Главная / Другое / Тақырыбы: «1 – 5 ке дейінгі сандар. Тура және кері санау»

Тақырыбы: «1 – 5 ке дейінгі сандар. Тура және кері санау»

15.12.15 жыл.

10 «Балдаурен» тобында ұйымдастырылған іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Таным. Қтынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Математика

Тақырыбы: «1 – 5 ке дейінгі сандар. Тура және кері санау»

Мақсаты:

Білімділік: 5-ке дейінгі санау қабілетін күшейту, реттік санау дағдысын қалыптастыру;

Дамытушылық: геометриялық фигураладың атаулары туралы білімін пысықтау; талдау және салыстыра алу қабілетін арттыру;

Тәрбиелік: реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: 1 – ден 5 – ке дейінгі сандар, есеп дәптері.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.


Әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің әрекеті

Балалардың әрекеті

Мотива-циялық - қозғаушы

Балаларға пойызға мініп, саяхатқа аттануды ұсынады. 9 кестедегі паравозға 5 вагон тіркейді.

Балалар ойынға қатысып, пойызбен саяхатқа аттанады.

Ұйымдас-тырушылық - ізденушілік

Балалардан тек қана вагондарды санап шығуды сұрайды. Паравозды қосымша жолға шығарып қояды. Вагондарды нөмірлеуді өтінеді. Вагондар санын ауыстырып, балалармен бірге солан оңға кері санайды.

Бірінші, соңғы, ортадағы, екінші және үшінші вагондардың ортасыда деген сөздерді қолданады. Балаларға «Жасырынбақ» ойынын ойнау туралы ұсыныс жасайды:

-Тышқан (немесе басқа кез келген кейіпкер)қай вагонға жасырынды?

Ойынның шарты: балалардың бәрі көзін жұмады, жүргізуші тышқанды вагонға жасырады. Содан соң вагонның нөмірін айтпай, оны сөзбен сипаттап беруге тырысады. Басқа балалар сипаттама бойынша жауабын табады. Мысалы: ол екінші мен төртінші вагонның ортасында. Ол бесінші вагон мен үшінші вагонның ортасында немесе ол қызыл емес және үшінші тұрған жоқ және т.б.

Ойынға арналған текшелер, цифрлар және сандық суреттермен жұмыс істегенде әртүрлі нұсқаларды пайдалануға болады. Педагог цифрды, нүктеден тұратын сан үлгісін немесе заттың санын көрсетеді. Ал балалар соған сәйкес келетін карточканы табады. Жұмысты жұппен орындауға болады. Балалардың бірі санды, екіншісі үлгіні немесе санды карточканы алады. Домина ойынындағы сияқты қимылдайды.

Балаларға дәптердегі №2 тапсырманы ашып, 1 – ден 5 – ке дейінгі сандарды еске түсруді өтінеді. Балалардың бірі ауаға санды жазады, қалған балалар көрсеткен цифрды табады.

3 тапсырма вагондарды нөмірлеуге берілген. Балалар цифр жазылған жапсырмаларды вагондарға жапсырады.

Вагондарды тура және кері қарай санайды. Оларды нөмірлейді. Вагонды санына қарай және өзге де белгілеріне қарай сипаттап, «Жасырынбақ» ойынын ойнайды. Жұптасып домина ойнайды.






























Ауаға жазады және 2 – тапсырмадағы санды бастырып сызады.


Вагондарды нөмірлейді. Вагондарды ретімен атап көрсетеді: бірінші вагон көк, екінші вагон ...

Рефлексті – коррекция-лаушы

1-ден 5 – ке дейінгі сандарды қатарластырып қояды және балалардан оларды тура және кері қарай хормен санауларын сұрайды. Сөйтіп, олардың санауды қалай меңгергенін тексереді. Содан соң балалар көздерін жұмып, тағы да солай санап шығуы тиіс. 4 – тапсырма бойынша суретті құрастырып тұрған фигураларды санап шығуды сұрайды. Ол үшін алдымен фигураның атауын тауып, әрқайсысы өз бетінше цифрды қоршап сызуы тиіс. Педагог кейін оны тексереді. Сабақты қорытады. Балаларды мадақтайды.

Тура және кері санайды, содан соң көзін жұмып санайды. 4 –тапсырманы орындайды. Сабақты қорытады.


Күтілетін нәтиже:

Орындайды: 1 – ден 5 – ке дейінгі сандар және цифрларды, реттік және сандық есептеуді;

Түсінеді: 1 – 5 цифрларының жазылуын, санаған кезде заттың орналасқан орнына бағынбайтыны туралы, санау тәртібі туралы түсінікті: санаған кезде бірде бір затты қалдырып кетуге немесе бір затты екі рет санауға болмайтынын;

Қолданады: 1 – ден 5 – ке дейін және 5 – тен 1 – ге дейін тура және кері санауды; солдан оңға, оңнан солға реттік санауды.


Тексерілді: ________________С.Э.Бопылова



Тақырыбы: «1 – 5 ке дейінгі сандар. Тура және кері санау»
  • Другое
Описание:

Білім беру саласы: Таным. Қтынас.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет: Математика

Тақырыбы: «1 – 5 ке дейінгі сандар. Тура және кері санау»

Мақсаты:

Білімділік: 5-ке дейінгі санау қабілетін күшейту, реттік санау дағдысын қалыптастыру;

Дамытушылық: геометриялық фигураладың атаулары туралы білімін пысықтау; талдау және салыстыра алу қабілетін арттыру;

Тәрбиелік: реттілікті сақтай білуге тәрбиелеу.

Керекті құралдар: 1 – ден 5 – ке дейінгі сандар, есеп дәптері.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, сұрак – жауап, мадақтау, қорытындылау.

Автор Атагазиева Акзер Ногайбаевна
Дата добавления 13.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Другое
Просмотров 323
Номер материала MA-066397
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓