Инфоурок Всеобщая история Другие методич. материалы«Тарих толқынында» атты ғылыми -тәжірибелік конференция

«Тарих толқынында» атты ғылыми -тәжірибелік конференция

Скачать материал

 

«Тарих толқынында» атты ғылыми -тәжірибелік конференцияның өткізілу жүрісі:

Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа халқымыздың өткені туралы мағлұмат  беру арқылы  елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.Қазақ хандығының   550    жылдығының тарихи мәні  туралы   түсінік, ұғым қалыптастыру.

                                           Жүрісі:

Жүргізуші: Қазақ хандығы – халқымыздың тұңғыш мемлекеттік құрылымы,мәңгілік қазақ елінің тарихи тұғыры. Сол тұғыры биік хандықтың құрылғанына бүгінде 550 жыл толып отыр. Бұл жылдар – бүгінгі Қазақстанның өткенінен сыр шертер, тарихын танытар ақиқат пен аңызға айналған жылдар.  Еліміз тарих толқынында шыңдалып, байтақ жеріміз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғалып, сарабдал хандардың саясаты мен ержүрек батырлардың ерлігінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді.  Осынау ұлан-ғайыр даламыздың алып сахарасында Қазақ хандығы ХV-ХІХ ғасырларда кеңінен қанат жайып, байтақ өңірді мекен еткен қазақ тайпаларының басын қосқан елдігіміздің бастауы болды.  Елбасымыз  2015жылды  өткенімізді зерделеп,ұлықтайтын  жыл деп атаған еді. Тәуелсіз елдің ұрпақтарының  халқымыздың өткен тарихын білуі    ата  баба алдындағы   парызы деп білеміз. Мектеп ұжымымен бірлесіп өткізгелі отырған конференциямыздың негізгі тақырыбы-  Қазақ хандығына    550 жыл  толуы   аясында болмақ.

Конференцияның ашылуы. Мектеп директоры Ибраева Г.С. Еліміздің өткен тарихын білмей, болашаққа ұмтылу  мүмкін емес. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізуіміз ұлтарақтай жерін  найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған  ата бабаларымыздың арқасында  деп білуіміз керек. Егемендік алған қазақ елі бірнеше ғасырлар бойы қиын қыстау кезеңдерді  басынан кешіріп, мың өліп, мың тірілді.   Қазақ хандығының  550  жылдығы тойланып отырған  кезеңде еліміз Елбасымен бірге «Мәңгілік елге» айналуы үшін нық қадаммен алға жылжуда.

Жүргізуші: Қазақ хандығының құрылуының тарихи кезеңдерін өткен өмір жолдарымен байланыстыруда тарих, қазақ  әдебиеті пәндерінің  атқаратын рөлі   зор болмақ.  Жас ұрпаққа тәлім тәрбие беруде  баяндамашыларымыз өз баяндамалары арқылы кең түрде мағлұматтар бергелі отыр.

Баяндама .  «Қазақ хандығы құрылуының тарихи негіздері»

Тарих   пәнінің мұғалімі Раева Қ.Н.

Баяндама .«Қазақ хандығына 550 жыл» Тарих   пәнінің мұғалімі БерішбаеваА.Ш.

Баяндама  «Қазақ тарихының әдебиеттегі  орны»                                                                Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі  Сүлейменова А.

 

 

 

Жүргізуші: Конференцияның соңы концерттік бағдарламаға ұласады. Тамашалауға шақырамыз.                                                                                                                                  Тарихи қойылым: «Сұлтандар кеңесі»
/Керей сұлтан мен Жәнібек сұлтан сұхбат құруда, үйге бір топ ақсүйектер кіреді/
- Ассалаумағалейкум, ағалар.
- Уағалейкумсалам, төрлетіңіздер.
Ақсүйектер басшысы:- Біз бір маңызды мәселемен келіп тұрмыз. Елді бей – берекетсіздік басып алды. Хан - екем соғыстарды үдетіп, салықты көбейтті. Әскери дайындықсыз, батырларды құдалау негізінде ойраттардан жеңілгені өздеріңізге мәлім. Бөлінетін кез келмеді ме екен?
Жәнібек:- Ия, сөздеріңіз рас, ханның қаһарына жергілікті сұлтандар мен қарапайым халық та ілігіп отыр. Өз алдымызға ел болатын күн келді.
Керей: - Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.
Жәнібек:- Елдігімізді сақтау үшін туған жерден жырақтауымызға тура келеді. Моғол ханы Есен Бұға туысымыз дулаттардың көмегімен хан тағына отырды. Бірақ бауыры Жүніс Темір әулетімен одақтасып ағасына қарсы шығуда. Есен Бұға інісіне қарсы одақтас іздеуде. Сонда жол тартсақ қайтеді?
Керей: Ия, көшсек көшейік. Сол жаққа көшіп барып, Ұлы жүзбен бірігейік.
Сұлтандар: - Біз дайынбыз бастаңыздар көшті. Біз сіздермен біргеміз.
Жәнібек: Кереке, ұзақ жолға шыққалы тұрмыз. Өзінің бір бата беріңіз.
Керей:
Жолыңды Алла қолдасын,
Жаманшылық болмасын.
Кетілмесін тұлпарыңның тұяғы,
Қайырылмасын сұңқарыңның қияғы.
Барған жерде құшақ жая қарсы алсын
Жақсы адамдар, жайсаң жандар зиялы.
Жалпақ емес, жақсы жермен танысқын
Алла жебеп ұшқан құспен жарысқын,
Көңілің шат, ат - көлігің арымай,
Отбасыңмен аман - есен табысқын.
Әумин.
 Жүргізуші:   Ия, сонымен Керей мен Жәнібек бастаған 200 мың адам Жетісуға бет алды.
- Ол туралы тарихшыларымыздың айтқандарына құлақ түрсек.
 Мұхаммед бен Уәли былай дейді: «Әбілқайыр хан Дешті Қыпшақ аймағында өз жауларының балаларын жеңіп шыққан кезде Жошы ханның ұлы Тоқа Темір хан ұрпақтарының кейбіреулері, мысалы Керей мен Жәнібек бағыну мен мойынсыну шеңберінен шығып, отанынан кетіп қалғанды жөн көрді. Олар бабаларынан мұраға алған елден бас тартып жат жерге апаратын жолға шықты. Мойындауға лайықты адамдар тобымен олар Моғолстанға апаратын жолды таңдап алды.»                                                                           

М. Х. Дулати: «Сол уақытта Дешті Қыпшақты Әбілқайыр хан биледі. Ол Жошы әулетінен шыққан сұлтандарды көп мазалады. Жәнібек пен Керей одан Моғолстанға қашып кетті. Есен Бұға оларды шын ықыласпен қарсы алып, Моғолстанның батыс шебін құрайтын Шу мен Қозыбасы округін берді. Әбілқайыр өлген соң Өзбек ұлысы бұзылып сала берді. Онда үлкен шатақтар басталды. Оның көп бөлігі Керей мен Жәнібек хандарға көшіп кетті, сөйтіп олардың төңірегіне жиналғандардың саны 200 мыңға жетті. Олар енді өзбек - қазақтар деп аталатын болды. Қазақ сұлтандарының билігі 870 жылдан басталады. Бәрін де Алла біледі.»  Хижра жыл санауы  бойынша   870 жыл қазіргі біздің жыл санауымыздың 1465 - 1466 жылдары.

Жүргізуші:    «Қазақ хандығы» Авторы: А.Асылхан.                                                          Мәнерлеп оқитын     11сынып оқушысы  Құлжарасов Әнуар

Қазақ биі «Қамажай». Орындайтындар: Республикалық   байқаулардың жүлдегерлері   Темірәлі Ақбота  мен  Елеусін Іңкәр.                        

«Тәуелсіздік жыры»  Авторы: Республикалық   байқаулардың  жүлдегері ,11сынып оқушысы  Қуанышев Аслан.                                  

Табылды Досымов  «Сәйгүлік» әні. Аудандық шығармалар сайысының жүлдегері , 8 сынып оқушысы Маршак Салтанат.                                                                            

Адайдың Жеті Қайқысының бірі  Жылгелдінің«Құнан нар» әні. Мектебіміздің   қазақ тілі мен әдебиет   пәні   мұғалімі  Тәжіғұлова Жарқынай.

Жүргізуші: Мектепішілік ғылыми тәжірибелік конференцияны ұйымдастырушы,           тарих пәні мұғалімі Бекбосинова Толқын Нұрғожақызы конференция жұмыстарын қорытындылауына рұқсат етіңіздер.

Тарих пәні мұғалімі Бекбосинова   Толқын:    Құрметті мұғалімдер, оқушылар! Бүгінгі еліміз тойлап отырған қазақ хандығының  жылдығына арналған конференция өзінің нақтылаған жоспары бойынша тағылымдық шараларын өткізіп, сіздерге таныстырып өтті. Халқымыздың тарихын зерделеу арқылы өздеріңізге шамшырақ болар мағлұмат  алды деп есептеймін.Еңсесі биік еліміз дүниежүзі елдерімен терезесі тең тәуелсіз ел болып, жылдан жылға дами  берсін. Халқымыздың көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың соңынан ере берейік. Сау- саламатта болыңыздар.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Тарих толқынында» атты ғылыми -тәжірибелік конференция"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по коллекторской деятельности

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Бекбосинова ТолқынҚР, Маңғыстау обл, Түпқараған ауд., Форт-Шевченко қаласы. Е. Өмірбаев орта мектебі«Тарих толқынында» атты ғылыми -тәжірибелік конференция«Тарих толқынында» атты ғылыми -тәжірибелік конференцияның өткізілу жүрісі:Мақсаты: Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа халқымыздың өткені туралы мағлұмат беру арқылы елжандылыққа, патриотизмге тәрбиелеу.Қазақ хандығының 550 жылдығының тарихи мәні туралы түсінік, ұғым қалыптастыру. Жүрісі:Жүргізуші: Қазақ хандығы – халқымыздың тұңғыш мемлекеттік құрылымы,мәңгілік қазақ елінің тарихи тұғыры. Сол тұғыры биік хандықтың құрылғанына бүгінде 550 жыл толып отыр. Бұл жылдар – бүгінгі Қазақстанның өткенінен сыр шертер, тарихын танытар ақиқат пен аңызға айналған жылдар. Еліміз тарих толқынында шыңдалып, байтақ жеріміз ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғалып, сарабдал хандардың саясаты мен ержүрек батырлардың ерлігінің арқасында тәуелсіздікке қол жеткізді. Осынау ұлан-ғайыр даламыздың алып сахарасында Қазақ хандығы ХV-ХІХ ғасырларда кеңінен қанат жайып, байтақ өңірді мекен еткен қазақ тайпаларының басын қосқан елдігіміздің бастауы болды.Елбасымыз 2015жылды өткенімізді зерделеп,ұлықтайтын жыл деп атаған еді. Тәуелсіз елдің ұрпақтарының халқымыздың өткен тарихын білуі ата баба алдындағы парызы деп білеміз. Мектеп ұжымымен бірлесіп өткізгелі отырған конференциямыздың негізгі тақырыбы- Қазақ хандығына 550 жыл толуы аясында болмақ.Конференцияның ашылуы. Мектеп директоры Ибраева Г.С. Еліміздің өткен тарихын білмей, болашаққа ұмтылу мүмкін емес. Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне қол жеткізуіміз ұлтарақтай жерін найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғаған ата бабаларымыздың арқасында деп білуіміз керек. Егемендік алған қазақ елі бірнеше ғасырлар бойы қиын қыстау кезеңдерді басынан кешіріп, мың өліп, мың тірілді. Қазақ хандығының 550 жылдығы тойланып отырған кезеңде еліміз Елбасымен бірге «Мәңгілік елге» айналуы үшін нық қадаммен алға жылжуда.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 140 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Методический материал: «Сарматская культура, Таштыкская культура, культура хунну (сюнну)» (5-11 класс)
  • Учебник: «Всеобщая история», Климов О.Ю., Земляницин В.А., Носков В.В., Под ред. Мясникова В.С.
  • Тема: Глава 1. Первобытность и Древний мир
  • 01.01.2021
  • 550
  • 0
«Всеобщая история», Климов О.Ю., Земляницин В.А., Носков В.В., Под ред. Мясникова В.С.

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.04.2020 271
    • DOCX 17.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кондрашова Наталья Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 3 года и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 79208
    • Всего материалов: 239

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

История и обществознание: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель истории и обществознания

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4450 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 113 человек

Курс повышения квалификации

Достижение эффективности в преподавании истории на основе осуществления положений историко-культурного стандарта

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 24 регионов
  • Этот курс уже прошли 638 человек

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "История и обществознание")

Учитель истории и обществознания

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Фокусировка и лидерство: достижение успеха в условиях стресса и перемен

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 13 регионов

Мини-курс

Стартап: от идеи к успеху

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 18 регионов

Мини-курс

Основы теоретической механики

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе