- 31.12.2020
- 3269
- 0
Рабочие листы
к вашим урокам
Скачать
Тақырыбы: Күз - мереке, күз - береке.Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін, сөйлеу қабілетін жетілдіру.Міндеттері: Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.Сабақтың әдістері: көрсету, тақпақтар, ойындар, сұрақ – жауап.Сабақтың көрнекіліктері: тақырыптық, үлестірмелі суреттер, жемістер мен көкөністер муляждары, себеттер және күз келбеті.Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу.Білер қазақ баласы.«Сәлем – сөздің анасы»Алдымыздан кезіккенКөп танысты көреміз,Бәріне де ізетпенБіздер сәлем береміз.ІІ. Ән әуенімен күз кіріп келеді (балалар қарсы алады) Амандасады.- Мен кіммін ?- Күз- Қазір қай жыл мезгілі?- Қазір күз мезгілі.- Қандай күз айлары бар?- Қыркүйек, қазан, қарашаІІІ.Күз туралы тақпақ білесіңдер ме?Айдос: Сары алтындай сары күз- Қамбадағы дәніміз.- Шелек – шелек балымыз,- Ағыл – тегіл ағымыз.Ақбота: Жайдары күз, жарқын күз,Аяулы күз, алтын күз.Дәнге толы ен даламДариядай шалқып жүр.Мұрагер: Мейірлі күз, мырза күз,Сыйлығыңа ырзамыз.Аппақ арай таңыңда,Шомыламыз нұрға біз.Назерке: Көк аспаның мөлдіреп,Алтын күзім елжіреп,Асыр салып жүре бер,Сары көйлегің желбіреп.ІV Сергіту сәті: Қыс – құнар береді,Көктем – дән себеді,Жаз – бастап, өсірсеКүз – жинап береді.V Тіл дамыту. Күз мезгілін қалай білеміз?Айсана Өрік, алма, шие, алша.Жидек, жүзім піседі.Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,Дүкендерге түседі.Балалар- Күзде күн суық. Күзде сары жапырақтар.- Күзде алуан-алуан жапырақтар. Жапырақтар түседі.- Құстар ұшып кетеді. Жемістер жинаймыз.- Күзде жұмыс көп. Көкөністер жинаймыз.VІ. Жұмбақ шешейік:Бойын жерге жасырған,Бұрымы бар жасылдан.(Сәбіз)Қалың киімді ұнатады,Шешіндірсең жылатады.(Пияз)VІІ. Ойын « Кім жылдам? » (Көкөністер мен жемістерді топтап себетке жинайды)VІІІ. Үлестірмелі суреттер.(Аттарын атап, салыстырып түстерін, пішіндерін және сөз тіркестерін айтады)Алма – жеміс. Алма домалақ. Түсі қызыл. Дәмі тәтті.Қияр - көкөніс. Пішіні сопақша. Түсі жасыл.Шие – жеміс. Қызыл шие. Бес шие. Қышқыл шие.Мынау - сәбіз. Сопақша сәбіз.сары сәбіз. Үлкен сәбіз.Х. Күз: Астық пісіп, орақ түсіп,Қырман дәнге толады.Бөбектерім, айтыңдаршы бұл қай кезде болады?Балалар: Бұл күзде болады.Күз: Балаларға көп – көп рахмет айтып, қоштасып кетеді.
6 664 606 материалов в базе
Настоящий материал опубликован пользователем Меньшина Оксана Владимировна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт
Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
Удалить материалВаша скидка на курсы
40%Курс повышения квалификации
72/180 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Курс профессиональной переподготовки
300/600 ч.
Мини-курс
4 ч.
Мини-курс
8 ч.
Мини-курс
4 ч.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.