Главная / Другое / Тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі

Тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі

Тексерді____________

13.02.2016

Тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі 
Сабақтың мақсаты: 
І. Білімділік: Оқушыларға Ғ дыбысы мен әрпін таныстыру. 
Ғ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Ғ дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру. Әріптің баспа түрін жазғызу. 
ІІ. Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрісі мен шығармашылығын дамыту. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру. 
ІІІ. Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру. 
Үлкенге де «сіз» 
Кішіге де «сіз» 
Бәрімізді құрметтеп 
Бас иеміз біз. Балалар шеңберге тұрып өлең жолдарын қайталады. 
Ұйымдастыру іздену 
- Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? 
- Қыстың қандай өзгерістер байқадыңдар? 
-Ағаштардан қандай өзгерістер байқадыңдар? 
-Сендер қыстың өзгерісін жақсы біледі екенсіңдер. 
Бүгін біз тағы бір жаңа әріп өтеміз, ол үшін бізге мына бір жұмбақты шешу керек? 
Жұмбақ:Зымыранмен аспанға ұшады, 
Жұлдыздарды зерттейді 
Ол кім балалар? 
(Ғарышкер) 
- Балалар ғарышкер туралы біз не білеміз. 
Ғарышкерлер ғарышқа, 
Байқоңырдан ұшады. 
Қарсы алады тағы да, 
Біздің елдің құшағы 
Ал енді ғарышкер сөзін буынға бөлейік? 
Ға – рыш – кер – неше буын? 
Ғарышкер деген сөздегі ең бірінші әрпі ғ әрпімен танысамыз. 
Қане айтып көрейікші. 
Ғ – дыбысы дауыссыз көк текшемен белгілейміз. 
- Ал балалар ғарышкер қайда ұшады. 
Ғарышқа – қане буынға бөлейік? 
Ғ - әрпі сөздің қай жерінде жазылған басында 
Ғ -әрпі неге ұқсайды екен? 
Балалар Ғ әрпі 7 санына да ұқсайды екен. Ол қалай ұқсайды екен? 
Жалқаубек есеп көшіріп, 
Сиясы кетпей жабады. 
Екінші бетте «жетілік», 
«Ғ» әрпі болып қалады. 
Сағат, таға, доға, шаңғы. 
Тағы қандай сөздерде кездеседі екен? 
Сергіту сәті:Қарлығашқа ұқсайық, 
Қане қанат қағайық. 
Ұшып – ұшып алайық, 
Орнымызға қонайық. 

Ал балалар Ғ әрпі былай жазылады. (тақтаға жазып көрсету) 
Ал енді ауада жазып көрейік 
Ал енді біз таяқшалармен Ғ әрпін құрайық. 
- Дәл ауада жазғандай, қазір дәптерден үлгіге қарап үзік сызықтарды қосып, F әрпін жазамыз. 
Сергіту сәті:

Солға, солға түзу тұр. 
Оңға, оңға түзу тұр. 
Алға қарай бір адым 
Артқа қарай бір адым 
Жоғары төмен қарайық 
Орнымызды табайық. 
Дәптерге жазып болған соң ойын ойнаймыз. "Ғарышқа ұшу" ойыны. 
Ойынның шарты: Балаларға қағаздан сәндеп жасалынған ракета үлгісі көрсетіледі де кім ғарышқа ұшқысы келсе, мұндағы тапсырмаларды дұрыс орындау керектігі ескертіледі. Бір-бірден ала отырып, өткен әріптерге жұмбақ жаңылтпаш, санамақтар айтады. Ойын мақсаты балалардың білімге құштарлығын арттырып, өткен әріптерді есте сақтауға дағдыландырады. 
Ойын: "Сөйлемді толықтыру" 
1. Өзімнен үлкен бауырым........ (аға) 
2. Қыз құлағындағы әшекей...... (сырға) 
3. Атам ат......... (тағалады) 
Балалар сұраққа жауап берді. 
Балалар ғарышкер сөзін буынға бөлді. 
Балалар сұраққа жауап берді, ғарыш сөзін буынға бөлді. 
Балалар сұраққа жауап берді. 
Балалар дәптерлерін алып ғ әрпін жазды. 
Балалар ойын ойнау арқылы берілген сұрақтарға жауап берді. 
Рефлексивті түзету 
- Қандай дыбыспен таныстық? 
- Қандай сөздөрде F дыбысы бар екен? 
Балалар сұрақтарға жауап берді. 
Күтілетін нәтиже: 
Білді: Өткен әріптерді айта білді. 
Игерді: Жаңа ғ дыбысы мен әрпін үйренді. 
Меңгерді: Ғ дыбысы бар таппақтар, мақалдарды, жұмбақ, жаңылтпаш, санамақтарды айтуды меңгерді.


Тақырыбы: Ғ дыбысы және әрпі
  • Другое
Описание:

Сабақтың мақсаты:

І. Білімділік: Оқушыларға Ғ дыбысы мен әрпін таныстыру.
Ғ дыбысы бар сөзге дыбыстық талдау жасай білуге үйрету. Ғ дыбысы сөздің басында, ортасында келетінін түсіндіру. Әріптің баспа түрін жазғызу.
ІІ. Дамытушылық: Оқушылардың ой — өрісі мен шығармашылығын дамыту. Сурет арқылы өз ойларын жүйелі әңгімелеуге дағдыландыру.
ІІІ. Тәрбиелік: Адамгершілік қасиеттерін, білімге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Автор Кабидоллина Куралай Кабидоллакызы
Дата добавления 11.04.2016
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров 190
Номер материала MA-066322
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓