- 31.12.2020
- 558
- 0
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Тақырыбы: «Тіл қылыштан да өткір»Мақсаты: Оқушылардың «тіл», «Отан» құндылықтары туралы түсініктерді кеңейту. ана тілінің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру арқылы ана тіліне деген құштарлықтарын арттырып, ана тілін сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу; Көрнекі құралдар: нақыл сөздер, мақал –мәтелдер , сандықша Ислам: Армысыздар, мұғалімдер, әз-жандар,Білім іздеп инемен құдық қазғандар.Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,Би де билеп, ән де бүгін шырқалар.Ақбота:Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,Жүздерінен мейірім мен нұр тамар.Алдарыңда жауқазындай құлпырып,Біз алаңсыз, балғын шақты балалар.Хор Ислам: О, туған ана тілім! Тас бұлақтың тұнығы да сенде, ана сүтінің жұғымы да сенде, райхан гүлдің жұпары да сенде, қыран құстың жанары да сенде, сахара даланың жазықтығы да сенде…Ақбота: Тамаша таңдайға татып балдай, Өз тіліңде жыр оқу бақыт қандай! Жан-дүниең жарқырап сала берер, Ағарып келе жатқан атып таңдай! С. Тұрысбековтың «Көңіл толқыны» күйі орындалады Ортаға патша шығады: ПАТША: - Тілдер патшалығына саяхат жасауды көптен көңіліме түйіп жүр едім. Соның сәті бүгін түскен сияқты. Мен қазақ тілі туралы білсем деймін. Патша тағына отырадыИслам қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Тіл байлығы - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануының қандайына болса, да қарсы тұруы тиіс. Ана тілі – ең басты байлығымыз. Ана тілі - ең ұлы мен тамаша тіл. Менің ана тілім - қазақ тілі. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Ақбота Тіл - ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы - оның ана тілі. Тіл - халықпен бірге өмір сүріп дамиды, әр ұлттың тілі - оның бақыты мен тірегі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтың болашағы туралы тереңнен толғай отырып, «мемлекеттің ең басты дүниесі тек ғана байлық емес, сонымен қатар ана тіліміздің болашағы» деген болатын. Сонау 5 - 6 ғасырдан бастап уақыт санына төтеп беріп, бүгінгі күнге дейін жеткен Орхон - Енесей, Талас жазулары қазақ тілінің кезінде өркендеп, гүлденген дәуренін айғақтайды. - Қазақ тілі - Әйтеке, Төле, Қазыбек билер сынды шешендердің, Абай, Жамбыл, Ахмет, Мағжан, Сәкен, Мұхтар сияқты алып ақын - жазушылардың, Қажымұқан, Бауыржан батырларың тілі. Қазақ тілі - қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш. Уәлиханов пен Т. Рысқұловтай арыстың тілі. Осы кезде нақыл сөздер оқыладыДильназ,Зарина,Айым,Ерлік,Әлихан,Ерсұлтан,ДидарИслам: Құлақтан кіріп бойды алар Әсем ән мен тәтті күй Көңілге түрлі ой салар Әнді сүйсең менше сүй –деп Абай атамыз айтқандай ортада Ыдырысұлы Ержан орындайтын Ақбота Қазақ халқы ежелден-ақ тіл қадірін біліп,ақылын дұрыс сөзге бағындыра білген.Үш кемеңгер дүлдүлім,Сақтаған ел бірлігін!-деп қазақта қара қылды қақ бөлген Төле би,Қазыбек би, Әйтеке бидің сөз үлгілеріне зер салайық\\Төле би: Уа, халайықКөсіле шабар жерің бар,Тау көтерген елің бар.Қол бастайтын ерің бар,Атадан қалған сара жолың бар,Сөз қадірін біліңдер! Қазыбек би: Біз қазақ деген мал баққан елміз,Бірақ ешкімге соқтықпай,Жай жатқан елміз.Елімізден құт-береке қашпасын деп,Жеріміздің шетін жау баспасын депНайзаға үкі таққан елміз.Ешбір дұшпан басынбаған елміз,Басымыздан сөз асырмаған елміз. Әйтеке би: Тамыры суда тұрса да,Уақыты жеткендеҚурамайтын құрақ жоқ.Тек жақсыдан өлмейтұғын сөз қалды,Қазақ сөзі қашан да даланың қоңыр желіндейАңқылдап есіп тұрады.Қазақ тілінің биязы үніДомбыраның күмбір қаққан сазындай, Асқақ әуенділігі шырқап салар әуендей.ПАТША:не деген керемет енді туған тілім туралы өлең тыңдасам деймін. Оқушылар тақпақтарын айтады Туған тілім Туған тілім - бабам тілі - өз тілім! Туған тілім - анам тілі - өз тілім! Туған тілім - далам тілі - өз тілім! Туған тілім - адам тілі - өз тілім! Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып - ақ алыңдар. Туған тілде сыры терең жаным бар, Туған тілде әнім менен сәнім бар. Туған тілім тіл болудан қалса егер, Жүрегімді суырып - ақ алыңдар.Ислам.Қазақстан Республикасында 130-дан астам ұлт өкілдері өмір сүреді. Әр халықтың тілі қайнар судың тұнбасындай мөлдір, сазды дыбыстарға бай, ұлттың тілі, әні, үні болып шалқар дариядай шалқуда.Ақбота Тіл - халықтың жаны, сәні, адамды мұратқа жетелейтін – ана тілі мен ата дәстүрі. Олардың барлығы бір шаңырақтың астында тату - тәтті өмір сүруі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көрегенді саясатының арқасы екені даусыз. Сіздер Қазақстанда тұратын басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға деген ыстық ықыласы мен сүйіспеншілігінің, қазақ ұлты мен тіліне деген құрметінің куәсі боласыздар. Орыс (Ақжан) Мен орыспын, сыйлаймын қазақ ұлтын, Қастерлеймін тарихын, салт - дәстүрін. Өйткені мен өркендеп осы жерде, Топырағын қазақтың басып өстім.Өзбек (Аружан) Мен өзбекпін, сүйемін қазақ жерін, Қазақ жері - ол менің туған жерім. Сағынамын шет шықсам қазағымның Тау - тасын, өзен - суын, асқар белінАғылшын (Дильназ ) Мен ағылшын, сүйемін қазақ тілін, Қаймағы бұзылмаған ғажап тілің. Қазақ тілі лайық деп білемін, Болуға ортақ тілі халықтардың. ИсламАдам баласы ес білген кезінен бастап айналадағы жаңа ұғымдарды ана тілі арқылы қабылдап, олардың мәнін түсіне бастады екен Ақбота Иә, бір данышпан: Сенің әрбір тынысыңмен тілдесем, Сен арқылы тіршілікпен тілдесем. Ел бетіне қалай түзу қараймын Ана тілім егер сені білмесем.деген екен. ПАТША: Балалар мына сандықта не бар екен қане көрелік деп сандыққа жақындай бергенде ак қағаз түседі нөкері ашып оқиды. Дүниеде не ащы? Дүниеде не тәтті? ПАТША: - Мұның мәнісі неде? - деп оқушылардан сұрайды.Аружан : - Мұның жауабын білу үшін «Данышпан атаға» хат жазған болатынбыз. Бүгін данышпан атамыз өзі келіпті жауабын өзінен сұрайықДанышпан ата О, хан ием! Дұрыс сөйлей білуде өнер, жүйесін тауып сөйлеген сөз жүрекке жетіп, жүйені босатады. Сондықтанда тіл - тәтті. Жебе салған жара жазылар, балтамен оталған орман қайта өсер, бірақ тілдің жарасы жазылмас. Сондықтан да тіл - ащы. (Сол уақытта сандық ашылып ішінен «Ана тілім - қазынам» деген кітапты патша қолына алып, парақтай бастайды). ПАТША: - Маған көмек қажет болды, кім көмектесер екен? Мына кітапта берілген мақал - мәтелді аяқтау керек. Патша оқиды. 1. Өз білмегеніңді кісіден сұра, Үлкен болмаса,... ( кішіден сұра) 2. Өнер алды -... (қызыл тіл) 3.тіл –буынсыз, ой- (түпсіз) Тіл қаруы – сөз, сөз қаруы – (ой) 5. Отыз тістен шыққан сөз, Отыз рулы... тарайды. (елге) 6. Өмірден көзің кетсе де , (сөзің кетпесін)Басқа пәле - (тілден)Тіл тас жарады, тас жармаса- (бас жарады) ПАТША: - Ойпырым - ай! Тілдің құдіреті осы де. Балалар, сіздерге үлкен рахмет. Мен барып үш ұлымды сынап көрейін. Әкесі 1 - ші ұлына қонаққа келеді. Тамақ салынып, ет асылады. ӘКЕСІ: - Қарағым, ана етіңнен жақсы жерінен бір кесіп берші? - Әрине, санның еті дәмді. Енді жаман жерінен кесіп берші, - деді - Тіс өтпейтін сіңір ғой. Әкесі 2 - ші ұлынан да осындай сый - сыяпат көреді. Содан соң 3 - ші ұлына келгенде де: - Балам еттің жақсы жерінен берші, - дейді. Тіл береді. - Енді жаман жерінен берші, - дейді. Тағы да тілден кесіп береді. ӘКЕСІ: - Мұның қалай балам, жақсы жерінен десем де, жаман жерінен десем де тіл кесіп бердің? БАЛАСЫ: - Ой, әке - ай, жақсы да, жаман да ұрыс - керіс, өсек те осы тілден шығады. - Екі елі ауызға төрт елі қақпақ дегендей, әр адам өз тіліне сақ болса, еш уақытта ұрыс - керіс болмас еді. «Басқа пәле – тілден». ӘКЕСІ: - Дұрыс екен, балам. Бүгін көп нәрсені ұққандаймын. Енді қайтайын. Ең тәтті де, ең ащы да тіл деген осы екен гой сау болындар балаларБи Ислам, Ернұр,Ақбота- Сахналау арқылы және өзіміздің өмірден түйгенімізден ұққанымыздай тіл балаға ананың ақ сүтімен туылған сәтінен - ақ беріледі. Тіл адамды жақсы да, жағымсыз да көрсетеді. Тіл адамды өсіреді де, өшіреді де. Өйткені жанға жайлы жақсы сөздерді жиі айтсаң, адамдар арасында сыйлы боласың. Өз тіліңді жетік біліп, оны дамыта алсаң, сондай - ақ басқа елге барғанда туған тіліңде сөйлесең олар сондай халық бар екенін біледі. Демек халқыңды басқа ұлттарға танытасың, халқыңды өсіресің. Егер сенің ана тілің де ешкім сөйлемесе халқың өшеді - осы. Сондықтан да ақын С. Торайғыровтың: «Сүйемін туған тілді, анам тілін, Бесікте жатқаным да - ақ берген білім», деген өлең жолдарын ұмытпағандарың жөн.
6 664 849 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Юдаева Анна Олеговна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
36 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300 ч. — 1200 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
6 ч.
Мини-курс
5 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.