- Учебник: «Окружающий мир (в 2 частях)», Плешаков А.А., Новицкая М.Ю.
- 30.12.2020
- 412
- 5
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Тақырыбы: Қ.Толыбаев. Самал.Мақсаты: мәтінді түсініп оқи отырып, мазмұнын түсініп, идеясын аша біледі. Адамгершілікке тәрбиелеу.Дамытушылығы: Оқу дағдыларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту. Өз ойын еркін айтуға дағдыландыру. Сөздік қорын, сөз байлығын молайту.Мазмұнын түсініп, идеясын аша білуге, табиғат ғажайыптарын көре білуге үйрету.Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: «Қызығушылықты ояту» - Оқушыларды геометриялық түстерді топтау арқылы топқа бөлу және топбасшы сайлау; - Сөзжұмбақтардың көмегімен топқа ат қою. І топ: 2 әріптен қалдыра отырып оқы (ерболестйдіберікатташикібелесілік -бейбітшілік) ІІ топ: Ұяң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы (бжгадқвсзыблғыжқ-Жақсылық) ІІІ. Топ: Қатаң дауыссыз дыбыстарды сызып тастап шыққан сөзді оқы (мқесйтікртікмхдқі-мейірімді) Көңіл күйімізді көтерейік:Күлімдеп күн бүгінҚарады маған даКүлімдеп күн бүгінҚарады саған даКүлімдеп күн бүгін Қарады баршаға.ІІ. Үй тапсырмасын сұрауІІІ. Өтілген сабақты бекіту-Ертедегі күллі құстар атауы қалай тіршілік етіпті?-Құс патшасы құстарға қандай өсиет айтты?1.Қарлығаштың ұясының кемелді болып шығуының себебін түсіндір.2.Құстардың осиетін тыңдауынан қандай қорытынды шығарасың?ІҮ. Сабақтың мақсатын қою Мәтінді мәнерлеп, түсініп оқуға баулу.Мәтін бойынша сұрақтарға жүйелі жауап беруге үйрету.Мәтін мазмұнына байланысты ой қортындылай білуге баулу.Ү. Жаңа сабақты түсіндіру Өтілетін сабақтың тақырыбын ашқан соң авторға қысқаша тоқталу.Құрманбай Игілікұлы Толыбаев 14 сәуірде Алматы облысындағы Асы жайлауында туған. Құлжа қаласында ұйғыр мектебін бітіріп, сондағы қазақ мектебінде мұғалім болады. 1948 жылдан бастап Құлжа, Үрімші қалаларында қазақ тілінде шығып тұратын газет-журналдарда жұмыс істеген. 1955 жылы тамыз айында атамекеніне оралып, Алматыда баспаханада, баспада корректорлық қызмет істейді. 1963 жылы Қазақ мемлекеттік университетін журналист мамандығы бойынша бітіріп шығады. 1963–1996 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, «Балдырған» журналының қызметкері, республикалық «Шалқар» газеті редакторының орынбасары болған.Шығармалары: Ай күледі. Өлеңдер. А., «Жазушы», 1969; Қайдасың, досым? Повесть. А., «Жазушы», 1970; Шынар. Өлеңдер мен поэмалар. А., «Жалын», 1976; Шырын. Әңгімелер мен ертегілер. А., «Жазушы», 1974; Өжеттер. Повесть және ертегілер. А., «Жалын», 1977; Балбөбек. Өлеңдер, ертегілер. А., т.бМәтінмен жұмыс.а) Іштей оқыту.ә) Тізбектеп оқыту.б) Мәтінді бөлікке бөліп оқыту. Сөздік жұмысы Елең –алаң-таң атар алдындағы айнала көрінер-көрінбес сәт.ҮІ. Жаңа алынған білімдерін тексеру. Топпен жұмысМәтіндегі оқиға:а) ертегіә) болған оқиғаб) аңыз екенін дәлелде Шығармашылық тапсырма: 1) таң мезгілін суреттеуін тауып оқып бер 2) Мәтіннің мазмұнына сай сурет салу 3)Көктем мезгілі туралы эссе жазуҮІІ. Жаңа сабақты қорытындылау.Ой қозғау.Шөптегі шық пен самал жел бір мезгілде бола ала ма?Оны қалай байқадың?-Таңғы самалға неліктен барлығы риза болды?Желдің қандай түрлерін білесің?ҮІІІ. Үйге тапсырма.Мәтінді оқып , түсінігін айтып келу.Оқушыларды бағалау.
6 663 944 материала в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Бородуля Елена Васильевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс профессиональной переподготовки
500/1000 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс повышения квалификации
72 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.