Главная / Другое / Тамыз конференциясы

Тамыз конференциясы

Патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру – тұлғаны тәрбиелеу мен ...
Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,әлеуметтік жауапкершілікті,ота...
Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауынан «Жаңа қа...
Ә.Қалмырзаев “Бұл сезім әркімге әр кезеңде (яғни, әртүрлі жаста) оянып, кейі...
«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет» Н.Ә....
«Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы ,жеке адамның дарындылығын...
. «Біздің ортақ үйіміз -Қазақстан»
«Менің тұңғыш президентім» сынып сағаты
«Тәуелсіздік туы желбірей берсін»
«Кітап - білім бұлағы»
«Зарница» ойыны
«Жас ұлан» ұыймы
Ұлы Жеңіске 70 жыл
XXI ғасыр көшбасшысы
Назарларыңызға рахмет !
1 из 15

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 Патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру – тұлғаны тәрбиелеу мен әле
Описание слайда:

Патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру – тұлғаны тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің негізі Формирование патриотизма и лидерских качеств как основа воспитания и социализации личности

№ слайда 2 Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,әлеуметтік жауапкершілікті,отан с
Описание слайда:

Жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды,әлеуметтік жауапкершілікті,отан сүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілікті және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011 -2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

№ слайда 3 Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауынан «Жаңа қазақ
Описание слайда:

Қазақстан Республикасының Президентінің Қазақстан Халқына Жолдауынан «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі»» «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады»

№ слайда 4 Ә.Қалмырзаев “Бұл сезім әркімге әр кезеңде (яғни, әртүрлі жаста) оянып, кейін к
Описание слайда:

Ә.Қалмырзаев “Бұл сезім әркімге әр кезеңде (яғни, әртүрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады”

№ слайда 5 «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет» Н.Ә. На
Описание слайда:

«Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет» Н.Ә. Назарбаев

№ слайда 6 «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы ,жеке адамның дарындылығын да
Описание слайда:

«Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы ,жеке адамның дарындылығын дамыту» Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы

№ слайда 7 . «Біздің ортақ үйіміз -Қазақстан»
Описание слайда:

. «Біздің ортақ үйіміз -Қазақстан»

№ слайда 8 «Менің тұңғыш президентім» сынып сағаты
Описание слайда:

«Менің тұңғыш президентім» сынып сағаты

№ слайда 9 «Тәуелсіздік туы желбірей берсін»
Описание слайда:

«Тәуелсіздік туы желбірей берсін»

№ слайда 10 «Кітап - білім бұлағы»
Описание слайда:

«Кітап - білім бұлағы»

№ слайда 11 «Зарница» ойыны
Описание слайда:

«Зарница» ойыны

№ слайда 12 «Жас ұлан» ұыймы
Описание слайда:

«Жас ұлан» ұыймы

№ слайда 13 Ұлы Жеңіске 70 жыл
Описание слайда:

Ұлы Жеңіске 70 жыл

№ слайда 14 XXI ғасыр көшбасшысы
Описание слайда:

XXI ғасыр көшбасшысы

№ слайда 15 Назарларыңызға рахмет !
Описание слайда:

Назарларыңызға рахмет !

Тамыз конференциясы
  • Другое
Описание:

Патриотизм мен көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру- тұлғаны

тәрбиелеу мен әлеуметтендірудің негізі

Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсатының бірі – жастардың бойында белсенді азаматтық ұстанымды, әлеуметтік жауапкершілікті, отан сүйгіштік сезімді, жоғары адамгершілік және көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыру болып табылады.

Елбасы өзінің Қазақстан Халқына Жолдауында «Жаңа қазақстандық патриотизм – біздің

көпұлтты және көпконфессиялы қоғамымыз табысының негізі» дей келе, «Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады» деген болатын..

Патриоттық сезімнің нысаны мен азаматтық парыздың өтелер өлшемі – Отан. Оны таратып айтсақ, бұл – туған жер, оның табиғат байлықтары, ұлттың тілі, дәстүрі, мәдени ескерткіштері, тарихы жасалған өлкедегі киелі орындары. Олардың адам санасына жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің бастауына айналуы – патриотизмге тәрбиелеудің арқауы. Ә.Қалмырзаев: “Бұл сезім әркімге әр кезеңде (яғни, әртүрлі жаста) оянып, кейін кәмелетке келгенде біржола буыны қатып, тәжірибемен, жаспен, уақытпен, біліммен, қоршаған ортаның ықпалымен, мемлекеттік және қоғамдық әлеуметтік институттардың (балабақша, отбасы, мектеп, жоғары оқу орындары, бұқаралық ақпарат құралдары, қоғамдық ұйымдар, саяси ұйымдар мен қозғалыстар) әсерімен қалыптасады” деп жазады.

«Отан – отбасыдан басталады» дейтін дана халқымыздың сөзіне еш шүбә келтірместен, елін сүйген баланы тәрбиелеп шығару үшін, Отанның қадірін туғаннан бастап бала санасына сіңіруіміздің қажеттілігін айқындау – уақыт талабы болып отыр. Сондықтан, Отанды сүюді қалыптастыру әр баланың отбасынан да, уақытының көбін өткізетін мектеп керегесінен де басталады. Ендеше, жас ұрпақты Қазақстандық патриотизм мен толеранттылыққа тәрбиелеу - басты парызымыз.

Негізінде, Отан деген киелі ұғымды санаға сіңіру әр адамның туған жерінен, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен астасып жатқан ұғымдар. Ұрпақ тәрбиесі қашаннан өз мәнін биік тұғырда ұстайды. Қай заманда, қай қоғамда болмасын адам баласы ұрпақ тәрбиесіне ерекше мән берген. Өркениет жолында алға ұмтылған ұлт, ең алдымен, келешек ұрпаққа оқу-білім және тәрбие беру ісін дұрыс жолға қоюы тиіс. Ұлттың бүгіні де, болашағы да тәрбиелі ұрпақпен тұтасып, байланысып жатады. Барлық жағынан қалыптасқан ұлттың санасында, түсінігінде, болмысында, өзіне тән ерекшелік менталитеті болатынын ғылым дәлелдеген. Қазіргі таңда тәуелсіз еліміздің ертеңгі тізгінін ұстар азаматтарына жан-жақты өнегелі тәрбие беру – қоғамымыздың алға қойып отырған басты мақсаттарының бірі. Мектеп жеке тұлғаның рухани жан дүниесі мен адамгершілік қасиетінің қалыптасуына жүйелі жолға қойылған тәрбие беру негізінде қол жеткізеді. Демек, бала тәрбиесі – Отан мен ел мүддесі. Бүгінгі өскелең ұрпаққа ғаламдастыру дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт-дәстүрін әр оқушының бойына сіңіре отырып, отансүйгіштікке баулу қазіргі тәрбие жүйесінің өзекті мәселесі. Егеменді еліміздің болашағы жас ұрпақты шыңдап өсіру, білікті азамат болып қалыптасуын қамтамасыз ету – бүгінгі таңда ең басты мақсат болып табылады. Өйткені еліміздің болашағы жас ұрпақ – ұлттық сана – сезімі оянған, адамгершілігі және рухани ойлау дәрежесі жоғары дамыған, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, салауатты, бойында жоғары патриоттық санасы, өз елі үшін мақтаныш сезімі қалыптасқан азамат етіп тәрбиеленуі тиіс. Мектептегі өскелең ұрпақтар – болашақ Қазақстан азаматы. Олар ескінің көзіндей, жаңаның өзіндей болып ХХІ ғасыр есігінен еркін еніп жүре алатын дүниежүзілік мәдениетті танитын, өзін сыйлата алатын, рухани дүниесі бай, интеллект деңгейі жоғары, білімді де білікті болуы шарт. Сонымен қатар, тәуелсіздігіміздің тірегі – білімді әрі саналы, парасатты, жан-жақты мәдениетті, еліміздің еңсесін өркениетке жетелейтін патриот азаматтарымыздың көп болуы керек. «Патриотизм» – ғасырлар бойы жинақталған ең терең сезімдердің бірі. Отанға деген сезім болмаса, патриот болу мүмкін емес. Отанның гүлденуіне және оны қорғауға деген патриоттық сезім адам жүрегінде өмір сүрген, өмір сүре бермек. Бірақ патриоттық сезім адамда өзінен -өзі не болмаса туа пайда болмайды. Ол ерте жастан адамға әсер ететін, ұзақ мақсатты түрде бағытталған тәрбиенің қорытындысы. Патриотизм ортаның, отбасындағы тәрбиенің, мектептің, мектепке дейінгі мекеменің және түрлі қоғамдық ой-пікірлердің әсер етуімен қалыптасады. Патриоттық тәрбие берудің басты бағыты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы мен еліміздің мемлекеттік нышандарын оқушыларға үйрету және орындату мәселелері.

Н.Ә. Назарбаев: «Күшті ұлт болу үшін алдымен ішкі бірлік, ұйымшылдық пен татулық қажет»,- деп айтқан болатын. Ал осындай ұлтты алға жетелейтін білімді, патроиот ,еңбекшіл, өз салт-дәстүрін,мәдениетін,тілін, дінін құрметтейтін азамат нағыз көшбасшы болуға лайық.

Көшбасшы – ұйымдағы адамдарға әлеуметтік, психологиялық, эмоционалдық тірек, қоршаған ортаға білім, моральдық құндылықтар беруші,қоғамдық өмірде ,топта белсенді, авторитет мүшесі. Жастардың көшбасшылық қабілеттілігі дегеніміз –ол басқару іс-әректіне деген жағымды мотивациясы негізінде басқару туралы білімдерін, тәжірибесін өз өмірі мен іс-әрекеті және қоршаған ортадағы құбылыстарды басқаруда қолына алу қабілеттігін сипаттайтын жеке тұлғаның кіріктірілген қасиеті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында мемлекетттік саясат негізінде ең алғашқы рет «Әр баланың қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуы ,жеке адамның дарындылығын дамыту» сияқты өзекті мәселелер енгізіліп отырғаны белгілі. Өйткені ғылым мен техниканы, өндірісті қазіргідей әлемдік деңгейде дамыту үшін елімізге шығармашылықпен жұмыс жасайтын білімді, жоғары дайындығы бар білікті мамандар қажет., ал сол мамандар дарынды балалардың ішінен шығады

Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасының 12 бағытқа негізделген кешенді бағдарламаның 1 бағыты -қазақ халқының тарихы мен салтын, тілін сүю және құрметтеуге, оның таңдаулы дәстүрлерін сақтауға және оны дамытуға, Қазақстанның басқа халықтарының мәдениетін зерттеу және игеруге негізделген азаматтық ұстанымды және патриоттық сананы, құқықтық және полимәдениетті, қалыптасқан ұлттық өзіндік сананы, ұлт аралық мәдени қарым-қатынасты, әлеуметтік және діни төзімділікті қалыптастыруды көздеген - Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік бағыт. Мектептерде осы бағытта іс-шаралар жоспары жасақталып, жоспарға сай көптеген шаралар өткізіледі.Атап айтсақ: Тәуелсіздікке қол жеткізудегі қазақстандықтардың сіңірген еңбегін, елдің қазіргі дамуындағы Қазақстан Республикасы Президенті – Елбасының басты рөлін насихаттауға, оқушылардың патриоттық сезімін қалыптастыруға бағытталған сынып сағаттарымен қатар мектепішілік іс- шаралар өткізілді. «Менің туған өлкем» тақырыбында оқушыларға өлке тарихы, тарихи ескерткіштері, белгілі азаматтары туралы мағлұмат беретін стенд жасақталды. «Біздің ортақ үйіміз -Қазақстан», «Қазақстанның болашағы балалар көзімен» тақырыптарында сурет байқаулары, Халықаралық тілдер фестивалі, «Менің тұңғыш президентім»,«Мемлекеттік нышандар тарихын білесің бе?», «Тіл – достықтың кілті, ынтымақтастықтың бастауы», «Тәуелсіздік туы желбірей берсін», «Қазақстан – менің мақтанышым, «Кітап - білім бұлағы», «Ата Заң», «Бейбітшілік белдері» тақырыбында сынып сағаттары , 7-мамыр ҚР қарулы күштерінің құрылған күніне арналған ерлік сабақтары, патриоттық әндер байқауы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған «Мәңгілік ұмытылмайды» т.б. игі шаралар өз дәрежесінде өтті. Сондай-ақ,оқушылардың бойына патриоттық сезімді қалыптастыруда «Жас ұлан» әскери-патриоттық ұйымының рөлі ерекше. Біздің «Жас қырандарымыз» мектебіміздің АӘД пәні мұғалімі жетекшілік ететін бұл ұйым жоғары буын оқушыларымен тығыз байланыста жұмыс атқарады.Қандай мемлекеттің де ертеңі еңселі, бала-шағаның баянды болуы жастардың тағдыр-тәлімінің қалай қалыптасқанына байланысты. Сондықтан мектептер мен өзге де оқу орындарының басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды игеруге қабілетті, ғылым мен тәжірбие жүзінде терең білім ала отырып, жеке тұлға болып қалыптасуға дайын ұрпақ тәрбиелеу. Оқушыларымыздың бойына елжандылық, азаматтық, жоғары ізгілік пен адамгершілік сезімдерді жан-жақты жетілгенде ғана Қазақстандық патриотизм сезімі асқақтай түседі. Сапалы білім мен саналы тәрбие беру ұай уақытта да өзінің өзектілігін жоймақ емес. Тәуелсіз Қазақстанның нағыз патроиттарын тірбиелеу ұстаздар қауымының жауапкершілігін арттыра түседі. Ендеше, өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық сезім мен адамгершілік тәрбиені қалыптастыруға жұмыла атсалысайық, әріптестер!

Автор Султагазина Жанар Кайратовна
Дата добавления 18.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Презентации
Просмотров 730
Номер материала MA-063901
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓