Главная / Другое / Талантты және дарынды оқушыларды анықтау, жүйелі жұмыс жүргізу

Талантты және дарынды оқушыларды анықтау, жүйелі жұмыс жүргізу

Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы. № 64 Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназиясының ІІ деңгейлі сертификатталған, қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі Салыбекова Б.Е

Коучинг жоспар №2

Сабақтың тақырыбы: Талантты және дарынды оқушыларды анықтау ,жүйелі жұмыс жүргізу.

Өткізілетін уақыты : 7 қыркүйек 2013 ж .90минут

Сабақтың мақсаты:Талантты және дарынды оқушыларды анықтап, оны одан әрі дамыту үшін жүйелі жұмыс жүргізуді ұйымдастыру Оқушы бойындағы мүмкіндікті қалыптастыратындай, тапсырмаларды ойластыру.

Күтілетін нәтиже: Талантты және дарынды оқушыларды анықтайды .Олар мен жүйелі жұмыс жүргізуді ұйымдастырады. Сабақ барысында берілетін түрлі тапсырмаларды ойластырады, дамыту жұмыстарын саралайды.

Мұғалімдердің коучинг барысындағы мүмкіндіктері:

1.Оқу процесі барысында дарынды және талантты балаларды анықтайды.

2.Мәселе бойынша терең ойланып ,ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылау жұмысын ұйымдастырады.

3.Тәжірибесінде дарынды және талантты оқушыны анықтайтындай мақсатты ,жүйелі жұмыс жоспарын нақтылайды.

4.Тақырыпты шеңберден тыс ойлануға дағдыланады.

Коучинг өткізу әдісі:

1.Тақырыпты диалогтық оқыту негізінде ойталқыға салу, пікір алмасу арқылы игерту.

2.Талантты және дарынды баланың өзіндік ерекшелігін түсіндіру.

3.Теориялық және практикалық біліммен әдістемелік білімді өзара сабақтастыру.

Ұсынылған ресурстар:LESSON STUDY (зерттеу сабағы), сабаққа катысуды жоспарлау. Өткізетін сабақтың жоспарын түзіп, бір әріптес белгілеген уақытта ол сабақты өткізеді, қалғандары сол сабаққа қатысады.

Қолданылған құралдар: Аудио-таспа, ватман, түрлі бейнелеу құралдары, А4 аққағаз.

Коучинг барысы

Коучингке қатысатын мұғалімдер:

Тарих пәні мұғалімдері: Төрегелдиева Нұржамал ,Беккулова Гүлбану ;қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Досан Гүлнұр

1.Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық (әріптестердің назарын өзіме аудару ).

2. Қызығушылықты ояту мақсатында «Шоу талантов» атты бейне басылымды ұсыну.

3. Тақырыпты ашу (әріптестер көрсетілген бейне бойынша тақырыпты өздері шығаруы тиіс).

Нұсқау: Алдарыңызға бейне таспа қойылды. Көрсетілген бейне таспаға мұқият мән беріңіздер. 15минут

А) Бейне таспада не көрсетілді?

Б) Бұл бейне таспа сіздерге қандай ойлар туғызды?

В) Талант пен дарынның өзіндік айырмашылығы неде? -деп түрткі сұрақтар беру арқылы диалогты жүргіземін.

Коучинг жүргізуші: Тақырып мазмұнын өздеріңіз ашып көрсеттіңіздер. Бүгінгі тақырыбымыз «Талантты және дарынды оқушыларды анықтау, жүйелі жұмыс жүргізу» болатын. Демек, талантты және дарынды оқушылармен жүйелі жұмыс жүргізу білім сапасын арттырады деген ойлар төңірегінде әңгіме өрбиді.

4.Белсенді әдіс қолдану: диалог

Нұсқау: А) Талантты және дарынды балалармен жұмыс аясындағы презинтацияны ұсыну. Теориялық мәліметтер бере отырып, практикада қолдану .20 минут

Б) Ой толғау (тақырып аясында ой бөлісу). Мақсаты айтылған мәселеге байланысты ой-өрістерін бақылау, әрі керекті мәліметті өз тәжірибеме ендіру. 15минут

В) Жас ерекшелік деңгейіне байланысты сабақ беретін сыныптардың 5-7, 8-9, 10-11 сыныптардың деңгейіне байланысты тапсырмалар ойластырып, құрастырыңыздар. 20 минут

В) Топтың өз жұмысын қорғауы. 10 минут

5. Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым--Қожа» көркем фильмін көрсетемін. Сонан соң өз ойларын анық білдіріп, өз идеяларын дамыту үшін «Бастама –жауап –кейінгі -әрекет» (БЖӘ) нысаны бойынша сұрақтар қоямын .

.А) Мұнда Қожа бейнесі қандай образды сомдайды ?

Б) Қожа талантты ма, әлде дарынды ма ?

В) Қожаның сотқар бала бейнесінде көрінуі неліктен ?

6.Кері байланыстың сұрақтары

1. Дарынды және талантты оқушыларды қалай анықтауға болады?

2. Оларға қандай тапсырмалар беруге болады?

3. Бұл сабақтан не үйрендіңіздер?

4. Бұл сабақтан қандай әсер алдыңыздар?

5. Өзіңіздің келешектегі тәжірибеңізге, сабақта қандай өзгерістер енгізесіз?

7. Әрбірқатысушы мұғалімге осы тақырыптағы мәселені қалай өз сабақтарында қолданатындарын анықтау үшін төмендегі тапсырмаларды орындатамын.

1. Сауалнама; 2. «Екіжұлдыз,біртілек»; 3. Рефлексия.

Коучинг жүргізуші: Қатысқандарыңызға рахмет! Шығармашылық жұмыстарыңызға сәттілік тілеймін. Келесі өтілетін ашық сабаққа түгел қатысып, осы сабақ барысындағы таңдалған тақырыптық проблеманың шешімін табатынына үлкен сенім артамын. Сау –саламатта болыңыздар.







Талантты және дарынды оқушыларды анықтау, жүйелі жұмыс жүргізу
  • Другое
Описание:

Сабақтың  тақырыбы: Талантты және дарынды оқушыларды анықтау ,жүйелі жұмыс жүргізу.

Өткізілетін уақыты : 7 қыркүйек 2013 ж .90минут

Сабақтың мақсаты:Талантты және дарынды оқушыларды   анықтап,  оны одан әрі дамыту үшін    жүйелі жұмыс жүргізуді   ұйымдастыру Оқушы бойындағы    мүмкіндікті қалыптастыратындай, тапсырмаларды  ойластыру.

Күтілетін нәтиже: Талантты және дарынды оқушыларды анықтайды  .Олар  мен   жүйелі жұмыс жүргізуді ұйымдастырады.  Сабақ  барысында берілетін   түрлі тапсырмаларды ойластырады, дамыту  жұмыстарын саралайды.

Автор Салыбекова Бибигул Есимхановна
Дата добавления 10.02.2015
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 941
Номер материала 56018
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓