«Тапқыр
достар»
математикалық көңілді тапқырлар клубы
Оқушылардың
ойлау қабілетін жетілдіру, тапқырлыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру
мақсатында «Тапқыр достар» атты математикалық көңілді тапқырлар клубы сайысы
7-9 сынып оқушылары арасында өтті. Кеш өтетін зал алдын-ала безендіріліп, әр
топқа берілетін тапсырмалар дайындалды.
Жоспары:
1.Топтың өзін таныстыру, амандасу рәсімі.
2. Тапқырлық сайысы (викториналық
сұрақтар)
3. Сөз тапқанға... /қойылған сұрақтарға
тапқырлықпен жауап беру/
4. Жанкүйерлер сайысы /жанкүйерлерге
арналған сайыс/
5. Капитандар сайысы /есеп шығару/
6. Математикалық моделдер сайысы
/көпжақтардың моделдерін жасау/
7. Өнер сайысы
8. Достық әзіл, әзіл-сықақ
Жүргізуші: Қайырлы
күн ұстаздар, оқушылар, қонақтар! Баршаңызды «Тапқыр достар» атты көңілді
тапқырлар клубына қош келіпсіздер дейміз.
Бастайық
ақыл ойдың дара кешін,
Халайық
сендер бізге жақын келші.
Математика
ғылымына ұмтылғандар,
Сен
егер кім екенін білгің келсе.
Сайысымызды бастамас бұрын әділ-қазылар
алқасымен таныс болайық
Бүгінгі
сайысқа қатысушы топтар «Қырандар», «Жалын»
Математика
сырлары
Қызықтырды
біздерді
Ойынға
бірге қатысуға
Шақырамыз
сіздерді,- дей отырып кезекті амандасу сайысына береміз
І-
топ
ІІ-
топ
Жүргізуші:
Мықты болсаң алдынғыны басып оз
Мықты
болсаң арттағыны жеткізбе
Мықты
болсаң тайғанама көк мұзда
Мықты
болсаң бөгеттерді бұзып өт- дей келе тапқырлық сайысына кезек берейік (бұл
сайыста әр топқа логикалық сұрақтар беріледі)
Жүргізуші: Айыра
біл жақсы менен жаманды
Айыра
біл қарындаш пен қаламды
Айыра
біл соқпағын да өмірдің
Айыра
біл тапсырмаңды алдағы- деп кезекті «Сөз тапқанға...» сайысына береміз. Бұл
бөлім бойынша сайыскерлеріміз өзіне қойылған сұраққа таратылған әріптен
басталатын сөз арқылы жауап қайтаруы тиіс. Ұпай саны топтың ұшқыр ойларына,
тапқырлығына байланысты қойылады.
«Қырандар»
тобына қойылатын сұрақтар:
/М,
Б, Е әріптері/
1.
«Математиканың білмесең дұрыс өмір сүрмейсің»- деген пікірге не айтасыз?
2.
Математиканы меңгеру үшін адамға не қажет?
3.
Интернет желісіне қалай қосыласың?
4.
Геометриялық фигуралардың бірін ата?
5.
Дүкенге барғанда неше теңгеге сауда жасайсың?
6.
Сенің ойыңша ең үлкен қай сан?
«Жалын»
тобына қойылатын сұрақтар
/Ж,
К, Т әріптері/
1.
«Математика-
ғылымдар патшасы» дегенде қалай түсінесің
2.
Математика
ғылымы қызықты ма?
3.
Геометриялық
фигураның бірін ата?
4.
Аспанда
қанша жұлдыз бар?
5.
Жолда
жүру құны қанша теңге?
6.
Компьютерде
жұмыс жасай аласың ба?
Жүргізуші: Ортаға
келесі жанкүйерлерді шақырып, сайысымызды жалғастырайық. Қазір сіздерге сөздер
оқылады сол сөздердің қайсысын есте сақтасаңыздар соларды қағазға жазыңыздар
кім көп сөз жазсса сол өз тобына көп ұпай әкеледі.
Сөздер:
/бұрыш, сызғыз, транспортер, коэффицент, азайтқыш, сәуле, алпыс, радиус,
шеңбер, қосынды, теорема, бөлшек, прапорция, қатынас, анықтама,аксиома,
көбейтінді, циркуль, кесінді, түзу,икс, синус, диагональ, периметр,көлем/
Жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты
бір жиын болсын
Білімдірек
шәкірт озар
Сұрақтары
қиын болсын. Келесі кезекті капитандар сайысына береміз. Карточка арқылы
берілген есептер.
Жүргізуші: Сайысымыздың
келесі бөлімі «Математикалық моделдер сайысы» әр топ мүшелері өздері жасап
әкелген көпжақтар моделдерімен таныстырады.
Жүргізуші:
Тағыда үйренеміз аман болсақ,
Шыңымыз
биік болар білім қусақ
Өмір
деген өнермен үйлеспей ме
Жадыратар
жанымызды ән тыңдасақ
Ойынымыздың
келесі бөлімі «Өнерлі өрге жүзер» деген оймен әр топтың өнерін ортаға саламыз.
Жүргізуші:
Келесі бөлімі «Әзілің жарасса...»- деп достық әзіл бөлімін бастаймыз
Жүргізуші:
Сайыстың соңғы сәті таяп қалды,
Демеңіздер
біз өнерді аяп қалды.
Әділ-қазы
сіздерге сөз береміз
Жеңімпаздар
кім болып сарапталды.
Құрметті
әділ-қазылар біз сіздерге топтардың ұпай санын есептеп жеңімпазды анықтауды
тапсырамыз.
Жүргізуші:
Алдыңызда жайнаған жүздер әні
Сіздермене
кездесерміз біздер әлі
Әділ-қазы
көрермен сау тұрыңыз
Күтеді
біздерді жақсы күндер әлі - дей келе осы сайысқа қатысқан баршаңызға шын
жүректен алғысымызды білдіреміз.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.