Главная / Начальные классы / Тақырыбы Бетпақдала.

Тақырыбы Бетпақдала.

Пәні: әдебиет

3 сынып


Тақырыбы

Бетпақдала.

Мақсаты

Аңызды оқи отырып,мазмұнының идеясын ашуға, достық өлкесі туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже

1.Мәтінді түсінеді.

2. Мазмұндай алады.

3.Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап бере алады.

Керекті жабдықтар

интерактивті тақта,оқулық,ресурстар, презинтация,маркер,флипчарт.

Сабақтың модульдері

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 5.Таланты және дарынды балаларды оқыту.

2.Сыни ойлауға үйрету. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктері.

3.ОүБ және ОБ 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық

4.АКТ

Әдістер


«Терезедеі сауал»

«Сұрақтар шеңбері» әдісі

Бағалау

«Өзін-өзі бағалау» «Қолпаштау» «Смайлик»

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе 5 мин


І.Психологиялық дайындық.

Жылы лебіздер

ІІ. Топқа бөліну.

1-топ Адамгершілік

2-топ Мейірімді

Парта астындағы конвертті тапқан оқушы топ басшысы болады.



Қағазға жазылған тұжырымдар бойынша 2-топқа бөлінеді.


Бағалау критериясын құру.

Тұсау кесу 15мин

І.Үй тапсырмасын тексеру.

« Терезедегі сауал» әдісі бойынша үй тапсырмасы тексеріледі.

Диалог түрінде атасы мен немересінің әңгімесін жатқа айтып береді.

Авторы туралы сұрақтар,мәліметтер,сөздіктен сұрақ қояды.

Әр оқушы терзедегі таңдап алған сауалдарға жауап береді.


Смайликпен,бармақпен,бағдаршаммен бағалау.




Негізгі бөлім 18мин

Жаңа сабақ

«Қазақстанның шөл далалары» туралы Бейнежазба көріп, сол бойынша сұрақтарға жауап береді.

1.не туралы? Дала,жер,құрғақ.

2.сипаттап көріндер: сап- сары. Көріксіз

3.Бұл жерлерді табиғатына қарап қалай атар едіңдер?

Қатал,өлі табиғат.

4.Бұған қарама- қарсы табиғат қандай болады деп ойлайсындар? Жасыл желек,су,аңдар,көңілді.

5.Табиғатты бұндай халге жеткізуші не деп ойлайсыңдар? Адам қолы,ақылсыздық.

Аңыз деген не?

Табыс критерийін құру:



Топ басшыларын сайлау.Бағалау критерийларын ұсыну.

Жаңа сабақ: Ақселеу Сейдімбектің «Бетпақдала» аңызымен танысамыз.Автор туралы сыныптағы Ақселеу сейдімбекті зерттеуші Құмар Данат бізді таныстырып өтеді.

1.Оқулықпен жұмыс

Өзіндік білім алу.

«Бетпақдала» мәтінді бөлікке бөліп,топпен оқу.

Сұрақтарға жауап бере отырып, Бетпақдала бейнесін шығару. ( cұрақ дайындау)

Суретпен жұмыс. Оқиғаның өрбуіне байланысты сұрақтарды оқушылар дайындайды.

Бірінші сұрақ: Бұл өңірдің құнарлығын қалай сипаттайды?
(Құнарлығы сондай, түн ортасы ауа құнарлығын шымға тіреп, қалғып кеткен жылқышы, таң атқанда қолындағы құрықтың бүр жара бастағанын көрген екен дейді)

Екінші сұрақ: Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөрте де, қырғауыл жүні ұзын екен дейтін заманда қандай ел болыпты?
(Жері шүйгін, оты, суы мол, ғажайып бір өңірде төрт түлік малын мыңғыртқан төрт құбылысы сай бір ел болыпты)

Үшінші сұрақ: Сол елді басқарған хан күннің бір күнінде қандай мінез шығарыпты?
(Үстінен құс ұшып өтсе де, желідегі құлын кісінесе де, ауыл үстінен құйын ұйтқып өтсе де, төңірегіндегілердің апшысын қуырып, ашу шақырып, жайсыз мінез көрсетеді екен.)

төртінші сұрақ :Өзенге салқындамақ боп шыққан хан ордасына келіп, халыққа не деп жар салыпты?
(Жер бетінде бір түп жусан қалмасын! Кімде кімнің өрісі мен қонысынан бір тал жусан көрсем, менен жақсылық күтпесін!)

сегізінші сұрақ: Ханның қиянат тірлігін жөн көрмеген ақылгөй қарт ордаға арнайы келіп не деп басу айтады?
(Ашу дұшпан, ақыл дос, сабаңа түсіп сабыр сақтасаң еді. «Битке өкпелеп, тоныңды отқа жағуға бола ма, табаныңа кірген шөгірді кек тұтып, ойланбай әрекетке кіріссең сол шүгір ертең-ақ маңдайыңа тікен болып қадалады. Боз жусан даладағы тіршіліктің тірегі. Күннің ыстығын қайырып, жердің дымқылын сақтап тұрған осынау киелі өсімдік. Малыңа азық болып, басыңа береке дарытушы да осы жусан. Сарай ашар хош иісі мен жанға шипа шырыны құрт - құмырсқа, кене мен бүйенің қаптап кетуінен сақтайды. Тіл алсаң райыңнан қайт та жеріңнің берекесін, еліңнің ертеңін ойла)

Екінші сұрақ: Ақылгөй қарттың ақылына хан құлақ асты ма?
(Ақылгөй қарттың алысты ойлаған жанашыр сөзін кінәмшіл хан тыңдамайды. Әлгі айтқан сөздің бәрін кек тұтады.)


Бірінші сұрақ: Жер бетінде бір тал жусан қалмаған кезде қандай оқиға болды?
(Байтақ дала дуылдаған құрт - құмырсқаға, бүйе шаянға, қара құрт пен өрмекшіге толып кетеді. Отар, отар қойларды кене буып, оттан қалады. Келе - келе түйені шаян шағып, өрісе қалады. Бүйе мен қара құрттан қорғанған ел бой жазып, ақ төсекте жата алмайды.)

Бесінші сұрақ: Тұлпары өлген хан халқына не деп жар салады?
( Ел жұрт барлық тірлікті қойып, құрт - құмырсқа, бүйе, шаян, өрмекші, қара құрт, жылан, кесірткені құртуға кіріссін)

Алтыншы сұрақ: Байтақ даланың тірі жәндігі қырылған соң қандай оқиға болды?
(Көп кешікпей - ақ сол жәндіктерді қорек ететін құстарда қырыла бастайды. Күнімен шырылдап ұшқанда оймақтай бөтегесін толтырар тірі жәндік таппай, алдымен даланың бозторғай, қарлығаш, бұлбұл, көкек, кептер, тарғақ сияқты ұсақ құстарда қырыла бастайды. Осыдан соң көп кешікпей сол ұсақ құстарды қорек ететін тұйғын, сұңқар, жапалақ, қаршыға, жағалтай, лашын құстар қырылады. )




Екініші сұрақ: «Жұт жеті ағайынды» дегендей дала төсінде нелер өріп жүретін болды?
(Ел тегін тышқанға қарық болған даланың қасқыр мен қарсағы жонданып, ұя толтыра күшіктеп, аз уақытында дала төсінде бөрілер қайтадан өріп жүретін болады.)

Үшінші сұрақ: Алғашқыда құстардың қырылғанына мән бермей жүргенде тағы қандай оқиға болды?
(Енді жер астын сағалап, баяғы қалың өрттен аман қалған тышқан мен жыланның алуан түрі қаптайды. Көкте қыран құстар қырылған соң әсіресе саршұнақ, түйе құлақ, ала қоржын, атжалман сияқты тышқандар құжынап кетеді. Байтақ даланың үстіне шығып, шұрқ - шұрқ інге айналады.)

Бірінші сұрақ: Қандай оқиғадан кейін ел беті басы ауған жағына дүркірей жөнеледі?



(Жер тырмалап еккен азын аулақ егісі тышқандардың ұртында кетеді. Сөйтіп бір кездегі гүлге оранған шүйгін дала быт-шыт болып жарылып, табаны тартылып, індет жайлап, қалың ел беті ауған жаққа дүркірей көшеді. )

Мұғалім:Сонымен сондай бақытты ел неге айналды?
(Жері тозып, елі босқан хан жұртта қалған жетім күшіктей ұлып, осы далада азып - тозып өліпті дейді.
Содан бері ел жұрт бұл даланы «Бетпақдала» деп атап кеткен.)

Топпен жұмыс:

1 топ2.Глосаримен жұмыс,мағынасын ашу

«Нәубет» деген не? сұраққа ғаламтордан түсініктеме іздеу. Постерге түсіріп, қорғау.

2 топ: бетпақдала. 5 жол өлең. Постерге түсіріп, қорғау.

Конверт ішіндегі тапсырма.:Топпен жұмыс:

1 топ: Физикалық картадан бетпақдаланы тауып бояу.қай жерлермен шектесіп жатқанын айту.

2 топ: Қазіргі қорықтарды тауып бояу.Аттарын атау.

Қазіргі табиғат апаты туралы бейнежазба көрсету.Себебін сұрау.

Дәптермен жұмыс: мақал – мәтелдерді теріп жазу.


Сергіту:шарлармен бір-біріңе көңіл-күй сыйлау.бір түсті шардағы суреттерді құрастырып, құралған кейіпкерге сипаттама жазу.Венн диаграммасын құрау.

3.Сыни тұрғыдан сұрақ. Дүниетанумен байланыс:

  1. Дарынды оқушыларға: Топырақ жамылғысын зерттейтін ғылым?

2)Алғашқы жұқа топырақ қабаты қанша млн жыл бұрын қай дәуірде пайда болған?

3) Қандай топырақты құрылымы жақсы топырақ деп атаймыз?

.Топырақтану ғылымы- жас ғылым.


2.500 млн жыл бұрын, кембрий дәуірінде


3.Шірінді мен кальциге бай қара топырақ құрылымы ең жақсы топырақ болып саналады.



Қабілетті оқушыға сұрақ:

  1. Құрылымы жоқ топырақ дегеніміз?

  2. Топырақ құрушы факторларды атаңдар?

  3. Қазақстан жазық бөлігі топырақтың қанша пайызын алып жатыр?


2. Түйіршіктері ұсақ топырақтарды атаймыз, ол онша құнарлы болмайды.

3.Топырақ-су, ауа, жылу, өсімдік, және тірі ағзалдарың әсерінен, тау жыныстарының үгілуі нәтижесінде жер қыртысының беткі қабатында пайда болады.

4. Қазақстан жазық бөлігінің 86% алып жатыр.






Өзіндік білім алу

Диалотық оқыту әдісі



«Өзін-өзі бағалау»







Әуен.

«Қолпаштау»





Сөздікпен жұмыс







Бағалау

Жеке оқушымен жұмыс














































































Бағалау: екі жұлдыз, бір ұсыныс.



Бағалау: басбармақ.




Қорытынды 5мин

Бүгінгі сабақтан не түсіндік?(күн шапағы ) стикерге жазады.

Осындай жағдай болмау үшін не істеу керек? (Бұлт )көгершінге жазады.

- Бүгінгі аңызды түсінгендеріңді смайлик арқылы бағалаңдар.

Интертақтадан адасқан сөздерді табу арқылы өлең жолдарын құрастырып,бірге айту.

«Табиғатсыз адамдардың күні жоқ, Мұны айтуға табиғаттың тілі жоқ»



«Смайлик»


Топ башысы топты бағалау,топты топ бағалау.

Үйге тапсырма 2 мин

Туған жерінің табиғатын көркейту үшін қандай үлес қосып жүргенің туралы шағын эссе жазу.

Кері байланыс.




Нурбаева Гульмира Бахитовна , учитель начальных классов СОШ №31,2 категорий

Тақырыбы Бетпақдала.
  • Начальные классы
Описание:

Тақырыбы

Бетпақдала.

Мақсаты

Аңызды оқи отырып,мазмұнының идеясын ашуға, достық өлкесі туралы түсінік беру.

Күтілетін нәтиже

1.Мәтінді түсінеді.

2. Мазмұндай алады.

3.Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап бере алады.

Керекті жабдықтар

интерактивті тақта,оқулық,ресурстар, презинтация,маркер,флипчарт.

Сабақтың модульдері

1.Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер. 5.Таланты және дарынды балаларды оқыту.

2.Сыни ойлауға үйрету. 6.Оқушылардың жас ерекшеліктері.

3.ОүБ және ОБ 7.Оқытудағы басқару және көшбасшылық

4.АКТ

Әдістер

«Терезедеі сауал»

«Сұрақтар шеңбері» әдісі

Бағалау

«Өзін-өзі бағалау» «Қолпаштау» «Смайлик»

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері:

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе 5 мин

І.Психологиялық дайындық.

Жылы лебіздер

ІІ. Топқа бөліну.

1-топ Адамгершілік

2-топ Мейірімді

Парта астындағы конвертті тапқан оқушы топ басшысы болады.

Қағазға жазылған тұжырымдар бойынша 2-топқа бөлінеді.

Бағалау критериясын құру.

Автор Тлеулиев Мырзакельд Байкатович
Дата добавления 12.05.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров 1776
Номер материала 59239
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓