Инфоурок Музыка Другие методич. материалыТақырыбы: Құрманғазы «Кісен ашқан»

Тақырыбы: Құрманғазы «Кісен ашқан»

Скачать материал

Қызылорда облысы Шиелі ауданы Шиелі аудандық балалар әуез мектебінің домбыра аспабының  мұғалімі

Пейсенова Нигара Адамбековна

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы «Кісен ашқан»

Сабақтың мақсаты: Оқушыға күй авторының идеясын түсінумен қатар мазмұнын ұғып, оның негізгі мелодиясын бұзбай, тиісті штрихтарын барынша пайдаланып, көркемдік жоғары дәрежеде орындау. Оқушының өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі

Баланы жылы қабылдап, сәлемдесіп, сабаққа дайындығын, назарын сабаққа аудару. Өткен сабақтың жалғасы үйге берген дайындықтан бастаймыз.

ІІ.Үй тапсырмасы

1.     Ә.Елжанов «Ордабасы толғауы»

2.     Затаевич «Қазақ маршы»

ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау, бағалау.

IV. Жаңа сабақ. Құрманғазы «Кісен ашқан»

1.     Композитор туралы түсінік беру

Қазақ халқының ірі тұлғаларының бірі Құрманғазы Сағырбайұлы жазылған деректерге сүйенсек 1816 жылдары шамасында Батыс Қазақстан Атырау облысы, Теңіз ауданы, Жиделі деген жерде дүниеге келген.

Әкесі – Сағырбай Қызылқұрт руынан шыққан, бүкіл өмірін байдың жалшылығында өткізген адам.

Анасы – Алқа елге сыйлы, еті тірі Мәтіғұл деген кісінің буыла өскен ерке қызы еді. Алқаның ағалары шетінен төкпе ақын, асқақ әнші, бармағынан бал тамған күйші, жауыныны жер иіскеленген палуандар болатын. Жасынан өнердің қадірін біліп өскен Алқа тұңғыш ұлының бойындағы ұлы дарынды жүрегімен сезеді. Әкесі бұл өнерін іштей наразылық білдіргенімен анасы Құрманғазы жастайынан Шағбала байдың қозысын, өсе келе қойын бағуға мәжбүр етті. Құрманғазының қойшылық кәсібі тамақ асырауы болса, иығындағы асулы жүретін домбырасы жан азығы болды. Оның музыкаға деген қабілеті кішкене күнінде естіген әнін, күйін домбыра пернесінде айнытпай тартқызса, өсе келе табиғаттың көркем бейнесін-судың сылдыры, желдің суылы, құстың шырылы, көктің күркірегені сияқты жаратылыс үнін, одан қала берсе алпыс екі тамырды иітетін сыбызғының үнін домбыраның қос ішегінде музыка тілімен бейнелеуіне себепкер болды.

Құрманғазы ауыл шалдарын жағалап, күй тартқызып, домбырашылардың күйлерін тыңдап күй қорын молайтуы өз алдына бір мектеп еді. Домбырада өз бетімен ойнау тәжірибесін қалыптастырған жас талант өзіне бұрынғыдан да жауаптырақ қарайды.

..... Бірде Сағырбайдың үйіне атағы бүкіл Бөкей хандығына тараған Ұзақ атты күйші ат басын тірейді. Ұзақ Жайын өзенінің шығыс жақ бетінде туып өскен аса қабілетті орындаушы еді.

Сағырбайдың үйінде Ұзақ күйші бірінің артынан бірін түйдектетіп небір әсем күйлерді орындайды. Күйдің басында, орта жерінде ауызша түсінік беріп, мазмұнды билер тартып отырады.өз «Ақжелеңін» бұлжытпай қайталап тартып берген жас талапкерге күйші ақылын айтып, оның домбырашылық өнерінің болашағы мол екенін баяндайды. Құрманғазы «қойшылықты» тастап, сүйікті өнерінің соңынан түсуге бел байлайды. Күй қоры молайып күйшілік дәстүрдің өзіндік бір мектебінің негізін қалады.

Құрманғазы Сағырбайұлы 1889 жылдың күзінде аз күн ауырып қаза болған. Оны Ресейдің Астрахань облысының бұрынғы «Шайтани Батаға» деген жерге алып барып қойылды. Бүгінде ол төбе «Құрманғазы төбе» болып аталады. Оның артында қалған асыл мұралары мәңгі жасай береді.

2.     Шығармаға түсінік беру

1857 жылы Құрманғазы Орынбор түрмесіне жабылады. Ебін тауып бұл түрмеден де қашқан. Құрманғазы тағы би күй шығарады. «Кісен ашқан» күйінің шығуы туралы Құрманғазының өзі айтқан мына сөздері бар: «Сайдың бойына келіп, кісенімді алып отырғанда жараның аузы ашылып түні бойы ауырып ұйқы бермеді, жүруге де мүмкіншілік болмады. Сол бір сәтте осы күй басыма келіп еді» дейді.

Күй басынан аяғына шейін орнықты, жәй екпінде жүреді. Күйдің басында жан ауруы тақырыбы баяу ғана үстіңгі шекте өтеді де, кейінгі сол тақырып кеңейіп, шалқып, тереңдей отырып басқа дауысқа көшеді.

Музыканың ортасы шамасында осы қайғылы тақырып біресе, екінші біресе бірінші дауыста алма кезек өтеді. Ре-минор ладында жүреді.

Күйдің шарықтау шегінде тақырып құбылып, бір мезгіл минордан мажорға көшіп, күшейіп, сай-сүйегінді сырқыратқандай ащы дыбыстар келеді де, шаршап талған адамдай біртіндеп нашарлап, бірақ музыкалық өткірлігін жоймай кейін қайтады.

Күйдің шарықтау шегі:

 

 

 

 


Жара ауруынан үкілегендей дауыс естіліп, сол кейіпті күй бітеді.

Күй дәстүрлі Батыс Қазақстандық күй буынымен дамып, үш бөлім құрайды.

І бөлімде- күйдің дара әуені бас буын және орта буында дамиды. ІІ бөлімде кіші және үлкен саға дыбыстарынан тұратын жаңа тақырып өрбиді.  Осы бөлімде күй шарықтау шегінде жетеді. Одан кейін орта буын түгел қайталанып, кіші саға буынында негізгі тақырып элементтерінен тұратын әуен өтеді. ІІІ кіші бөлім-І бөлімнің қайталануы, екінші бөлім мен үшінші бөлімді байланыстырушы қызметін екі такті ғана атқарады.

 

 

 

 

 


ІІІ.Жаңа сабақты қорытындылау.

Сабақ қалай меңгергенін оқушының үлгеріміне қарап қорытынды бағасын беру.

IV. Үйге тапсырма. Құрманғазы «Кісен ашқан» күйін талдаған жеріне дейін ойнап келу.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тақырыбы: Құрманғазы «Кісен ашқан»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Заведующий отделом архива

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы «Кісен ашқан»Сабақтың мақсаты: Оқушыға күй авторының идеясын түсінумен қатар мазмұнын ұғып, оның негізгі мелодиясын бұзбай, тиісті штрихтарын барынша пайдаланып, көркемдік жоғары дәрежеде орындау. Оқушының өз кәсібіне деген сүйіспеншілігін арттыру.Сабақтың барысы:І.Ұйымдастыру кезеңіБаланы жылы қабылдап, сәлемдесіп, сабаққа дайындығын, назарын сабаққа аудару. Өткен сабақтың жалғасы үйге берген дайындықтан бастаймыз.ІІ.Үй тапсырмасы 1.Ә.Елжанов «Ордабасы толғауы»2.Затаевич «Қазақ маршы»ІІІ. Үй тапсырмасын қорытындылау, бағалау.IV. Жаңа сабақ. Құрманғазы «Кісен ашқан» 1.Композитор туралы түсінік беруҚазақ халқының ірі тұлғаларының бірі Құрманғазы Сағырбайұлы жазылған деректерге сүйенсек 1816 жылдары шамасында Батыс Қазақстан Атырау облысы, Теңіз ауданы, Жиделі деген жерде дүниеге келген. Әкесі – Сағырбай Қызылқұрт руынан шыққан, бүкіл өмірін байдың жалшылығында өткізген адам.Анасы – Алқа елге сыйлы, еті тірі Мәтіғұл деген кісінің буыла өскен ерке қызы еді. Алқаның ағалары шетінен төкпе ақын, асқақ әнші, бармағынан бал тамған күйші, жауыныны жер иіскеленген палуандар болатын. Жасынан өнердің қадірін біліп өскен Алқа тұңғыш ұлының бойындағы ұлы дарынды жүрегімен сезеді. Әкесі бұл өнерін іштей наразылық білдіргенімен анасы Құрманғазы жастайынан Шағбала байдың қозысын, өсе келе қойын бағуға мәжбүр етті. Құрманғазының қойшылық кәсібі тамақ асырауы болса, иығындағы асулы жүретін домбырасы жан азығы болды. Оның музыкаға деген қабілеті кішкене күнінде естіген әнін, күйін домбыра пернесінде айнытпай тартқызса, өсе келе табиғаттың көркем бейнесін-судың сылдыры, желдің суылы, құстың шырылы, көктің күркірегені сияқты жаратылыс үнін, одан қала берсе алпыс екі тамырды иітетін сыбызғының үнін домбыраның қос ішегінде музыка тілімен бейнелеуіне себепкер болды.Құрманғазы ауыл шалдарын жағалап, күй тартқызып, домбырашылардың күйлерін тыңдап күй қорын молайтуы өз алдына бір мектеп еді. Домбырада өз бетімен ойнау тәжірибесін қалыптастырған жас талант өзіне бұрынғыдан да жауаптырақ қарайды...... Бірде Сағырбайдың үйіне атағы бүкіл Бөкей хандығына тараған Ұзақ атты күйші ат басын тірейді. Ұзақ Жайын өзенінің шығыс жақ бетінде туып өскен аса қабілетті орындаушы еді.Сағырбайдың үйінде Ұзақ күйші бірінің артынан бірін түйдектетіп небір әсем күйлерді орындайды. Күйдің басында, орта жерінде ауызша түсінік беріп, мазмұнды билер тартып отырады.өз «Ақжелеңін» бұлжытпай қайталап тартып берген жас талапкерге күйші ақылын айтып, оның домбырашылық өнерінің болашағы мол екенін баяндайды. Құрманғазы «қойшылықты» тастап, сүйікті өнерінің соңынан түсуге бел байлайды. Күй қоры молайып күйшілік дәстүрдің өзіндік бір мектебінің негізін қалады.Құрманғазы Сағырбайұлы 1889 жылдың күзінде аз күн ауырып қаза болған. Оны Ресейдің Астрахань облысының бұрынғы «Шайтани Батаға» деген жерге алып барып қойылды. Бүгінде ол төбе «Құрманғазы төбе» болып аталады. Оның артында қалған асыл мұралары мәңгі жасай береді. 2.Шығармаға түсінік беру1857 жылы Құрманғазы Орынбор түрмесіне жабылады. Ебін тауып бұл түрмеден де қашқан. Құрманғазы тағы би күй шығарады. «Кісен ашқан» күйінің шығуы туралы Құрманғазының өзі айтқан мына сөздері бар: «Сайдың бойына келіп, кісенімді алып отырғанда жараның аузы ашылып түні бойы ауырып ұйқы бермеді, жүруге де мүмкіншілік болмады. Сол бір сәтте осы күй басыма келіп еді» дейді.Күй басынан аяғына шейін орнықты, жәй екпінде жүреді. Күйдің басында жан ауруы тақырыбы баяу ғана үстіңгі шекте өтеді де, кейінгі сол тақырып кеңейіп, шалқып, тереңдей отырып басқа дауысқа көшеді.Музыканың ортасы шамасында осы қайғылы тақырып біресе, екінші біресе бірінші дауыста алма кезек өтеді. Ре-минор ладында жүреді. Күйдің шарықтау шегінде тақырып құбылып, бір мезгіл минордан мажорға көшіп, күшейіп, сай-сүйегінді сырқыратқандай ащы дыбыстар келеді де, шаршап талған адамдай біртіндеп нашарлап, бірақ музыкалық өткірлігін жоймай кейін қайтады.Күйдің шарықтау шегі: Жара ауруынан үкілегендей дауыс естіліп, сол кейіпті күй бітеді. Күй дәстүрлі Батыс Қазақстандық күй буынымен дамып, үш бөлім құрайды. І бөлімде- күйдің дара әуені бас буын және орта буында дамиды. ІІ бөлімде кіші және үлкен саға дыбыстарынан тұратын жаңа тақырып өрбиді.Осы бөлімде күй шарықтау шегінде жетеді. Одан кейін орта буын түгел қайталанып, кіші саға буынында негізгі тақырып элементтерінен тұратын әуен өтеді. ІІІ кіші бөлім-І бөлімнің қайталануы, екінші бөлім мен үшінші бөлімді байланыстырушы қызметін екі такті ғана атқарады. ІІІ.Жаңа сабақты қорытындылау.Сабақ қалай меңгергенін оқушының үлгеріміне қарап қорытынды бағасын беру. IV. Үйге тапсырма. Құрманғазы «Кісен ашқан» күйін талдаған жеріне дейін ойнап келу.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 916 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.12.2020 541
    • DOCX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Якубова Ольга Сергеевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Якубова Ольга Сергеевна
    Якубова Ольга Сергеевна
    • На сайте: 3 года и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 84450
    • Всего материалов: 244

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Оркестровые и струнные инструменты: актуальные вопросы методики преподавания в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на скрипке

Преподаватель игры на скрипке

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы методики преподавания вокала в ДМШ и ДШИ

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 163 человека

Мини-курс

Основы образовательной политики и информатики

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Общая химия

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Информационные технологии и безопасность

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек