қолбасылық қабілеті 30 -40 жылдардағы шайқастарда ерекше көрінді. Осындай жан алысып жан беріскен соғыстардың бірін Бұқар жырау «Қалданменен ұрысып, жеті күндей сүрісіп...» деп суреттейді. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары: Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай т.б қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің дәлелі болып табылады. Бірте –бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке ханның немересі Әбілмәмбет ханнан өтіп, Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың ерлігі мен ақыл – парасатына бас ұрған Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, кеңесші хан дәрежесімен шектеледі. ХҮІІІ ғасырдың 30 – жылдарының аяғында Абылай есімі бізге белгілі құжаттарда Әбілмәмбет ханмен қатар аталады.Орыс тарихшысы А.И. Левшин: « 1739 ж. Орта жүзде Сәмеке ханның орнына хан сайлаудан бұрын Әбілмәмбет пен Абылай екеуі бірдей хандық билік жүргізген»,- деп жазды. Ш.Уәлиханов та осы пікірді қолдайды.

  Хан тұсындағы сыртқы саясат

  1738 -1741 ж. Абылай бастаған қазақ қолы жоңғар басқыншылырына бірнеше мәрте соққы берді. 1742ж. Абылай тұтқиылдан шабуыл жасаған жоңғарлардың қолына тұтқынға түседі. Сол кездегі ойрат басқыншыларына қарсы күрестің ең белсенді ұйымдастырушыларының біріне Абылайдың жау қолына түсуі қазақ  қоғамында абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу үлкен саяси мәселеге айналды. Тарихи жырларда қазақ  билеушілерінің атынан Төле би мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен Абылайды тұтқыннан босатып алуды ара түсуге өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін осы кезеңде Орынбор губернаторы И.Ш. Неплюев пен Әбілқайырдың өзара жазысқан хаттары да дәлелдей түседі. Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90 адам елші барып, келіссөз жүргізіп, 1743ж. 5 қыркүйекте Абылайды тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде Неплюевтің сыртқы істер коллегиясына жазған хатында қазақтар мен қалмақтар бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те білдірген. Өмірінің соңғы 15 жылында Орта Азия хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді. 1765-67 ж. А. Қолының Қоқан билеушісі Ерденбекпен соғысының  нәтижесінде Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан қазақтар иелігіне өтті.

  Абылай билігінің күшейге түсуінің жаңа кезеңі 1744 ж. Әбілмәмбеттің Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды. Абылай көреген саяси қайраткер бола отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан қалжыраған елінің есін жиғызу үшін дипломат жолдарды да тиімді пайдаланды. 1740ж. тамызда ол Орта  жүз ханы Әбілмәмбетпен, тағы да басқа 120 старшынмен Орынборға келіп, орыс өкіметінің « қамқорына» кіруге келісім білдіреді. Сонымен бір мезгілде қазақ халқының тұтастығын сақтау мақсатында Шың империясымен де қарым қатынасын суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер аттандырды. Ол Ресей мен Қытай империяларының өзара қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне пайдаланып отырды. Абылай 1745ж. Қалдан Серен дүние салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші топтарының тақ таласынан әлсіреп, бұрынғы әскери қуатынан айырыла бастауын және жоңғар –қытай соғысын Шығыс түркістанмен іргелес өңірдегі ойраттардың уақытша билігінде қалған қазақ  жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін толық қалпына келтіруге пайдалану үшін барынша күш салды. Абылай қазақ елінің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін  жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес сыртқы саясат ұстанып өтті.

  Жазба деректерде Абылайдың шетел басқыншыларына қарсы табанды соғыс жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752ж. ол бастаған қазақ әскері шамасы 15 – 20 мың адамдай ойраттар қолының шабуылына тойтарыс берді. 1753ж. желтоқсанда Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін азат етті.1754 ж. сәуірде Абылай бастаған 1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға мәжбүр болса, ( Қаратал өз бойынша), сол жылдың шілде –тамыз айында 4 мың әскермен Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты тұтқынға алып келген. 1756 ж. Абылайдың бастауымен қазақтар қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп, екіншісінде жеңіске жетеді.1757 ж. Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар Абылайдан бітім сұрады. 1753-1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген батырлар қысы –жазы үзбестен қатысады. Абылай бірде Қалдан Серемен бітімге келсе, бірде Дабашыны шауып, бірде оны және Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат ұлысының бөлшектене беруін көздеді. Тегеурінді әскери қимылмен қатарластырыла жүргізілген дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының ұлы қайраткерлері деңгейіне көтерді. Осының нәтижесінде Абылай әскері 1771 ж. Мойынты өзенінің бойында болған қалмақтармен ауыр шайқаста жаңа жеңіске жетті.

   Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ жерінің бүтіндігіне қол сұққан басқалармен де ымырасыз күрес жүргізді. 1754 -55 және 1764 ж. қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды шауып, Жауғаш, Көкжал Барқ пен Шынқожа батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу бойында талқандайды. Осы себептіАбылай 1755,1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады, қазақ  пен қырғыздың Нарынқолдан Қордайға тартылған, күні бүгінгі дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.

   1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан дүние салды. Қалыптасқан дәстүр бойынша Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға тиіс еді. Алайда басты сұлтандардың, старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш жүздің басшы өкілдері Түркістанда Абылайды хан көтерді. Абылай іс жүзінде Орта жүздің  ғана емес, бүкіл Қазақ ордасының ұлы ханы болды.

  Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол « Ақ толқын», «Ала байрақ», «Бұлан жігіт», « Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», « Қара жорға», «Қоржынқақпай», « Майда жел», «Сары бура», « Шаңды жорық» т.б күйлердің авторы.

  Абылай өмір жолын ат үстінде, жорықтарда өткізіп, Арыс өзені жағасында қайтыс болды. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізді жерлеген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қызы қалды. Қазақ халқының жадына Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде  сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символында жауынгерлік ұранға айналды.Балаларының барлығы тікелей саясатпен айналысқан Олардың ішінде көп жетістікке жеткендері – Уәли, Шыңғыс, Тоғум, Рустем, Есім, Қасым, Кенесары, Шоқан.

 

Оқушылардың шығармашылығы.

«Абылай хан» (слайдпен жұмыс)

Тестпен жұмыс. (2 нұсқа)

І –нұсқа    

1.     Абылай қай жылы дүниеге келді?

А)1711 ж.  Ә) 1773 ж.  Б) 1770 ж.  В) 1769ж.

2.  Абылай қай жылы жоңғарлардың тұтқынына түсті?

А) 1741ж.  Ә) 1742ж.  Б) 1745ж.  В) 1743 ж.

3.  Қай жылы қалмақтар Орта жүзге басып кірді?

А) 1753 ж.  Ә) 1750ж.  Б) 1751 ж. В) 1755ж.

4. Лама Доржы қай жылы қаза болды?

А) 1753 ж.  Ә) 1751ж . Б) 1750ж. В) 1754ж.

5.  Абылай жастайынан қай елге қарсы күреске қатысты?

А) Жоңғария Ә) Қырғыз  Б) Моңғол  В) Қытай

6.Әмірсана бастаған Маньчжур Цин қарулы күші қай жылы жоңғарияға басып кірді?

А) 1755 ж. Ә) 1751 ж.  Б) 1750 ж.  В) 1754 ж.

7. Қытай мен Ресей қыспағындағы Абылайдың басты мақсаты?

А) Қазақ хандығының дербестігін сақтау.

Ә) Көрші жатқан жерлерді қосып алу.

Б) Ташкент хандығын қосу.

В) Орта Азия хандығына Түркістанды беру.

8. 1757 – 60 жылдары қазақ елінің  дербестігін, бірлігін қамтамасыз ету мақсатында Абылай қай елдің билігін мойындады?

А) Қытай  Ә) Ресей  Б) Жоңғария  В) Орта Азия хандықтары

9. Абылай қайтыс болғаннан кейін оның орнына хан болған баласы:

А) Уәли Ә) Бөкей  Б) Қасым  В) Есенгелді

10.  Абылай хан билігіне қандай өзгеріс енгізді?

А) Хан билігін шектеусіз етті

Ә) Билер кеңесін құрды.

Б) Хан билігін шектеді.

В) Билер қызметін күшейтті.

 

ІІ –нұсқа

1. Әбілмәмбет хан мен Абылай сұлтан Ресей билігін қашан мойындады?

А)1740ж. 28 тамыз

Ә) 1742 ж. 28 тамыз

Б ) 1744 ж. 28 тамыз

В) 1745 ж. 28 тамыз

2.1771 жылы Әбілмәмбет қайтыс болған соң дәстүр бойынша кім хан болу керек еді?

А) Әбілпайыз  Ә) Сәмеке  Б) Әбілмансұр  В) Уәли

3. Абылай хан жер өндеу шаруалығын қай өңірлерде дамытты?

А) Ертіс, Есіл, Көкшетау, Тарбағатай

Ә) Жетісу, Оңтүстік Қазақстан

Б) Түркістан, Тобыл

В) Маңғыстау, Жетісу

4. « Қанішер» Абылай қай қаланың билеушісі болған?

А) Түркістан  Ә) Сайрам  Б) Созақ  В) Ташкент

5. 1741 -1743 жылдары Абылай сұлтан кімдердің тұтқынында болды?

А) Жоңғарлардың

Ә) Ресейдің

Б) Қытайдың

В) Хиуаның

6. « Ақ толқын», «Қайран елім», Шаңды жорық» күйлерінің авторы кім?

А) Абылай хан  Ә) Әбілмәмбет  Б) Қасым  В) Уәли

 

7. Қай жылы жоңғар қонтайшысы Қалдан – Серен қайтыс болды?

А) 1745 ж.  Ә) 1743 ж.  Б) 1753 ж.  В) 1754 ж.

8. Абылай хан қай жылы дүние салды?

А) 1781 ж.  Ә) 1782 ж.  Б) 1771 ж. В) 1770 ж.

9.  Абылай хан қанша жыл хандық құрды?

А) 10 ж. Ә) 12ж  Б) 15 В) 30ж.

10.Абылай хан қай қалада жерленген?

А) Таразда  Ә) Сайрамда  Б) Түркістанда  В) Тәшкентте.

 

 

 

  

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор Калиева Алтынай Айтбековна
Дата добавления 06.02.2015
Раздел История
Подраздел Конспекты
Просмотров 1356
Номер материала 55738
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓