Главная / Иностранные языки / Тақырыбы: М.Әуезов "Қараш-Қараш оқиғасы"

Тақырыбы: М.Әуезов "Қараш-Қараш оқиғасы"

Сабақтың тақырыбы: Мұхтар Әуезов «Қараш-Қараш оқиғасы»
Мақсаты: 1)Хикаят бойынша алған білімдерін қорытады, жинақтайды, кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таниды.
2)Шығарманың мазмұнын толық талдайды,басты кейіпкердің іс-әрекеттері арқылы сол заманның саяси құпиясын ұғынады.
3)Кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне орай баға бере білуде ойлау,сөйлеу қабілеттері дамиды,алған білімін ойымен салыстырады.,
3.Топпен жұмыс:
Оқушы өз ойын белгілі мәліметтер арқылы дәлелдеуге үйренеді, бірін-бірі оқытады, топтастарының сұрақтарына жауап іздейді, қорытынды шығарады.
Түрі: қорыту - жинақтау сабағы
Типі: проблемалық оқыту
Қолданылатын әдіс-тәсілдер, стратегиялар: проблемалық сұрақтар, пікірталас, іздендіру
Пәнаралық байланыс: 1.Қазақстан тарихы « Тұрар Рысқұлов»
2.Әдебиет Ш.Мұртаза «Қызыл жебе» романы
3. Кино өнері «Асуда атылған оқ»
Көрнекілігі: Слайдқа салынған суреттер, сызбалар, флипчарт
Сабақтың барысы:
І. Қызығушылықты ояту
«Ой шақыру» стратегиясы
1.«Асуда атылған оқ»кинофильмінен үзінді көрсету арқылы өтілген материалды еске түсіру.
- Бұл үзінді қай фильмнен алынған?
- Фильм кімнің,қай шығармасы желісі бойынша түсірілген?
- 2. Жоспар бойынша үзіндінің мазмұнын еске түсіру
Тараулар. Тақырып. Басты оқиғалар.
ІІ. Іште кеткен кек....•....Тектіғұлдың науқасы
•. Өксікті күндер
•. Аянышты өлімі
ІІ. Кек жолындағы жортуыл....•....Сәлмен жылқысына барымталау
•. Ұрланған бие
ІІІ. Қуғыншылар....•....Сойылған бие
•Қуғыншылар
•. Соққыға ұшыраған Бақтығұл
•. Намыс,ар,қорлану
ІV. Пана іздеу....•....Арқар ату
•. Жарасбайға тартуы
•. Өтініш,тілек
V. Адасу....•....Жарасбай жанындағы тірлік.
•. Ақ жолдан таю
•. Барымташы Бақтығұл
VІ. Екі жүзді аярлық....•....Ел ішіндегі тартыс
•. Сатқындық.
•. Билер соты, үкім
VІІ. Қуғын....•....Қуғынға ұшырау
VІІІ. Өш алу....•....Жасырыну
•. Әділ үкім....Алынған кек
ІІ. Мағынаны тану
1.Тақтаға түрлі түсті ұяшықтардың астына жасырынған сұрақтарды таңдау арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша шығарманың проблематикасы,жазушының идеялық-эстетикалық мұраты жөнінде әңгімелесу.
1. Тектіғұл өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Бұл өлімнің шығармадағы орны қандай?
2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3. Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың? Ақтайсың ба, қаралайсың ба?
4. Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?
5. Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.
6. Ол адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлі ме? Өзіне кінә қояр ма едің?
7. Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?
8. Жарасбайды өлтіру қылмыс па?
9. Билер алдындағы «Не болса да ақпын», «Менде айып жоқ» деген ойынан бастап, Бақтығұл монологын қайта оқып шық. Осы монологтың маңызы неде деп ойлайсың?
10. Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды?
11. Бақтығұл сол күннен бастап қандай өмір сүруге мәжбүр болды?
12. Қашқын болып жүріп қандай қауіп-қатерге ұшырады?
13. «Бәлем, осыныңды ұмытпа!» деген кектену, өшігу сезімі қандай жағдайда, неге байланысты туды?
14. Сол билер алдындағы «Егер осы Қоқыш сөзіндей Жарасбайдың айтқаны шын болса, ...» деп басталатын Бақтығұл сөзінің мәнін түсіндір. Осы абзацтың Бақтығұл бейнесін ашуда маңызы бар ма?
15. Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?
16. «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?
2. Бақтығұл бейнесін ашу ....Мәтінмен жұмыс.
1. Бақтығұлдың портреті Бақтығұл өзі кесек ,балуан денелі,иықты,кеуделі келген.Қалың тік қара мұртты.(тақтаға жазып көрсетеді)
2. Бақтығұлға мінездеме беру. Шығармадағы бейнеленген іс-әрекеттері,монологтары арқылы Бақтығұлдың бейнесін, жан дүниесі,психологиясын көрсету.(интерактивті тақтада оқушылар кестені толтырады)
Бақтығұлдың іс-әрекеттері, монологы
Жан дүниесі,психологиясы
1. - Бақтығұл Сәлменнің мыңға тарта жылқысының сан жүзін тудырып - өсіріп,қысы-жазы байдың жылқысының соңында болды Жиырма жыл бойы Сәлменнің жылқышысы болды
2. - Күздің ұзақ түні мынау.Қазір алған малмен соқтырып кетсем,таң атқанша ұзап кетем.Осы жауын ізімді шаяды.Түк алмай қайтпақпын ба?Қаңғырып жүріп,қадалған жерден нәр сызбай кеткенім бе? Көңілінде көптен шешілмей келе жатқан күдік бар.Аш күйінде ұйқы көрмеген,жол қиындығы,күзгі түн суығы,аштықпен бұралу үйінде жатқызбай қара талқан,құр тарыға ырза қылдырмай түн жамылтып алып шықты.
3. Мұншалық қорлыққа жеткізді-ау!Панасыздың көрері осындай итшілік күн болмай,не болушы еді!Енді сүйенетін кісі таппай болмас. Налыған,өмірден әділдік іздеген,қорғансыз жан
4. Бағымды осымен де бір сынап көрейінші.Қозыбақ аулының атаған абақтысынан құтқарса,осы құтқарар болар ма? Сүйенетін панасы,үміт еткені- Жарасбай болыс.Айтқанына көніп,қайтсе де жағынып көрмекші
5. Мына сияқты итшілеп жүрген тірішліктен біздей кісіге өлсек те,түк етпейді екен Жау дүние,мейірімсіз тіршілікке суынған,кегі қайнаған
6. «Мен бүгін бір бұғы атып келемін» Дерт пен ызадан құлантаза сауыққан,сергіп,ойнақшыған кейіпкер туар (Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынынан үзінді) Бұл үзіндідегі Тұрар -1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында өмірге келген қазақ қайраткері. «Бұл өзі Шілменбет руынан шыққан қарапайым қазақ еді. Қара шаруа болса да, рухы күшті, қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл атырапта одан өткен мерген, Іле Алатауын одан артық білетін адам болмаған». (Ш.М. Рысқұл. 192) Ал енді бір суреттейтін жері - Рысқұлдың түрмеден бір рет қашып шығып жасырын жүргенде, түрме басшыларының баласы Тұрарды өлтіреміз деген сөздерін естіп, амалсыздан сол түрмеге қайтып келетін кез. Бұл кездегі Рысқұл кескін келбеті былайша көрінді: «Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жүдеу, ескі киіз қалпағына шөп шалам жабысып қалқан кеуделі, жазық жоталы, көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты». (Ш.М.Рысқұл 68) Шығармадағы бас кейіпкер Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Жылқыайдаров Рысқұл - Тұрардың әкесі.Жастайынан әділетсіздік көрген, патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамаған Рысқұл Жылқыайдарұлы 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді.
Прототип– көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам. Шығармадағы Бақтығұлдың інісі Тектіғұл - Молдабек, баласы Сейіт – Тұрар, Қатша-Тұрардың анасы Ізбайша,Жарасбай болыс – Саймасай Үшкемпіров.
3.«Топтастыру» стратегиясы
Бақтығұл: жылқышы, күрескер, еңбекқор, сенгіш, батыл, шыдамды, аңғал, қорғансыз
4.«Ойлану баспалдағы» стратегиясы.Бір тақырып бойынша сұрақ дайындау, оған жауап беру
1.Бақтығұл
2.Бақтығұл, Тектіғұл
3. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен
4. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен, Жарасбай
5. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен, Жарасбай, қоғам
ІІІ.Ой толғаныс ( Оқушылар шығарма бойынша өз ойларын ортаға салады.)
Пікірлер пирамидасы
Бақтығұл - еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ
Бақтығұл - кек алушы күрескер
Бақтығұл - Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны
Бақтығұл - қорғансыз сорлы
Бекіту
1. « ... Рысқұл оқымаған болғанымен, көкірегі ояу адам еді. Түрменің ұзақ түндерінде баласын ұйқыдан қысып отырып айтқан сырлары зая кетпес. Тұрар енді бір жиырма жылдан кейін әлде бір жазушымен дос болып, өз әкесінің басынан өткен шытырман шындықты оған арман ағысындай етіп айтып берер. Содан барып «Қараш-Қараш » туған.

Үйге тапсырма
«Шығармадағы жазушы қолданған көркемдік әдіс-тәсілдер» тақырыбына шығармашылық ізденіс.
Бағалау.



































































































































Тақырыбы: М. Әуезов Қараш – Қараш оқиғасы хикаятындағы Бақтығұл бейнесі

Мақсаты: 1.Шығарма мазмұнына шолу жасай отырып, кейіпкерлер іс – әрекеті  арқылы Бақтығұл  бейнесін жан – жақты ашу. Кейіпкерлердің өмірдегі шынайы бейнесін таныту.

2.Өзге шығармалармен байланыстыру, салыстыру, зерттеу дағдыларын қалыптастыру, іскерлігін, өз бетімен іздене білу қабілеттерін дамыту.

3.Кейіпкерлер бейнесі арқылы адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақ түрі:Жинақтау, қорытындылау сабағы.

Әдіс –  тәсілі:Баяндау, іздендіру, зерттеу, салыстыру, СТО технологиясы.

Пәнаралық байланыс:Тарих 

Сабақтың барысы:1.Ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа қатысымын тексеру,  назарларын сабаққа аудару.

2. Шығармаға шолу. Композициялық құрылымы

3. Кейіпкерлер бейнесі.  Топтастыру.Абайдың өлеңдерімен байланыстыру.

4. Сұрақ жауап.

5. Жазушының суреткерлік шеберлігі. "Көксерек " әңгімесімен байланыстыру.

6. Ой тастау.  Бақтығұл  қылмыскер ме?

7.Әріптерді сөйлетейік

8.Шығарманың тәрбиелік мәні.

9. Прототип.

10. Бекіту. Не білдік?

11. Үйге тапсырма беру.

12.Білімдерін бағалау.

Ой қозғау.  Шығармаға шолу.

Шығарманың композициялық құрылымы.

1.Оқиғаның басталуы. Ауру Тектіғұл.

2. Дамуы. Бақтығұл есіндегі ауыр күндер.

3. Шиеленісуі. Тектіғұл өлімі

4. Шарықтау шегі. Боз биені ұрлау

5.Шешімі. Қуғыншылардың соққысы.

 

1.  Оқиғаның басталуы. Бақтығұлдың Жарасбаймен жақындасуы.

2.  Дамуы.  Болыстың бар қызметін атқаруы немесе адал еңбекті адам 

3. Шиеленісуі. Жарасбайдың Бақтығұлды ұры деп көрсетуі немесе сатқындық

4.Шарықтау шегі . Бақтығұл- қашқын

5. Шешімі. Жарасбайды өлтіру,кек алу

Повесть – хикаят    (Теориялық мәлімет беру)

Хикаят - ұзақ әңгіме. Ол әлденеше әңгімеден тұрады, өмірдің түрлі көріністерін суреттейді. Сонымен хикаят кейіпкердің белгілі бір өмір кезеңін қамтиды.

Кейіпкер бейнесі

Кейіпкерлер: Сәлмен

                    Тектіғұл

                   Бақтығұл

                  Жарасбай

Абайдың «Қараша, желтоқсан мен сол бір – екі ай » өленімен байланыстыру.

 Кедейдің өзі жүрер малды бағып,

Отыруға отын жоқ үзбей жағып.

Тоңған иін жылытып, тонын илеп,

Шекпен тігер қатыны бүрсең қағып...

...Жалшы үйіне жаны ашып ас бермес бай,

Артық қайыр,артықша қызметке орай

Байда мейір,жалшыда пейіл де жоқ, 

Аңдыстырған екеуін құдайым-ай!

Сұрақ: Өлең қай кейіпкердің бейнесін ашады?

Сәлмен кім?       1. Бай,болыс

                           2.  Екі жетімнің еңбегін жеген адам

                           3. Екі жетімді де соққыға жыққан адам

 

 

Сәлмен

 

« Болыс болдым, мінеки » өлеңімен байланыстыру.

Болыс болдым мінеки, 

Бар малымды шығындап.

Түйеде қом, атта май,

Қалмады елге тығындап.

Сүйтсе дағы елімді,

Ұстай алмадым мығымдап.

Күштілерім сөз айтса

Бас изеймін шыбындап.

Әлсіздің сөзін салғыртсып,

Шала ұғамын қырындап.

Сұрақ: Абайдың бұл өлеңін оқығанда шығармадағы қай кейіпкер көз алдымызға келеді?

Жарасбай кім?

1.  Өз есебімен Бақтығұлды қол астына алып, паналатты

2. Бар жұмысын жасатты

3.Бақтығұлды ұрлыққа жұмсап,ұры етті.

4.Болыстыққа таласты.

5.Өз қара басын ойлап, Бақтығұлды сатып кетті.

 

 

Жарасбай

Бақтығұл бейнесі   

 

         Сұрақтар:

1. Бақтығұлдың тұрмыс жадаулығы мен көңіл қаяулығын жазушы қалай суреттейді?

2. Боз биені олжалау кезінде Бақтығұлдың қандай қасиеттерін аңғаруға болады?

3. Жарасбай Бақтығұлдың қандай қасиеттерін байқады?

4. Бақтығұлдың еңбекқорлығына, парасаттылығына, сөзге жүйрік алғыр азаматтық қасиеттеріне мысал келтір ?

5. Бақтығұлдың Жарасбайға берген сертінен оның қандай мінезді адам екенін байқауға болады?

6. Барымта, ұрлық сөз болғанда Бақтығұлды қандай сезім биледі, оның Жарасбайдан күткені сол ма еді? 

7. Жарасбайдың « арсыз жотасын » көргенде Бақтығұлды қандай сезім биледі?

8. Тұтқын болуды мойындамауынан Бақтығұлдың қандай мінезін байқауға болады? 

9. Жарасбайдан кек алуға қай жағдайда бекінді?

10. Жарасбайды атқаннан кейін  Бақтығұлдың қуанғанынан нені аңғаруға болады?

 

 

Кейіпкер

Іс әрекеті

Портрет

Мінездеме

 

 Бақтығұл

 

Жалшылық етті, інісін жерледі, елден кетті, бие ұрлады, соққы жеді, Жарасбаймен достасты, ұрлық барымта жасады,сатқындыққа ұшырады, кек алды.

 

Кесек балуан

денелі,иықты, кеуделі келген қалың тік қара мұртты көп сөйлемейтін жасы 36 -37- лерде

 

 

Төзімді, лепті, қырағы мерген, адал, еңбек қор, кекшіл, рухы таза, кедей

 

Жазушының суреткерлік шеберлігі

1. Тау ішінің аш қасырындай бұралып, Сарымсақтының қарағайында бір күн, бір түн бекініп жатты:

 2. Қой торыған бөрідей енді жұтынып, қомданып алған дөңгелек денесі анда – санда маңайды болжағанда, алды– арты, жан – жағына шапшаң бұрылады.Барлық қозғалысына ұршықтай үйірілген жіті сергектік пайда болған.Кішкене қысық көздері жауынды тунді тіліп өткендей.

 3.... Бақтығұл қоралы қойға шапқалы келе жатқан қасқырдың құйрығын қысып, басын төмен салып, елеусізденіп, сөлпеңдеп жүргені сияқты.

4. ... Далада жалғыз жорытқан көк бөріше бар сырын өз ішіне түйіп, тығып келген тіршілік мұны талдырған...

5. Қалың топырдан адасып шаң қуып қара үзіп, қаңғып қалғандай сезінді. Ел бір бөлек, бұл бір бөлек. Баяғы жалғыз жорытқан көк қасқырша өзімен – өзі ғана болып қалған қу жалғыздық күйін қайта көрді.

6. Бұл кезде Бақтығұл елден, жұрттан безіп шығып, тау ішінің жайын тағысы сияқтанып жүрген қашқын.

« Көксерек » шығармасымен байланыстыру.

                                   Венн диаграммасы:

 

Көксерек пен Бақтығұл өмірінің ұқсас, айырмашылығын салыстыру. 

Жазушының кейіпкер психологиясын суреттеудегі шеберлігі. 

 

Ой тастау Бақтығұлқылмыскер ме?

Иә Жоқ

 

Әріптерді сөйлетейік.

 Б  – батыл да батыр.

 А  – аңғал, адал.

Қ – қайсар да қайратты ер.

 Т – табанды, төзімді.

Ы – ызалы (жауына ызалы )

Ғ – ғаламат күш иесі.

Ұ  – ұстамды.

 Л  – лайықты (осы барлық айтылған қасиеттерге лайықты).

 

Прототип  – көркем шығармаға негіз болған адам.

Бақтығұл  – Рысқұл Жылқыайдаров.

Тектіғұл  – Молдабек Жылқыайдаров.

Жарасбай  – Саймасай Үшкемпіров.

Сәлмен   – Естемес 

Сейіт  – Тұрар Рысқұлов.

Қатша  – Ізбайша Қорғанбайқызы.

Сұрақ:  Тұрар Рысқұлов туралы не білеміз?

 

ПысықтауШығармаға берер оқушы бағасы

1. Шығарманы оқып шыққанда қандай әсер алдың?

2. Бақтығұлдың бойындағы қандай қасиеттер ұнайды? (Намысты азамат, қайратты ер, табанды адам.)

3. Осы шығарманың тәрбиелік мәні немесе біз қандай тәрбие аламыз?

 

Адал болу

 Ұрлық іске бармау               « Қараш – Қараш оқиғасы »                  әділ болу

 Қиянат жасамау                                                 Мейірімді болу  

Үйге тапсырма:

Тұрар Рысқұлов туралы газет журналдардан оқу. «Елінің қайсар ұлдары»(шығарма жазу)

          Оқушылардың білімдерін бағалау.

          Мұғалімнің қорытынды сөзі.

Бұл шығармадан

« Байлардың таңы атқан, кедейдің күні батқан » тар кезеңде қожасынан қысым, қиянат, қорлық, зорлық көрген сіңірі шыққан кедейлердің әділдікті, еркіндікті аңсаған, сол кездегі қазақ халқының басында болған қиын кезеңдіРысқұлдай өжет ердің іс  –  әрекетімен суретегенін білдік.

1905 – 1906ж Вырный түрмесінде болған Рысқұл Тұрардың оқу оқығанын, жақсы өмірге жеткізсе оқу жеткізетінің аманат етіп айтып кетеді. Тұрар әке аманатын орындап, халқын сүйіп, еліне адал қызмет етеді. Елінің қамын ойлайтын Тұрардай, қиыншылыққа мойымайтын әділ де қайратты ер Бақтығұл  –  Рысқұлдай елін сүйер азамат болыңдар.





Тақырыбы: М.Әуезов "Қараш-Қараш оқиғасы"
  • Иностранные языки
Описание:

І. Қызығушылықты ояту
«Ой шақыру» стратегиясы
1.«Асуда атылған оқ»кинофильмінен үзінді көрсету арқылы өтілген материалды еске түсіру.
- Бұл үзінді қай фильмнен алынған?
- Фильм кімнің,қай шығармасы желісі бойынша түсірілген?
- 2. Жоспар бойынша үзіндінің мазмұнын еске түсіру
Тараулар. Тақырып. Басты оқиғалар.
ІІ. Іште кеткен кек....•....Тектіғұлдың науқасы
•. Өксікті күндер
•. Аянышты өлімі
ІІ. Кек жолындағы жортуыл....•....Сәлмен жылқысына барымталау
•. Ұрланған бие
ІІІ. Қуғыншылар....•....Сойылған бие
•Қуғыншылар
•. Соққыға ұшыраған Бақтығұл
•. Намыс,ар,қорлану
ІV. Пана іздеу....•....Арқар ату
•. Жарасбайға тартуы
•. Өтініш,тілек
V. Адасу....•....Жарасбай жанындағы тірлік.
•. Ақ жолдан таю
•. Барымташы Бақтығұл
VІ. Екі жүзді аярлық....•....Ел ішіндегі тартыс
•. Сатқындық.
•. Билер соты, үкім
VІІ. Қуғын....•....Қуғынға ұшырау
VІІІ. Өш алу....•....Жасырыну
•. Әділ үкім....Алынған кек
ІІ. Мағынаны тану
1.Тақтаға түрлі түсті ұяшықтардың астына жасырынған сұрақтарды таңдау арқылы сұрақ-жауап әдісі бойынша шығарманың проблематикасы,жазушының идеялық-эстетикалық мұраты жөнінде әңгімелесу.
1. Тектіғұл өліміне не себеп болды? Оның өлімінде қандай саяси-әлеуметтік мән жатыр? Бұл өлімнің шығармадағы орны қандай?
2. Інісінің өлімі Бақтығұлға қалай әсер етті?
3. Бақтығұлдың барымтаға аттануына, ұрлық жасауына қалай қарайсың? Ақтайсың ба, қаралайсың ба?
4. Жарасбай болысқа баруын құптайсың ба, жоқ па?
5. Бақтығұлдың басты-басты қателіктерін, адасуларын ата.
6. Ол адасуларға тек Сәлмен, Жарасбайлар ғана кінәлі ме? Өзіне кінә қояр ма едің?
7. Неліктен Бақтығұл Сәлменді емес, Жарасбайды өлтірді?
8. Жарасбайды өлтіру қылмыс па?
9. Билер алдындағы «Не болса да ақпын», «Менде айып жоқ» деген ойынан бастап, Бақтығұл монологын қайта оқып шық. Осы монологтың маңызы неде деп ойлайсың?
10. Билер Бақтығұлға қандай үкім шығарды?
11. Бақтығұл сол күннен бастап қандай өмір сүруге мәжбүр болды?
12. Қашқын болып жүріп қандай қауіп-қатерге ұшырады?
13. «Бәлем, осыныңды ұмытпа!» деген кектену, өшігу сезімі қандай жағдайда, неге байланысты туды?
14. Сол билер алдындағы «Егер осы Қоқыш сөзіндей Жарасбайдың айтқаны шын болса, ...» деп басталатын Бақтығұл сөзінің мәнін түсіндір. Осы абзацтың Бақтығұл бейнесін ашуда маңызы бар ма?
15. Ақылды, әрі күшті рухы бар Бақтығұл неге қол шоқпар, барымташы, сорлы малайға айналды?
16. «Қараш-Қараш оқиғасы» арқылы жазушы қандай мәселелерді көтерген? Шығарма неге «Қараш-Қараш оқиғасы» деп аталған?
2. Бақтығұл бейнесін ашу ....Мәтінмен жұмыс.
1. Бақтығұлдың портреті Бақтығұл өзі кесек ,балуан денелі,иықты,кеуделі келген.Қалың тік қара мұртты.(тақтаға жазып көрсетеді)
2. Бақтығұлға мінездеме беру. Шығармадағы бейнеленген іс-әрекеттері,монологтары арқылы Бақтығұлдың бейнесін, жан дүниесі,психологиясын көрсету.(интерактивті тақтада оқушылар кестені толтырады)
Бақтығұлдың іс-әрекеттері, монологы
Жан дүниесі,психологиясы
1. - Бақтығұл Сәлменнің мыңға тарта жылқысының сан жүзін тудырып - өсіріп,қысы-жазы байдың жылқысының соңында болды Жиырма жыл бойы Сәлменнің жылқышысы болды
2. - Күздің ұзақ түні мынау.Қазір алған малмен соқтырып кетсем,таң атқанша ұзап кетем.Осы жауын ізімді шаяды.Түк алмай қайтпақпын ба?Қаңғырып жүріп,қадалған жерден нәр сызбай кеткенім бе? Көңілінде көптен шешілмей келе жатқан күдік бар.Аш күйінде ұйқы көрмеген,жол қиындығы,күзгі түн суығы,аштықпен бұралу үйінде жатқызбай қара талқан,құр тарыға ырза қылдырмай түн жамылтып алып шықты.
3. Мұншалық қорлыққа жеткізді-ау!Панасыздың көрері осындай итшілік күн болмай,не болушы еді!Енді сүйенетін кісі таппай болмас. Налыған,өмірден әділдік іздеген,қорғансыз жан
4. Бағымды осымен де бір сынап көрейінші.Қозыбақ аулының атаған абақтысынан құтқарса,осы құтқарар болар ма? Сүйенетін панасы,үміт еткені- Жарасбай болыс.Айтқанына көніп,қайтсе де жағынып көрмекші
5. Мына сияқты итшілеп жүрген тірішліктен біздей кісіге өлсек те,түк етпейді екен Жау дүние,мейірімсіз тіршілікке суынған,кегі қайнаған
6. «Мен бүгін бір бұғы атып келемін» Дерт пен ызадан құлантаза сауыққан,сергіп,ойнақшыған кейіпкер туар (Көрнекті қазақ жазушысы, мемлекеттік қайраткері Шерхан Мұртазаның «Қызыл жебе» романынынан үзінді) Бұл үзіндідегі Тұрар -1894, Жетісу облысы, Верный уезі Шығыс Талғар болысында өмірге келген қазақ қайраткері. «Бұл өзі Шілменбет руынан шыққан қарапайым қазақ еді. Қара шаруа болса да, рухы күшті, қайраты мол, қажырлы қазақ. Бұл атырапта одан өткен мерген, Іле Алатауын одан артық білетін адам болмаған». (Ш.М. Рысқұл. 192) Ал енді бір суреттейтін жері - Рысқұлдың түрмеден бір рет қашып шығып жасырын жүргенде, түрме басшыларының баласы Тұрарды өлтіреміз деген сөздерін естіп, амалсыздан сол түрмеге қайтып келетін кез. Бұл кездегі Рысқұл кескін келбеті былайша көрінді: «Сол күні сұрғылт іңірде Верныйдың облыстық түрмесінің сұрғылт қақпасын үсті-басы ұсқынсыздау, киім-басы жүдеу, ескі киіз қалпағына шөп шалам жабысып қалқан кеуделі, жазық жоталы, көзі ашулы арланның көзіндей ызғарлы бір адам келіп қақты». (Ш.М.Рысқұл 68) Шығармадағы бас кейіпкер Бақтығұлдың прототипі тарихи тұлға Жылқыайдаров Рысқұл - Тұрардың әкесі.Жастайынан әділетсіздік көрген, патша әкімшілігінің озбырлығына шыдамаған Рысқұл Жылқыайдарұлы 1904 жылы желтоқсанда халыққа тізесі батқан Саймасай Үшкемпіров деген болысты атып өлтіреді.
Прототип– көркем шығармадағы кейіпкердің бейнесін жасауға тірек, негіз болған өмірде бар адам. Шығармадағы Бақтығұлдың інісі Тектіғұл - Молдабек, баласы Сейіт – Тұрар, Қатша-Тұрардың анасы Ізбайша,Жарасбай болыс – Саймасай Үшкемпіров.
3.«Топтастыру» стратегиясы
Бақтығұл: жылқышы, күрескер, еңбекқор, сенгіш, батыл, шыдамды, аңғал, қорғансыз
4.«Ойлану баспалдағы» стратегиясы.Бір тақырып бойынша сұрақ дайындау, оған жауап беру
1.Бақтығұл
2.Бақтығұл, Тектіғұл
3. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен
4. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен, Жарасбай
5. Бақтығұл, Тектіғұл, Сәлмен, Жарасбай, қоғам
ІІІ.Ой толғаныс ( Оқушылар шығарма бойынша өз ойларын ортаға салады.)
Пікірлер пирамидасы
Бақтығұл - еркіндікті аңсаған намысшыл қазақ
Бақтығұл - кек алушы күрескер
Бақтығұл - Сәлмен мен Жарасбайдың құрбаны
Бақтығұл - қорғансыз сорлы
Бекіту
1. « ... Рысқұл оқымаған болғанымен, көкірегі ояу адам еді. Түрменің ұзақ түндерінде баласын ұйқыдан қысып отырып айтқан сырлары зая кетпес. Тұрар енді бір жиырма жылдан кейін әлде бір жазушымен дос болып, өз әкесінің басынан өткен шытырман шындықты оған арман ағысындай етіп айтып берер. Содан барып «Қараш-Қараш » туған.

Үйге тапсырма
«Шығармадағы жазушы қолданған көркемдік әдіс-тәсілдер» тақырыбына шығармашылық ізденіс.

Бағалау.

Автор Ддетписбаева Сауле Какимовна
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров 1760
Номер материала MA-062432
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓




Похожие материалы