Главная / Начальные классы / Тақырыбы:Білімді ел – Мәңгілік ел

Тақырыбы:Білімді ел – Мәңгілік ел

Маңғыстау облысы , Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылы

М.Әбдіхалықов атындағы мектеп-гимназиясының

бастауыш сынып мұғалімі Қосымбаева Айзада

Тақырыбы: Білімді ел – Мәңгілік ел

Мақсаты: Оқушыларды қазіргі заман талабына сай терең білім алуға ынталандыру; Жас ұрпақтың танымдық көзқарасын, ой-өрісін, дүние-танымын кеңейту, іскерлік қасиеттерін дамыту;

Логикалық ойлау, сөйлеу қабілеттерін шыңдау, оқушылар бойына ұлттық мәдени құндылықтарды сіңіру.

Мемлекеттік тілімізді сүйе білуге үйрету, туған елін, жерін құрметтейтін саналы, ізденімпаз болуға тәрбиелеу.

Түрі: интеллектуалды ойын-сайыс.

Көрнекілігі: слайдтар.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: - Балалар, біздің бүгінгі алғашқы сабағымыздың тақырыбы «Білімді ел – Мәңгілік ел».

-Ендеше, Мәңгілік елдің мәңгі бақытты ұрпағы – біз! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде бізге үлкен сенім артатынын айтып өтті. Демек, біздің алдымызда үлкен жауапкершіліктер жатыр.

Біз – Мәңгілік елдің білімді де саналы, сауатты ұрпағы ретінде өз еліміздің, Қазақстанның гүлденуі мен әрі қарай дамуына, көркеюіне үлесімізді қосуға тиіспіз. Артылған үміт пен сенімнің жүгі қанша ауыр болмасын, сан қилы, сан қырлы соқпақты жолдар болса да қазаққа тән қайсар мінезбен тайсалмай көтеріп өтуге тиіспіз!

Өйткені біз сонау заманда Мағжан Жұмабаев сынды ата-бабаларымыз сенген, бұл заманда елбасы Н.Ә.Назарбаев секілді ұлы тұлғалар үміт артқан ұрпақпыз! Бірде қарапайым да қара қазақ, бірде сөзге шешен, данышпан, дана қазақ бола білген Ұлы Қазақ Елі – Мәңгілік елдің ұрпағымыз!

Отан дейміз от жаққан жерімізді,

Отан дейміз өсірген елімізді.

Отан дейміз туған жер, атамекен-

Биік тау, орман, тоғай, көлімізді.  

Отан дейміз кең байтақ астананы,

Жасыл жайлау, жаңа жол, жас қаланы.

Отанның шеті де жоқ, шегі де жоқ,

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

  Қазақстан – біздің сүйікті Отанымыз. Көрсең көз тоймас асқар шыңды таулары, айдың шалқар көлдері, жайыла аққан өзендері, ормандары бар. Осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, жайнай түрленіп жасанып-жарасып жатыр.

         Білімді болсаң - жығарсың» дегендей, бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде өтпек. Сынып оқушылары сандықшадан жұлдызшалар алып, олардың түсіне байланысты екі топқа бөлінеді. Бұл білім сайысы 7 кезеңнен тұрады.

 1-кезең: Күш білімде
 
2-кезең: Аудармашы
 
3-кезең: Поэзия минуты
 
4-кезең: Шапшаңдық
 5-кезең: Әріп жұмбақ
 6-кезең: Мақал-сөздің көркі
 7-кезең: Капитандар сайысы

Сонымен  1-кезең: Күш білімде.

1-топқа:

1.Мемлекеттік рәміздерді ата.

2.Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен туының авторлары?

3.Қазақстан Республикасының реңдік бейнесі?

4.Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы?

5.Қазақстан Республикасының  мемлекеттік тілі?

6.Қазақстанның астанасы қай қала?

7.Қазақстан қандай мемлекет?

8.Тәуелсіздік күнін қашан тойлаймыз?

2-топқа:

1.Қазақстан Республикасы Елтаңбасының жоғарғы және төменгі жағында не бейнеленген?

2.Қазақстан өз тәуелсіздігін қашан алды?

3.Тұңғыш қазақ ғарышкері?

4.Қазақстанда қанша облыс бар?

5.Астананың символы?

6.Алатаудың етегінде орналасқан Қазақстанның ең сұлу қаласы?

7.Қожа Ахмет Иассауи кесенесі қай қалада?

 8. Қазақстанның тұңғыш астанасы?

2-кезең: Аудармашы

             1-топ

1.Қабат - қабат қаптама, Ақылың болса аттама. (кітап - книга - bооk )
2. Жеті Қазынаның бірі, Адамды қорғап жүретін досы(ит - собакa - dog).
3. Жүз теңгең болғанша, Жүз..... болсын. (дос - друг - friend)

2-топ

1. Тұмсығымен қозғалар,
Соңынан аппақ із калар.(бор - мел - chalk
2. Тіс жоқ өзінде, Сөзі бар ізінде.(қаламсап - ручка - реп)
3. Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. ( қоңырау - звонок - bеІІ)

3-кезең:
Поэзия минуты
Екі топ мүшелері кезекпен білетін өлеңдерін нақышына келтіріп мәнерлеп оқиды.

4-кезең: Шапшаңдық

Сөзден 2 минут ішінде бірнеше сөз құрап жазуларың керек.

Қазақстандықтар” 
 
5-кезең: Әріп жұмбақ

1.Өнерде бар,

   Талапта жоқ.

   Өрнекте бар,

   Оюда жоқ.

2. Аяқта бар,

    Баста жоқ.

    Таяқта бар,

    Таста жоқ.

3. Әріпте бар,

    Әдепте жоқ.

    Жерде бар,

    Селде жоқ.

4. Ініде бар,

    Бауырда жоқ.

    Жеңілде бар,

    Ауырда жоқ.

6-кезең: Мақал-сөздің көркі

Бұл кезеңде мақал-мәтелдің бірінші жолы айтылады, соңын топ сайыскерлері толықтырады

1. Туған жер - . . .

2. Өз елім - . . .

3. Отан - . . .

4. Туған жердей жер болмас,

    . . .

5. Отанды сүю . . .

6. Отан үшін отқа түс - . . .

7-кезең: Капитандар сайысы

1-топқа:

1.Сенің атың кім?

2.Сен қайда оқисың?

3.Сен нешінші сыныпта оқисың?

4.“Ұстаз” деген сөздің синонимі қандай?

5.Дәптерге немен жазасың?

6.Қазақстанның рәміздері?

7.Қазақстан Республикасының бас қаласы?

8.ҚР Президенті кім?

2-топқа:

1.Неше жыл мезгілі бар?

2.Бір жылда неше ай бар?

3.Қазақ тілінде неше әріп бар?

4.Бір аптада неше күн бар?

    1. желтоқсан қандай мереке?

6.Алтын сақина неден жасалған?

7.Сен қай мемлекетте тұрасың?

8.Буынның түрлерін ата.

Сергіту сәті: « Ойлан тап» Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:

БЫЖҢАР      Жаңбыр

ЗАНЙЙҒАА      Найзағай

КҚҚОАЕІПМРС    Кемпірқосақ

СЫЖАРОБЛ   Жолбарыс

Қорытынды: «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақыл
жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл – парасаты мол азамат болып өсейік.

Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!

Тақырыбы:Білімді ел – Мәңгілік ел
  • Начальные классы
Описание:

“Қазақстандықтар”

5-кезең: Әріп жұмбақ

1.Өнерде бар,

Талапта жоқ.

Өрнекте бар,

Оюда жоқ.

2. Аяқта бар,

Баста жоқ.

Таяқта бар,

Таста жоқ.

3. Әріпте бар,

Әдепте жоқ.

Жерде бар,

Селде жоқ.

4. Ініде бар,

Бауырда жоқ.

Жеңілде бар,

Ауырда жоқ.

6-кезең: Мақал-сөздің көркі

Бұл кезеңде мақал-мәтелдің бірінші жолы айтылады, соңын топ сайыскерлері толықтырады

1. Туған жер - . . .

2. Өз елім - . . .

3. Отан - . . .

4. Туған жердей жер болмас,

. . .

5. Отанды сүю . . .

6. Отан үшін отқа түс - . . .

7-кезең: Капитандар сайысы

1-топқа:

1.Сенің атың кім?

2.Сен қайда оқисың?

3.Сен нешінші сыныпта оқисың?

4.“Ұстаз” деген сөздің синонимі қандай?

5.Дәптерге немен жазасың?

6.Қазақстанның рәміздері?

7.Қазақстан Республикасының бас қаласы?

8.ҚР Президенті кім?

2-топқа:

1.Неше жыл мезгілі бар?

2.Бір жылда неше ай бар?

3.Қазақ тілінде неше әріп бар?

4.Бір аптада неше күн бар?

5.16желтоқсан қандай мереке?

6.Алтын сақина неден жасалған?

7.Сен қай мемлекетте тұрасың?

8.Буынның түрлерін ата.

Сергіту сәті:« Ойлан тап»Анаграмманы шешіп, артық сөзді тап:

БЫЖҢАР Жаңбыр

ЗАНЙЙҒАА Найзағай

КҚҚОАЕІПМРС Кемпірқосақ

СЫЖАРОБЛ Жолбарыс

Қорытынды: «Бүгінгі білім – ертеңгі байлығымыз» ХХІ ғасыр – білім ғасыры. Адам баласы тек білім арқылы дүниені таниды, табиғаттың құпия сырларын ашады, ғылымды дамытады, техниканы өрістетеді, қоғамды ілгері бастырады. Білім арқылы өткен тарихын таниды, одан тағылым алады, болашағын болжап, келешегін белгілейді "Ақыл
жастан, асыл тастан" деген сөзді халқымыз жас толқынның болашағынан үміт күткендіктен айтқан болар. Сондықтан ел алдындағы, аға ұрпақ алдындағы жауапкершілікті ұмытпайық. Қоғам талабына сай өз тілінсүйетін, көп тілде еркін сөйлей білетін білімді, өнерлі, ақыл – парасаты мол азамат болып өсейік.

Өткенімізді білетін, бүгінімізді түсінетін, ертеңімізге сеніммен қарайтын азамат болыңдар!

Автор Қосымбаева Айзада
Дата добавления 02.11.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 89
Номер материала MA-068261
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓