Главная / Начальные классы / Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.

Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.

Күні: 1.09.2015 жыл.

Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.

Мақсаты:Туған жерін,Отанын сүюге,егеменді еліміздің рәміздерін құрметтеуге,туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай,еске алып отыруға,елімізді бабаларымыз сияқты қорғай білуге,ата-бабадан дәстүр боп келе жатқан өнеге-салтымызды,ана тілімізді сүйіп,оны сақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,Қазақстан картасы,рәміздер суреттері,қанатты сөздер,шарлар,гүлдер.

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Мемлекеттік әнұран айту.

II.Кіріспе бөлім.

Құттықтау сөз.Кіріспе құттықтау сөзбен мұғалім тәрбие сағатын ашады.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:Менің Отаным-Қазақстан.

III.Негізгі бөлім.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?(ту,елтаңба,әнұран)

-ҚР-ның елтаңбасының авторлары кімдер?(Ш.Уәлиханов,Ж.Мәлібеков)

-ҚР-ның Конституциясы қашан қабылданды?(1995 жыл 30 тамыз)

-Қазақ халқының тұңғыш заңы қалай аталады?(Жеті жарғы)

-ҚР-ның туының авторы кім?(Шәкен Ниязбеков)

-ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?(1992 жыл 4 маусым)

Балалар1992 жыл 4 -маусым - тарихи күн. Өйткені «4 маусым-мемлекеттік рәміздер» күні. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағзым етті.


Рәміз-мемлекеттің «мемлекеттілігін» мәлім ететін нышан.

Рәміз –ел болашағы саналатын ұрпаққа мұра боп қалар құндылық.

Рәміз-мемлекетті әлемдік деңгейде танытатын бірден-бір белгі.

Рәміз- сарғайған тарих беттері мен мұрағаттарға хатталар ұлағат.


Көрініп тұр қанатты жайғанымыз,

Бейбіт өмір,береке айғағымыз.

Бар әлемге танылды қазақ елі,

Желбіреген қыранды байрағымыз.

Туымызға нұр шұғылалы алтын күн бейнесі, қыран көңіл халқымыздың асыл арманын арқалаған дала бүркіті мен рухани болмысымыздың жарқын бір көрінісі болып табылатын ұлттық өрнек бейнеленген.Ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тікбұрышты көгілдір түсті мата. Оған қоса,Туды сабының тұсынан ұлттық өрнек нақышталған тік жолақ көктеп өтеді. Күн,шұғыла,қыран және өрнек бейнелері де алтын түсті болуы керек.

Елтаңба-қара шаңырақ-біздің ұлттың алтын бесігі.Қазақтың қасиетті қара шаңырағының бейнесі бүгін қазақ елінің нышаны іспеттес.

Асыл діңгек аман болса,алтын бесік мәңгілік өмір жырымен тербеле береді.


Менің елім.

Қазақстан-туған жерім,

Көп қой сенде өзен,көлің

Нұрлана бер,гүлдене бер,

Пейілі кең дархан елім

Жаса,жайна туған өлкем,

Мен өзіңмен мақтанамын

Бар жиында әнұран айтып

«Қазақпын» деп шаттанамын.

«Отан туралы» М.Мақатаев.

Мен оның түнін сүйем,күнін сүйем,

Ағынды өзен,асқар тау,гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған,

Бәрі маған «Отан»- деп сыбырлаған.

Бозторғайы бол оның шырылдаған.

Отан,Отан!

Бәрінен биік екен,

Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем,-деп,М.Мақатаев жырлағандай,әрбір адам өз елін,жерін –Отанын сүйе білу керек.Біздің туған еліміз-Отанымыз-кең байтақ Қазақстан.

Отан дегеніміз-туған жеріміз,Отан,яғни туған ел-өз үйіңнен басталады.Сен алысқа кетсең,өз үйіңді сағынасың.Туған жердің топырағы,ауасы,жусаны мен гүлдері,жалаң аяқ ойнаған жерлерің-сенің туған жеріңді құрайды.Туған жерсіз адамның күні жоқ.Яғни барлық адамның туған жері,елі болмақ. Менің туған елім-Қазақстан.



- Бұрынғы астана қай қала? (Алматы) -Астана қай өзеннің бойында орналасқан?(Есіл) -Астанамыз қай қала?

Слайд көрсету.

Көз тіккен төрткүл дүние алты Алашы Бұл бүгін қазағымның бас қаласы. Елордам халқым үшін ерен бөлек- Тәуелсіз елдің Астанасы! 1997 жылы 10-желтоқсаннан бастап Ақмола қаласын ҚР-ның Астанасы деп жариялау туралы жарлыққа Қазақстан Республикасының Президенті қол қойды.Ақмола қаласының ҚР-ның астанасы ретінде ресми тұсаукесері 1998 жылы 10-маусымда өткізілді.

Астана-Еуразия құрлығының кіндігінде,Сарыарқаның солтүстігінде орналасқан. Астана-Еуропа мен Азия көне заманнан бері жалғастырып жатқан Ұлы Жібек жолының бойындағы қала. Астана-Көлік жолдары Қытаймен,Ресейді,Батыс Еуропа мен Таяу Шығысты байланыстырып жатқан қала. Астана-қазақстандықтардың мақтанышы. Астана-Қазақстан Республикасының елордасы.

Жас Астанам-жас қалам, Тарихың бар ашпаған. Ордасы бол ойшылдың Ей,бас қала-Астанам!

Қазақстан Республикасы жер көлемі жөнінен дүние жүзінде 9 орында. «Алтайдан Каспийге дейін» ҚР мемлекеттік шекарасы.

Картамен жұмыс.

Қазақстан Республикасы 5 мемлекетпен шектеседі.Олар: Россия,Қытай,Түркменстан,Өзбекстан,Қырғызстан.

Қазақстанның жері кең-байтақ,жері кенге бай.Қазақстаннан пайдалы қазбалар көптеп алынады.Олар:мыс,күміс,алтын,мырыш,мұнай,газ,темір,альюминий т.б.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Қазақ тілі-Әйтеке,Төле,Қазыбек билер сынды шешендердің,Абай,Жамбыл,А.Байтұрсынұлы,М.Жұмабаев,С.Сейфуллин,М.Әуезов сияқты алып-жазушылардың,Қажымұқан,Б.Момышұлындай атақты батырлардың тілі.Қазақ тілі-қазақтың жоғын жоқтап өткен Ш.Уәлиханов пен Т.Рысқұловтай арыстардың тілі. «Қазақ тілі» өлеңін оқу.



Өлең құрастыру.

......................... елім,

......................... жерім.

........................ жайқалған,

....................... жасарған,

...................... жайған,

...................... Қазақстан!

IY.Қорытынды.

«Ел-елдің бәрі жақсы, Өз елің бәрінен жақсы»-дегендей,сендер болашақ еліміздің ұрпақтары,өз еліңді,Отаныңды жаныңдай жақсы көріп,еліңнің намысын,өнеге салтын,ана тіліңді,тарихыңды сақтап,қорғай білулерің керек.Және де осындай кең байтақ,татулық пен достықтың киелі бесігіне айналған қазақ даласының ,яғни Қазақстанның азаматы екеніңді мақтан ете білулерің керек.

«Жалғасын тап» ойыны.

1.Туған жердей жер болмас, ................................................ 2.Басқа елде сұлтан болғанша, ................................................... 3.Әркімнің өз туған жері .................................. 4.Туған жерге,.................................. 5.Отансыз адам-.............................................. 6.Отанды сүю......................................... 7.Отан...................... ыстық. Сонымен Отан дегеніміз не? «Туған жер» өлеңі хормен айтылады.











Ембі қалалық №3 орта мектебі







Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.



Мұғалім: Жакешева Г.Т.



Сыныбы: 4 «Б»





















2015-2016 оқу жылы

hello_html_m43473e10.jpghello_html_m648b0736.jpg

hello_html_92ea24.jpghello_html_m6f6a52d4.jpg



hello_html_m7dc7d217.jpghello_html_m40783487.jpg



Тақырыбы: Менің Отаным-Қазақстан.
  • Начальные классы
Описание:

Мақсаты:Туған жерін,Отанын сүюге,егеменді еліміздің рәміздерін құрметтеуге,туған еліміздің өткен тарихын ұмытпай,еске алып отыруға,елімізді бабаларымыз сияқты қорғай білуге,ата-бабадан дәстүр боп келе жатқан өнеге-салтымызды,ана тілімізді сүйіп,оны сақтай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,Қазақстан картасы,рәміздер суреттері,қанатты сөздер,шарлар,гүлдер.

Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру бөлімі.

Мемлекеттік әнұран айту.

II.Кіріспе бөлім.

Құттықтау сөз.Кіріспе құттықтау сөзбен мұғалім тәрбие сағатын ашады.

Бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы:Менің Отаным-Қазақстан.

III.Негізгі бөлім.

-Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне нелер жатады?(ту,елтаңба,әнұран)

-ҚР-ның елтаңбасының авторлары кімдер?(Ш.Уәлиханов,Ж.Мәлібеков)

-ҚР-ның Конституциясы қашан қабылданды?(1995 жыл 30 тамыз)

-Қазақ халқының тұңғыш заңы қалай аталады?(Жеті жарғы)

-ҚР-ның туының авторы кім?(Шәкен Ниязбеков)

-ҚР-ның рәміздері қашан қабылданды?(1992 жыл 4 маусым)

Балалар1992 жыл 4 -маусым - тарихи күн. Өйткені «4 маусым-мемлекеттік рәміздер» күні. Сол кезде Республика Жоғары Кеңесі тәуелсіз ҚР-ның мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын бекітті. 1992 жылы маусым айында тұңғыш президент Н.Ә.Назарбаев ұлт Туына тағз
Автор Жакешева Гулмира Тутеевна
Дата добавления 01.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Презентации
Просмотров 869
Номер материала MA-062838
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓