Главная / Начальные классы / Тақырыбы: «Ата-бабам арман еткен Егеменді қазақ жерім.»

Тақырыбы: «Ата-бабам арман еткен Егеменді қазақ жерім.»


Тақырыбы: «Ата-бабам арман еткен Егеменді қазақ жерім

Мақсаты:Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын

қалыптастыруәуелсіздік жолында елі жері үшін талай қиындықтардан
өткен хандарымыздың,билеріміздің,батыр ұлдарымыз бен қыздарымыз

дың ерлігін білімділігін насихаттау арқылы елге ,жерге Отанға сүйіспенші

лігін арттыру.Адамгершілікке,ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Канатты сөздер, бүктемелер, билердің ,тәуелсіздік қачармандары суреттері,шарлар.

Барысы:

«Кеңес» күйі естіліп тұрады оқушылар бөлмеге кіреді.

Оқушылар хормен.

Ән-ұраным жан ұраным

Айтар әнім-сһйлер сөзім

Туған жерім- сағынарым

Мәңгі бақи шырқалады

Республика ән ұраны

(Әнұран орындалады)

Жүргізуші:Міне бүгін ата бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандаған ер

леріміздің ерен ерлігімен,билеріміздің бәтуәлі сөзімен,сонау желтоқсан оқиғасында қачармандығымен көзге түскен

Қайратәззәт,Сәбира,Ербол сияқты жастарымыздың ерлігімен келген

Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!

« Ата-бабам арман еткен Егеменді қазақ жерім» атты тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

Нұрай.Ту еткен шешендік өнерді

Қазақтың үш биі беделді

Елінің елдігін ойлаған

Шақырамын

Төле би ,Әйтеке би,Қазбекті

Самат. Жаңбыр жаумаса жер жетім

Басшысы болмаса ел жетім

Ұқпасқа айтқан сөз жетім

Ернұр. Суалмайтын суат жоқ

Тартылмайтын бұлақ жоқ

Құйрығы суда тұрсада

Уақыты жеткенде қурамайтын құрақ жоқ

Рамазан.Кекшіл болма кесапаты тиер еліңе

Елім өссін десең өршіл болма,өскеніңді өшіресің

Басына іс түскен пақырға қастық қылма

Қайғысы көшер басыңа

Сахналық көрніс.Ата не ойлап отырсыз Ә, балам атаң сенің болашағыңды

Өткен өмірімді ойлап отырмын.

Сонау ,ерте кезде Жәнібекті хан сайлапты.Ол мынадай өсиет қалдырып

ты.Балам ана жебені әперші . Немересі біреуін сындырады, екеуін сындырады, үшінсісін сындыра алмады.Не болды балам ата мынау көп

қой сындыра алмадым. Не түсіндің балам,

«Бірлік түбі береке –деген шығар.Ия дұрыс айтасың балам.

Жүргізуші:Бірлік –түбі тірлік,

Төртеу түгел болса төбедегі келеді,деген емеспе.

Біз сол тәуелсіздікке бірліктің арқасында қол жеткізген екенбіз.

Сахналық көрніс:-Қыздар, жігіттер мен газет әкелдім.

-Не жаңалық?

-Д.А .Қонаевты орнынан алып ,орнына Колбин деген

біреу келіпті.Ол кім?Қайдан келіпті.

Бәрі бірге.Жоқ Қазақстанды қазақ басқаруы керек.

(кеттік алаңға)

Самат. Егемендікке желтоқсаным бастады

Қазақ жасын бүіл әлем қоштады

86-жаңғырығы жар салып

Тәуелсіздікке ұлы ұранын тастады

Гаухар. Желтоқсанның ызғары-ай

Кірпікке қатқан мұздар-ай

Елім-ай деп егілген

Қачарман ұлда қыздар-ай

Әділет. Біз қазақ еркіндік аңсаған

Азаттық жолында мерт болды қанша адам

Бодандықтың бұзып жарып тас қамалын

Мерт болды Қайраттай жас қыран.

Ән.Желтоқсан желі: Ернұр, Рамазан.

Ерсайын.Арайлап таңым асқақтап туым.

Ән ойнап көгім ,күй тартты ,күнім.

Қол жетті міне, аңсаған күнге.

Жасай жаса қазағым менің.

Айгүл. Көк аспанда тулардың

Желбірейтін күні бұл.

Елім деген ұлдардың

Елжірейтін күні бұл.

Нұрай. Толтырған гүлге даланы

Жайнатқан ауыл қаланы

Ардақты атамекенім.

Отаным Қазақстаным

Рамазан. Көк байрақты туым бар

Рухы биік елім бар

Намыс пен арды ойлаған

Егеменді Отанымның

Қасиетті қазағымның

Елбасы кім айтыңдар?

Хормен. Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев.

Ән. Көк тудың желбірегені.

Жүргізуші;1937-1938 ж.Сталиндік репрессия жылдары жазықсыз жаланың құрбандары болған:Ш.Құдайбердіұлы,А.Байтұрсынов,М.Жұмабаев,М.Дулатов,

Ж.Аймауытов,І.Жансүгіровтерді еске алып рухтарына бас иеміз.

Мирас, Сәулесі күн шатыры аспан

Кең далам ,төсі толған егін.

Көлдері күміс шашқан

Қазақстан Республикам менің.

Ақжүніс. Аялап ару ананы

Өсірген еркін баланы.

Бесігім болып тербеткен

Отаным Қазақстаным

Еркебұлан.Отан дейміз кең байтақ Астананы

Жасыл жайлау жаңа жол жас қаланы

Отанның шегі де жоқ шеті де жоқ.

Ол бірақ өз үйіңнен басталады.

Би.Қара-жорға


Аружан .Егеменді елімнің

Президенті бастаған

Отанымда барлық ұлт

Татулықты қостаған

Ернұр.Біз шын мәнінде Президент Назарбаевты біздің бәрімізге,ұлтына ,сеніміне және саяси көзқарасына қарамастан қолайлы да еркін өмір сүруімізге барлық мүмкіндікті жасап келе жатқанын мақтан етеміз.

Бұл дүниеде біздің бір ғана Отанымыз бар.

ОЛ-Тәуелсіз Қазақстан.

Хормен.Тәуелсіздік-биігі бұл санамның

Тәуелсіздік-таза ауасы даламның

Тәуелсіздік- бұл арманы бабамның

Тәуелсіздік-бақ дәулеті баламның

Жүргізуші. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік,халқымыздың еңсесі жоғары

Егемендігіміз баянды,тіліміздің мерейі үстем болсын!

.



















Тақырыбы: Қ қ дыбысы мен әрпі

Сабақтың мақсаты:

Білімділігі:Қ қ дыбысымен әрпімен танысу.Берілген сөздерді оқу және жазуға, буынға бөлуге үйрету.

Дамытушылығы:Жаңа сөздерді оқу арқылы тіл байлығын, ойлау қаблеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Үлкенді сыйлап, кішіге қамқор болуға әдемі таза жазуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: кеспе әріптер,буындар,суреттер.

Әдіс-тәсілдері:Түсіндіру,көрнекілік,сұрақ-жауап,ойын.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру.

Психологиялық дайындық.

II. Өткен сабақты пысықтау.

  1. О -дыбысына берілген сөздерді оқу.

  2. Ойын. «Кім жылдам» О дыбысына сөз ойла.

Ой қозғау.

Жұмбақ шешу.

Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады.



Сырты жасыл,

Іші қызыл.



Жұмбақ шешуі қай дыбыстан басталып тұр?

Қ қ дыбысы.

III.Жаңа сабақ.

Олай болса балалар біз бүгін Қ қ дыбысымен және әріп таңбасымен танысамыз.

Қ қ дыбысын хормен үш рет айту.

  1. Әріп таңбасын баспа түрін және жазба түрін көрсету.

  2. Қ қ –дыбысы дауыссыз қатаң.Ол сөздің басында, ортасында, аяғында кездеседі.

IV.Оқулықпен жұмыс.

Оқу түрлерін жүргізу.

1.Хормен оқу.

2.Жеке оқу

«Адасқан буындар» буындардан сөз құра.

V. Дәптермен жұмыс

Ауада жазу.

Тақтада жазу.

Дәптерге жазу.

VI.Сергіту.

Қазым,қазым қаңқылда

Көлде жүзіп саңқылда.

Жем шашайын жейсіңбе?

«Кәмпит» берші дейсіңбе?

«Кәмпит»тәтті болмайды ас

Арпа менен бидай шаш.


VII.Қорытынды Бүгінгі сабақта қай дыбыспен және әріппен таныстық?

Мен сіздерге сөздер айтамын егер менің айтқан сөз-

дерімнің ішінде Қ қ дыбысы болса онда кол шапалақтаймыз.

. VIII.Мадақтау


















Тақырыбы: «Ата-бабам арман еткен Егеменді қазақ жерім.»
  • Начальные классы
Описание:

Тақырыбы: «Ата-бабам арман еткен Егеменді қазақ жерім.»

Мақсаты:Оқушылардың өткен тарихымызға деген ұлттық көзқарастарын

қалыптастыру.Тәуелсіздік жолында елі жері үшін талай қиындықтардан
өткен хандарымыздың,билеріміздің,батыр ұлдарымыз бен қыздарымыз

дың ерлігін білімділігін насихаттау арқылы елге ,жерге Отанға сүйіспенші

лігін арттыру.Адамгершілікке,ел тарихын құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі:Канатты сөздер, бүктемелер, билердің ,тәуелсіздік қачармандары суреттері,шарлар.

Автор Досатова Назия Шанитбаевна
Дата добавления 25.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Планирования
Просмотров 406
Номер материала MA-065838
Скачать свидетельство о публикации

Оставьте свой комментарий:

Введите символы, которые изображены на картинке:

Получить новый код
* Обязательные для заполнения.


Комментарии:

↓ Показать еще коментарии ↓