Главная / Другое / Тақырыбы Бала тәрбиесi - баршаға ортақ мiндет

Тақырыбы Бала тәрбиесi - баршаға ортақ мiндет

Ақтөбе облысы, Шалқар каласы,

12 балабақшасының

әдіскері

Берденова Света Жайшылыкқызы Бала тәрбиесi - баршаға ортақ мiндет

Бала - өміріміздің мәні, болашақтың сәні. Бүгінгі жас ұрпақ – келер күннің егелері. Сондықтанда, бала тәрбиесіне бүгіннен бастап

көңіл бөлу ата-ананың алдында тұрған парызы. 

Қазақ халқында «Баланы бесіктен тәрбиелеу» деген ұғым бар. Сәби дүниеге шыр етіп келгеннен бастап оны ұқыптылыққа, тазалыққа һәм имандылық пен ибалылыққа баулысақ келешектің келісті боларына күмән тудырмасақ та болады. Жақсы әке-шеше өз баласына жат қылықтардан аулақ жүріп, жағымсыз әрекеттерге бой алдырмауды үйретеді.

Десекте, балаға бастан көңіл бөліп, орта жолда оның тәрбиесіне мән бермеу де көптеген қиыншылықтарға душар етуі мүмкін екенін ұмытпағанымыз жөн. Дәл осындай жағдайлар қазіргі таңдамыңдаған жанұяда орын алып жатқандығы жасырын емес. Ащы болса да шындық ұрлық-қарлық, ішімдік, бопсалау мен әлімжеттік көрсету, төбелес ұйымдастыру, тіпті кісі өліміне дейін бару бүгінде жасөспірімдер арасында жиі көрініс табуда. Көбінесе мұндай жағдайлар ата-аналардың жұмысбасты болуымен түсіндіріліп жатады. Қоғамға қомақты көлемде залалын тигізіп отырған осындай олқылықпен күресу сізбен біздің басты міндетіміз.

Міне, осы міндетті алға тартқан Байзақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі өткен апта соңында аудандық әл-Фараби атындағы мәдениет үйінде ата-аналардың басын қосып, форум өткізді. Оған ауданымызға қарасты білім ошақтарында оқитын оқушылардың ата-аналары мен мектеп директорлары және мұғалімдер қатысты.

«Азаматтық тұлға қалыптастырудағы отбасы тәрбиесінің маңызы» тақырыбында өрбіген форум аудандық балалар мен жасөспірімдер орталығының «Вокал» үйірмесі оқушыларының концерттік бағдарламасымен басталды. Жиынның шымылдығын ашқан аудан әкімінің орынбасары М.Демесинов бала –болашақ бастауы екенін ауызға алып, оларды тәрбиелеу жолындағы басты жұмыстарды ата-аналармен біріге атқаруға шақырды.

Мұнан кейін білім бөлімінің әдіскері И.Спаналиева «Кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыс және оның алдын-алу шаралары» тақырыбында баяндама жасап, аудан мектептерінде болған келеңсіз жағдайлар жайына тоқталды. Елдімекенімізге қарасты Ақшолақ ауылы мен Жамбыл, Көктал, Бурыл, Н.Гоголь және Ю.Гагарин орта мектептерінде оқушылар қолымен жасалынған қылмыстық әрекеттерге жеке-жеке тоқталған ол, жасөспірімдермен жүргізілген жедел іс-қимыл шаралары туралы сөз етсе, Қазақстанның 40 жылдығы атындағы орта мектеп директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Есалиев жасөспірім және қылмыс туралы ойымен бөлісіп, осы мектептің «Жас жасақшылар» тобы түсірген бопсалау, ұрлық, жаппай төбелес сияқты қылмыстық әрекеттердің түрлеріне байланысты бейнекескіндерді көрермен назарына ұсынды. Бейнекескінде көрсетілген қылмыстың түрлеріне қарай жазалау шараларын аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке жасы толмағандар ісі жөніндегі бөлімшесінің аға инспекторы, полиция майоры Д.Сағынов тарқатып айтып берді.

Форумның келесі кезеңінде Ғ.Мұратбаев мектеп-гимназиясы директорының құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары С.Усербаев мінбеге көтеріліп, «Жасөспірімдердің қылмысқа бару себептері» тақырыбы негізінде аудан тұрғындарына жүргізген сауалнама қорытындысымен таныстырды. Жастар тәрбиесіндегі интернеттің алар орны, ата-аналардың бала тәртібіне көп көңіл бөлмеуі мәселелерін ортаға салып, осы бойынша қазыналы қария М.Халбаев, Байзақ ауданы әкімдігінің жанынан құрылған кәмелетке жасы толмағандар істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері Б.Абдрахманова, С.Қалмұратов және форумға қатысушылар өз пікірлерін айтты.

Балаға барынша көңіл бөлу, хақ Тағала Алланың жолымен жүруді үйрету – қасиетті Құран Кәрімде де келтірілген. Пайғамбарымыз Мұхамед (с.а.с.) «Ата-ананың балаға бере алатынының ең құндысы –жақсы тәрбие» деген. Форумда осы жайында сөз қозғаған «Ақыл ата» мешітінің имамы Д.Төлепбергенов дінімізде ата-ананың бала тәрбиесінде алар орны ерекше екендігі аталып өткендігі және әке-шешенің перзенті алдындағы парыздарын тілге тиек етіп, ұл мен қыз өсіруде ұқыпты болу жөніндегі, білім ошақтарындағы оқушыларға дін сабағын оқыту туралы ойларымен бөлісті. Ал, аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары М.Нұртаев қылмыс жасағандар жазасыз қалмайтындығын ескертіп, ата-аналарды өз балаларына бас-көз болуға шақырды.

Форум барысында ата-аналарға арналып жаднамалар таратылып, “Отбасы мәдениеті-рухани-адамгершілік тәрбие берудің басты кепілі” тақырыбында экраннан бейнероликтер көрсетілсе, соңында құқық қорғау саласының қызметкерлері ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға жауаптар қайтарды.

«Тағдыр таразысының қалай қарай ауатыны, бесіктің қалай тербелуіне байланысты» деген екен поляк ойшылы Станислав Ежилец. Олай болса, ата-аналардың аудандық форумы көтерген көкейкесті мәселе - бала тәрбиесіне ерте бастан көңіл бөліп, жасөспірім шаққа келгенде мектеп пен жанұя қарым-қатынасын нығайта отырып, жас ұрпақтың жақсы азамат болып өсіп-өнуіне атсалысу баршамыздың ортақ міндетіміз екендігін ұмытпайық.

Тақырыбы Бала тәрбиесi - баршаға ортақ мiндет
  • Другое
Описание:

Ақтөбе облысы, Шалқар каласы,

№12 балабақшасының

Автор Берденова Света Жайшылыкқызы
Дата добавления 26.02.2016
Раздел Другое
Подраздел Планирования
Просмотров 228
Номер материала MA-065200
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.

Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓