Главная / История / ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА СЫНИ ОЙЛАУ ЖОБАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА СЫНИ ОЙЛАУ ЖОБАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында білім беруді 2010-2015 жылдарға дейін мемлекеттің дамыту бағдарламасына сәйкес жалпы орта білімде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты жүзеге асыру жоспарланған. Осындай білім беру жүйелерінде білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда [1].

Тарихты бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты талап – дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған әлемдік құндылықтардан хабардар, жан – жақты жетілген, өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын, белсенді ұлтжанды, патриот азаматты қалыптастыру. Тарих пәін оқыту, ұлттық идеолгиямен сусындаған азаматтар тәрбиелеу, ашық қоғам орнатуға ат салысатын патриот болуға ықпал ету үшін қаншама шығармашылық ізденіс қажет.

Әрбір ұстаз алдында өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, мәдениеті жан – жақты жетілген тұлғаны дайындау міндеті тұр.

Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, болашақ ұрпаққа әсері мен ықпалы ерекше болады.

Жаңа технологиялардың мақсаты мен тиімділігі: 

  • шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға қалыптастыру;
     
  • демократиялық білім беру;
     
  • білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру;
     
  • білім сапасын көтеру;
     
  • өзін бағалай білу және өзгелердің ой – пікірімен санасуға, құрметтеуге басқаны баулу;
     
  • әр оқушы өз мүмкіндігінше дамиды;
     
  • жауапкершілігі, қызығушылығы артады
     
  • пікір айтуға жаңаш ойлауға жағдай туғызады.
     
Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, кеңесе, шәкірттер болашағын ойлай жасаған еңбек пен тәжірибенің бірлігі болуы қажет.

Педагогикалық технлогиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Олар аз емес; мәселелік технологиялары, дебат, ойын әдістері, оқушының денсаулығын қорғайтын оқыту технолгиялары, модульдік технология және сыни тұрғыдан ойлауға дамыту технологиясы. Мен осылардың ішінде « Сын тұрғысынан ойлау » технологиясына тоқтала кетпекпін.

Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту технологиясы.

«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлау бағдарламасы – алған білімін өмірде қолдана алатын, өзін таныта, дамыта білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын технология»

«Оқу мен жазу жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша л мынандай құрылым: 

  • шыңдалған ойлау, кез – келген даму деңгейіне байланысты мәселелерін сын көзбеу қарау;
     
  • күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;
     
  • үйрету мен үйрену бірлігін, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым;
     
  • баланың бойындағы құмарлығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап – тілектерін, сұраныс пен қажеттілігін ескеру, шығармашылыққа баулу;
     
  • білімді өз бетімен іздену арқылы йлауға жағдай жасау,
     
  • өзін - өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.
     
Сын тұрғысынан ойлау – шыңдалған ойлау. Сын тұрғысынан ойлау және оның бағдарламасы үш деңгейден тұратын оқыту мен үйрену моделі. Олар:

І. Қызығушылығын яту езеңі.

ІІ. Мағынаны ажырату.

ІІІ. Ой – толғаныс кезеңі.

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін байырғы білімін еске түсіртіп, жаңа тақырып туралы болжам жасатып және сауал қоюға үйрету қажет.

Мағынаны ажырату кезеңінде оқушылар жаңа тақырыпты өздігімен қабылдап, өзіне пайдалысын алуы керек. Олар әр түрлі сұрақ қояды, жаңа білімді сын елегінен өткізе білуі керек, әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білімін жетілдіреді.

Ой – толғаныс кезеңінде өзінің не үйренгенін тексеріп, сын көзбен қарап, жаңа әдіс – тәсілдер арқылы білімдерін кеңейтіп, тест құрастырып, проблемалы сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі төмендегідей нәтиже береді:

  • оқушылар басқалармен қарым – қатынас жасай біледі;
     
  • басқаларды тыңдап кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды;
     
  • өз ойын топ алдында ашық айтып, қорғай біледі;
     
  • керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйретеді, дамуын қамтамасыз етеді;
     
  • оқушының өз мотивациясы өзгереді;
     
  • өз бетінше ізденуге үйренеді;
     
  • ең бастысы сабаққа қызығуышылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады [4].
     
Жаңаша оқыту үрдісі бойынша, модульдік оқыту технологиясында сабсқтарымда қолданамын. 

Модульдік оқытудың негізгі талаптары: 

  1. Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамыту.
     
  2. Танымдық үрдістерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамыту.
     
  3. Оқуға қызығушылық қалыптастыру.
     
  4. Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамыту.
     
  5. Тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ету.
     
Модульдік оқытудың негізгі тиімділігі: 

  1. Әр оқушыға деңгейлік жүйе бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік береді.
     
  2. Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге жағдай жасайды.
     
  3. Оқушылардың өзіндік ізденісіне алғышарттар жасап, серпін береді.
     
  4. Сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуына жағдай жасайды.
     
Модульдік оқытудың құрылымы: 

  1. Оқытудың жалпы мақсатын қою.
     
  2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу.
     
  3. Оқушылардың білім деңгейін алдын – ала (диагностика) бағалау.
     
  4. оқу әрекеттерінің жиынтығы.
     
  5. Нәтижені бағалау.
     
Модульдік оқытудың ерекшелігі: бірінші кезекте балаларды оқытуға емес, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға бағытталған. 

Қорытынды: 

  1. Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін арттырады.
     
  2. Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамытады.
     
  3. Сөздік қорын дамытады, Сөйлеу дағдысы жетіледі.
     
  4. Сын көзбен қарауға үйренеді.
     
  5. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады.
     
Білім саласының әлемдік кеңістікке ену жағдайында Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парагдимасы бірінші орынға жеке тұлға білім беру арқылы оның шығармашылық біліктілігі мен дағдысының өз дәрежесінде дамуын мақсат етіп қойып отыр.

Жалпы шығармашылық дегеніміз – адамны белсенділігі мен дербестігінің және қиял – ойын іске асырудың жоғарғы формасы.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыратыру жолдары: 

  • шығармашылық тұрғыда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен оқу міндеттерін анықтау арқылы,
     
  • пәнаралық бірлестіктерді қалыптастыру арқылы,
     
  • оқытуды жаңа педагогикалық жаңа технологияларға негіздеу арқылы,
     
  • концептуалды идеяға негізделген оқу процесінің инновациялық әдіс – тәсілдерін енгізу тағы басқа арқылы іске асырылады.
     
Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда сыныптан тыс жеке – ұжымдық жұмыстар ұйымдастыудағы: шығармашылық ай, пәнді апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультатив сабақтарының маңызы зор. Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша жүргізілсе, оған әртүрллі сынып оқушылары қатыстырылуы мүмкін.

Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белседілігін оятып, оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге , өзгелердң ісінен сабақ алуға, танымдық, әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой – пікірлері қалыптасады [5].

Осындай жүргізілген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әртүрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырады. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі оқушыларды арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.

Оқушылардың шығармашылық шабытын, қызығушылық қабілетін дамытуда өз тарихымызды, еліміздің жетістіктерін және қиын – қыстау жағдйларын өз дәрежесінде зерттеп білудің маңызы өте зор. Себебі тарих пәні жеке тұлғаның ұлтжандық сезімін оятып, оны биік арманға жетелейді.

Соңғы жылдары білім беруді модернизациялаудың басты идеяларыны бірі – адамның құзыреттілігін қалыптастыру болып отыр. Сондықтан қазіргі таңда орта мектеп оқушысына энциклопедиялық білімді ұшан теңіз, тұңғиық терең меңгерткеннен бұрын, игерген білімдерін нақты іс - әрекеттерде туындайтын жағдаяттар мен проблемаларды шешу үшін қолдана алу сауаттылықтығын үйретудің маңызы зор. Демек, бүгінгі күні жаңа заман тұлғасының қалыптасуына және оған білім беруде құзіреттілік тұрғыдан қарауға елеулі көңіл бөліне бастады.

Құзыреттілік термині алыс – жақын шет елдердің ғылыми әдебиеттерінде кеңінен қарастырылған. Мысалы, competense (латынша) сәйкес, жарамды, competent (французша) құзыретті, құқықты, competere – сай болу , қабілетті болу деген мағына берсе, орыс тілі сөздіктерінде құзыреттілік «белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді біреудің жетік білуі » деген мағынаны бейнелесе, қазақша сөздіктерде біреуге тиесілі істер, сұрақтар шеңберінде белгілі бір адамның не мекеме өкілдігінің құқықты болуы [3].

Психологиялық – пеагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық құзыреттілік» термині көп қолданылады. Сонымен бірге, психологияда көпшілік мақұлдаған көзқарас бойынша «құзыреттілік» ұғымына білім, білік, дағдыларды және әрекетті орындау тәсілдерін өндіреді. Құзыреттілікті бұдан да ауқымда жоспарда қарастыру Ю.Н.Емельяновтың еңбектерінен байқалады.

«Құзыреттілік – дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі» деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр.

Сонымен құзырет құбылыс (мәселелер, сұрақта) яғни оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс - әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс құзыреттілік – сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс - әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғлық байланысқан қасиеттердің жиынтығы.

Кейбір ғалымдар «комуникативтік» және «құзыретілік» ұғымдарын өзара байланыстырады.

Тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігі адамдармен байланысқа түске кезде толық ашылады. Әсіресе адамдармен тіл табысуда өзінің мінез құлқын бақылау басшылыққа алу, өз көзқарасын дәлелдеуі керек.

Мұғалім оқушы бйына комуникативтік білім, біліктілік,дағдыларды қалыптастыру керек. Менің ойымша, оқушы бойына коммуникативтік құзыреттілікті қлыптастыру үшін мынандай біліктілік пен икемділікті меңгерту қажет:

  • кез келген ортада өзіне қойылған және бөгде біреуге қойылған сұрақтарға сауатты жауап беруге даяр тұруы;
     
  • қарым – қатынаста сөз байлығын кеңінен қолдана алу, оның ішінде көркемдегіш, бейнелеуіш сөздерді қолдана алу;
     
  • айтылған ойды ары қарай жалғастырып айта білуге төселу;
     
  • кез – келген тұлғааралық қарым – қатынасты сынай білу және бағалау;
     
  • тұлғааралық конфликт орнаған жағдайда дұрыс шешім қабылдап, әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу икемділігі т.б.
     
Қорыта келе, құзыреттілік – белгілі бір саладағы іс - әрекетке қатысты жинақталған білім, білік, дағдысы, тәжірибесі болса, коммуникация – қарым – қатынас, өзара пікірлесу, сөйлесу, ұғынысу дегенді білдіреді. Демек, коммуникативті құзыреттілі – бұл өзара байланыс, пікірлесу, сөйлесуге қатысты коммуниканттардың жинақталған білім, біік, дағдылармен қарулануы, білімдік қатысымды терең меңгеруі деп білемін.

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА СЫНИ ОЙЛАУ ЖОБАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
  • История
Описание:

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА СЫНИ ОЙЛАУ ЖОБАСЫ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қазақстан Республикасының әлемдік өркениетке кірігуіне қатысты білім беру саласына қойылып отырған заман талабы – шығармашылықпен жұмыс істей алатын, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеп қалыптастыру. Бұл жұмыс Қазақстан Республикасында білім беруді 2010-2015 жылдарға дейін мемлекеттің дамыту бағдарламасына сәйкес жалпы орта білімде 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуге байланысты жүзеге асыру жоспарланған. Осындай білім беру жүйелерінде білім беруді ұйымдастырудағы жаңаша көзқарас ретінде қарастырылуда [1].

Тарихты бүгінгі заманның талабына сай оқытудағы басты талап – дүние жүзілік дамудағы адамзаттың орны, ол жасаған әлемдік құндылықтардан хабардар, жан – жақты жетілген, өз тарихының өткеніне көз жүгіртетін, қоғамның даму үрдісіне өзінше баға бере алатын, белсенді ұлтжанды, патриот азаматты қалыптастыру. Тарих пәін оқыту, ұлттық идеолгиямен сусындаған азаматтар тәрбиелеу, ашық қоғам орнатуға ат салысатын патриот болуға ықпал ету үшін қаншама шығармашылық ізденіс қажет.

Әрбір ұстаз алдында өз Отанын шексіз сүйетін, білімді, іскер, адамгершілігі мол, мәдениеті жан – жақты жетілген тұлғаны дайындау міндеті тұр.

Сабақ түрі жаңа заман талаптарына сай өзгеріп, жаңарып отырса, болашақ ұрпаққа әсері мен ықпалы ерекше болады.

Жаңа технологиялардың мақсаты мен тиімділігі:

  • шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға қалыптастыру;

  • демократиялық білім беру;

  • білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру;

  • білім сапасын көтеру;

  • өзін бағалай білу және өзгелердің ой – пікірімен санасуға, құрметтеуге басқаны баулу;

  • әр оқушы өз мүмкіндігінше дамиды;

  • жауапкершілігі, қызығушылығы артады

  • пікір айтуға жаңаш ойлауға жағдай туғызады.

Нағыз сабақ – ол әрқашан диалог, іздене, дайындала, үйрене, кеңесе, шәкірттер болашағын ойлай жасаған еңбек пен тәжірибенің бірлігі болуы қажет.

Педагогикалық технлогиялар оқыту мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Олар аз емес; мәселелік технологиялары, дебат, ойын әдістері, оқушының денсаулығын қорғайтын оқыту технолгиялары, модульдік технология және сыни тұрғыдан ойлауға дамыту технологиясы. Мен осылардың ішінде « Сын тұрғысынан ойлау » технологиясына тоқтала кетпекпін.

Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту технологиясы.

«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлау бағдарламасы – алған білімін өмірде қолдана алатын, өзін таныта, дамыта білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын технология»

«Оқу мен жазу жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасы бойынша л мынандай құрылым:

  • шыңдалған ойлау, кез – келген даму деңгейіне байланысты мәселелерін сын көзбеу қарау;

  • күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

  • үйрету мен үйрену бірлігін, үйренудің қызығуынан тұратын, үйренушінің сеніміне негізделген құрылым;

  • баланың бойындағы құмарлығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға деген талап – тілектерін, сұраныс пен қажеттілігін ескеру, шығармашылыққа баулу;

  • білімді өз бетімен іздену арқылы йлауға жағдай жасау,

  • өзін - өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Сын тұрғысынан ойлау – шыңдалған ойлау. Сын тұрғысынан ойлау және оның бағдарламасы үш деңгейден тұратын оқыту мен үйрену моделі. Олар:

І. Қызығушылығын яту езеңі.

ІІ. Мағынаны ажырату.

ІІІ. Ой – толғаныс кезеңі.

Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін байырғы білімін еске түсіртіп, жаңа тақырып туралы болжам жасатып және сауал қоюға үйрету қажет.

Мағынаны ажырату кезеңінде оқушылар жаңа тақырыпты өздігімен қабылдап, өзіне пайдалысын алуы керек. Олар әр түрлі сұрақ қояды, жаңа білімді сын елегінен өткізе білуі керек, әдіс – тәсілдерді пайдалана отырып, білімін жетілдіреді.

Ой – толғаныс кезеңінде өзінің не үйренгенін тексеріп, сын көзбен қарап, жаңа әдіс – тәсілдер арқылы білімдерін кеңейтіп, тест құрастырып, проблемалы сұрақтарға жауап беруі тиіс.

Осы кезеңдердің ұтымды өткізілуі төмендегідей нәтиже береді:

  • оқушылар басқалармен қарым – қатынас жасай біледі;

  • басқаларды тыңдап кез келген жауапқа сыйластық, түсіністікпен қарайды;

  • өз ойын топ алдында ашық айтып, қорғай біледі;

  • керек кезде өз көзқарасын өзгертуге үйретеді, дамуын қамтамасыз етеді;

  • оқушының өз мотивациясы өзгереді;

  • өз бетінше ізденуге үйренеді;

  • ең бастысы сабаққа қызығуышылығы артып, балалардың белсенділігі өте жоғары болады [4].

Жаңаша оқыту үрдісі бойынша, модульдік оқыту технологиясында сабсқтарымда қолданамын.

Модульдік оқытудың негізгі талаптары:

1.
Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамыту.

2.
Танымдық үрдістерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамыту.

3.
Оқуға қызығушылық қалыптастыру.

4.
Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамыту.

5.
Тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ету.

Модульдік оқытудың негізгі тиімділігі:

1.
Әр оқушыға деңгейлік жүйе бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

2.
Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге жағдай жасайды.

3.
Оқушылардың өзіндік ізденісіне алғышарттар жасап, серпін береді.

4.
Сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуына жағдай жасайды.

Модульдік оқытудың құрылымы:

1.
Оқытудың жалпы мақсатын қою.

2.
Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу.

3.
Оқушылардың білім деңгейін алдын – ала (диагностика) бағалау.

4.
оқу әрекеттерінің жиынтығы.

5.
Нәтижені бағалау.

Модульдік оқытудың ерекшелігі: бірінші кезекте балаларды оқытуға емес, танымдық қызметін ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға бағытталған.

Қорытынды:

1.
Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін арттырады.

2.
Танымдық процестерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамытады.

3.
Сөздік қорын дамытады, Сөйлеу дағдысы жетіледі.

4.
Сын көзбен қарауға үйренеді.

5.
Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады.

Білім саласының әлемдік кеңістікке ену жағдайында Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парагдимасы бірінші орынға жеке тұлға білім беру арқылы оның шығармашылық біліктілігі мен дағдысының өз дәрежесінде дамуын мақсат етіп қойып отыр.

Жалпы шығармашылық дегеніміз – адамны белсенділігі мен дербестігінің және қиял – ойын іске асырудың жоғарғы формасы.

Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыратыру жолдары:

  • шығармашылық тұрғыда оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мен оқу міндеттерін анықтау арқылы,

  • пәнаралық бірлестіктерді қалыптастыру арқылы,

  • оқытуды жаңа педагогикалық жаңа технологияларға негіздеу арқылы,

  • концептуалды идеяға негізделген оқу процесінің инновациялық әдіс – тәсілдерін енгізу тағы басқа арқылы іске асырылады.

Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы ерекше. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда сыныптан тыс жеке – ұжымдық жұмыстар ұйымдастыудағы: шығармашылық ай, пәнді апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелер мен факультатив сабақтарының маңызы зор. Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша жүргізілсе, оған әртүрллі сынып оқушылары қатыстырылуы мүмкін.

Оқыту сабақтарының шығармашылық сипаты оқушының танымдық белседілігін оятып, оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына, адамгершілік қасиеттеріне әсер етеді. Ұжымдық сабақтарда өзінің сыныптасының кемшілігін көруге , өзгелердң ісінен сабақ алуға, танымдық, әлеуметтік ұстанымының қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой – пікірлері қалыптасады [5].

Осындай жүргізілген жұмыстар арқылы оқушылар өздерінің әртүрлі танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандырады. Сонымен қатар, мектеп ішіндегі оқушыларды арасынан дарынды балалардың шығуына ықпал етеді.

Оқушылардың шығармашылық шабытын, қызығушылық қабілетін дамытуда өз тарихымызды, еліміздің жетістіктерін және қиын – қыстау жағдйларын өз дәрежесінде зерттеп білудің маңызы өте зор. Себебі тарих пәні жеке тұлғаның ұлтжандық сезімін оятып, оны биік арманға жетелейді.

Соңғы жылдары білім беруді модернизациялаудың басты идеяларыны бірі – адамның құзыреттілігін қалыптастыру болып отыр. Сондықтан қазіргі таңда орта мектеп оқушысына энциклопедиялық білімді ұшан теңіз, тұңғиық терең меңгерткеннен бұрын, игерген білімдерін нақты іс - әрекеттерде туындайтын жағдаяттар мен проблемаларды шешу үшін қолдана алу сауаттылықтығын үйретудің маңызы зор. Демек, бүгінгі күні жаңа заман тұлғасының қалыптасуына және оған білім беруде құзіреттілік тұрғыдан қарауға елеулі көңіл бөліне бастады.

Құзыреттілік термині алыс – жақын шет елдердің ғылыми әдебиеттерінде кеңінен қарастырылған. Мысалы, competense (латынша) сәйкес, жарамды, competent (французша) құзыретті, құқықты, competere – сай болу , қабілетті болу деген мағына берсе, орыс тілі сөздіктерінде құзыреттілік «белгілі бір сұрақтарды, мәселелерді біреудің жетік білуі » деген мағынаны бейнелесе, қазақша сөздіктерде біреуге тиесілі істер, сұрақтар шеңберінде белгілі бір адамның не мекеме өкілдігінің құқықты болуы [3].

Психологиялық – пеагогикалық әдебиеттерде «педагогикалық құзыреттілік» термині көп қолданылады. Сонымен бірге, психологияда көпшілік мақұлдаған көзқарас бойынша «құзыреттілік» ұғымына білім, білік, дағдыларды және әрекетті орындау тәсілдерін өндіреді. Құзыреттілікті бұдан да ауқымда жоспарда қарастыру Ю.Н.Емельяновтың еңбектерінен байқалады.

«Құзыреттілік – дара тұлғаның өзіндік қабілеттері мен статусы шеңберінде қоғамда ойдағыдай жұмыс істеуге мүмкіндік беретін белсенділіктің әлеуметтік және жеке дара формасын үйрету деңгейі» деген анықтамасынан адам білімі, біліктілігі және тәжірибесі анық байқалып отыр.

Сонымен құзырет құбылыс (мәселелер, сұрақта) яғни оқушының жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс - әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс құзыреттілік – сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс - әрекетті жүзеге асыру қабілетінде байқалатын тұлғлық байланысқан қасиеттердің жиынтығы.

Кейбір ғалымдар «комуникативтік» және «құзыретілік» ұғымдарын өзара байланыстырады.

Тұлғаның коммуникативтік құзыреттілігі адамдармен байланысқа түске кезде толық ашылады. Әсіресе адамдармен тіл табысуда өзінің мінез құлқын бақылау басшылыққа алу, өз көзқарасын дәлелдеуі керек.

Мұғалім оқушы бйына комуникативтік білім, біліктілік,дағдыларды қалыптастыру керек. Менің ойымша, оқушы бойына коммуникативтік құзыреттілікті қлыптастыру үшін мынандай біліктілік пен икемділікті меңгерту қажет:

  • кез келген ортада өзіне қойылған және бөгде біреуге қойылған сұрақтарға сауатты жауап беруге даяр тұруы;

  • қарым – қатынаста сөз байлығын кеңінен қолдана алу, оның ішінде көркемдегіш, бейнелеуіш сөздерді қолдана алу;

  • айтылған ойды ары қарай жалғастырып айта білуге төселу;

  • кез – келген тұлғааралық қарым – қатынасты сынай білу және бағалау;

  • тұлғааралық конфликт орнаған жағдайда дұрыс шешім қабылдап, әңгімелесушімен шебер тіл табыса білу икемділігі т.б.

Қорыта келе, құзыреттілік – белгілі бір саладағы іс - әрекетке қатысты жинақталған білім, білік, дағдысы, тәжірибесі болса, коммуникация – қарым – қатынас, өзара пікірлесу, сөйлесу, ұғынысу дегенді білдіреді. Демек, коммуникативті құзыреттілі – бұл өзара байланыс, пікірлесу, сөйлесуге қатысты коммуниканттардың жинақталған білім, біік, дағдылармен қарулануы, білімдік қатысымды терең меңгеруі деп білемін.

Автор Достанбеков Канат Уланович
Дата добавления 10.01.2016
Раздел История
Подраздел Другое
Просмотров 506
Номер материала MA-063654
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓