Главная / История / Тарих пәнінен сабақ жоспары: "Тың және тыңайған жерлерді игеру" (9 сынып)

Тарих пәнінен сабақ жоспары: "Тың және тыңайған жерлерді игеру" (9 сынып)

Сыныбы: 9 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу себебін тауып , ауыл шаруашылығын алға бастыру үшін қолданылған шараларды оқушыларға жете түсіндіру.Тың және тыңайған жерлерді игеруі демографияға әсері туралы нақты мәліметтер арқылы түсіндіріп,одақтық өнеркәсіп құрылыстарының Қазақстан халқының этностық құрамының өзгеруіндегі алатын орнын ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару және сабақта георгафия пәнінің атлас карталарын пайдалану қабілеттерін дамыту. 

Тәрбиелік: Оқушыларды Ұлттар бірлігі – Отансүгіштік рухтыңаса бір қасиетті көрнісі екенін ұқтыру. Сонымен қоса елін , жерін сүюге, достыққа, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : Тың туралы тірек кесте сызба. Қазақстанның ХХ ғ. 50-60 жылдар кезіндегі карта.

Сабақтың әдісі : Баяндау ( сұрақ-жауап,ізденіс, пікір сайыс, тест тап.)

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа дайындығын , оқушыларды түгендеп,

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 25 тақырып бойынша.

1. Патша өкіметінің көші-қон саясытының мәні қандай ?

2. Басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныстану кезеңдері қалай аталады ?

ІІІ. Жаңа сабақ барысы : Оқушыларға тың және тыңайған жерді игеру барысы туралы қысқаша мәлімет беріледі.Одақ бойынша 1954 жылы 13,5 млн га жер жыртылды. Қазақстанның бір өзінде 1954 жылдың тамыз айында 6,5 млн га жер жыртылып , тың игеру Ақмола , Қостанай, Солтүстік Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.Бұл – Қазақстанның солтүстік облыстары еді.1955 жылы жоспардағы 7,5 млн га –ның орнына тағы 9,4 млн га жер жыртылды.Оқушыларға берілген тың туралы мәліметтерден хабарлама тыңдау. Сабақ барысында тың туралы төмендегі кестеден көруге болады.



Орал, Сібір, Қазақстан



Қазақстандағы тың игерілген облыстар



Ақмола Солтүстік Қазақстан

Павлодар Қостанай

Көкшетау Торғай





Қазақстанда тың және тыңайған жерлерді игеру барысы туралы кесте


Басталған жылы

1954 жылы (қаңтар- наурыз пленумы

Идеяны ұсынушы

Үкімет

Одақ бойынша жыртылған жер

Солт. Кавказ,Орал,Оңтүстік сібір,Еділ бойы, Қазақстан

Қазақстан бойынша жыртылған жер

Павлодар ,Көкшетау,Торғай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола,Қостанай облысы

Тыңгерлерді материалдық ынталандыру

Дүние мүлкі тегін көшірілді.

Отбасшы басшысына 500-100 сом, әр мүшесіне 150-200 сом мөлшерінде бір реттік көмек берілді.

Үй салу үшін 10 жылға 10000 сом мөлшерінде несие берілді. (35 % -ін мемлекет өз қарамағына алды.)

Мал сатып алу үшін 1500-2000 сом несие берілді.

1,5 центнер астық немесе ұн ,азық – түлік берілді.

2 жылдан 5 жылға дейін ауыл шаруашылық салығынан босатылды.

Тыңгерлер саны

1954-1955 жылдары өнеркәсіпке , көлікке жұмыс істеу ішін 0,5 млн адам

Ақмола облысына 20000 адам

Солт. Қазақстанға 150000 адам келуі керек еді , артығымен 650000 адам келді.

1954-1962 жылдары жалпы 2 млн адам келді.

Жыртылған жер көлемі

1954 жылы 6,5 млн гектар

1955 жылы 9,4 млн гектар

Жалпы 25 млн гектар

Бөлінген қаржы

1954-1959 жылдары 20 млрд.

Пайдасы

Ұлттық маман кадрлар көбейді.

Қалалармен өнеркәсіп орындары салынды

Мәдени ошақтар пайда болды

Техниканы меңгеру басталды.

Халықтар арасында достық қарым – қатынас орнап,

Басқа ұлттар мәдениетінің жетістіктеріне үйренді.

Басқа салалардың дамуына әсер етті.

Одақ бойынша астықты аймаққа айналды.

Зияны

Қазақ тілі тұрмыстық тіл болып қалды.

Қазақ мектептері жабылды.

Демографиялық күйзеліс басталды.

Экстенсивті әдіспен жүргізілді

Мал шаруашылығының жайылымдық жерлері тарылды.

Топырақ эрозиясы күшейді.

Жердің құнарлы қабаты желге ұшты

Ет пен сүт өнімдерінің тапшылығы туды.

Пайдакүнемдер көбейді.





Изображение 002







IV. Сабақты бекіту Сабақты қорытындылауға арналған тесттік жұмысы.

Тест сұрақтары: 
1.Тың және тыңайған жерлерді игеру туралы шешім қай жылы қабылданды? 
А) 1953 жылы жазда 
В) 1954 жылы көктемде 
С) 1960 жылы қыста. 
2. Топырақ эрозиясының неше түрі болады? 
А) 2 
В) 3 
С) 4. 
3. Тың игерушілердің алғашқы баспанасы қандай болды? 
А) Тас және ағаш үйлер 
В) Палатка, вагондар 
С) Жатақхана, жалдамалы баспана. 
4. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі топырақ жамылғысының түрі қандай? 
А) Қара қоңыр топырақты зона 
В) Сұр топырақты зона 
С) Қара топырақты зона. 
5. 1940-1950 жылдардың ішінде Қазақстанда қанша жаңа қала бой көтерді? 
А) 15 
В) 86 
С) 1200. 
6. Қазақстанның солтүстік бөлігіндегі негізгі шаруашылық түрі: 
А) Астық шаруашылығы 
В) Мал шаруашылығы 
С) Биязы жүнді қой шаруашылығы. 
7. Тың игеру барысында 1960 жылдардың басына дейін Қазақстанға қанша адам қоныс аударды? 
А) 132 мың 
В) 640 мың 
С) 2 млн-ға жуық. 
8. Қазақстанның солтүстік бөлігінде ең көп және тығыз орналасқан халық: 
А) Орыстар 
В) Қазақтар 
С) Поляктар. 
9. Республикада жергілікті ұлт өкілдерінің саны 2 млн 787 мыңды құраған санақ қай жылы жүргізілді? 
А) 1958 жылы 
В) 1959 жылы 
С) 1960 жылы 
10. Төмендегі облыстардың қатарында %-бен есептегендегі халық ең тығыз орналасқан облысты белгіле: 
А) Ақмола 
В) Қостанай 
С) Солтүстік Қазақстан. 


Тест жауаптары: 
1.В  2. А  3. В  4.С  5. А  6. А  7. С  8. А  9. В  10. С 

ІІ тапсырма - Құрастырмалы тест 
1. Тың игеру науқанында республиканың ұлттық-демографиялық ерекшеліктері ............................ (ескерілмеді). 
2. Жергілікті халықтың ғұрпына, дәстүріне, мәдени ескерткішіне ............... (менсінбей қарау) орын алды. 
3. Шеттен келгендердің Қазақстан қалаларын жайлап алу жағдайы тек солтүстік өңірлерде ғана емес, ......................... (Шымкент, Жамбыл, Алматының) және өзге қалалардың кәсіпорындары да осылай істеді. 
4. 1950 жылдардың ортасынан бастап Қытай Халық Республикасында тұратын қазақ диаспорасының бір бөлігі ................... (тарихи Отанына оралуға) мүмкіндік алды. 
5. Демографиялық ахуалдың ............................ (орыстілді тұрғындардың пайдасына шешілуі) қазақ тілі мен мәдениетін ауыр жағдайға ұшыратты. 
6. Қазақ мектептерінің саны ................ (күрт кеміді). 


Сабақты мұғалім қорытындылауы : Қазіргі нарықтық экономика жағдайында ауыл шаруашылығының жағдайы нашарлап , көптеген ауыл шаруашылығының белді мамандары жұмыссыз жүр. Ауылдан қалаға көшіп келіп жатыр. Қалада да мардымды жұмыс тауып кетіп жатқандары шамалы. Сондықтан :

« Ұлтарақтай болса да ,

Ата қоныс жер қымбат.

Ат төбеліндей болса да ,

Туып өскен ел қымбат »,-

деп халық айтқандай ауыл шаруашылығын дұрыс жолға қоймай халқымыздың шаруашылығы артып , хал тұрмысы жақсара ма ?

Ерте кезден –ақ халқымыз табиғатты қастерлеп , бар өмірі табиғат аясында өткен. Ардақты азаматымыз , ғұлама ғалым Қаныш Сәтбаевтың мына бір жан тебірентер жүрек толғауы ойға оралады : « Туған жердің тағдыры толғантпаған , жаны тебіреніп ол туралы ойламаған жігітті қайтіп азамат дейміз ? » десе, халқымыздың мақтанышы Шоқан Уәлиханов : « Табиғат , адам , өзіңіз айтыңызшы , тіршілікте одан ғажап , олардан құпия не бар ?» деп атап көрсеткен.

Құрметті оқушылар ! Сөзімнің соңында мына бір өлең жолдарына көңіл қойғым келеді :

« Туған жерді сүю парыз !

Сүю үшін білу парыз !

Қасиетін ұғу парыз !

Күзетінде тұру парыз !» —

демекші туған жерімізді Жер – Ананы қастерлеп , оның ауыл шаруашылығын дұрыс жолға қоймай жағдайымыз жақсармақ емес. Дегенменде қазіргі таңда ел басшымыз ауыл шаруашылығына көп көңіл бөлуде .Ауыл шаруашылығы жақсарса , ел тағдыры да жақсарады деп сенуімізге болады.


V. Бағалау

VІ. Рефлексия

Білетінім

Үйренгенім

Үйренгім келеді

 

 

 

 


VІІ. Үй тапсырмасы: Оқушылар Қазақстандық тыңгерлерге арналған фото альбом шығару тапсырылады.Сонымен қосымша Жұбан Молдағалиевтің «тың атты айқас мекені» ; М.Е.Довжуктың « Бір күн бір жылға тең » атты шығармасн іздеп оқу.



Қосымша тапсырма – «Пайыздық көрсеткіштерге сипаттама бер» 
№ Пайыздық көрсеткіштер Сипаттамасы 
1 28% 1939 жылғы республикадағы қала халқының үлесі 
2 44% 1959 жылға республикадағы қала халқының үлесі 
3 29% 1959 жылғы санақ бойынша Қазақстанда мекендеген жергілікті халықтың үлесі 
4 9,5% 1939-1959 ж.ж. Одақ халқының көбею көрсеткіші 
5 52,8% 1939-1959 ж.ж. Қазақ КСР-індегі халқтың көбею көрсеткіші 

Тарих пәнінен сабақ жоспары: "Тың және тыңайған жерлерді игеру" (9 сынып)
  • История
Описание:

Сыныбы: 9 сынып.

Сабақтың тақырыбы: Тың және тыңайған жерлерді игеру

Сабақтың мақсаты :

Білімділік: Соғыстан кейінгі жылдарда ауыл шаруашылығының артта қалу себебін тауып , ауыл шаруашылығын алға бастыру үшін қолданылған шараларды оқушыларға жете түсіндіру.Тың және тыңайған жерлерді игеруі демографияға әсері туралы нақты мәліметтер арқылы түсіндіріп,одақтық өнеркәсіп құрылыстарының Қазақстан халқының этностық құрамының өзгеруіндегі алатын орнын ашып көрсету.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, топпен жұмыс істеу, өз бетінше қорытынды жасай білу қабілеттерін дамыта отырып, оқушы бойындағы шығармашылық, ізденімпаздық қасиеттеріне назар аудару және сабақта георгафия пәнінің атлас карталарын пайдалану қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды Ұлттар бірлігі – Отансүгіштік рухтыңаса бір қасиетті көрнісі екенін ұқтыру. Сонымен қоса елін , жерін сүюге, достыққа, ынтымақ пен бірлікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың көрнекілігі : Тың туралы тірек кесте сызба. Қазақстанның ХХ ғ. 50-60 жылдар кезіндегі карта.

Сабақтың әдісі : Баяндау ( сұрақ-жауап,ізденіс, пікір сайыс, тест тап.)

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Сыныптың сабаққа дайындығын , оқушыларды түгендеп,

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау. 25 тақырып бойынша.

1. Патша өкіметінің көші-қон саясытының мәні қандай ?

2. Басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға қоныстану кезеңдері қалай аталады ?

ІІІ. Жаңа сабақ барысы : Оқушыларға тың және тыңайған жерді игеру барысы туралы қысқаша мәлімет беріледі.Одақ бойынша 1954 жылы 13,5 млн га жер жыртылды. Қазақстанның бір өзінде 1954 жылдың тамыз айында 6,5 млн га жер жыртылып , тың игеру Ақмола , Қостанай, Солтүстік Қазақстан , Көкшетау , Торғай , Павлодар облыстарында жүзеге асырылды.Бұл – Қазақстанның солтүстік облыстары еді.1955 жылы жоспардағы 7,5 млн га –ның орнына тағы 9,4 млн га жер жыртылды.Оқушыларға берілген тың туралы мәліметтерден хабарлама тыңдау. Сабақ барысында тың туралы төмендегі кестеден көруге болады.

Автор Мамиева Әсел Амангельдықызы
Дата добавления 05.02.2016
Раздел История
Подраздел Планирования
Просмотров 688
Номер материала MA-064514
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓